урок по географии на тему Природные зоны Австралии в 7 классе на казахском языке
7-сынып. Сыни тұрғыдан ойлуды үйрету.
Психологиялық ахуалды жақсарту мақсатыңда «Аустралиялық жауын» атты ойын өткізу:
Балалар, сендер Аустралиялық жауын деген не білесіндер ме? Жоқ? Онда ол қандай екенін анықтап, тындайық. Қазір шеңбер құрып, бір-бірімізге мен жасап, көрсететін қимылдарды кезек қайталайсыңдар. Маған қайтып келген кезде келесі қимылды көрсетемін. Мұқият болыңдар!
Аустралияда жел көтерілді. (Мұғалім алақандарды ұқалайды).
Жаңбыр жауа бастады. (Саусақтарды шерту).
Жаңбыр күшейе түсті. (Кеудені кезек соғу).
Қатты нөсер басталды. (Аяқтың санын соғу).
Қатты дауыл келе жатыр. (Аяқпен таптау).
Дауыл баяулады. (Аяқтың санын соғу).
Жауын баяулады. (Кеудені кезек соғу ).
Сирек тамшылар жерге түсіп жатыр. (Саусақтарды шерту).
Жел баяулады. (Мұғалім алақандарды ұқалайды).
Күн шықты! ( Қол көтереді). 5 минут
Топқа 1-4 санап, бөлу. 2 минут
Тақырыбы: Аустралияның табиғат зоналары.
Мақсаты: Аустралияның табиғат зоналарының алуан түрлілігін, ерекшеліктерін анықтау.
Сұрақтар:
Картадан Аустралияның табиғат зоналарын анықтаңдар.
Қай табиғат зонаның ауданның үлесі ең көп болып келеді?
Қайсысы аз?
Табиғат зоналардың қалыптасуына не әсер етті? Қалай ойлайсындар?
Табиғат зоналарының қалыптасуына жер бедері әсер ете ма?
Ал климат ше?
Материктың Гондванадан ертеден бөлінуі әсер ете ме?
Эндемиктер дегеніміз не? 4 минут
Мұғалімнің іс-әрекеті Сабақ барысы: Оқушылардың іс-әрекеті
Сұрақ қою.
Таратпа материалдарды үйлестіру – өсімдіктер, жануарлар, көлік түрлерінің, табиғат көріністердің суреттері; плакаттар, маркерлер, клей.
Критерийлермен таныстыру. «Миға шабу» - кесте толтыру
І. Аустралия табиғаты туралы видео көрсету.
5 минут
ІІ. Тапсырманы орындау: Егер сендер туристік компания болсаңдар, онда сендерге бір топ туристер келсе, оларды Аустралияның табиғатымен қалай таныстырар едіңдер?
15 минут
физминутка
ІІІ. Критерийлер:
Аустралияның табиғатымен толық таныстыру.
Суреттерді дұрыс пайдалану.
Уақытты дұрыс пайдалану:
дайындалу – 15 минут;
қорғау – 3 минут;
Басқа топтарға сұрақ қою, кемшіліктерін анықтау.
Топтың ішіндегі қарым қатынас.
ІV. Қорғау. 3 минут
V. Бағалау:
Бағалау парағы
Критерийлер Ұпай Қойған ұпай
Аустралияның табиғатымен толық таныстыру.
Суреттерді дұрыс пайдалану.
Уақытты дұрыс пайдалану:
дайындалу – 15 минут;
қорғау – 3 минут;
Басқа топтарға сұрақ қою, кемшіліктерін анықтау.
Топтың ішіндегі қарым қатынас. 5
3
3
4
2 БАРЛЫҒЫ: 17 V І. Ү/ж :
Ксерофиттер, скрэб, Налларбор, суккуленттер, “Аустралияның өлі жүрегі”, “вилли-вилли”, шұраттар, эпифиттер дегеніміз не? (жазбаша)
53§ - 55§ қайталау.
Рефлексия. Не білесін?
Не білгің келеді?
Не білдің?
Не қызықты болды?
Тапсырманы орындайды.
Сұрақ қояды.
Оқушылар басқа топтарды бағалайды.
Кестені толтырады. Пікірлерің жазады.