Бастауыш сынып м??аліміні? ?дебиеттік о?у п?нінен ?ыс?а мерзімді жоспары 11.09.2014 15.20-16.05 ?дебиеттік о?у 45 минут 3 «а» сынып Саба? та?ырыбы: «?ырдан келген жас ?аза?» Міржа?ып Дулатов Жалпы ма?сат: М.


Бастауыш сынып мұғалімінің әдебиеттік оқу пәнінен қысқа мерзімді жоспары
11.09.2014 15.20-16.05 Әдебиеттік оқу 45 минут 3 «а» сынып
Сабақ тақырыбы: «Қырдан келген жас қазақ» Міржақып Дулатов
Жалпы мақсат: М. Дулатовтың Қырдан келген жас қазақ шығармасының мазмұнын түсінеді, автордың идеясын айтуға дағдыланады. Ауылдың сұлу табиғатын, кең байлықтарын және мәтіндегі бейнелеуіш сөздермен түсінеді.
Сілтеме: Нұсқаулық, әдебиеттік оқулығы.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Сын тұрғысынан ойлау стратегия-ры: ассоцияция , «Болжау стратегиясы» ,сызбамен жұмыс
Негізгі идеялар: Ребустар Флипчарт СөзжұмбақСабақта қолданылатын материалдар: Формативтібағалау
Оқыту әдістері: Сын тұрғысынан ойлау, Топтық жұмыс.АссосиацияДерек көздері: Оқулық, автор туралы мәліметтер, ғаламтор, көркем сөздер кітап,сурет топтамасы , кесте
Ойлау деңг. Мақсат Күтілетін нәтиже Түрткі
(сұрақ, тапсырма, жағдаят) Бағалау Мұғалімнің
іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Білу Үй тапсырмасын сұрақ қою арқылы тексеру.
Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру -Белсенді әрекетке жұмылдырылады.
-Ойлау жұмысына ынталандырылады. Топқа бөлу. «Өз жартыңды тап» ойыны
Ойға шабуыл.
Сұрақ-жауап
Мәтін кім жайлы? Шоқан кім? Ол қандай адам деп ойлайсың?

ФормативтікТоптардағы өзара бағалау Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.
Шоқан туралы не білесің? Берілген суреттерді пайдаланып Шоқан Уәлиханов туралы әңгімелеу.
Оқушылар топқа бөлінеді. Топта өзара әрекет етеді. Бір-бірімен пікір алмасады. Іштерінен көшбасшы шығарады.
Үйге берілген тапсырманы айтады.
Топта әңгіме-дебат арқылы талдайды, талқылайды.
Сергіту сәті: «Көңілді күн»
Түсіну Мәтінді оқыту арқылы ондағы сөздердің мағынасын ашады.. Міржақып Дулатов өмірімен танысады. «Қырдан келген жас қазақ» мәтінді оқып, мазмұнымен танысады. Мәтіннен ашық жасыл түспен жазылған сөздерді тауып оқуды. «Болжау стратегиясы» арқылы бастау.
а) Бүгінгі сабақта кім туралы болады?
б) Сіздердің болжауларыңыз тура келді ме, жоқ па?
б) Ой туғызатын сұрақтар
беру. ФормативтікТоптардағы өзара бағалау
Оқулықта берілген мәтінді түсіндіру.
Автор туралы интертақтадан электронды оқулықтан толық мәлімет беріп кету.
Оқулықпен жұмыс. (оқушыларға мәтінді тізбектей оқытамын) Автор туралы не білетіндерін айтады.
Болжау жасайды.
(топтық жұмыс жүреді)
Өз жауаптары дұрыстығын салыстырады, көз жеткізеді.
Балалар тізбектей оқиды.
Түртіп алу. Дәптерге жазып алу. Тақырыптың басты идясын табу
Қолдану Шығармашы
лық қабілетін арттыру Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы алған білімдерін өмірде қолдана алатынын ұғады. 1 топ.
Шоқанға мінездеме беру.
2 топ.
Сендер халқын үшін қандай үлес қосар едіңдер?
3 топ.
Сол кездегі тұрмыспен қазіргі кездегі тұрмысты қалай бағалар едіңіздер?
( «Тірек белгілер»)
4 топ.
«Шоқан атаға хат» ФормативтікТоптардағы өзара бағалау
Мәтіннен Шоқанның іс-әрекеті, қызметі әңгімелеген тұстарын тауып оқып, топта талдайды.
Автордың негізгі ойын постерге түсіріңдер. Топта Шоқанды басқаша қалай суреттеуге болады? деген сұраққа балалар жауап іздейді.
Сызбаны толтырады
Постер құрастыру арқылы негізгі ойын түсіреді.
Топта дебат әңгіме жүреді.
Талдау
Дәлел табуға нұсқау.
Ойын дәлелдеуге дағдыланады, демек, машықтанады.
а) Шоқанды неліктен қырдан келген жас қазақ деп суреттеді?
ә) Осы мәтінде ашық жасыл түспен және қызыл түспен жазылған сөздерді талдайды. ФормативтікТоптардағы өзара бағалау
Шығарманы талдау. Шоқанды дәл осылай суреттеуге ақынға не түрткі болды?
Оқушылар өз ойларын ой талқыға салады.
Дебат әңгіме жүреді.
Синтез /Жинақтау/Шоқан Уәлиханов туралы сызбаға зер салу.
Мәтіннің негізгі ойы туралы ойын жинақтап сызбаға түсіру. Қажеттілігін салыстыра отырып, жинақтайды. а) Бүгінгі сабақта орындаған тапсырмаларды ой елегінен өткізу.
ФормативтікТоптардағы өзара бағалау
Шоқанның адам өміріне пайдасы туралы әңгімелеу. Өз бетімен жұмысты орындайды.
Бағалау
Ойын жинақтау дағдысын қалыптастыру. Ойланып шешім қабылдайды, ізденуге жол табады. «Алақан»
Бас бармақ-бұл керемет маған ұнады.
Балан үйрек-маған мүлдем ұнамады.
Ортан терек-түсінбей қалдым.
Кішкене бөбек-сыныпқа белсенді қатысқан оқушы.
Шылдыр шүмек- білгім келеді. ФормативтікТоптардағы өзара бағалау
Сонымен Шоқанды досы Потанин бізге жеткізген автордың еңбегіндегі ойы қандай?
Сендерге мәтін ұнады ма?
Осы алған білімдеріңді достарына, ата аналарыңа айтып бере аласыңдар ма?
(Кері байланыс орнату.) Өзара пікір туады .Балалар жауаптарын айтады.
Иә немесе жоқ жауаптары айтылады.
Стикер арқылы топтар бір-бірін бағалайды.