Те?деуді? к?мегімен м?тін есептерді шы?ару ?МЖ 5-сынып


Тақырыбы: Теңдеудің көмегімен мәтін есептерді шығару Мектеп : ОМГ
Күні: 13.10.16ж Мұғалімнің есімі: Р.Сембаева
Сынып: 5 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Мәтін есептерді талдай отырып, теңдеу құра білу және оны теңдеулерді шешу алгоритмі арқылы шешу;
Күтілетін нәтиже Оқушылар:
Мәтін есептерге теңдеу құра алады;
Теңдеуді шешу алгоритмін біледі;
Есепті математикалық тілде сауатты жаза алады.
Тілдік мақсат Оқушылар: Мәтіндегі есептің шартымен танысады, түсінеді, мағынасын ажыратып, теңдеу құра алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: белгісіз қосылғыш, белгісіз көбейткіш, белгісіз азайғыш, белгісіз азайтқыш, белгісіз бөлгіш, белгісіз бөлінгіш.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім.
Басталуы
«Алманың пайдасы»
(7 минут) ғаламтормен жұмыс
Сергіту сәті
(2 мин) Сәлеметсіздерме балалар! Біз өткен сабақта «Теңдеудің көмегімен мәтін есептерді шығару» тақырыбы бойынша «Күзгі орманға саяхат» жасап, жеміс-жидектерге қатысты мәтін есептермен жұмыс жасадық.
- Сол тақырып бойынша үйге қандай тапсырма берілді?
-Мәтін есепті теңдеу құру арқылы шығару.
Мәтін:Асия жеміс сусынын дайындау үшін алма, шие және шабдалы алды.Ондағы шие алмадан 2 есе көп, ал шабдалы алмамен тең шамалы. Алынған жемістердің салмағы 2 кг.Жеміс сусынын дайындау үшін алынған алма, шие, шабдалының салмағы қанша? (5 минут)
Өте тамаша!
Ал, енді балалар біз бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын алдымыздағы алмаларды таңдай отырып, топқа бөлініп алайық.Алма түстеріне қарай топқа бөліп отырғызу.
Енді «Қара жәшік» әдісі бойынша сабағымыздың тақырыбын анықтап алайық.
Қара қорап беріледі, ішіндегі затты оқушылар түсі мен пішіні бойынша анықтайды.
1.Түсі- қызыл,сары, жасыл
2.Пішіні-домалақ
3.Қасиеті-шырынды, дәмі сәл қышқылтым әрі тәтті, ерекше хош иісті.
4. Заттың атын атайды (2мин)
І топ: Жеміс - жидектің, оның ішінде алманың денсаулыққа пайдасы мол. Ал оның қандай қасиеттері бар екендігін білесіңдер ме? Алманың құрамында А, С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар. А дәруменi - ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұруға көмектеседі. Қараңғыда көруді жақсартады. А дәрумені шаштың, тырнақтың өсуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап, жарылып, түсі күңгірттенеді. В1 дәруменi - организмде дұрыс зат алмасуы үшін аса қажет. Бұл дәрумен жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту жүйесі бұзылады.
ІІ топ:Адамдардың тамаққа қолданатын жемістерінің бестен төрт бөлігі – алмалар. Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Алма тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа шалдыққандарға да, сау адамдарға да алманы жеу пайдалы.ІІІ топ: Алматы апортына жеке тоқталып кетуге болады. Алманың бір сорты - Алматы апорты. 19 ғ - дың аяғында Воронеж губ - нан (Ресей) әкелінген апорты жергілікті алма сортымен будандастыру арқылы шығарылған. Жемісінің салмағы 350 г, шырынды, түсі қанық қызыл, дәмі сәл қышқылтым әрі тәтті, ерекше хош иісті..Апорт - Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандарында өседі.
Ендеше балалар, біз бүгінгі сабағымызда алманы танып, білуге құрылған мәтін есептерге теңдеу құру арқылы жұмыс жасаймыз.
Ортасы
Топтық жұмыс
(10 минут)
Жұппен жұмыс
(7 минут) Берілген теңдеуге сурет салып, мәтін есеп құрастыру және теңдеуді шешу.
І топқа: 4(х+5)+12=112
ІІ топқа: 225- 5х=120
ІІІ топқа: х:17=9
«PISA» тапсырмасы (5 мин)
/жұптық жұмыс/
«Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес», – деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді.
1-жұп
Алманың құрамында А, С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар.А дәрумені С дәруменінен 2 есе көп, ал В1, В2 дәрумендері С дәруменімен бірдей мөлшерде.Р дәрумені В1-ден 20 г кем болса, Е дәрумені В2-ден 30 г артық. 350 граммдық алмадағы дәрумендердің салмағын табыңдар.
2-жұп
Алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырышта бар.Егер біздің қолымыздағы 620 г алмада калий марганецтен 30 г артық, калций калийден 20 г кем, фосфор марганецтен 40 г артық,натрий мен молибден калийге тең болса, алманың құрамындағы химиялық элементтердің салмағын табыңыз.
3-жұп.
Бұл жеміс темірдің, пектинннің және фоли қышқылының негізгі көзі болып саналады.Ондағы темір пектиннен 2 есе көп, ал пектин фоли қышқылынан 30 г артық.Ендеше 350 г апортта қанша темір бар екенін табайық. Аяқталуы
(6 минут)
(3 минут) "Теңдеу" тақырыбына тест жұмысы
1)Айман бір түйірі 35 тенгеден алма сатып алды.Алған затына 245 тенге жұмсады.Айман қанша түйір алма сатып алды?
А)7 В)8 С)6 Д)5 Е)9
2)Таразының бір жағына үш дорба алма және 5 кг гір қойды.Таразының екінші жағына 23 кг гір қойды.Таразы теңесті. Бір дорба алманың салмағы қанша?
А)7 В)8 С)6 Д)5 Е)9
3)Сабира базардан 1740 тенгеге килограммы 250 тенгеден 3 кг алма және 2 кг алмұрт сатып алды. Алмұрттың 1 кг қанша тенге тұрады?
А)485 В)495 С)490 Д)500 Е)385
4)Бағбан 120 түп алма ағашын егіп, оның әр түбінен 12 шелектен алма жинап, барлығы 17280 кг алма жинады. 1 шелекте қанша кг алма бар екенін табыңдар?
А)10 В)8 С)12 Д)15 Е)14
Сабақты қорытындылау. «Құпия сөзді табыңдар»
Магнитті тақта
Бағалау
(3 минут) Критерийлер Дескрипторлар Ұпай Ұпай
А
Мәтін есептерге теңдеу құруды білемін 3 ұпай Зерттеу жұмысы кезінде ғаламторды дұрыс пайдалана алдым 3 ұпай В Алма жемісінің денсаулыққа пайдасын түсіндім 3 ұпай Теңдеудің көмегімен мәтін есептерді шешу алгоритмін білемін 3 ұпай С Есепті математикалық тілде сауатты орындай аламын. 3 ұпай Алған білімімді пайдалана отырып, тест тапсырмасын орындай аламын. 3 ұпай Барлық ұпай саны: 18-16 ұпай- «5»
15-13 ұпай «4»
12-9 ұпай «3» Баға: Бағалау парағы
Үй тапсырма
(1 минут) ЭССЕ «Теңдеудің адам өміріндегі орны?» Рефлексия
(1 мин)
Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқуды да оқытуды да ескеріңіз)
1.
2
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Менің алдағы сабақты жетілдіруге көмектесетін ұсынысым: