?ыстырма с?з 4 сынып


Нысанбаева Гүлнар Қасымбекқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөздердің тыныс белгілері.
Сабақтың мақсаты: 1.Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін,сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге үйрету.2.Қыстырма сөздерді орынды пайдалана білуге дағдыландыру.3.Дұрыс, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Міндеті:Жаттығу жұмыстарын орындата отырып.қыстырма сөздердің сөйлемдегі ойға қосатын мағыналық реңтерін ажырата білу.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру,өз пікірлерін айтуға үйрету.
Күтілетін нәтиже: 1.Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап,шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады.
Жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау,дәлелдей білу,өзгені тыңдау.
Әр оқушы өз-өзіне баға береді,өзіндік пайымын жасайды.
Түйінді түсініктер.
Мағынаны үстемелеу,пікір,сенім,сөйлем мүшесі бола алмайды.
Көрнекі-құрал:үлестірмелі карточкалар,қыстырма сөздер,суреттер,кәмпиттер.
Сабақтың барысы
1.Кіріспе бөлім.Сабаққа психологиялық дайындық. Топтарға бөлу.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Тақырып өзектілерімен танстыру
4.Ойлан,топтас, талқылау.
5.Шығармашылық тапсырма.
6.Тақтамен жұмыс.
7.Сабақты бекіту.
8.Рефлексия тілектерін жазады. Үйге тапсырма. Бағалау.
Ұйымдастыру кезең : Шеңберге тұрып,лебіздерін білдіреді. 1минут -34988520955Шашу: топқа бөлу 4топқа кәмпиттер әкеліп шашамын.
5 түрлі кәмпиттер шашамын,сол арқылы топқа бөлінеді. 2 минут
Мұғалім: Мен сендердің бойларыңнан мынадай қасиеттерді
көргім келеді:сабырлық,өз-өздеріңе сенімділік,бір-бірлеріңе
қолдау көрсетіңдер. 5минут Үй тапсырмасын тексеру: қыстырма сөздер үлестіремін.
1 топ 2 топ 3 топ 4 топ
Әйтеуір. Әрине. Бәсе. Шіркін.
Өткен сабақты қорытындылау:Қыстырма сөздер жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайды. Қыстырма сөз дегеніміз-сөйлемдегі айтылған ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін сөз. Осы ереже арқылы қыстырма сөздердің тыныс белгілерімен таныстырамын. 3минут
-3860806350Жаңа тақырып : Қыстырма сөздердің тыныс белгілері
1 тапсырма : Әр қатардағы қыстырма сөздері жазылған карточканы үлестіру.
1 топ 2топ 3 топ 4 топ 4минут
Шіркін Шындығында Амал қанша Оның пікірінше
-346710361952 тапсырма Бос орынға тиісті сөздерді қойыңдар
1.Жақып түсінігі бар бала ----------.2.--------- ол кезде біз жас едік.3.Осының бәрін -------- ол өзі жалғыз істеген жоқ.
Керекті сөздер: әрине , шынында, меніңше. 4 минут
Сергіту сәті: 2 минут
Қалам алып қолыма, Бар әдемі қаламым,
Жазам дәптер жолына. Соны қолға аламын.
Қызыл,қара,көк қалам Жазуды да жазамын,
Менде осындай көп қалам. Суреттіде саламын.
-2705105905503 тапсырма: Оқулықпен жұмыс. Дәптерлеріңді ашыңдар 5 минут
Көркем жазу Ее сөйлем құрау. Елбасы еліне еңбек етті.Еліміздің ерлігі есімізде.
4 тапсырма. Бос орынға қыстырма сөздерді қойып сөйлем құрыңдар. 4 минут
---------, ---------- --------- ---------- ---------.
----------- ------------ ----------- ------------,-------.
---------- -----------,---------- ,---------- ------------ ----------- ----------- .
-2692404445Шығармашылық тапсырма:
Бес жол өлең 6минут
1 топ 2 топ 3топ 4 топ
Ана Отан Мектеп Күй
6 тапсырма 4 жаттығу Бүгінгі сабақпен байланыстырып ,сөйлем құрау Бір сөзбен айтқанда 4минут
Менің ойымша
Дұрысын айтқанда
Дәлірек айтсақ
Қорытынды: Бүгінгі сабақтан алған әсерім. Рефлексия жазу. 3минут
Бүгінгі сабақ жайында ойларыңды жазып, іліп кетіңіздер.
Үйге тапсырма: 59 бет 5-жаттығу 1 минут
Бағалау: әр топ жеке бағаланады 2 минут
Қосымша

Топқа бөлу «Бағалау» түрімен таныстыру

Жаңа сабақ Көркем жазу

Топтар жұмыс үстінде



Интерактивті тақтада жұмыс Топ жұмыстарын қорғау

Рефлексия