5-сынып, Математика. М?тін есептерді те?деуді? к?мегімен шы?ару саба? жоспары


Математика,5-сынып
«Мәтін есептерді теңдеудің көмегімен шығару» сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Мәтін есептерді теңдеудің көмегімен шығару
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өрнекке,теңдікке, теңдіктің түрлері және олардың қасиеттері туралы білімдерін еске түсіре отырып, теңдеу ұғымын оқыту, теңдеудегі белгілі және белгісіз компоненттермен танысу, мәтін есепті теңдеудің көмегімен шығаруға дағдыландыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың теңдік, санды және әріпті өрнек ұғымдарын кеңейте отырып, теңдеу ұғымымен таныстыру, мәтін есептерді теңдеудің көмегімен шешуді үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың натурал сан туралы ой-пікірлерін кеңейту, натурал сандарға есептер шығара отырып, шығармашылық –танымдық қабілеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: оқушыларды есептер шығару барысында ұжым болып жұмыс жасауға, сонымен қатар, ұқыптылыққа, жүйелі түрде әрекет етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: есептер шығару
Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару, ой қорытынды
Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі: оқулық, сызбалар,суреттер.
Сабақтың пәнаралық байланысы: математика.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесіп,сыныпты түгелдеу.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.Оқу құралдарының дайындығын тексеру.
ІІ.Оқушылардың қызығушылығын ояту
1. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар Салдыраған 8 жерден таңбасы бар. Бұлбұлды жолға салып айдағанда, Салатын неше түрлі жорғасы бар. (Домбыра)
2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)
3. Алды –артымыз шексіз де,Жете алмайсың біздерге.Сәуле менен кесінді,Шыққан тегім білсе де.(түзу)
4. Күнде есебін жаттайды, Ешбір тыным таппайды. Алмайды бір тағат, Оның аты....... /сағат/
5. Жапанда бір бәйтерек бес бұтақты, демейді ешкімге ешкім кес бұтақты. Ешкім кеп кеспесе де бұтақтарын, Бұтағы бестен артық өспей қапты. /қол, бес саусақ/
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру
№433 есеп. Tеңдеудегі х-тің мәнін тап.
(a+b )*x=c. мұндағы 13+а=30, а-9=b.1000/b=c.
13+a=30 a-9=b 1000/b=c
a =30-13 17-9=b 1000/8=c
a= 17 b=8 c=125
(17+8 )*x=125
25*x=125
x =125/5
x =5
(m-n )/x=k. мұндағы 140/n=5, 40-n=k, k+88=m
140/n=5 40-n=k k+88=m
n=140/5 40-28=k 12+88=m
n= 28 k=12 m=100
(100-28)/x=12
72/x=12
x =72/12
x =6
№434 есеп. Бөлінгіш бөлгіштен 5 есе көп, бөлгіш бөліндінің мәнінен 5 есе көп. Бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәнінің қосындысы 155-ке тең. Бөліндінің мәнін табыңдар.
Берілгені: бөлгіш – 5х
Бөлінгіш –5*5х
Бөліндінің мәні – х
Қосындысы – 155
Табу керек: х-?
Шешуі: 5х+25х+х=155
31х=155
х= 155/31
х =5
Жауабы: бөлгіш – 25,бөлінгіш –125,бөліндінің мәні – 5.
№428,429 есепті ауызша тексеру,ереже қайталап сұрау.
ІҮ. Оқушылардың білімін тексеру, бағалау
Қандай теңдік теңдеу деп аталады?
Теңдеудің түбірі деп нені айтамыз?
Теңдеуді шешу дегеніміз не?
Белгісіз қосылғыш қалай табылады?
Белгісіз көбейткіш қалай табылады?
Өрнектің неше түрі бар?
Санды өрнек деп нені айтамыз?
Әріпті өрнек деп нені айтамыз?
Коэффициент деген не?мысал келтір.
Мәтін есепті теңдеу көмегімен қалай шығарамыз?
Ү. Есептер шығару
№435 есеп. 7 үлкен бос қорапшаның бірнешеуінің әрқайсысына 5 кіші қорапша салынды. Қалған үлкен бос қорапшалардың әрқайсысына 3 орташа қорапша салынды. Сонда барлығы 27 қорапша салынды. Неше үлкен бос қорапшалардың әрқайсысына 5 қорапшадан салынды.
Берілгені: Барлығы – 7 үлкен бос қорап
х қорапқа – 5 кішіден
7-х қорапқа -3 орташадан
Салынды -27 кіші қорапша
Табу керек: х-?
Шешуі: 3(7-х)+5х=27
21-3х+5х=27
21+2х=27
2х=27-21
2х=6
х=3 7-х=7-3=4
Жауабы: 3 қорапқа 5 кішіден, 4 қорапқа 3 орташадан салынды.
№436 есеп. Үшбұрыштың бірінші және екінші қабырғаларының қосындысы 37 см.Екінші және үшінші қабырғаларының қосындысы 41 см.Бірінші және үшінші қабырғаларының қосындысы 32 см.
Үшбұрыштың периметрін тап. Екінші қабырғасының ұзындығын неше см?
Берілгені: ∆АВС
а+b=37
b+c=41
a+c=32
Табу керек: b-? Р-?
Шешуі: b=41-c
a= 32-c
а+b=37
41-c+32-c=37
73-2c=37
2c=36
c=18
a+c=32
a+18=32
a=32-18
a=14
а+b=37
14+b=37
b =37-14
b=23
P=a+b+c=14+23+18=50см
Жауабы: Периметрі -50см, Екінші қабырғасы 23cм
V. Сергіту сәті. Есептедік, шаршадық,Отырайық, тұрайық.,
Орнымыздан тұрайық.Соқтығысып қалмайық.
Қимылдатып аяқты, Сәл дем алып алған соң
Шапалақты ұрайық. Жазуды қайда шығарайық.
Үйге тапсырма: №439 есеп (нұсқау беру), тақырыптың мазмұнын оқу.
Қорытындылау: сабақ өз мақсатына жеткенін хабарлап, сабақты қорытындылаймын.
Бағалау: Оқушылардың сабақ барысында көрсеткен білім деңгейін, өзіндік жұмыс нәтижесін ескере отырып бағалау.