?ліппе ?ош бол,с?йікті ?ліппе!1 сынып


А.М. Горький атындағы №2 орта мектеп
Мерекелік іс-шара
Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті әліппе!»

Өткізген: Жикенова А.Ө.

2015-2016 оқу жылы.
Сабақтың тақырыбы: Қош бол,сүйікті Әліппе!Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін-өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу; Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;Оқушылардың елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.Көрнекілігі:шарға жапсырылған қима әріптер мен цифрлар, «Әліппе» оқулығын мұқабасы, шардан жасалған бағаналар, ертегі кейіпкерлерінің киімдері, қызыл және көк түсті үйшік, сынып өмірінен үзінді слайдтар «1 «А» сынып» жазуы.Барысы:1- жүргізуші: АйшаТыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!Естімеген естіңіздер,Тыңдамаған тыңдаңыздар.Қазір бізде «Әліппе тойы» басталады.
Мұғалім:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,Жан сәулесін тарататын баршағаШын пейілмен құрметімізді көрсетіп,Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға..(оқушылар кіреді)Мұғалім:-Құрметті ата-аналар , ұстаздар, оқушылар ! Бүгін сіздер 1 «А» сыныбы шәкірттерінің «Қош бол Әліппе !» атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы-Әліппе. Бұл кітап білімге бастайтын алғашқы жол. Ендеше мерекемізді бастаймыз.Оқушылар:Армысыздар, құрметті ұстаздар!Ардақты ата-аналар !
1-жүргізуші:Айша
1 «А» сыныбы оқушыларының «Қош бол Әліппе!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер !Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі-Әліппені бітіріп отырмыз.
2-жүргізуші:АмирБүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танып, сауатымызды ашқан біздің жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз
1-жүргізуші: Айша
Көз салып қараңызшы бойымызғаОртақ боп бүгінгі өскен ойымызға.Хошкеліпсіз, ұстаздар, ата-аналар,Әліппеменқоштасутойымызға..
2-жүргізуші;Амир
АрмысыздараналарБармысыздарбалаларСөзімеқұлақсалыңызБірсерпіліпқалыңызӘліппегеарналмақБүгінгіжыр әніміз
ІІ. «Сынып өмірінен үзінді» слайдтар мен бейнетаспа.-Біз «Горький» атындағы мектебінің 1 «А» сыныбындаоқимыз. Енді сіздердің назарларыңызға осы оқу кезеңдерінен шағын презентация ұсынамыз.1-слайд.Мынау - біздің мектепке алғаш келген кезімізден көрініс.2-слайд. Бізге оқу мен жазуды үйреткен сүйікті Әліппе сабағы.3-слайд.Математика сабағын да жақсы көреміз. Санау мен есеп шығаруды да үйрендік.4-слайд.Сабақты жақсы оқу үшін , әлденіп тамақтану керек. Мынау – біздің асхана.5-слайд. Біздің алғашқы мектепішілік жәрмеңкеге қатысуымыз.6-слайд.Ал мынау біздің 1 сыныптағы алғашқы жаңа жылымыз.7-слайд. Бұл біздің даярлықпен қоштасу кешінен шағын көрніс9-слайд. Келесі саяхатымыз – кітапхана болды. Газет журналды оқу біз үшін – қызық!. Сазды - әуенді бөлім. «Қошақаным» әні

Мұғалім:
Іші толы әріпке,Білімдегі жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар-Ол сүйікті - Әліппе!Ол сүйікті - Әліппе!
Хор: «Ана» әні
1-оқушы. АсемгүлЕң алғаш қолға алғанда Әліппені,Қызығып қарай бердім әріптерді.Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,Ұстазым маған кілтін алып берді.
2-оқушы. максутОқуды көп ойладықҚызығына тоймадықӘріптерді үйреніпСауат ашып тойладық
3-оқушы. ПейілнұрБәрімізді сүйіп өткен,Балаларға үйреткен.Әліппе мен ұстазға,Бас иеміз құрметпен.Барлық әріп бағалыАйтсақ әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды,Буын онсыз толмайды4- оқушы. НариманКеудемнен сезім селі ақтарылсынБолармын күні ертең мақтанышыңБілім алып , тер төгем, еңбек етемАта-ана сеніміңді ақтау үшін.5- оқушы.ДосымханАта-анамнан кейінгіЕкінші адам өмірдеБала бол деп зейіндіМейір құйған көңілгеТәрбиелі біліктіОл ұстазың сүйіктіШәкірт қана алаңыӨсиеті адалдықТентек сотқар баланыШығаратын адам ғыпТәрбиелі саналыОл ұстазың сүйікті
Мұғалім:
Олай болса ортаға Әліппені шақырайық! (Әліппе келеді)
Әліппе: 4 «А» сынып
Армыссыздар, жасдостарАрмысыздарата-ана!БолашаққажолбастарӘліппеңкелдіортағаБілімдегенғажаптыңӘліппесінмеңгергенКелешегіқазақтыңБасталадысендерденЖақсыбілімкөрімдікБолсынбізгехалайықНе үйреніп не білдікКәне ортаға салайық!
2- жүргізуші: Айша
Армыздар, жас достарБолашаққа жол бастарӘліппесін меңгергенӘріптер әлеміне саяхатқа шақырамын.
1 «А»дегенім асық
жүрші алшаң басып.
Оңға солға иіліп
ойнаймыз біз шашып.
2 Көбелекке кәдімгі,
қарасаңыз анықтап.
Жаны бар «Ж» ұшып жұр,
жапырақша қалықтап.
3Нұсан түсіп көркіне,
шығып кетті ағашы.
Сатыны «Е» әрппіне,
ұқсағанын қарашы.
4Киген ағай шәпкішін,
қарыны шығып қалғандай.
Қыса ұстап пәпкісін,
«Б»-дан аумай қалған-ай.
5Сәл көтерсе қақпағын,
Әйгерімнің қазаны.
Көрнісі шап-шағын,
«Ә»-ге ұқсап қалады.
6Гүлдерді жайпап өткендей,
иіледі желменен.
«Г»әрппі қаптап кеткендей,
Гүлжазира бел деген.

7Шөп шапқан Жақып,
шалғысын талға іліп жүр.
Бес жасар Жақып,
«Ғ» әрппін танып, біліп жүр.
Әліппе;
- Бәрекелді, қандай ақылды балалар? Бәрің сауаттаныпсыңдар. Мен туралы біраз нәрсе ұғыпсыңдар. Мен сендерге ризамын!- Ал, қане маған әріптермен сөз құрап көрсетіңдерші. Бәріміз бірге сол тапсырманы орындайық.
-Тапсырма:
«Сөз құрау»
1.Ай+ жұлдыз
2.Ай+ жан
3.Ай+нұр
4.Ай+ғаным
5.Ай+сауле
1.Гүл+нұр
2.Гүл+жан
3.Гүл+нар
4.Гүл+жауһар
5.Гүл+бану
Мұғалім: ал енді балалар қазір біраз сергіп аламыз ба?
Сергіту сәті: «Бүгін қандай көңілді.»
6-оқушы. НржанТаныстырған 42 әріппен,Қош бол, менің сүйікті Әліппем.Сенің арқаң оқи жаза білгенім,Сауатты адам қатарына кіргенім.Құрметтеп қадір тұтатын7-оқушы. ДиляраХалқымның дана тілі барӘліппені білген соңБілімнің жолын ұғынарСүйікті менің ӘліппемӨзіңмен қимай қоштасам8-оқушы. НиязҚош бол құтты ӘліппемКөп нәрсені үйреттіңТаныстырып әріппенТақылдатып сөйлеттің9-оқушы. ДианаӘліппе сауатыңмен санамды аштың,Достарыммен теңдес араластым.Үйреніп, әріптер мен әңгімені,Күн сайын алға қарай қадам бастым.
10—оқушы.ЭльнараӘліппе жарты жылдай жолдас болдым,Ана тілге әкеліп жалғастырдың.Әр әріпті қостырып, сөзін құрап,Хат танытып, алғаш сен көзімді аштың.Қош болып тұр, әліппе, анамдайсың,Жақсы бол деп, біздерге алаңдайсың.Мен үйреткен әріптің құдіретімен,Дейсің бізге кірпіш болып қаланғайсың.
11- оқушы. ДаянаОрындаймыз әліппе ақылыңды,Жарысқанда жазамын тақымымды.Қандай қиын жұмбақты шешу үшін,Арттырамын ғылымға құштарлықты.
Әліппе; - Рахмет , балалар!Келесі оқитын пәндерің Ана тілін де жақсы меңгеріңдер.Маған өкпелерің болмаса, мен енді басқа балаларға барайын. Қош болыңдар, балалар!Барлығы бірге; Қош, бол Әліппе!Мұғалім: Ән «Рахмет, саған әліппе»

1- жүргізуші: Айша.- Ортаға сандарды шақырамыз!
Санамақ айту1.ДиляраБіздің үйде бір тауық,Бір жұмыртқа жүр тауып.Бір сиыр бар қорада,Бәтіш тәтем жүр сауып.2. ӘлішерЕкі аяқпен жүремін,Екі көзбен көремін.Екі қолым бар менің,Екеу құлақ, білемін.3. ДосымханҮйімде бар үш қалам,Үшеуін де ұштағам.Үш досымды салдым мен,Үш балыққа ұқсаған.4. АружанТөрт дөңгелек арбада,Төрт аяқ бар малда да...Тауыса алмай бидайды,Төрт тышқан жүр қамбада.5. Асемгүл«Бестік» деген бағаны,Бақыт күнде алады.Бәрі жақсы көреді,«Беске» оқыған баланы.6. Мәнсұр«Алақай!» дер келді күн,Алтыдамын мен бүгін.Алты жасқа келмекші,Алғы аптада енді кім?!7. БатырханЖеті саны киелі,Жұрттың бәрі біледі.Жеті жасқа жеткендер,Жығылмай-ақ жүреді.8. Сен де, мен де баламыз,Сегіз санын саламыз.Сегіз деген екі төрт,Сегіз жаста ағамыз.9. ДаянТоғыз жасқа келгенім -Тоғыз жылды көргенім.Тоғыз жаста тәнті еткен,Талабымды көр менің!10. ПйілнұрОн жыл, он жас - он деген,Он жас кіші ол менен.Онды жаза аламыз,Он - тұрған бір нөл менен.
Мұғалім сөзі:Балалар сендер өте талантты екенсіңдер.Сол таланттарыңды ата-аналарыңа көрсетіңдерші.Мен жұмбақ жасырамын, сендер тек жауабын айту керексіңдер.
Жұмбақ
Жазу жазып, жалықпаған,
жаза-жаза арықтаған. (бор)
Алты қырлы,
алтын сырлы. (қарындаш)
Қабат- қабат қаттама,
ақылың болса, аттама. (кітап)
Үйреткен ілімді,
қырық екі білімді. (алфавит)
Өшірді, сүртті,
өзгені құрытты.
Өзінде құрытты. (өшіргіш)
Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз)
Тау басында тамаша үй (бас)
Мұғалім: Енді есептен тексерейік.
- Қане, балалар, есепке қалайсыңдар?- 5пен 3-тің қосындысы нешеге тең?- 7 мен 5-тің айырмасы ше?- 2 мен 4-тің қосындысы ше?
-Ағаш басында 2 балық отыр еді 1 құлап тұсті .Ағаш басында неше балық қалды.
Мұғалім:- Балалар, сендер « Әліппені »бітірдіңдер. Ендігі сендердің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді ана тілін ортаға шақырайық..Ана тілі:Туған елдің тілімін,Ақылы мен танымын.Түсіндірер бәрінеАна тілі пәнімін.Ана тілім-ұранымАна тілім-құралым.Ана тілім болмасаМықты болмас тұрағым.
Хормен:Әліппемен қоштастық,Ана тілмен достастық.
Ана тілі:Төтеп беріп сынғаҚайыспаған ауырғаАдал болып досынаБас имеген жауына-Елдің атын кім дейміз?Хормен: ( Қазақ елі )Таулары бар ең биікДаласы бар жер ұйықБұл қай ел?Қазақстан
: (Қазақстан)Ана тілі:
Біз 1 «А» сынып оқушылары-Нені үйрендік ?Мұғалім: Ертегі «Жеті лақ»
1-жүргізуші: Айша
Әліппемен қош айтысып қаламыз,Енді қолға ана тілін аламыз.Ата-ана қуанышқа ортақ бол,Сауатты боп шықты міне балаңыз!2-жүргізуші Амир«5» болсын алар бағамыз,Біліммен бақыт табамыз,Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз
Ән: « Ойыншықтар»
Би мектеп вальс 1 «А» сынып

Мұғалім сөзі:
Мектеп қамқор анамыз
оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсеттін,
біз оқушы боламыз,
өсіп ой мен санамыз!
Өмірге жол саламыз,
білім қуған баламызМұғалім сөзі:
Оқушыларымыздың осындай жетістікке, жеткендерін мен марапаттау мен марапаттаймыз
Мұғалім:       Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы»деп саналар,
                       Балалардың есімі әулеттерге таралар.
                       Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында
                       Ақ ниетпен баршаға тілек айтар қонақтар.
Мектеп басшысына сөз кезегі беріледі: 
Ата-аналардың құттықтаулары.