Киім ж?не о?ан ?ойылатын талаптар Саба?ты? та?ырыбы: Киім ж?не о?ан ?ойылатын талаптар Саба?ты? ма?саты: Білімділік: О?ушыны? білімін білік да?ды ж?йесімен ?аруландыру. О?ушылар?а киім ж?не о?ан ?ойылатын тал


Киім және оған қойылатын талаптар
Сабақтың тақырыбы: Киім және оған қойылатын талаптар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушының білімін білік дағды жүйесімен қаруландыру. Оқушыларға киім және оған қойылатын талаптар
туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық: Балалардың өз бетінше ойлану қабілетін, теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру,олардың ой-өрісін дамыту;Тәрбиелік: Балаларды еңбекті сүюге,өз қолымен әсем пирогтар жасауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу., инабаттылыққа, мәдениеттілікке, бейімділікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, үйрету,сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс
Сабақтың барысы:
І - Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу, жоқ оқушыларды түгендеу2. Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу.3. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, жұмыс орнын реттеу.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Киімді жобалау және дайындау
III.Жаңа сабақ Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық қасиеттер тән болу керек. 
Іш киім тігуге келесі мата түрлері қолданады:- Тығыздап тоқылған,- Біркелкі боялған,- Қандай мата болмасын (мақта-мата, зығыр, жібек), барлығы да ағартылуы керек.Жеңіл киім – іш киімнің сыртынан киілетін барлық киімдер (блузкалар, юбкалар, көйлектер, халаттар, көкірекшелер, қамзолдар).Сырт киім – жеңіл киімнің сыртынан киетін барлық киімдер (пальто, плащ, куртка, тондар).Қандай да болмасын бұйымға бірқатар талаптар қойылады. Олардың ішіндегі негізгілері:Дәптермен жұмысЭстетикалық талаптар: киім әдемі болуы керек; қазіргі заманғы сән бағытына сәйкес болуы керек; адамның жеке дене құрылысы мен жас ерекшеліктерін ескеруі керек.Гигиеналық талаптар: киім жайлы микроклимат жасауы керек; жеңіл, жұмсақ, мықты, қыртысталмауы керек; қозғалыс, дем алу, қан айналымы еркіндігін қамтамасыз етуі керек; жеңіл жуылуы, тазалануы, үтіктелуі керек. Эксплуатациялық (пайдалану талаптары): киімнің түрлі атмосфералық әсерлерге, суға, жуу құралдарына, тазалауға және де оның матасының тігуге төзімділігі. Киімнің пайдалану ұзақтылығы оны кию шарттарына байланысты болады.Киімнің адамға ұзақ қызмет етуі оны кию шарттарына және күтіп баптауына байланысты.Гигиеналық талап Киім әдемі, заманға сай болуы керекЭксплуатациялық талап (пайдалану талбы) Киім жеңіл, жұмсақ жайлы микроклимат жасау керекСабақты қорытындылау:Жаңа сабақты қорытындылай келе оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: Киімді жобалау және дайындау
Маңғыстау облысы бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі Шамекенова Гулнур технология
пәні мұғалімі