Радиоактивті с?улелерді? пайда болу таби?аты.


Күні : 15.04.2014 ж
Сыныбы: 9 «А»
Сабақтың тақырыбы: Радиоактивті сәулелердің пайда болу табиғаты.
Сабақтың мақсаты : Радиактивті сәулелердің табиғатын түсіну.Оның адам өміріндегі
маңызы мен қажеттілігі жайлы білу.Ыдырау заңдылығын
білу.Альфа және бета ыдырау заңын есептер шығаруда қолдана
білу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Мұғалімнің
аты-жөні Әлімбетова Индира Шиелі ауданы № 48 орта  мектеп
Сыныбы 9 «а,б,в» Күні: 15.04.2014ж
Сабақ атауы Радиоактивті сәулелердің пайда болу табиғаты.
Сілтеме Білім стандарты, пән бағдарламасы,  9 сынып. Р.Башарұлы.Д.Қазақбаева
Жалпы мақсаты Радиоактивті сәулелердің пайда болу табиғаты жайлы мағлұмат алу.Ядролардың ыдырау заңдылығын түсіну,ядро ыдырау барысындағы сақталу заңдылығын білу,формуланы біле отырып,есептеулер жүргізуді үйрену.
Топта өзара бірлесіп жұмыс жасауға үйрену;
Күтілетін нәтиже Радиоактивті сәулелердің пайда болуы туралы мағлұмат алады.Ядролардың ыдырау заңдылығын түсініп,ыдыраудың сақталу заңдылығын біледі.Формулаға сүйене отырып,есептер шығарады.Реакция жазуды үйренеді.Топта өзара бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді.
Негізгі идеялар Ядроның өлшемі,оның құрылымы,ядроның заряд саны дегеніміз не? Нуклондар деп нені айтамыз?деген сұрақтарға жауап іздеу.
Тапсырмалар  Ғаламтор, Power Point, ресурстар, «Білім беру платформасы»
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары Уақыты Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
2 минут
І.Кіріспе
Оқушыларды 3 топқа бөлу
Оқушылар сандар арқылы топтасады
5 минут
2 минут
2 минут
9 мин
3 мин
3 мин
3 минут
6 минут ІІ Тұсау кесер
1. Тақырып бойынша өткендерді еске түсіру(электронды оқулық)Бүгінгі тақырып тақтадан көсетіледі
Диалог жүргізу арқылы өткен сабақты пысықтау мақсатында сұрақтар тізбесі қойылады.
1 Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады?
2 Зарядтық сан дегеніміз не?
3 Нейтрон санын қалай белгілейміз?
4 Изатоптар дегеніміз не?
5 Атомдық санды қалай табуға болады?
6Ең алғаш радиоактивтілікті ашқан кім?
Әр топтан оқушылар есте бар ақпараттарды ортаға сала отырып,жауап береді.
Бақылаушы өз тобындағы топ мүшелерін бақылайды.
2.Мәнмәтінмен жұмыс оқушыларға оқулықтағы мәтінді пайдалана отырып,талқылау жүргізеді,топта түсіндіру жұмысы жүреді.(бір топ мүшесі басқа топқа барып түсіндіру жүргізеді)
Топ тапсырманы талқылып болғаннан кейін кесте толтыруды ұсынады.
Негізгі ұғымдар Заңдылықтар формулалар Радиоактивтіліктің пайдасы мен зияны
Берілген кестені толтырыңыз(мәтін мазмұнын талдау)
Бағалау критериі:
1.Негізгі ұғым дұрыс жазылған ба?
2.Заңдылықтар дұрыс тұжырымдалды ма?
3.Формуланың дұрыстығы.
4.Айтылған ойдың нақтылығы,дұрыстығы

Жұмыс барысын бақылау нысандары Оқушылар бірлесіп өздері тың идеяларын схема немесе суреттермен салып берілген тапсырманы дәптерге орындайды.
Кесте толтырады.
Әр топ бірін – бірі топтың жасаған жұмыс алгоритміне орай бағалайды
«Екі жұлдыз,бір тілек »арқылы бағалау
5 минут
3 мин ІҮ. Негізгі бөлім
Жұптық жұмыс жүреді.Берілген есептерді өз жұбымен бірге отырып,шығару ұсынылады.
Ыдырау заңына есептер беріледі.
Құзырлы тапсырмаларды орындау барысында А оқушы С оқушыға көмек берді ме? Бақылау жүргізу.
Бағалау: түзетулерді орындау арқылы бағаланады .
Оқушылар топта жұптарын тауып , жауаптарын тақтадағы дұрыс жауаппен тексеріп,өздерін бағалайды.
Жұлдызша арқылы өздерін бағалайды.
2 мин Қорытынды
Рефлексия
«БББ арқылы» сабақты қорыту, бағаларды хабарлау
Үйге тапсырма § 58.Радиоактивті сәулелердің пайда болу табиғаты.
№ 46 жаттығуды орындап келу.