Ашы? саба?. Та?ырыбы: Анимация ?серін баптау. Презентацияны к?рсету


Информатика пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар
Сабақтар тақырыбы: Анимация әсерін баптау. Презентацияны көрсету Мектеп: Мұхаметқұл. Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі
Күні: 28.04.2016 Мұғалімнің аты жөні: Э.Сағымбекова
Сыныбы: 6 «Ә» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Анимациялық баптауларды үйрету, оқушыларға слайдтарды көрсету тәртібімен, оларды баптаумен таныстыру.
Күтілетін нәтиже: -берілген тапсырмаларды жұпта, топта орындауға үйрету;
-оқушылардың өзін және бірін-бірі бағалауға дағдыландыру;
-тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы информатикалық терминдік тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Тақырып бойынша оқушыларға мәліметті өздігінен ізденуге дағдыландыру
Оқушылардың басым бөлігі: Анимациялық әсерлерінбаптау әдістерін түсінеді;
Презентацияны көрсету жолдарын қолдана алады
Кейбір оқушылар Орыс тіліндегі термин сөздердің мағынасын білу арқылы сабақты толық меңгереді.
Тілдік мақсат: Негізгі сөздер мен тіркестер: Анимация, тұсаукесер, слайд, дизайн, нысан
Оқылым: Мәтінмен жұмыс жасау,оқу, іздену
Жазылым: Анимация әсерін баптау,слайдты көрсету
Айтылым: Компьютерлік тәжірибелік жұмыс жасай алатынын дағдыларын қалыптастыру
Тыңдалым: Шығармашылық жұмысын қорғаған оқушыны мұқият тыңдау дағдысын қалыптастыру
Алдыңғы оқу Кестелерді, суреттерді, бейнелерді және дыбыстарды кірістіру.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы 3 мин Сыныпта оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын құрады.
Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне ыстық лебіздерін айтады
2 мин Жеміс –жидек дәрумендері арқылы екі топқа бөлу. Алма жемісі, А4 форматы
5 мин Мұғалім оқушыларға «Сиқырлы жәшік» әдісін бойынша әр топтан бір бала жәшіктен сұрақ алып жауап бере отырып, еске түсіру дағдысын қалыптастырады Жәшік, кеспе қағазы
Ортасы 25 мин «Қарлығаштың құйрыға неге айыр?» атты мультфильмнен үзінді көрсетіледі. Оқушылар бұл мульфильмнің көрсетілуінің себебі мультфильмді жасаудың қазіргі кезде техниканың дамуына байланысты дайын анимациялық картинкаларды пайдаланып шығарлатынын табады.
«Т» кестесі. Сол жағына анимация түрлерін, оң жағына әсерлерді реттеуді жазады.
Компьютермен жұмыс. «Анимациялық картинкалардан слайд жасау». Бейнеролик, проектор, ноутбук, слайд
А4 форматы
Компьютер
Сергіту сәті
«Аяқ-қол» әдісі
2 мин Сынып оқушылары мұғалімнің нұсқауымен қатесіз қарапайым қимылдарды жасауға әрекеттенеді: бір шапалақ-қолдарын көтеру, екі шапалақ –орнынан тұру. Егер қолдары көтеріліп тұрған кезде бір шапалақ ұрылса, онда қолдарын түсіру керек.Шапалақтың кезегін және жиылығын ауыстыра отырып, мұғалім оқушыларды шатастыруға әрекет жасайды. Жаттығу оқушылардың жинақылығын және зейінін қалыптастыруға арналған. «Ақылды кабинет» әдісі бойынша компьютер кабинетін құрастыру 3 мин Шарты: Сабақты бекіту үшін компьютерлік құрылғылардың суреті бар кеспе қағазы арқылы сұрақтарға жауап беріп, компьютер кабинетін құрастырады. Плакат, суреттер.
Аяқталуы 3 мин Оқушылар критерий арқылы өзін-өзі бағалайды. Бағалау парақшасы
«Алма ағашы» әдісі. 2 мин Рефлексия: Оқушыларға сабақ басында екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек.
Жасыл түсті алма-мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің көңіл –күйім көтеріңкі.
Қызыл түсті алма-мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ. Алманың суреті бар парақша, алма ағашы
Қосымша ақпарат: Интернет, информатика журналы.

Тұсаукесер деген не?
Безендіру шаблоны деген не?

Тұсаукесерге жаңа слайдты қалай қосамыз?
Дизайн дегенді қалай түсінесің?
Power Point программасын
қалай қосамыз?
Слайд деген не?

Анимация қай қатарға жатады?
Презентацияны сақтау
Әсерлерді қосу жолдары
Қозғалыстағы реттеуді қай мәзірмен орындаймыз?
Презентацияны көрсетуді қалай орындаймыз?
Анимация әсерлерімен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын ата
Әсерлерді реттеуге не жатады
Нысандар бөліктері
Тұсаукесердегі анимация нешеге бөлінеді?
Анимация түрлері