Жетібай ауылыны? экологиясы та?ырыбында шы?армашылы? ізденіс


Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы
«№3 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Шығармашылық ізденіс
Тақырыбы: «Ауылымның экологиясы»
Бағыты: «Табиғатты қорғау»
Орындаған: Шамшетов Нұрлыбек Нажмаддинұлы
9 «Г» сынып оқушысы
Жетекшісі: Избасарова Гулбаршын Максымовна
География пәнінің мұғалімі
Ақтау, 2015жыл
Бұл жобада менің қозғап отырған мәселем – ауылымның экологиясы, яғни Жетібай ауылының экологиясы.
Жетібай селосы – облыс орталығы Ақтау қаласынан шығысқа қарай 85 км, аудан орталығы Қарақиядан солтүстік-шығысқа қарай 65 км жерде. Маңғыстау үстіртінің солтүстік-батысындағы шөлдік белдемде орналасқан. Тұрғыны - 12,5 мың адам. Іргесі 1961 жылы қаланған. Дәл сол жылы Маңғыстау облысы бойынша Жетібай селосында алғаш мұнай атқылаған болатын. Содан кейін мұнай өндірісі әрі қарай дамып кеткен. Сол өндірілген мұнай, құбыр арқылы Жаңаөзенге, Ақтауға және де одан әрі басқа аймақтарға жетіп отыр. Қазіргі таңда өзімізде өндірілген мұнай, Қытайға да жеткен. Сол әр аймақтарға мұнай жіберіліп көп пайда тауып отырғанымен, дәл сондай көп зиянды ауыл тұрғындары көріп жатыр. Жалпы мұнай ашық сары, жасыл және қоңыр, кейде қара түсті болып келеді. Өзіне тән иісі бар және ультракүлгін сәуле шығаратын сұйықтық. Қазіргі кезде Жетібай селосының топырағы құнарсыз. Себеі мұнай қалдықтары топыраққа да зиян тигізеді. Егер мұнай топыраққа аз мөлшерде ластанған болса, онда оны тазартуға болады. Ал көп мөлшерде ластанса, онда оған қарсы күрес жүргізуге тура келеді. Жетібай селосының маңында 6 га жер аумағын алатын мұнай қалдықтарын төгетін орын бар. Бұл орын «Орал энерго құрылыс» ЖШС-ға тиесілі. Ол жер ауылдан бар болғаны 2 км тыс орналасқан. Ол жерге мұнай қалдықтарын 3 жылдан астам уақыттан бері төгіліп келе жатыр. Соның кесірінен ауыл тұрғындарының ішінде әр түрлі аурулар таралып жатыр. Солардың ішінде ең қауіптілері: «туберкулез» ауруы, қатерлі ісік аурулары, сонымен қатар жаңа туылған сәбилердің арасындағы мүгедектік көбейіп отыр. Тұрғындардың арасында «демікпеге» (астма) ұшырағандар саны артып бара жатыр. Соңғы кезде жұмбақ өлімдер көбейіп кетті. Мысалы ұйықтап жатып тұрмай қалатындар көп. Осы аурудың 70%-ы нашар экологиядан. Ұлутас өндіретін карьерлер мұнай қалдықтарына толып, ауаны ластап жатыр. Карьер пайдаланылып болғаннан кейін, өнімі алынып болған соң, заң бойынша ол жер тегістеліп, ол жерге шөп егіп кету керек. Ал біздің ауылымыздағы карьерлерді пайдаланып, мұнай қалдықтарын жан-жақты төгуде. Ол ашық аспан астында жатыр, күннің қызуымен ауаға зиянды заттар көтеріліп, азғантай жел тұрса, сол лас ауа ауылға дейін жетеді. Сондықтан да бұл жерді ауылдан алыс маңдарға орналастырған жөн. Ауыл маңында мұндай мұнай қалдықтарын төгетін 20 шақты орын бар.
Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық заттар қалатын болды. Қоқыс полигоны еліміздің барлық аймақтарында жетіп артады. Ауылымыздағы екінші бір өзекті мәселе – ауыл маңында орналасқан қоқыс полигоны. Олда ауылдан небәрі 2,5 км жерде орналасқан. Бір жағынан мұнай қалдықтары болса, екінші жағынан қоқыс полигоны ауыл табиғатына және ауыл тұрғындарына екі жақтан үлкен зиянын тигізіп жатыр. Полигон ауылға жақын орналасқаны соншалық, ыстық кезде қоқыстар одан сайын шіріп, жиіркенішті иісі ауылға дейін жетеді. Сондықтан да бұл қоқыс полигонын ауылдан алыс жерде орналастырғаны дұрыс болады. Өскемен және Шымкент қалаларында қоқысты қайта өңдейтін зауыт жұмыс жасауда. Еліміз үшін бұл әрине аз. Біздің ауылымызда да дәл сол сияқты қоқыс өңдейтін зауыт ашылса, бірінші ауылымыздағы шешілмей тұрған басты мәселе – ауыл тазарып, экологиясы жақсарар еді. Сонымен қатар ауылымыздағы тағы бір өзекті мәселе – жұмыссыздардың санын азайтар едік, үшінші сол арқылы басқа мемлекеттер секілді көптеген пайда табатын едік. Әлемдегі ең таза Швецария, Сингапур секілді мемлекеттер өз қалаларындағы қоқыстарды: шыныны шыныға, металды металға, қағазды қағазға өңдеу арқылы қаланы қоқыстардан тазартып, және соның арқасында көп пайда тауып жатыр. Жалпы, қоқыс өңдеу ісі үлкен табыс әкелетін пайдалы сала. Әлемде «Қоқыс ханшайымы» атанған қытайлық Чжан Инь өзінің миллиондарын осы қоқыстарды өңдеу арқылы тапқан.
Ауыл экологиясын жақсарту үшін төмендегідей шараларды қолдануды ұсынамын:
Ашық аспан астында төгіліп жатқан мұнайды топырақтан айырып, ары қарай өңдеу, карьерді тегістеп бетін көгалдандыру;
Ауылға қоқыс өңдейтін зауыт ашу, қоқыстардан табиғи таза өнімдер алу.
Биоотын өндірісін жолға қою. Биоотын – биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы биологиялық шикізаттан алынған отын. Био отындар сұйық түрде (іштен жану қозғалтқыштарына арналған, мысалы, этанол, метанол, биоотын), қатты отын (ағаш, шымтезек, отынды гранулалар, жаңқа, сабан, қауыз) және газ тәрізді отындар (биогаз, сутегі).
Тұрғындардың экологиялық сауатын арттыру мақсатында, әр көшеге суреттегідей түрлі-түсті контейнерлер қоюды, сонымен қатар ауылдың көрнекті жерлеріне үгіт-насихат билбордтарын орнатуды ұсынамын.
5-маусым «Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күні» өткізуге ұсынылатын шаралар:
Велосипед парадын өткізу (яғни сол күні 1 сағатқа немес 1 тәулікке автомобиль қозғалысын тоқтату, оның орнына велосипедпен жүру)
«Жасыл» концерт мәдени – экологиялық шара ұйымдастыру (бұл шараға әншілерді көптеп тарту арқылы жас буынның белсенділігін арттыру)
Шығармалар мен плакаттар байқауы;
Жаппай ағаш отырғызу;
Аумақты тазарту;
Үгіт – насихат жұмыстарын одан әрі жандандыру.
Қорытынды. «Табиғаттың байлығы – барша келер ұрпақтың игілігі… Бәріміз ондай байлық қолымызда болмағандағыдай өмір сүріп, жұмыс істеуге тиіспіз», деп Елбасымыз атап өткендей, еліміздің қолда бар байлығын сақтау, оны тиімді пайдаланып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы жарқын болашақта өмір сүру өзіміздің қолымызда. Айналаны қорғау, өркендету және жақсарту жөніндегі әрекеттердің мақсаты адамдардың салауатты және сенімді ортада өмір сүруін қамтамасыз ету болып табылады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Wikipedia https://kk.wikipedia.org/wiki/
2.Ғ. Сағымбетов. Экология негіздері.
3.Н.Қ Мамыров, Е.М. Үпішев, М.С. Тонкопий. Табиғатты пайдалану экономикасы
4. http://el.kz/m/articles/view/content-168605. "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 8-том
6. www.google.kz