С?йікті ойыншы?тар Дошкольное образование


«Сүйікті ойыншықтар»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
«Балапан» II – інші кіші топ
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы білімдерін жетілдіру, ойыншықтардың аттарын атауға үйрету. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Ойыншықтар туралы өз ойларын білдіру дағдыларын қалыптастыру. Балаларға қуыршақ театрын пайдалана отырып,ертегіні айтып беру, ертегінің мазмұны арқылы сөйлеу тілін дамыту.
Қажетті құралдар:Түрлі ойыншықтар суреттері.
Қостілді компонент: ойыншықтар-игрушки,қуыршақ-кукла,машина-машина.
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңберіне тұрғызады.
Дос болып біз жүрейік,
Ойнайық та күлейік.
Достық деген тамаша
Міне,тұрмыз жараса.
-Балалар, бүгін ерекше күн. Біз бүгін ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығамыз. Шаттық шеңберге тұрады, қолдарын көтеріп қимылмен көрсетеді.
Қуанады.
Ұйымдастыру іздестіру -Балалар, сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?
-Қандай ойыншықтың түрлерін білесіңдер?
Ойыншықтардың темірден, ағаштан, резеңкеден жасалатынын және матадан тігілетінін айтады. Есік қағылады. Қонаққа сиқыршы келеді.  
Сәләметсіңдер ме,балалар! Қазір мен сендерді өзімнің сиқырлы әлеміме қонаққа апарамын. Барасыңдар ма?
Ендеше, бәрің көздеріңді жұмыңдар.
Алақай,малақай!Суф!Суф!
Ал енді көзімізді ашамыз.
-Шынында да қараңдаршы,
Біз көп ойыншықтар әлеміне тап болдық.
2-3 ойыншықты көрсетеді. (Машина,қуыршақ,доп)
Балалар, сендерге ойыншықтар елі ұнады ма?- Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын, мұқият тыңдап шешіп көріңдерші.Сыбдыр шықса қашады,Қырдан бір - ақ асады.Бұл не?- Бәрекелді, балалар, дәл таптыңдар.Сиқыршы: -Иә!
-Қуыршақ, машина,
Доп, қонжық, аю,
Қоян, балапан.
Сәлемдеседі.
-Иә!
Көздерін жұмады.
Көздерін ашады,
Түрлі ойыншықтар-
ды көреді.
Иә
Жұмбақтың шешуін табады.
Ұйымдастыру іздестіру - Балалар, сендер қоянды көргілерің келе ме?- Ендеше менің сиқырлы таяқшамның сиқырын қараңдар?(сиқыршы таяқшасын сермеп қалады).Кенеттен қоянның суреті пайда болады.Балалар, сендер қоянды білісіңдер ме? Қоян туралы қандай ертегілер білесіңдер?«Аңқау қоян», «Қоян мен қасқыр», «Мақтаншақ қоян» т. б.
Тәрбиеші: «Мақтаншақ қоян» ертегісінің мазмұнымен таныстырады. Сұрақ- жауап арқылы түсініктерін толықтыру.
Сиқыршы: Балалар, мына ойыншықтарды сендерге сыйға тартамын, топқа барғанда ойнайсыңдар,ойыншықтарды
ренжітпей, ұқыпты ұстап ойнаңдар.
Олай болса көзімізді жұмып, тобымызға оралайық.
Сиқыршы балалармен қоштасады.
Сергіту сәті:
Құлыншағым,құндызым
Құлдырайды,шабады.
Жылтыңдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады. Қоян туралы білетін ертегілерін айтады.
Ертегінің тыңдайды.
Қоштасады.
Қимылын келтіріп
Жаттығуды орын
дайды
Рефлексивті-жөндеуші -Бүгін бізге қонаққа кім келді?
-Қайда бардық?
-Нені көрдік?
-Өздерің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар?
Сұрақ-жауап арқылы ойыншықтар жайлы білімдерін қорытындылап, балаларды мадақтайды. Балалардың жауабы.
Болжамды нәтиже:
Қабылдайды: Ойыншықтар туралы өз ойларын білдіру, ойыншықтардың аттарын атауға үйренді.
Түсінеді: ойыншықтарды, ұқыпты, күтіп ұстау керектігін, ертегінің мазмұнын;
Қолданады: дыбыстарды дұрыс айту дағдысын.