Ж?лдызды с?т интеллектуалды ойын.
«Жұлдызды сәт» ойыны
(9-11 сыныптар)
Мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму
тарихы туралы ұғым қалыптастыру, бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді зерделеу.
Оқушыларды өз Отанын, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, елжандылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілік: үлестірмелі тапсырмалар, Қазақстан Республикасының картасы, флипчарт.
Сайысқа қатысушы топтар:
1-топ. «Жас қанат» (9 сынып)
2 топ. «Аманат» (10 сынып)
3 топ. «Болашақ» (11 сынып)
Сайыс кезеңдері:
І. Өткел.
ІІ. Белес.
ІІІ.Бекет.
ІҮ. Асу.
Ү. Жерұйық.
І. Өткел кезеңі.
Әр топқа 7 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
«Жас қанат» тобына қойылатын сұрақтар:
1.«Қаңлылар қыпшақша сөйлейді» деп айтқан кім? (Плано Карпини)
2.Балықты қай елдің орталығы? (Найман)
3.«Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ереже» қабылданған жылды ата?
(1867жылы, шілде)
4.1847 жылы салынған бекініс? (Қапал)
5. Барон Игельстром есімі қай көтеріліспен байланысты?
(С.Датұлы бастаған 1783-1797 ж.ж. көтеріліс)
6. «Жас арбакештер» одағы құрылған қала? (Петропавл)
7. Ұжымдастыру басталарда 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы қалғаны қанша? (4,5 млн.)
«Аманат» тобына қойылатын сұрақтар:
1.»Қазақ хандығы 1465-1466 жж. құрылды» деп айтқан кім? (М.Х,Дулати)
2.Имақия қай елдің орталығы? (Қимақ)
3. «Торғай,Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» қабылданған
жылды ата? (1868 жылы, қазан)
4.1854 жылы салынған бекініс? (Верный)
5. Лебедовтың есімі қай көтеріліспен байланысты?
(К.Қасымұлы бастаған 1837-1847 жж. көтеріліс)
6. «Жас қазақ» ұйымы құрылған қала? (Ақмола)
7. 1931-1933 жж. аштықтан қырылған адамдар саны? (2,1 млн.)
«Болашақ» тобына қойылатын сұрақтар:
1.«Оғыздардың күз айларында Ұлытау баурайында көшіп жүреді» деп айтқан кім? (Әл-Бируни)
2. Битөбе қай елдің орталығы? (Керейіт)
3. «Торғай,Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы ереже» қабылданған уақытты ата?
(1891 жылы, наурыз)
4.1854 жылы салынған бекініс? (Қапал)
5. Геке есімі қай көтеріліспен байланысты?
(И.Тайманұлы және М.Өтемісұлы бастаған 1836-1838 жж. көтеріліс)
6. «Солдаттардыңі орыс-мұсылман » ұйымы құрылған қала? (Сергиаполь)
7. Тың игеру кезінде еліміздің территориясына келген адамдар саны? (2 млн.)
ІІ. «Белес» кезеңі
Сайыстың бұл кезеңінде тарихқа қатысты әр топқа 5 сан жазылған үлестірмелер таратылады. Берілген уақыт аяқталғаннан соң жауап сұралады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай алады.
«Жас қанат» тобы
160000 адам, 25 қала. 92 ру-тайпа, 500000 адам, 65℅ «Аманат» тобы
90000 қой, 10 жорық, 372 көтеріліс, 100-200 шаңырақ, 61,3℅
«Болашақ» тобы
200000 адам, 5000 шаңырақ, 106 медресе, 12-14 сағат, 36,6℅
ІІІ. «Бекет» кезеңі.
Топтарға картамен жұмыс жасау тапсырылады. Үлестірмеде көрсетілген мемлекеттердің
аумағы мен тарихи оқиғалардың өткен жерлерін картадан табуға байланысты 3 сұрақ беріледі.
Толық жауап 20 ұпаймен бағаланса, бір тапсырманы орындаған то сәйкесінше 10 ұпай ғана алады.
«Жас қанат» тобының тапсырмасы
1.Оғыз мемлекетінің территориясын көрсет және орталығы болған қаланы ата.
(Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысы орталығы Янгикент қаласы)
2.Аңырақай шайқасы өткен жерді көрсет және болған жылын ата.
(Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағындағы Итішпес Алакөл деген жерде 1730 жылы болған)
3. Ноғай Ордасының территориясын көрсет және орталығы болған қаланы ата.
( Еділ мен Жайық өзендерінің арасы, оорталығы Сарайшық қаласы)
«Аманат» тобының тапсырмасы
1.Үйсін тайпасының территориясын көрсет және орталығы болған қаланы ата.
(Жетісу, орталығы Қызыл Аңғар қаласы)
2. Аягөз шайқасы өткен жерді көрсет және болған жылын ата.
(Аягөз өзені бойы 1718 жылы болан)
3.Бөкей Ордасының территориясын көрсет және орталығын ата.
( Еділ және Жайық өзендері арасы, орталығы Жасқұс)
«Болашақ» тобының тапсырмасы
1.Қаңлы тайпасының территориясын көрсет және орталығы болған қаланы ата.
(Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысы орталығы Битян қаласы)
2. «Қалмаққырылған » шайқасы өткен жерді көрсет және болған жылын ата.
(Ұлытаудың Бұланты өзенінің бойында, Қарасиыр деген жерде 1728 жылы болған)
3.Сібір хандығының территориясын көрсет және орталығын ата.
(Тобыл ,Тура өзендерінің аңғары, орталығы Чимга-Тура)
ІҮ. «Асу » кезеңі
Сайыстың келесі «Асу» кезеңінде топтар «Кім? Қайда? Қашан?» сауалдар бойынша әртүрлі тарихи ұғымдар негізінде білімдерін сынайды. Ұпай саны торкөзде көрсетілген.
Тұлғалар Ескерткіштер Мәдениет
Кім? 10 10 10
Қайда? 20 20 20
Қашан ? 30 30 30
Тұлғалар
Кім? – Х ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қалаларында мешіттер көптеп салына бастағанын жазған кім? ( Әл- Макдиси )
Қайда? - «Мәдени мұра» атты Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2000 жылы Монғолиядан Қазақстанға Күлтегін балбалтас көшірмесі әкелінді. Күлтегін бабамыздың тас хатының көшірмесі қайда орнатылды? (Л.Гумилев атындағы ұлттық Еуразия университетінде)
Қашан ? – «ХХІ ғасыр Гомері» атанған Ж.Жабаевтың 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде қашан аталып өтті? (1996 ж.)
Ескерткіштер
Кім? – Қожа Ахмет яссауи кесенесін салдырған кім? (Әмір Темір)
Қайда? - Жошы хан, Алаш хан кесенелері қайда орналасқан?
(Жезқазған өңіріндегі Кеңгір өзені бойында)
Қашан ? – Айша бибі кесенесі қашан салынған? (ХІ-ХІІ ғғ.)
Мәдениет
Кім? – Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңіне ән шығарған кім?
(Жаяу Мұса Байжанұлы)
Қайда? – 1868 жылы қазақ халқының ұлттық киімдері қойылған дүниежүзілік көрме қайда
болды? «Парижде)
Қашан ? – Жалпыға міндетті жетіжылдық білім бері елімізде қашан енгізілді? (1931 жылы)
Ү. «Жерұйық» кезеңі
Соңғы кезең яғни, «Жерұйық» деп аталады. Әр топқа 5 сұрақ арналады. Қойылған әрбір
сұраққа топтар тек «келісемін» немесе «келіспеймін» деп жауап беруге тиісті. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай қосылады.
«Жас қанат» тобының тапсырмасы
1.«Сарыарқа»күйінің авторы Тәттімбет (келіспеймін, себебі оның авторы Құрманғазы)
2. Орал Ембі мұнайлы өлкесін зерттеген академик Курнаков
(келіспеймінғ себебі зерттеген академик Губкин)
3.1916 жылы Түркістан генерал-губернаторы болып Куропаткин сайланды (келісемін)
4. Қазақ КСР-і Конститутциясы – 1934 жылы қабылданды
(келіспеймін, себебі 1937 жылы қабылданды )
5. «Қанды жексенбі» оқмғасы болған жыл -1903 жылы
(келіспеймін, себебі ол 1905 жылы боды)
«Аманат» тобының тапсырмасы
1.«Гәкку» әнінің авторы Үкілі Ыбырай (келісемін)
2.Генетика мен микробиологияда табыстарға жеткен, Лениндік сыйлықты алған академик
Ахметсафин (келіспеймін, себебі ол Айтқожин)
3.1916 жылы Қарқара көтерілісінің жетекшілерінің бірі – Б.Әшекеев
(келіспеймін, себебі ол Ж.Мәмбетов)
4.1952 жылы Е.Бекмахановты сот алқасы 25 жылға соттады. (келісемін)
5. «Шаңды жорық» оқиғасы 1771 жылы болды (келісемін)
«Болашақ» тобының тапсырмасы
1.«Біржанның ыза-кекке толы, сол заманның өкілдерін түйреуге бағытталған өлеңі –«Жарым
патша» (келіспеймін, себебі өлеңнің аты «Жанбота»)
2.Католизаторларды электрохимиялық әдістермен зерттеу мәселесін көтерген академик
Сухомлинский (келіспеймін, себебі ол Сокольский)
3.1916 жылы көтеріліске себеп болған – 25 маусым жарлығы (келісемін)
4. 1969 жылы Жалаңашкөл көлінде Қытаймен қарулы қақтығыс орын алды. (келісемін)
5. Қарқаралы петициясы отаршыл өкімет билігінің атына – 1905 жылы жолданды (келісемін)
Сайысты қорытындылап, жеңіске жеткен топты марапаттау.