Образование и развитие Казахского ханства в XV — XVII веках


Чтобы посмотреть этот PDF файл с форматированием и разметкой, скачайте файл и откройте на своем компьютере.
Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары (XV – XVІІ ғ.ғ) Косдаул етова А Н. Ақтөбе,2015 ж Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары (XV – XVІІ ғ.ғ ) М ақсаты : Білімділігі: Қазақ х андығының құрылу тарихымен таныстыру , қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекетті ң мемлекеттік құрылымын анықтау Дамытушылығы: Білім алушыларды терең ойлап саралауға, жекелей және топта жұмыс жасауға дағдыландыру , шығармашылық қабілеттерін шыңдау Тәрбиелігі : Қазақ мемлекетінің құрылуына негіз болған қоғам қайраткерлерінің еңбе гін дәріптеуге баулу, құрмет сезімін қалыптастыру . Адамгершілікке, ізгілікке, отансү йгіштікке тәрбиелеу , Сабақ типі: Ж аңа білім ді меңгеру Сабақ түрі: Аралас сабақ Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап , СТО , талдау,сараптау Кө рнекіліктер : О қулық, анықтамалық, сызба , карта, « Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған тарихи әдебиеттерден кітап көрмесі Пәнаралық байланыс: Дүниежүзі тарихы, География, Қазақ әдебиеті, Мәдениеттану Сабақ барысы мен мазмұны І. Ұйымдастыру / А мандасу, аудиторияның сабаққа дайындығын қадағалау, білім алушылардың сабаққа қатысымын тексеру , назар лар ын сабаққа аудару/ ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Көшпелілердің рухани мәдениеті І .«Блиц сұрау» әдісі арқылы сұрақтар қойылады 1. Белгіл і бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан – дүниесінің көрінісі ? 2. Рухани мәдениетке не жатады ? 3. Фольклор дегеніміз не ? 4. Ауыз әдебиетінде кең тараған ертегілерді атаңыз ? 5. Ауыз әдебиетінің ертеден ел аузында айтылып келе жатқан ірі саласының бірі ? 6. Қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін эпостық жыр ? 7. Алтын Орда ыдыраған кезде дүниеге келген тарихи батырлық жырларды атаңыз ? 8. XIV – XV ғасырлар аралығында д амыған жазба әдебиеті қай тіл де жазылды ? 9 . Халықаралық қарым – қатынастарда сөздік ретінде пайдаланылған еңбек ? 10. Алтын Орда дәуірінен бізге жеткен күй аңыздарды атаңыз ? 11. XIV ғасырда Ӛзбек ханның тұсында кең таралған дін ? 12. Ислам дінінің Қазақстанда орнап бітпегені туралы жазған тұңғыш ғалым ? 12. Шамандық наным – сенімнің сақталып келе жатқан түрі ? 13. Тасаттық дегеніміз не ? 14. Көз тиюге жасалып, жас балалардың мойнына тағатын бұйым ? Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары (XV – XVІІ ғ.ғ) Косдаул етова А Н. Ақтөбе,2015 ж ІІ .Шығармашылық тапсырманы талдау «Ұрпақтар арасындағы мәдени сабақтастық » атты кесте бойынша жа зғандарын талдау Ұрпақтар арасындағы мәдени сабақтастық КЕШЕ БҮГІН Қоғам өмірінде ер адамның үстемдігі жоғары болды; Әдет – ғұрып жазалары, салт – дәстүрлердің сантүрлілігі: тас боран, өлім жазасы , әмеңгерлік т.б ; Гендерлік саясат; Конституцияға сәйк ес, адам құқығы қорғалады, гуманизмге жол берілген. І І І . Жаңа т ақырыпты түсіндіру Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары (XV – XVІІ ғ.ғ) Дәріс сұрақтары : 1. Қазақ хандығының құрылуының тарих и алғышарттары мен заңдылықтары 2. Қазақ хандығы ның құрылуы . Керей мен Жәнібек - Дә ріс сұрақтарына кіріспес бұрын т ақырыптық глосарийлар жазылады. Тақырыптық глоссарий (Дәптермен жұмыс) 1 . Хан – қоғамдағы тұрақтылықты, тәртіпті қамтамасыз ететін мемлекеттегі ең жоғарғы лауазымдық билік иесі; 2. Би – ел арас ындағы дау – дамайлар мен жанжалдар ды әділ шешетін төреші; 3 . Ықта – хандардың туысқандары мен жақындарына тарту етілетін жерлерден өз пайдасына салық жинау құқығының берілуі; 4. Сойырғал – хандардың туыстарына немесе шонжарларға сыйға берілетін жерле р; 5. Айып – дәстүрлі заң жү йесі бойынша адам өлтірген жағдайда төленетін айыппұл. Дәріс тің қысқаша мазмұны: XV ғасырда қалыптасқан саяси – тарихи жағдайлар қазақ хал қының ұлттық мемлекет болып құрылуына елеулі ықпал етті. Әбілқайырға қарсы шыққан қа лың қазақ тайпаларын бастап, Жетісуға, Моғолстанға қоныс аударды. Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыда бірігуіне, Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады. Моғолстан ханы Есенбұға Керей, Жәнібек сұлтандарды Әбілхайыр ханға қарсы пайдалану ү шін құшақ жая қарсы алды. Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы Шу бойынан қоныс бөліп берді. 1465 – 1466 жылдары Керей мен Жәнібек сұлтандар Есенбұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Шудағы Қозыбасына қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Қазақ хандығын құрады. Хан тағына Керей отырып, билік тізгінін қолға алды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Ақ Орданың соңғы ханы Барақ ханның ұрпақтарынан тараған Жәнібек хан – Барақ ханның бел баласы болса, Керей хан – Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы болды. XV ғасырдың 50 – 70 жылдарында Әбілқайыр ханның қол астынан 200 мыңдай адамның үдере көшіп, Керей мен Жәнібек хандардың қол астына келуі, сөйтіп, Қазақ хандығы халқының санын, күш – қуатын еселеп арттырып, мәртебе – мерейін көтеру айқын дәлел бо лды. XV ғасырдың аяғында Қазақ хандығы экономикалық жағынан біршама нығайып, шаруашылығы дамып, бытырап жүрген қазақ тайпаларын өзіне қаратып алды. Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары (XV – XVІІ ғ.ғ) Косдаул етова А Н. Ақтөбе,2015 ж XIV - XVғ.ғ. орын алған шаруашылық үлгісінің ортақтығы, материалдық және рухани мәдениеттің жақындығы, тіл бірлігі Ақ Орда тұсында - ақ қалыптасып болған. Олай болса, Қазақстан аумағында біртұтас мемлекеттік Алтын Ордаға формальды түрде бағынып дербес мемлекет ретінде өмір сүрген Ақ Ордадан бастау алып, Қазақ хандығы құрылып, нығ айғанға дейін жергілікті этникалық негізде қалыптасқан деуге толық негіз бар. Мұндай пікірді тарихшылар өткен ғасырдың 70 - жылдарынан бері ұсынып келеді. Шығыс Дешті Қыпшақ жеріндегі көшпелі халық бұқарасы феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстар мен тартыстард ың өршуіне, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударумен жауап берді. Бұл оқиға «Тарих - и Рашидиде» былайша суреттеледі: «... Сол заманда Әбілқайыр ханның Дешті Қыпшақ даласына түгелдей билік жүргізіп отырған кезі еді. Жошы ұрпағының сұл тандары жорық жасап, Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға кетіп қалған еді...». Ол кезде Жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1433 - 1462 - ж.ж.) бұлардың мұнда қоныс аударуына қарсы болмады. Ӛйткені оның да өз есебі бар еді. Есенбұға қазақ ру - тайпаларын өзінің ішкі және сыртқы саясатында, атап айтқанда, солтүстіктегі көршісі Әбілқайыр хандығына және шығыстан күшейіп келе жатқан ойраттар шапқыншылығына қарсы күресте, сондай - ақ хандықтың өз ішіндегі феодалдық алауыздық пен талас - тартысты тоқта ту үшін пайдалануды көздеді. Керей мен Жәнібектің Жетісуға қоныс аударуы туралы М. Х. Дулати былай деп жазды: «...Есенбұға хан оларды құрметтеп қарсы алып, қоныстануға Моғолстанның батыс жағындағы Шу өзені алабындағы Қозыбасыны берді. Жұрттың көпшілігі Керей хан мен Жәнібек ханның жанына кетіп қалды. Олардың саны екі жүз мың адамға жетті, олар ды өзбек казақ деп атай бастады . Жәнібек Барақ ханның ұлы, ал Керей - оның ағасы, Болат ханны ң баласы еді. Барақтан (Ақ Орда ханы) басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс еді. Деректер мағлұматтары, фактілер мен пікірлерді салыстыру және талдау Қазақ хандығының XY ғасырдың 60 - жылдарының ортасында Батыс Жетісуда құрылғандығын дәлелдейді, яғни бүгінгі Қазақстан тарих ғылымы осы мәселеде Мұхаммед Хайдар Дулати пікірін ұстанады.Соған қарамастан Қазақ хандығының құрылу мерзімі туралы пікірлер сан - алуан. Солардың кейбіріне тоқта ла кетейік: қ азақстандық тарихшылардың бірі Қазақ хандығы ның құрылу себептері Керей мен Жәнібек сұлтандардың Қазақ хандығын құруға ұмтылуы Халықтың Әбілхайыр хан ға наразылығының күшеюі Әбілхайыр хандығындағы ру – тайпалардың саяси жағдайы Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңіліп қалуы Моғолстан билеушісі мен Қазақ сұлтандарының келісімге келуі Ел арасында алым – салықтың көбеюі Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары (XV – XVІІ ғ.ғ) Косдаул етова А Н. Ақтөбе,2015 ж К. Ақышев 1428 - жылы Әбілқайыр хандығының құрылуы өзбек және қазақ мемлекеттігінің қалыптасуының бастамасы болды десе, М. Тынышбаев, М. Мағауин, Қ. Салғарин, т.б. Керей мен Жәнібектің 1456 - жылы көшуі, қазақ хандығ ының құрылған жылы деп есептейді. Келесі бір пікірдің авторы тарихшы Б.Кәрібаев, ол Қазақ хандығының құрылған жылы ретінде 1458 - жылды ұстанады. Тарихшы К. А. Пищулина «Қазақ хандығының құрылу мерзімі шамамен XΥғ. 60 - жылдарының ортасы» деп Мұхаммед Хайдар Дулатимен келіседі. Тарихшы Т. И. Сұлтанов Қазақ хандығының құрылуын 1468 - жылы Әбілқайырдың қайтыс болуымен, Керей мен Жәнібектің Жетісудан Дешті Қыпшаққа қайтуымен байланыстырады, яғн и XΥ ғ. 70 - жылдарынан ерте емес т.б. Осылайша, Жетісуға қоныс аударған Керей мен Жәнібек сұлтандардың дербес мемлекет - Қазақ хандығының негізін қалаған мерзімін, К. А. Пищулина өзінің 1977 жылы жарық көрген «Юго - Восточный Казахстан в середине XІΥ - начале XΥІ в.в...» еңбегінде «Әбілқайыр хандығы құлағанға дейін - ақ қазақ сұлта ндары өз замандастарына дербес хандықтың билеушілері ретінде танылды», - деп көрсетуі бүгін де мәнін жойған жоқ. Егер жоғарыда көрсеткеніміздей М. Х. Дулати «Қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің басы хижраның 870 (1465 - 1466жж.) жылынан басталады» дес е, И.Орбелидің синхронды кестесі бойынша да хижраның 870 жылы 1465 жылдың 24 тамызында басталып ,1466 - жылдың 11 - тамызында аяқталады екен. Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан жерінен бірқатар рулардың ауа көшіп, Жәнібек пен Керейдің қол астына келуі Қазақ хандығын бұрынғыдан да күшейтті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери - саяси күш - қуатын арттыра түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей Жошы әулетінен шыққан сұл тандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 - жылы Әбілқайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Мұны қазақ хандары Керей мен Жәнібек тиімді пайдаланды. Олар бұрын өздері көшіп кеткен ата қонысы Дешті Қыпшаққа қайта оралып, б илік үшін күреске араласты. Бұл күрестің барысында Әбілқайыр ханның орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар өлтірілді. Әбілқайыр ханның немерелері Мұхаммед Шайбани мен Махмұд сұлтан Астраханға барып паналады. Күресте жеңіске жеткен қазақ хандары 40 жыл Ә білқайыр билеген Шығыс Дешті Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды өзіне қосып алды. Соның нәтижесінде XV ғ. 70 - жылдары Қазақ хандығының жері едәуір кеңейді. Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы аса маңызды оқиға болды. Ол ұлан - байт ақ өңірді мекендеген қазақ ру - тайпаларының басын қосуда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде маңызды роль атқарды. Қазақтардың біртұтас мемлекеттігінің пайда болуы қазақ халқы қалыптасуының аяқталуының ш ешуші факторларының бірі болды. І V . Ж аңа са бақ бойынша жұмыс түрлері Білім алушылармен топтық жұмыс түрлері жүргізіледі. І тапсырма: «Фишбон» әдісі арқылы топтық жұмыстар ж үргізу «Қазақ хандығының» құрылу барысының себептерін дәлелдемелермен жазып, Қазақ хандығын құрудағы қиындықтар мен кедергіле рді және оның нәтиж есін анықтап, тұжырымдайды. Әр топ өз жұмысын аудиторияда презентациялайды. Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары (XV – XVІІ ғ.ғ) Косдаул етова А Н. Ақтөбе,2015 ж Мәселелі сұрақтар: 1. Неге Әбілқайыр ханның қол астындағы қазақ рулары Керей мен Жәнібек сұлтандарды жақтады ? 2. Неге Керей мен Жәнібек сұлтандардың келуіне Моғолстан ханы Есенбұға қарсы болмады ? ІІ тапсырма: Картамен жұмыс Картадан « Қазақ хандығының » қай жерде және қашан құрылғанын көрсету сауаттылығы бағаланады. І топ - ХІ V – Х V ғ.ғ қазақ тайпалары қай аймақтарды қоныстанды ? / Ертістен Жайыққа, Алтайдан Каспий мен Аралға, Сырдария, Тянь - Шаньннан Қаратауға дейін/ . ІІ топ – Алғашқы Қазақ хандығының алып жатқан аумағын картадан көрсетіңіз. / Қазақстанның батыс Жетісу ж еріндегі Моғолстан хандығының жері Шу өзені бойындағы Қозыбасы/ ІV тапсырма: «Деректеме» Деректемеден үзінді беріледі, ол қай дерек жән е оның авторы кім екенін анықтаған топ жеңіске жетеді. «...Есенбұға хан оларды құрметтеп қарсы алып, қоныстануға Моғо лстанның батыс жағындағы Шу өзені алабындағы Қозыбасыны берді. Жұрттың көпшілігі Керей хан мен Жәнібек ханның жанынан кетіп қалды. Олардың саны екі жүз мың адамға жетті, оларды «өзбек - казак» деп атай бастады. Қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің бас ы 870 (1465 – 1466) жылдан басталады. Бәрін де бір Алла біледі» (Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди») Қазақ хандығын құру Себептері Дәлелдер Қазақ хандығы Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары (XV – XVІІ ғ.ғ) Косдаул етова А Н. Ақтөбе,2015 ж V. Жаңа тақырыпты бекіту «Ақпараттық журнал» жүргізіледі және талданады. Болжам Жаңа ақпарат Тақырып бойынша бұрыннан не білемін? Бұл тура лы не білуім керек? Бұл туралы не білдім? Қандай маңызды нәрселерді мен енді анықтадым? V І . Үй ге тапсырма «Еркін жазу» әдісі немесе эссе жазу (білім алушылардың таңдау еркіне байланысты) 1. «Қазақ хандығы және Тәуелсіз Қазақстан»; 2. «Тәуелсіз елдің ұланы мын!» ; 3. «Тарих тағылымындағы тұғырлы тұлғалар» (Керей мен Жәнібек хан) V І І. Бағалау /Білім алушыларды с абаққа қатысым деңгейіне қарай саралап бағалау, мадақтау/ V ІІ І. Қорытындылау