Конспект по информатики на тему А?парат, оны? мазм?ны, т?рлері мен ?асиеттері


Сыныбы: 5
Күні:
Сабақтың тақырыбы: §2. Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі және қасиеттерімен
таныстыру;
дамытушылық: информатика ұғымдарына, ақпаратқа, ақпарат алу көзіне, қабылдау және беру ортасына анықтама беру дағдыларын қалыптастыру;
тәрбиелік: ізденімпаздыққа, жаңашылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: түсіндірмелі – пікірталас.
Сабақтың жабдығы: оқулық, дербес компьютер, ACTIVOTE құрылғысы, суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Білімді өзектендіру.
Сұрақтар:
1. Информатика дегеніміз не?
2. Компьютердің информатикаға қандай қатысы бар?
3. Ақпарат дегеніміз не, оны қалай түсінесіңдер?
4. Ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласың?
5. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесің?
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез келген тамақты пісіру үшін оған қажетті заттар мен дайындау жолын білу қажет. Автомобильді басқару үшін немесе үй тұрғызу үшін қажетті ақпаратты білуіміз керек.
Сендер қалай түсінесіңдер, ақпарат деген не?
Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
Сендер күнде қандай да бір ақпарат аласыңдар. Ақпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар, игересіңдер, қайта өңдейсіңдер.Ақпаратты ата – аталарыңа, достарыңа жеткізулерің мүмкін. Яғни, ақпарат көзі және оны қабылдаушы бар. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды.
Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81%-ын – көру арқылы,10%-ын – есту, 4%-ын – иіскеу, 3%-ын – дәм сезу арқылы аламыз.
Сонымен қатар әрбір адам жеке – дара мүмкіндіктерге ие. Мысалы, дизайнердің көру қабілеті, музыканттың есту қабілеті жақсы дамыған. Сендердің кейбіреулерің жаңа материалды кітаптан оқып жақсы түсінсеңдер, әлдекім біреу айтып берсе артық түсінеді, ал тағы біреулеріңе түсіну үшін практикалық тапсырманы өздерің орындап шыққандарың ыңғайлы.
Ақпараттың түрлері
Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады.
Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі – құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы – адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақытын келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.
Ақпараттың басқа түрлерін атаңдар!
Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлдінеді.
Бір ақпараттың өзі әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Мәселен, автотұрақты машиналардың санын 5 санымен, «бес» сөзімен жазылған мәтінмен және олардың суретін салу арқылы бейнелеуге болады.
Яғни, ақпаратты тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да түрге бөлуге болады.
Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін. Ақпараттың бұл түрлері қазіргі кезде компьютерде табысты көрсетіледі.
Ақпараттың қасиеттері
Оқушыларға көз жанарын алдауға бірнеше суреттер ұсынады. Оқушылар осыдан кейін әр ақпарат шынайы (объективті) болмайтындығы туралы қорытынды жасайды. Шынайылық – ақпараттың негізгі қасиеттерінің бірі.
Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болуы мүмкін. Мәселен, 2 мамырға арналған ауа райы болжамы кез келген адам үшін 1 мамырда өзекті болғанымен, 10 мамырда өзектілігін жояды. Сонымен, ақпарат өзектілік қасиетке ие.
Ақпарат толық немесе толық емес болуы мүмкін. Мысалы, сендердің достарың «Ертең» десін. Егер сендер достарыңа: «Біз киноға қашан барамыз?» деген сұрақ қойған болсаңдар, онда бұл ақпарат түсінікті болады. Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады. Себебі – ол толық емес. Ақпараттың бұл қасиеті толықтылық деп аталады.
Ақпараттың қасиеттері:
* өзектілігі (ақпараттың өз уақытында берілуіне байланысты);
* толықтығы (ақпараттың көлеміне байланысты);
* объективтілігі (адам факторына байланысты);
* жеткіліктігі (қойылған талаптарға байланысты);
* адекваттылығы (шындыққа сәйкестігі);
* қолжетімділігі (қажетті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі).
4. Өзіңді тексер! (ACTIVOTE құрылғысы арқылы)
1. Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады?
А) сезу және көрудің;
B) иіскеу және сезудің;
C) есту және көрудің;*
D) көру және дәм тату арқылы.
2. Сендер электрондық хатта көрген фильмдерің туралы баяндадыңдар делік. Бұл ақпараттың қай түріне жатады?
А) есту;
B) сезу;
C) көру;*
D) жазбаша.
3. Осы информатика оқулығында келтіріліген мәліметтер негізінен қай түріне жатады?
А) мәтіндік және графикалық;*
B) графикалық және естілетін;
C) электромагниттік және көрінетін;
D) цифрлық және музыкалық.
4. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?
А) қағазды;
B) дискіні;
C) тасты;
D) суды.*
5. Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланған?
А) биді;
B) суреттерді;*
C) қимылды;
D) дыбысты.
6. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жеткіземіз?
А) кітап;
B) радио;*
C) журнал;
D) плакат.
5. Сабақты бекіту.
Бақылау сұрақтарын қою:
1. «Ақпарат» термині туралы жаңадан не білдіңдер?
2. Сендерге қандай ақпарат тасығыштар белгілі?
3. Қазіргі кезде ақпараттың қандай түрлері бар?
4. Адам ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?
5.* Ерте заманда қандай ақпарат тасығыштар болған?
6. Ақпараттың қасиеттері қандай?
6. Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау, журналға, күнделіктеріне баға қою.
7. Үйге тапсырма беру.
Оқулықтан §2 оқу, сұрақтарға жауап беру, 7 – тапсырманы жұмыс дәптеріне орындау.
Зат                        Қасиеті         Арна        Мүше
Қоңыраулы сағат    Шылдыр        Есту         Құлақ