Психологиялы? саба? К??іл-к?й ж?не денсаулы?


Тренинг-сабақ
Көңіл-күй және денсаулық
Мақсаты: Жақсы көніл-күйдің адами қарым-қатынаста алатын орны туралы түсінік беру. Өз көңіл-күйін, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері мен дағдыларын дамыту. Денсаулыққа зиянды жағымсыз әрекеттерге қарсылық сезімдерін ояту.
Жоспары:
1.Шаттық шеңбері.
2. «Қол алысу» жаттығуы.
3. «Менің ерке есімім» жаттығуы.
4. «Көңіл-күй неге ұқсас» жаттығуы.
5. «Сезім» жаттығуы.
6. «Сезімді тап» жаттығуы.
7. Күйзелісті қалай жеңуге болады. Ойын .
8. «Ағаштын суретін салу» әдісі.
9. Психологиялық кеңес.
10. Аутотренинг. Өмірге деген құштарлық өшпесін
Сабақ барысы:
Қайырлы күн құрметті ұстаздар!
Бүгін алға қойған жоспарларыңыз оңынан болсын. Әрбір таңдарыңыз арайлы, күндеріңіз шуақты болсын. Бір-бірімізге күлімдеп, жымиып қарап, көтеріңкі көңіл-күймен сабағымызды бастайық! Көңіл-күй және денсаулық. Бүгін осы тақырыпта әңгімелесеміз.
1.«Қол алысу» жаттығуы Қазір біз сынып ішінде ары-бері жүреміз. Қатысушылардың қолын көбірек қысып үлгеруіміз қажет. Әрбір қатысушы минут ішінде қанша адамның қолын қысып үлгергенін санаймыз.
2. «Менің ерке есімім» жаттығуы.
Қатысушылар өзінің ата-анасы, құрбы-достары оны еркелетіп айтатын есімін айтып шығуы тиіс. Әр адам өзінің есімін жиі қайталап айтып, өзіне мадақтау сөздер айтып тұрғаны жөн.
3. «Көңіл-күй неге ұқсас» жаттығуы
Ойыншылар бүгінгі көңіл-күйлері неге ұқсас екенін айтады. (Қай жыл мезгіліне, ауа-райына, жануарға). Көңілді, көңілсіз, жабыраңқы, түңілген. Бұл – көніл-күй түрі. Психологиялық зерттеулердің көрсетуі бойынша адам өзінің суық көңіл-күйін қарым-қатынас жасайтын адамына таратады екен. Біреумен әзілдескісі, сөйлескісі, өз әсерімен бөліскісі, ой идея келмегенде, адам жанын жабыңқы көңіл-күй жаулап алады. Ал бір жағынан үнемі көтеріңкі көңіл күйде болып жүру ортадағы адамға кері әсер етеді, оны жолықтырады. Басқа сөзбен айтқанда көңіл-күй сізді емес, сіз көңіл-күйді сол ортаға сай басқару керек екенін есте ұстау керек.
4. «Сезім» жаттығуы.
Нұсқау: Сіздің алдыңызда түрлі сезім келтірілген, сөйлемді аяқтау:
__Кішкентай баланы көргенде, мен .... сезінемін
-Сыныптасымды көргенде, ..... сезінемін
-Мен біреумен сәлемдесемін, бөтен шықты,
Мен . . . . сезінемін.
-Мен алғашқы махабатымды көрдім, мен . . . . сезінемін.
Сезім дегеніміз әсерге бөлену. Жақсы сезім адамның көңіл-күйін көтереді, жанын шуаққа бөлейді, денсаулығына да пайдасы мол. Күлімдеу, адамдарға қуаныш сыйлау білу-өзіңнің де, өзгенің де өмір жасын ұзартып, денсаулығын жақсартады.Денсаулық адамға шаршамай жүру үшін, көңіл-күйіміздің жақсы болуы мен бақытты өмір сүру үшін қажет.
5. «Сезімді тап» жаттығуы.
Жағымда сезім: қуану, шаттану, сабырлылық, таң қалу.Жағымсыз сезім: қорқу, уайым, күйзеліс, кінәләу. Мұнан кейін аз ғана уақыт беріліп кез келген сезім түрін ым-ишара, қимылмен көрсетуін сұрайды. Басқасы бұл қандай сезімді бейнелеп тұрғанын табуы қажет.
6. «Күйзелісті қалай жеңуге болады?» Ойын-жаттығу
Күйзеліс (стресс) күйден арылмау денсаулыққа зиян. Болмашы нәрсеге күйгелектеу жүйкені тоздырады, жүрекке күш түсіреді, өмірді қысқартады, адамның мінез-құлқын өзгертеді.
Шарды үрлеу арқылы өзінің бойындағы жағымсыз ойларын, сезімдерін айтып шарды үрлейді. (Мысалы: қорқыныш, уайым, шаршау). Соңынан шарды жарады. 2-ші рет шарды үрлеп отырып, жақсы сөздер айтады. Мысалы: Мен өзіме сенемін
Менде қорқыныш жоқ.
Шарды үрлеп, бірте-бірте жәй ауа шығарады. Жақсы сөз-жарым ырыс, -дейді халқымыз. Жақсы сөз-жанды жадыратады.
7.Психологиялық кеңес
Күнделікті күйбең тірлік, қарбалас жұмыстан соң, әсіресе көктем мен күз айларында адамның ағзасы әлсіреп, жүйкесі шаршайтын кез. Сондықтан ағзаға қажетті дәрумендер қабылдап, жүйкені тыныштандыратын мэлисса, жалбыз шөбінен шай қайнатып ішкен жөн. Таза ауада серуендеп, әдемі ән тыңдасаңыздар бұл сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтереді.
Таңертең күлімдеп оянып, айна алдына қарап тұрып, өздеріңіздің есімдеріңізді қайталап, мақтау сөздер айтыңыздар. Мысалы: Мен-мықтымын, сабырлымын, менің қолымнан бәрі келеді, мен бақыттымын, жетістіктерге жететініме сенімдімін т.с.с Осы сөздер сіздерге сенімділік береді. Мұндай жаттығуды психологиялық жаттығу деп атаймыз.
8.Өмірге деген құштарлық өшпес.
Өмір деген –ұзақ жол, ағып жатқан өзен сияқты. Өмірде адам талай қуанышқа, ренішке, қызыққа, қиындыққа кездесіп отырады. Әрдайым қиындықтан соң қуаныш болатынына сенім, сабырлылық таныту қажет. Адам бойындағы қасиеттің ең асылы, ең жақсысы-сабырлылық.