Т?уелсіздікті? 25 жылды?ына орай…
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!»
Білімділік: оқушыларға 1986 жылғы көтерілісті, жастардың көтеріліске шығу себептерін, олардың алдына қойған мақсаты жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту. Есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының барысы:
Мотивациялық кезең
Мұғалім сөзі:
Күндер өтті кешегі, Жігер құм боп жасыған, Несіне оны жасырам? Әнұраным бүгінгі Баға жетпес асыл ән - деп бүгінгі 2 «Г» сыныбының«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты тәрбие сағатын ҚР-ның гимнімен бастаймыз.
(Гимнді орындайды)
Топқа бөліну: сақина ойыны арқылы, шапалақ санына қарай
Операциялық кезең:
Желтоқсан желі ызғарлы-бейнебаян тамашалау
Тәуелсіздік біздің басты құндылығымыз! Ол бізге оңай болып келген жоқ. Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен аға –апйларымыз есімізге түскенде жан – жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық!Бір минут үнсіздік.
Индира
Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!Мықты болсын еліміздің керегесі.Жүректе намыс оты лапылдаған,Күш-жігері жастардың сарқылмаған.Әлі де шығар алаңға Отан үшінҚарсы аққан өзеннен өтетіндер.Жүректе намыс оты сөнбейдіКезінде ызғарына аяздың төзгендей–ақТүсінеміз, ұғамызБұл күннің оңайлықпен келмегенін.Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!
Қазақстан Республикасы –егеменді, тәуелсіз мемлекет 2016 жылы тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Республикамыздың тәуелсіз мемлекет ретіндегі белгілері: Мемлекеттік Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.
Самат:
Желтоқсанның қанды суық ызғары,Қалың әскер қазағымды қорлады.Тәуелсіздікті қолдаған жастардыңОтан үшін табандары тозбады.
Уасила: Он алтыншы желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы Жаңа шыққан көктемдей
Жаз күніндей жайдары Ақбота:
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынанКаусар:
Армандарды жақындатып тым алыс,Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.Егемендік - ел бақыты, ертеңі,О, халайық! Құтты болсын қуаныш!Азат өлкем күндей күлген шығыстан,Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.Ата бабам аңсап өткен бақытым,Айналайын, Қазақстан - Гүлстан
Сонымен желтоқсан оқиғасы не себептен болды, қалай болды, оған кімдер қатысты, ол оқиғаға сол кезде қандай баға берілді?
1986 жылы желтоқсанның 16- да Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің 18 минутқа созылған пленумы Д.А. Қонаевтың орнына Кеңестер
Одағының Коммунистік партиясының ұсынысы бойынша Г.Колбинді тағайындайды.
Ол бұған дейін Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген. Республикаға мүлдем бейтаныс болатын. 17 желтоқсанда таңертең Алматыда жаппай толқу басталды, басқа да қалаларға тарады. Г.Колбиннің жоғарға басшылыққа тағайындалуы сылтай ғана еді. Жастар Брежнев алаңына жинала бастады. Алаңда: «Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын!», «Тәуелсіздік керек!» деген ұрандар айтылды.
Республика басшылары олардың пікірін тыңдағысы келмеді. Саяси наразылықты үкімет билігіне төнген қатер депбағалап, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды.
Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Түрмеге қамалды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар, ұлтшылдар, нашақорлар» деген кінә тағылды. Көптеген студент –жастар оқу орнынан шығарылды.
Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхамеджанова сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезіңде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
Ән «Елбасымыз!» орындайтын Женисбеков Тимур.
Шағылса да тауға тиіп жас тауы,
Ерлік еді намысқа шоқ тастауы.
Күллі әлемді шулатқан сол екі күн,
Болған екен бостандықтың бастауы.
Балым:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман, жасыл жайлау көлім меніңБүгінде бар әлемге даңқың жеттіТәуелсіз Қазақстан – елім менің
Мерекең құтты болсын егемен ел, Терезең барлық елмен тең ерен ел. Бабалар мәңгі бақи арман еткен, Теңдікті,бостандықты иеленгендер.
Аяжан:
Бостандық құтты болсын ерікті ел,Айдын көл, көк майсалы көрікті жер Бостандықты аңсаған батырларды
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер
Егемен елімнің ертеңі деп, Елбасы баға берді жастарыма Оқу оқы, білім ал, елің үшін Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.
Дильназ:
Жаралдық молшылықтан толы ағыстан Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан Ғасырдың биігіне шықтың ту боп, Көркейген елім менің – Қазақстан!
Адия:
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз, Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз Ел намысын ешбір жанға бермейиіз, Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.
Нұрай:
Желбірейді шалықтап Қазақстан жалауы Көкке қыран қалықтап, Қанат қағып барады.
Мен қазақпын, ұланымын қазақтың Тәуелсізбін, егеменмін азатпын Көк байрағым тұр көгімде желбіреп Алатаудай көкке өрлеген азатпен
Топтық тапсырма: Болашақ мемлекет біздің көзімізбен...
Эссе: «Менің елім-тәуелсіз жерім»
Рефлексия
Шеңбер уақыты...
Мұғалім:
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп 2 «Г» сынып оқушылары дайындаған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім!» атты тәрбие сағатынан бүгінгі тәуелсіздікке қалай жеткенін, егемендіктің мәнін түсінді деп білемін.
Ән «Бала тілегі» .