Т?бір мен ?осымшаны? жазылуы 
Түбір мен қосымшаны жазылуы 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қосымша жалғанғанда сөздердің соңғы дыбысының өзгеретінің  меңгертуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен  жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері:   мазмұнды суреттер. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру 56-жаттығу, 135-бет.Жаңылтпашты жатқа жазу.Қарамен жазылған сөздің түбірін табу:  күрегі- күрек.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 60-жаттығу. :Сәйкестендіру тесті.  Берілген қосымшалы сөздерге тиісті  түбір сөзді  сәйкестендір: 
Халық                      құлпы
Ерік                         халқы   
Құлып                     бөркі
Құлақ                       орны     
орын                        құлағы                        
бөрік                         еркі                
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс,  дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 58-жаттығу жақшының ішіндегі тиістісін қойып мәтінді көшіріп жазу. Неліктен ссол әріпті таңдадың? Өзгерген әріптің астын бір, жалғаудың астын екі рет сыз.  Неліктен бұл әріптер өзгерді? 59-жаттығуда берілген жұмбақты шешу(түйе), қарамен жазылған сөздердің түбірін табу. Мойны-мойын. Түбір сөздегі ы дыбысы неліктен түсіп қалды? 61-жаттығумақалды оқу: Ел көркі – мал, Өзен көркі – тал.Қарамен жазылған сөздің түбірін табу: көркі – көрік. Түбір сөздің жазылуындағы өзгерісті түсіндір.
ҮІ.Бекіту:   62-жаттығу  Тізбектің басында тұрған сөзді тауып, көп нүктенің орнына жазу:
Жақ – жағу, жағады, жағып.
Сөк – сөгу, сөгеді, сөгіп.
Тақ – тағу, тағады, тағып.
Данияр, отты жақ!  Жіпті сөк!  Әсел, қуыршаққа шолпы тақ.  
ҮІІ. Қорытындылау  Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбір сөздегі соңғы әріптің өзгеруін түсіндір. Мысал келтір.  ҮІІІ. Үйге тапсырма: 63-жаттығу, 139-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау