«Эволюциялы? т?сініктерді? дамуы ж?не оны? д?лелдемелері» саба?
Тақырыбы Эволюциялық түсініктердің дамуы және оның дәлелдемелері. Эволюциялық ұғымның шығуы және дамуы
Мақсаты: 1.Эволюциялық ұғымның қалыптасуы және оның дәлелдемелері туралы түсініктерін қалыптастыру
2.Ойлау, есте сақтау қабілеті мен өз бетімен жұмыс істеу белсенділігін арттыру
3.К.Линней мен Ж.Б.Ламарктің биология ғылымына қосқан үлесін үлгі тұту
Күтілетін нәтижелер Эволюция ұғымының шығуы және дамуы негіздері ұғымын меңгеру
Керекті жабдықтар Дидактикалық үлестірме материалдар, АКТ, электрондық оқулық, түрлі-түсті карандаш.
Сабақтың барысы Мұғалімдердің есіне Оқушыларға берілетін тапсырмалар
І кезең. Ұйымдастыру кезеңі
«Көпір» тапсырма - лары өткен тақырып тар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары 1.Қазақстанда сұрыптау ғылымы қандай жетістікке жетті?
2.Биязы жүнді қойлар мен етті-сүтті бағыттағы сиырлардың қандай тұқымы шығарылды?
3.Қазақстанда қандай ғалымдар қолдан сұрыптау мен биотехнологияның дамуына үлес қосты?
Жаңа тақырыпты өз бетіңмен меңгеріп көр.
(Төмендегі жетелеуші сұрақтар арқылы)
Теория бойынша:
«Білу» (тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Нені? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек) Сұрақтарға жауап бер:
1.Жүйелеу дегеніміз не?
2.Сендер жануарлар мен өсімдіктерді қандай жүйеде оқып үйрендіңдер?
3.Оқып үйренудің мұндай тәртібі туралы не айтуға болады? Эволюция деген не?
Теория бойынша:
«Түсіну» (Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады )
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1.Эволюциялық табыстың (процестің) қандай 2 кезеңі бар?
2.К.Линнейдің ғылымға қосқан үлесі қандай?
3.Жан Батист Ламарк қандай теорияны ұсынды?
Теория бойынша:
«Талдау»
1.Салыстыр
2.Айырмашылығы неде?
3.Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болуы керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Вен диаграммасы арқылы қамтуға болады Карл Линней мен Ж.Б.Ламарктың биология ғылымына қосқан еңбектерін салыстыр: Венн диаграммасы
Карл Линней Ортақ еңбегі Ж.Б.Ламарк
Теория бойынша:
«Жинақтау» (Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұн- ды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұм- бақты толтыр немесе құрастыр т.с.с.басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады ) Кестені толтыр:
Эволюция ұғымы Карл Линней Ж.Б.Ламарк
1.Қосарлы атау тізімі 6.әуелгері(предшественник)
2.Градация 7.Жүйені едәуір жетілдірді
3.Прогресс 8.Морфологиялық өлшем негізінде
4.Тұтас эволюциялық теория 9.Мамонт
жасады
5.Регресс
Практика бойынша: «Қолдану» оқулықпен жұмыс жүргізу бары -сында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі Қосарлы атау тізімі дегенді қалай түсінесің?
Практика бойынша:
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады (топтық жұмыс) Ламарк эволюция себебін қандай көзқараспен түсіндірді?
ІІІ кезең.Деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындап, ұпай жинаңдар
І деңгей (5 ұпай)
Теориясы: «Білу» (тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Нені? Қашан? Не істейді? Сияқты сұрақтарға толық ақпараттар іріктелініп ІІ кезеңдегіге қарағанда керісінше қойылады) Тест сұрақтарына жауап бер:
1.Жан Батист Ламарк қандай бағытты ұстанды:
А)материалист ә)трансформист б)идеалист
2.Адамды адам тәріздес маймылға жатқызған ғалым:
А)Ж.Б.Ламарк ә)Ч.Дарвин б)К.линней
3. «Зоология философиясының» авторы:
А)К.Линней ә)Ж.Б.Ламарк б)Ч.Дарвин
4.Ол идеалист метофизик болды:
А)Ж.Б.Ламарк ә)Н.И.Вавилов б)К.Линней
Практикасы: «Қолдану» (ІІ кезеңде –гіге қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орында - лады) Терминдерге анықтама бер:
Прогресс –
Регресс –
Градация –
ІІ деңгей 5+4=9 ұпай
Теориясы: «Түсіну» Неге? Неліктен? Себе -бі? Не үшін сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) 1.Мезозой кезеңінде үстем болған жануарлар?
2.К.Линней қандай еңбегінде өсімдіктер мен жануарларды жүйелік санаттарға бөлді?(класс, отряд, туыс, түр)
3. Жүйелеуге жүйке және қан тарату жүйелерін негіз еткен ғалым
Теориясы: «Талдау» 1.Салыстыр
2.Айырмашылығы неде?
3.Ұқсастығы неде?
4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болуы керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады )
Линнейдің жүйесі қандай ұқсастыққа негізделген?
Практикасы: «Қолдану» (ІІ кезең -дегіге қарапайым тапсырмалардың өзгер тілген жағдайдағы нұсқасы) Ж.Б.Ламарк тірі ағзалар қандай жағдайларға байланысты өзгереді деді және оның пікірі дұрыс па?
ІІІ деңгей 5+4+3= 12
Теориясы:
«Жинақтау»
(Қорытынды шығаруға бағытталған анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе құрастыр, ребусты шеш т.с.с. басқа түрдегі сөздер тапсырмалар шартында болуы керек ) Карл Линнейдің негізгі ғылыми еңбектері ретінің бөліктерін жаз
Практикасы:
«Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады) Күнделікті жаттығудан өте ынталы құтанның аяғы біраз ұзара бастайды. Егер екі ынталы құтан жұптасып ұрпақ берсе, олардың балапандарының аяғы осы түрдегі машықтанбаған өзге құстар аяғының бастапқы ұзындығынан ұзын болады. Егер мүшелер ұзақ уақыт жаттықпаса, олардың мөлшері кішірейіп, тіпті жойылып кетеді. Осы пікір дұрыс па?
Сен қалай ойлайсың?