А?ылшын тілі п?нінен 1сынып?а арнал?ан саба? жоспары Б?л не? Б?л кім? (1сынып)
Сынып: 1
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Бұл не? Бұл кім?
Сабақтың мақсаты: 1. Aa әрпімен таныстыру.
2. Оқушыларды What? Who? Сұрау есімдіктерімен таныстыру.
Жаңа сөздер: apple, ant, Ademy, Astana. What? Who?
Сабақтың көрнекілігі: Aa әрпі бар карточка, суреттер: apple, ant, Ademy, Astana. What? Who?сөздері бар карточкалар
Сәлемдесу және сабақтың тақырыбын таныстыру.
Warm-up: Hello, children!
Sit down, please!
Бүгін сабақта сұрау есімдіктерімен танысамыз және оларды ажыратып үйренеміз. Ағылшын тілінің алдғашқы әрпі – Aa әрпімен танысамыз. «Where are you from?» әнін қайталаймыз. Досымыз Ted бізбен бірге болады. Қане, еске түсірейкші, танысқан кезде біз, қандай сұрақ қоямыз?
What is your name? – My name is … .Where are you from? - I’m from … .How are you? – I’m fine.
Оқушылардың жауаптарына Well done. Very good! Деген мақтау сөзджер айтып отыру керек.
Aa [ei] әрпімен танысу.
Мұғалім оқушыларды әріппен таныстырады. (№1 ұсынысты (6-бет) қараңыз).
Мұғалім оқулықты ашыңдар дейдію Open your books at page 14
Ex1, p 14 (CD№9 )-Listen, point and repeat. (тыңда, көрсет және қайтала).
Track №9
Apple, ant, Ademy, Astana
Apple, ant, Ademy, Astana
Ademy, apple, ant, Astana
Ex.2, p.14 (CD№10)- Listen and chant. ( тыңда және айтып бер). Ырғақты түсінуге көмектесетін chant ұйқасын тыңдайды.
Ұйқасты тыңдайды. ( №2ұсынысты(7-бет)қараңыз ).
Track №10
Letter A,A,A Listen a,a,aApple, ant, Ademy, Astana
I’m Ademy.
I’m from Astana.
Әріптің жазылуы. Мұғалім оң жақ жоғары бұрышынан Aa әрпін табуды сұрайды. Әріптің жазылуын көрсетіп тақтаға жазу.
Open your workbooks at page 8.Workbook- тегі Aa әрпін бастырып жазу.
Ex.3,p.14- Write and say. (жаз және сөйле)
Көшіру, сурет салу, байланыстыру қажет болатын жаттығулардың барлығы жай қарындавшпен орындалады. Оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен түсіп қалған әріпті жазады. Бұл жерде қалалардың аты үлкен әріппен жазылатыннын ескерте кетеді.
What? және Who? Сұрау есімдіктерімен танысу.
Тақтада тек екі сурет алма және қыз және What? Who?сөздері бар карточкалар. Мұғалім оқушылармен «тірі» және» өлі» деген түсініктерді талқылап What?- заттар мен жануарларға және Who? –адамдарға айтылады дегенді түсіндіре кетеді.
What? – қарындаш, машина... .
Who?- бала, оқушы... .
Мұғалім балалардың назарын Remember рамасынга аударады. Бұл рамада ережелер берілетінін түсіндіреді.
Ex.4, p.15- Match (байланыстыр).
Мұғалім What? және Who?сұрақтарын оқиды. Оқушылар сөздерді мұғалімнің жетекшілігімен керекті суреттермен байланыстырады.
Ex.5, p.16- Look and say. (қара және сөйле).
Мұғалім суреттерді атап шығуларын сұрайды.
Ex.6, p.16- Game (ойын).
Мұғалім оқушылармен бірге суретті қарайды да ойын ойнайды. Оқушылардың алдында What? Who? Сұрау есімдіктері бар карточкалар жатыр. Мұғалім суретті көтереді, ал оқушылар сәйкес сұрақты көрсетеді.
Ex.7, p.17- Look and match(қара және байланыстыр).
Қимыл қозғалысты білдіретін open, close, look, stand up, listen, sit down.етістіктері қимылмен жасалынады.
Сабақтың қорытынды кезеңі:Оқушылардан сабақта танысқан әріпті және осы әрәптен басталатын сөздерді айтқызу
Үй тапсырмасы: Ex-1, Ex-6