?аза? тілі 11-сынып ?аза? шешендік ?нері тарихы бойынша та?ырыпты? тест
Сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі
Сынып: 11
Мұғалім: Сыздыкова Айгерім СағатқызыКүні, айы, жылы:
Сабақтың тақырыбы Қазақ шешендік өнері тарихы бойынша тақырыптық тест
Сабақтың мақсаты: Тәрбиелілігі: тақырып мәтіні арқылы шешендікке, әділдікке тәрбиелеу.
Білімділігі: Шшендік сөздердің түрлерін айтып түсіндіру
Дамытушылығы: шешендік өнер туралы ойлау қабілетерін арттырып, есте сақтау қабілетін дамыту.
Керекті құрал-жабдықтар Шешендік сөздерге байланысты тест жинағы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
Кіріспе Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі .
- Оқушылармен амандасу (1 мин)
-Кезекшінің мәлімдемесі (1мин)
-Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту (3 мин) Мұғаліммен амандасады, кезекші өзінің мәлімдемесін айтады.
Негізгі бөлім
ІІ Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)
30 бет, 26-жаттығуды тексеру және Күлтегін рефератын жасап келу.
Жаңа сабақ. Шешендік өнер.Тест(25 мин)
1.Шешендік өнер:А) әдеби тілдің нормалары В) әңгіме өзегінің дәлелі С) жеке ғылым саласыД) әлеуметтік қызмет атқаратын іс әрекеттің атауы Е) шаршы топ алдында сөйлейтін сөз2. . Шешеннің мағыналық қисынға байланысты туындайтын кідірісА) грамматикалықВ) психологиялықС) логикалықД) синтаксистік3.«Сөз мәдениетінің жоғарғы формасы - шешендік» деген пікірдің иесін табыңыз.А) Әл- Фараби В) С. Негимов С) М. Балақаев Д) Ж. Баласағұни Е) К. Аханов 4. Ахмет Байтұрсынов еңбегіндегі шешендік сөздің құрылымы А) басталуы, байланысы, дамуы, шарықтау шегі, қорытындыВ) кіріспе, негізгі бөлім, оқиға байланысы, дамуы, шарықтау шегі, шешіміС) кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлімД) эпилог, кіріспе, байланыс, оқиғаның дамуы, шиеленісуі, шешіміЕ) бастамасы, ұсынбасы, мазмұндамасы, қыздырмасы....5.«Өмір- теңіз, білім- қайық, білік- ескек бүгінде» құбылтудың түріА) метонимия В) дамыту С) эпитет Д) метафора Е) теңеу6. Шешендік өнер иелерінің шаршы топ алдында сөйлейтін сөзіА) билік сөз В) тілек сөз С) түйін сөз Д) шешім сөз Е) шешендік сөз7. "Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді" деген пікірді айтқанА) А. Байтұрсынов В) А.ҚұнанбаевС) М.Әуезов Д) Ә. БөкейхановЕ) В.В. Радлов8.Билердің сайлану үрдісі, бидің болмысы жөнінде тұжырымы бар Абайдың қарасөзіА) отыз жетінші қарасөзі В) жиырма жетінші қарасөзі С) он тоғызыншы қарасөзі Д) үшінші қарасөзі Е) жетінші қарасөзі9.Шешендік туралы Сәкен Сейфуллиннің еңбегі А) «Қазақ әдебиеті» еңбегінің «Билер шешендігі» тарауыВ) «Әдебиет тарихы» еңбегінің «Билер айтысы» тарауыС) «Шешендік өнер» монографиясыД) «Би һәм билік» , «Тағы да би һәм туралы»Е) «Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту»10.Шешеннің өзіне тән жеке стилінің қалыптасу жолыА) сөздің эмоциялық, экспрессивтік сипатын сақтай білуіВ) сөздің тартымдылық, нәзіктілік сипатын үйренуС) үздіксіз іздену, шешендіктің үздік үлгілерін үйренуД) сөздің көркемдік, тартымдылық мәнін арттыруЕ) сөздің жігерлілік, қайраттылық мәнін игеру11.Шешеннің әсер ала білу қабілетіне, ойлау парасатына байланысты кідірісА) морфологиялық В) синтаксистік С) психологиялық Д) грамматикалық Е) логикалық12.Шоқан Уәлиханов тұжырымы бойынша би атағын алу үшін орындалатын екі шартА) ескі заңды заманына қарай өзгертіп, жетілдіріп отыру В) халықтық дәстүр салттарды терең білу, ерекше шешен сөйлей білуС) ұғып тыңдау, дәлелді пікір айтуД) таразы басын тең ұстап, қара қылды тең жаратын әділ төрелік айтуЕ) сөз өнерін меңгеріп,биік дәрежеге көтерілу13.Бұрынғы билердің шешендік үлгілері мен бүгінгі шешендікті жақындастыратын факторлардың біріА) ағайынның мүддесін қорғауы В) жеке бастың мүддесін қорғауыС) отбасы мүддесін қорғауы Д) әлеуметтік мүддені қорғауы Е) биліктің мүддесін қорғауы14. Қазақ шешендіктануына Б.Адамбаевтың енгізген жаңалығыА) шешендік сөздерді іштей топтап, жіктеп, саралап көрсетті.В) қазақ шешендік өнерінің сыр-сипатын терең талдады.С) билердің қоғамдық-әлеуметтік рөлі туралы тұңғыш ой-пікір білдірді.Д) шешендіктің сөз мәдениетімен бірлігін таныды.Е) «шешен сөз» ұғымын термин ретінде алғаш қолданды.15.Шешендік сөздің сөйлеушілер санына қарай түрлеріА) монологтік, диалогтік, полилогтікВ) монологтік, диалогтік, жиынтықС) монологтік, диалогтік, топтықД) монологтік, диалогтік, логикалықЕ) монологтік, диалогтік, пікірлестік Үйге берілген тапсырманы айтып, талдайды.
ІІІ. Жаңа сабақ бойынша оқушылар тақырыпты терең түсінеді және тақырып бойынша берілген 15 тест сұрағына жауап береді.
Сабақты бекіту кезеңі Тест бойынша түсініксіз болды соны талқылау, коррекциялық жұмыс жасау(5 мин) Оқушылар талқылайды, түсінбегенін дәптерге жазады.
Қортынды Бүгінгі тақырып бойынша не білді?
Не білгілері келеді? (2 мин) Жаңа сабақ бойынша өз түсінгендеріңді айтады.
Үйге тапсырма Шешендік өнер тарауын қайталау. Үй тапсырмасын күнделікке жазады, орындайды
Бағалау Оқушылардың білімдерін бағалау (2 мин) Бүгінгі сабақта бағалағандарын көреді.