O?и?аны? пайда болу ы?тималды?ы
7.4Dбөлімі:Ықтималдықтар теориясының элементтері
Тақырып: Oқиғаның пайда болу ықтималдығы
САБАҚ № 145 Мектеп: Атырау қаласы НЗМ
Күні: 21.04.2015ж. СЫНЫП: 7 в Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
Оқу бағдарламасына сілтеме СОТ7.2 Ықтималдықтың классикалық анықтамасын біледі;
СОТ7.3 Қарама-қарсы пайда болған оқиғаның болу ықтималдығын болжайды және есептейді (мысалы, ойын сүйегін лақтыру кезінде жұп санның түсуі);
СОТ7.5 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды қолданып болжам жасайды және пайда болған оқиғаның болу ықтималдығын анықтайды
Сабақ мақсаттарыОқиғаның түрін анықтауға үйрету. Oқиғаның пайда болу ықтималдығы білу, есептеп үйрену.
Өзгенің ойың тыңдауға, талдауға, сыйлауға тәрбиелеу.
Тілдік мақсаттарҚабылданған шешімдерді негіздеп, терминдерді қолданып ауызша болжау жасайды.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Оқиға, нәтиже, мүмкін емес, ақиқат, қарама-қарсы оқиға, мүмкіндіктері бірдей.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Мен x анықталған болып табылады деп ойлаймын, себебі бұл ғылыми дәлелденген факт.
Мен x мүмкін емес деп санаймын, себебі маған у белгілі.
Y болатынына мүмкіндіктер тең, себебі 2 нұсқа ғана бар
Орындалатын міндеттер Оқушылар орындай алуы керек:
кездейсоқ оқиғаны анықтауы керек;
оқиғалардың түрлерін ажыратып білуі керек;
Oқиғаның пайда болу ықтималдығын білу.
Күтілетін нәтиже Оқушылар біледі:
Кездейсоқ оқиғаларды анықтап жиілігін табады, диаграмма тұрғызып біледі;
мысалдар келтіре алады.
Қолданылатын әдістер Диалогтік әдіс
Интербелсенді әдіс (миға шабуыл, сызба нұсқа )
Түсіндіру әдісі
Пәнаралық байланыс Статистика пәнімен байланыс
Оқылған материал Кездейсоқ эксперимент, барлық мүмкін нәтижелер.
ЖоспарСабақтың келісілген кестесіЖоспарланған іс-шараларРесурстарОй қозғау. Сабаққа кіріспе.
3 мин 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату
«Улыбнись!» видеоролик 45 секундқа жіберемін, қосылып айтуға да болады.
Мағынаны тану.
8-мин
Диалогтік әдіс арқылы баяндау.
Практикалық жұмыс өздері орындайды
8-мин
Жаңа тақырып бойынша ой қозғау.
10-мин
Миға шабуыл, шапшаңдыққа, тез ойлауға, тез есептеуге негізделген
5-мин Жаңа тақырып.
Сабақтың мақсаттарымен таныстыру:
Жаңа тақырыпқа шолу.
Ықтималдық теориясы дегеніміз- кездейсоқ оқиғалардың орындалуының заңдылығын зерттейтін математиканың бөлімі. Кездейсоқ оқиғалар туралы түсінік беру.
Анықтама. А оқиғасы қолайлы жағдайлар санының (т) сынаудың тең мүмкіндікті барлық жағдайлар санын (п) қатынасын А оқиғасының ықтималдығы деп атайды және былай жазады:
Ықтималдықтың бұл анықтамасын классикалық анықтама дейміз. Бұдан төмендегі салдар шығады.
Ақиқат оқиға ықтималдығы 1-ге тең.
Шынында, оқиға ақиқат болу үшін А оқиғасына қолайлы жағдайлар саны т сынаудың барлық тең мүмкіндікті жағдайлар саны п-ге тең, яғни m=n болады. Онда (1) бойынша
Мүмкін емес оқиға ықтималдығы нөлге тең.
Шынында да, егер оқиға мүмкін емес болса, онда А оқиғасына қолайлы жағдайлар саны т нөльге тең болады. Олай болса
3. А оқиғасының ықтималдығы р(А) нөль мен бір аралығындағы оң таңбалы сан. Шынында, А оқиғасына қолайлы жағдайлар саны т нөльден п-ге дейінгі, өздерін қоса алғандағы, мәндерді қабылдайды, яғни
,
Практикалық жұмыс орындалады, бір оқушы жұмысты жасайды, бір оқушы бақылайды, біреуі кесте құрады, біреуі диаграмма тұрғызады
ойын сүйегін 48 рет лақтырайық,
1, 2, 3, 4, 5, 6 цифрларының түсу кестесін құрайық,
«цифрлар» 1 2 3 4 5 6
Түсу саны 6 8 9 7 8 10
Жұптық жұмыстар
Суреттер бойынша сәйкестендіру арқылы жұпқа бөлінеді.
алма ағашы алмалары бар – ақиқат оқиға,;
қайың ағашы алмалары бар – жалған оқиға т. с .с
Кім қаншалықты тапсырманы орындауға қатысқаны бойынша жұптар бірін-бірі бағалайды.
№1. Жәшікте 3 ақ шар, 5 қызыл шар, 2 жасыл шар бар. Бұл шарлардың формасы және салмағы бірдей. Жәшіктен кез келген бір шар алынды. Алынған шар: а) ақ шар (А оқиғасы), ә) қызыл шар (В оқиғасы), б) жасыл шар (С оқиғасы) болу ықтималдығын анықтау керек.
Шешуі: Шарлардың үлкендігі мен салмағы бірдей болғандықтан, олардың шығу мүмкіндіктері де бірдей. Бір түсті шар шыққанда екінші түсті шар пайда болмайды. Сонымен, тең мүмкіндікті қос-қостан үйлесімсіз оқиғалардың толық тобын құрайтын жағдайлар саны n=10. А оқиғасына қолайлы жағдайлар саны m=3. Демек,
немесе 30% болады.
ә) немесе 50% болады.
б) немесе 20% болады.
№2. Монета екі рет лақтырылды. Кем дегенде бір рет герб жағы пайда болуы ықтималдығын анықтау керек.
Төменгі тең мүмкіндікті 4 жағдай болады. Олар: ГТ, ТГ, ГГ, ТТ.
немесе 75% болады.
№3. Бірден екі ойын кубы лақтырылады. Екі куб еденге түскенде шыққан нөмірлерінің қосындысы 7 болуы ықтималдығы неге тең?
Шешуі: Барлық мүмкін жағдайларды есептейік. Бірінші куб жақтарының нөмірлері әр түрлі алты тәсілмен түсуі мүмкін. Бұлар әр жолы екінші кубтың алты нөмірінің бірімен комбинацияланады. Сонда n=6636 болады. Қолайлы жағдайлар саны: 1+67, 2+57, 3+47, 4+37, 5+27, 6+17
m=6. .
Сергіту сәті тапсырмалары, ауызша жаттығулар:
20-дан артпайтын натурал сандар ішінен 3-ке еселік сандардың табылу жиілігі қандай?
«Кездейсоқ» сөзіндегі «е» әрпінің кездесу жиілігі қандай?
Жасалған 1000 бұйымның 8 – і жарамсыз болды. Жарамсыз бұйым жасалу жиілігі қандай?
Нысанаға атылған 20 оқтың 18 – і нысанаға тиген. Оқтың нысанаға тию жиілігі қандай?
Қораптағы 30 шардың 10-ы қызыл шар. Қораптан кездейсоқ алынған шардың қызыл болу жиілігін табыңдар.
Өнімділігін тексеру мақсатында 200 дән егілді және оның 170 – і өніп шықты. Егілген әрбір 1000 дәннің орта есеппен қаншасы өніп шығады?
Бағалау қорытындылары.
3-мин Бағалау ағашын беремін бүгінгі сабақ бойынша өзіңді қай жерге орналастырасың?(сабаққа қатысың, тапсырманы орындауың, өзіңнің түсінігің бәрі ескеріледі) Қосымша-1
Ой толғаныс. Сабақты бекіту. Рефлексия.
3-мин Үй тапсырмасы: оқулықтан
«Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?» бетшесін толтыру Қосымша-2
Қосымша ақпарат
Дифференциация – қосымша қолдауды қалай көрсетесіз? Үлгерімі жақсы оқушылар алдын да барынша қиын есептерді қалай қоюды жоспарлап отырсыз?
Топтық жұмыс оқушылардың білім деңгейлері бойынша ұйымдастырылады. Сабақ барысында оқушыларды жігерлендіру үшін «жарайсың», «ұтымды жауап бердің», «жауабың ерекше болды», «тез шешімін таба білдің» деген қолдау сөздерді қолдандым. Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Жұптық және топтық жұмыстың орындалу барысында байқау жүргізу арқылы оқушылардың білімдері бағаланады. Айқаспа сілтемелер
Денсаулық жағдайын тексеру
АКТ құндылықтар
Талқылау
1) Сабақ мақсаты/оқыту мақсаты іске асырылды ма?
2) Бүгін оқушылар немен танысты?
3) Сыныпта атмосфера қандай?
4) Дифференциация жұмыс істеді ме?
5) Уақыт жетті ме?
6) Қандай өзгерістер жоспарға енгізілді және неге? Қорытынды баға
Қандай екі зат өте жақсы өтті (оқуда және оқу барысында)?
1:
2:
Қандай заттар сабақты жақсартар еді (оқуда және оқу барысында)?
1:
2:
Осы сабақта сыныппен оқушылар туралы мен не білдім, келесі сабақта маған не көмектеседі?
Қосымша -1
left9906000
Қосымша -2