Баяндама Бастауыш сыныптарында ?аза? тілі п?нінен ойын технологиясын ?олдану
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
1008380163195Баяндама
Баяндама
Тақырыбы: «Бастауыш сыныптарында қазақ тілі пәні бойынша ойын технологиясын пайдалану»
Баяндамашы: қазақ тілі пәні мұғалімі
Кутлымуратова Динара Толыбаевна
Теміртау қ. 2016ж.
І. Кіріспе
Тәуелсіз мемлекетіміздің тұрақты да қарқынды дамуына бірінші үлес қосатын ұстаздар. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», - деген болатын. Қазір 50 / 30 елмен бәсекелестікке жарайтын қабілетті, білімі терең, іскер, шығармашылық белсенділігі жоғары, жан-жақты дамыған болашағы зор ұрпақ дайындап беретін де ұстаздар қауымы.
«Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті — ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс.
Әрбір ұстазға оқушыларға білім мен тәрбие беру алдында ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірін таңдау қажеттілігі туады. Сол секілді, менің таңдауым - бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен ойын технологиясын тиімді қолдану. Мақсатым – ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім – білік дағдысын қалыптастыру.
Ойын технологиясын не үшін пайдаланамын? Себебі, жоғарыда айтып кеткендей оқушылардың мектепке келгенге дейінгі әрекеті – ойын, ал оқу барысында сол ойынды пайдалана отырып, оқу әрекетіне бейімдеу. Ал, біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келуі мүмкін.
Орыс сыныптарында оқытылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде мемлекеттік тілде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізуге,біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу. Себебі, Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңын айта кетсем,
1 тарау, 4-бабы бойынша Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Осы мақсатты жүзеге асыруда бастауыш сынып оқушылары үшін ойын түрлерін қолданудың маңызы зор.
Ойын – оқушылардың сабаққа қызығуын, белсенділігін арттырып, ойлау қабілетін дамытуға, ұжымшылдыққа тәрбиелейді, тапқырлыққа, алғырлыққа, жылдамдыққа баулиды. Дұрыс таңдап алынған ойын баланың қиялын,сана-сезімін өсіріп,сөздік қорын молайтып,өз бетімен еңбектенуге дағдыландырады.
Қазақ тілі сабақтарында ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір – біріне жауапкершілік сезімінің болуы, менменділік
және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.
ІІ. Негізгі бөлім.
Ойын технологиясын қалай пайдаланамын?
Ойын технологиясы Үшінші деңгейлік курсының жеті модулімен ықпалдастыруға келетін ең тиімді әдіс. Сабақта қолданылатын жаңа тәсілдерді оқушылардың жас ерекшелігіне сай таңдаймын, әрі бұл тәсілдер ойынға өте жақын. Ойын элементтерін жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында пайдаланамын. Себебі ойындар оқушылардың ой - өрісін дамытып, қана қоймай ойлау қабілетін арттырады. Сөздік қорларын да молайтып, сауатты жазуға да баулиды және өтілген тақырыптарды меңгеруге үлкен әсер етеді.Ал, біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орташа пайызын, яғни оқу пирамидасын, оның ішінде 0 % - дәріс, 10 % - оқу, 20 % - аудио – визуалды қабылдауы, 30 % - көрсетілім, 50 % - талқылау, 75 % - тәжірибеде жасау, 90 % - өзгелерді оқыту пайызын ескере отырсақ, ойын технологиясын қолдана отырып, оқушылар алған теориясын тәжірибеде,яғни ойында қолданса оқу табысты болмақ.
Сабақ барысында ойын элементтеріне ақпараттық коммуникациялық технологияларды, атап айтсам интерактивті тақта, аудио жазбалар, электронды кітапшаларды да қолданамын.
Мысалы, сабақ басында ынталандыру мақсатында «Көңілді доп» әдісін пайдаланамын. Оқушылар шеңбер құрып, (үйге алдын ала тілектер жаттауға беріледі) допты бір – біріне лақтыра отырып, тілектер айтады. Көп сөз жаттаған оқушы – жеңімпаз. Ұзақтығы –2 минут. Сонымен қатар, балаларға шеңберге тұрып, бір-бірімен қол ұстасып амандасу,қоштасу бір-біріне сәттілік тілеу,хормен тақпақтар жаттау,қайталау,шағын әңдерді айту,музыка ырғағымен билеу,саусақ жаттығуларын ойнау сәті өте ұнайды.
Өткен тақырыптарды пысықтау кезінде «Ыстық орындық» әдісін ойын ретінде пайдаланамын. Барлық оқушылар орындыққа отырған оқушыға өткен тақырыптар бойынша сұрақ қояды. Бағалау критерийі бойынша кім жақсы
жауаптар қайтарса, сол оқушы жеңеді. «Адасқан әріптер» ойыны. Ойынның мақсаты - дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жасау.
1. р, о, б.- бор
2. а, ш, а, ғ.- шаға
«Кім шапшаң?» ойыны.
1. А әрпінен басталатын қала аттарын ойла. /Мысалы: Ақтау, Астана
2. Б әрпінен басталатын тағам атаулары. /Мысалы: бауырсақ, бөлке, балмұздақ т.б.
«Қай әріпті жоғалттым?» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушылар дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке дыбыс түрлерін ажыратуға дағдыланады.
«Ойлан тап» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушы буындар арқылы сөзді қатесіз, анық айтуға дағдыланады.
“Моншақ”ойыны. Ойынның мақсаты: Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу.
Ойынның шарты: Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет.
Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді.
“Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған қиықшалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
“Сиқырлы ағаш” ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды. Бұл ойынды “ Мектеп “, “ Үй жануарлары”, “Асхана”, “ Балықтар”, және т. б. тақырыптар бойынша өткізуге болады.
“Орныңды тап “ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.
Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға тарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады.
“Жоғалған әріптер” ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру,азақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к... гершін, балдыр... ан, ән... ран
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.
Қожанасыр қоржыны”ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Бұл қоржын Қожанасырдың қоржыны, оның іші сыйлықтармен толы екенін айтып, оқушыларға тапсырмаларды тарату. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса, қоржыннан сыйлық ұтып алады.
“Аукцион” ойыны.
Ойынның мақсаты: сөздік қорларын молайту. Пәнді сүюге тәрбиелеу.
Ойынның шарты: сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға қағазға жазылған сөзді іліп, бұл сөзге әр топ қанша ұпай беретінін анықтап алу. Ең көп ұпай берген топқа сөзді ашып, дұрыс аудармасын сұрау.Егер команда дұрыс жауап берсе, берілген ұпайлар команданың қорына көшеді. Дұрыс жауап бермесе, ұпай екінші командаға көшеді. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.
Үй тапсырмасын сұрастыруда «ТВ бинго» ойыны қолданылады. Оқушылар екі топқа бөлініп, ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді немесе тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар, «Өрмекші торы» әдісін ойын ретінде пайдаланамын. Үй тапсырмасына өлең шумақтары немесе мақал – мәтелдер берілген болса, оқушылар шеңбер құрып, жіпті кез келген оқушыға лақтыра отырып, өлеңін не болмаса мәтелдерді жалғастыруын сұрайды. Жалғастыра алмаған оқушы ойыннан
шығады. «Шашыраңқы шумақтар» атты ойындар оқушылардың зейінін, есте сақтау қабілетін, шапшаңдығын арттырады. Мысалы, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, өлең шумағы көрсетіледі, оқушылар бір минуттың ішінде өлеңді есте сақтауға тырысады. Өлең жасырылады. Оқушылар постер бетіне түрлі – түсті қағаздағы шашыраңқы өлең шумақтарын дұрыс қоюға тырысады. Дұрыс құрған топ жеңіске ие болады.
Сыныпта немесе сыныптан тыс шараларда дәстүрлі ойындарды білу мақсатында ұлттық ойындарды да жиі пайдалануға тырысамын. Ұлттық ойын ойнау баланың салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Мысалы,буындарға бөлу тақырыбын ашу үшін «Сақина салу» қазақтың ұлттық ойынын жүргіздім. Мен бір оқушының алдына сақина қоямын да «дәп» - деп дауыстаймын. Сақинаны алған оқушы «тер»- деп дауыстайды. Сонымен «дәптер» сөзі шығады. Айтылған бір буынға, екінші буын жалғау керек, мысалы:те-резе. Рөлдік, жарыс түріндегі ойындар да ойналады. Олар: «Бауырсақ» ертегісі, «Тышқан мен мысық», «Арқан тарту», «Мәреге жет», «Ақ серек, көк серек», «ұшты-ұшты», т.б. ойындар.
ІІІ. Қорытынды
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясын пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Ойын – бала үшін дағдылы және оқытудың тиімді формасы. Ойын арқылы оқыта отырып, оқу материалын ересектерге түсіндіргендей емес, бала жанына жақын дағдылы жағдайда қабылдауына ықпал етеді. Ойын кездейсоқ бір жағдайдан екінші жағдайға көшу үшін емес, оқу әрекетіне құрылған, балаға таныс түрінде жүйелі жасалған үздіксіз үрдіс. Ойын бала үшін алғашқы ойлау мектебі.
Бала ойнайды,себебі дамиды. М.Әуезов: « Жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты, жаман ойын - жаман жұмыс сияқты»-дейді.
Демек, ойын технологиясы оқушылардың белсенділігін арттырады, ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, ізденіске жетелейді.
Ойын технологиясын қолдану нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түскенінде байқадым. Соңғы оқу жылының жетістіктері бойынша қазақ тілі пәні бойынша қалалық олимпиададан ІІ орын, қалалық ғылыми жоба конференциясынан ІV орын, қалалық «Бала сұлтаны – 2016» байқауында оқушылар ІІ орынға ие болды.
Қорыта келгенде, қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.
Пайдаланылған әдебиет:
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау
Қазақстан Республикасының Білім Заңы
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012
«Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту». Калмыкова Е.В, 2007.
«Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» Жанпейісова М.М. Алматы,2006.