1986 жыл?ы Желто?сан о?и?асы.
Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Желтоқсан оқиғасының түрткі болған оқиға, басталуы мен себептері, салдары сипаты, жаппай жазалау, қорытындылары мен тарихи маңызын ашу, баға беру, талдау.
Дамытушылығы: Шығармашылық әрекетін дамыту, тақырып бойынша қосымша құжаттармен, әдебиеттермен жұмыс жасату.
Тәрбиелік: Саяси сауаттылық, адамгершілік пен адалдықты, бостандықты талап еткен жазықсыз қаны төгілген қазақ жастарының ерлігін насихаттау, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың түрі: Жаңа материалдарды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Аралас (элек.оқулық, сұрақ қою, пікірін сұрау, өлең оқыту, видео роликпен жұмыс)
Үй тапсырмасы бойынша берілген сұрақтар:
Жалпыға бірдей міндетті жетіжылдық білім беру ісі қайтадан қолға алынған жыл? (1949 ж)
Кезекті мектеп реформасы қай жылы басталды? (1984 ж.)
«Қан мен тер» трилогиясының авторы кім? (Ә.Нүрпейісов)
КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған майталман ақын? (Жұбан Молдағалиев)
Әл-Фараби туралы жазылған «Ұстаздың оралуы» романының авторы кім? (Әнуар Әлімжанов)
Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болған жазушы? (Ә.Әлімжанов)
Тарихи романдары арқылы бұқараның санасына асқақ отаншылдық сезім ұялата білген жазушыны атаңыз? (Ә.Әлімжанов)
«Адамға табын, Жер, енді» поэмасының авторы? (О.Сүлейменов)
ХХ ғ. 70-80 жылдары есімі әлемге әйгілі болған әнші? (Ә.Дінішев)
1978 жылы республикада қанша мыңнан астам кітапхана болды? (19 мыңнан астам)
Республикада жаңадан құрылған баспалар? («Қазақ соаетэнциклопедиясының редакциясы», «Қайнар», «Жалын», «Өнер»)
ХХ ғасырдың 60-80 жылдары халықаралық сайыстарда лауреат атағына ие болып, көптеген шетелдерге танымал ансамбль? («Дос-Мұқасан)
12 томдық «Қазақ совет энциклопедиясын» шығару аяқталған жыл? (1978 ж.)
«Атаманның ақыры» киносын қоюшы – режиссер? (Шакен Айманов)
Хан Кенесары Қасымұлы туралы тарихи шындықты ашып жазған тұлға? (Ілияс Есенберлин)
Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» повесі орыс тілінеқай жылы аударылды? (1976 ж.)
Қазақ халқының басынан өткерген ауыр кезеңдерді бейнелеп, бірегей жеке тұлғаларды өз шығармаларында кейіптеген жазушыларды атаңдар? (Т.Ахтанов, Қ.Жұмаділов, М.Мағауин, Ә.Кекілбаев, С.Сматаев)
Этнографиялық оркестр құрып, ән жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырған сазгерді атаңыз? (Н.Тілендиев)
«Құс жолы» повесінің авторы? (Шыңғыс Айтматов)
Бейнелеу өнерінің шеберлері? (Ү.Әжиев, С.Романов, Е.Төлепбаев)
Тоқырау жылдарында қатты зардап шеккен ғалым? (Қоғамды ғалымдар)
Қазақстанның осы уақыт аралығында меңгерген ғылым салалары? (Ауыл шаруашылығы, медициналық, гуманитарлық)
Қазақтардың үлесі тым аз болған ғылым саласы? (Жаратылыстану)
1980 жылдардың ортасында республикадағы ЖОО-ның саны?(55)
Республика жазушылары арасында тұңғыш рет Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, танымал сөз шеберін ата? (Ғ.Мүсірепов)
Жаңа сабақ жоспары:
Бетбұрыс алдындағы қалыптасқан жағдайлар
Саяси, экономикалық, әлеуметтік салалардағы дағдарыстар
Д.А.Қонаев тағдыры
Желтоқсан оқиғасының басталуы түрткі болған оқиға, демократияшыл жастар қозғалысының себептері, сипатыЖаппай жазалауЖелтоқсан оқиғаларының қорытындылары мен тарихи маңызы
Жаңа сабақты ұйымдастыру
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты ұлтжанды екендігін көрсетті. Олар 100 жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйеге бірінші болып қарсы шықты. Жастар бұдан әрі кез келген ұлтқа, ұлттың мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді» деп жазды.
Сабағымызды Желтоқсан оқиғасының басталуына дейінгі кезеңдерден бастайық. Ол үшін мына деректермен танысамыз,
(дайындалған материалдарды оқушыларға таныстыру).
Оқулықпен жұмыс
Тақырып байынша себеп-салдарын анықтау.
Оқушыларды оқулықтан себебін, сипатын, тарихи маңызы деген бөлімдерінен өздеріне оқыту арқылы, іздеп оқиды.
Деректер:
8,5 мыңға жуық адам ұсталып, қаланың сыртына әкетілді.
1720 адам жарақат алды.
Ұсталған жастарды аязда бірнеше сағат бойы қар үстінде жатқызды. Жастарды қаладан алысқа әкетіп, жұқа және су киімдерімен түнгі аязда ұстады.
99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылды. (46-сы кейін ақталды)
2 адам ату жазасына кесілді.
83 адам-1,5 ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
52 адам партия қатарынан шығарылды.
787 адам комсомол қатарынан шығарылды.
1138 адам комсомолдық сөгіс алды.
Жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.
246 студент оқудан шығарылды.
ІІМ 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан шығарылды.
Дәптермен жұмыс
(Термин сөздерді дәпптерлеріне жаздыру)
Реформа – жаңа заң актілері арқылы, сол қоғамның шеңберінде өзгерістер жасау.
Тоталитаризм – қоғамның, жеке адамдардың өмірін деспоттық, авторитарлық-бюрократиялық мемлекеттің күшімен басқаратын қоғамдық-саяси құрылыс.
Бюрократия – төрешілдік, кеңсешілдік, кеудемсоқтық; халық бұқарасынан алшақтап, өздеріне ғана жағдай жасайтын топ құруға әкеледі.
Шығармашылық жұмыс
Бекіту сұрақтары:
Желтоқсан оқиғасының себептері қандай?
Сипаты қандай, жағдай қалай қалыптасты?
Желтоқсан құрбандарын ата?
Желтоқсан оқиғаларының қорытындылары?
Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы қандай?
Жазықсыз жандарды қорғаған қайраткерлерден кімдерді білесіңдер?
Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін жоғары оқу орындарынан шығарылған студенттер саны? 246
Қанша қосымша әдебиеттер оқыдың осы тақырыпта?
Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін ұсталып жаза тартқан адамдардың саны? 8500
Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қарсы коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен жасалған құпия жедел жоспар қалай аталды? «Бұрқасын-86»
Жастарға тағылған айыптар?
Желтоқсан оқиғасы кезінде студент және жұмысшы жастар жиналған алаңның қазіргі атауы? Республика алаңы (Брежнев алаңы)
Желтоқсан оқиғаларына қатысқандар ішіндеқанша адам жарақат алды? 1720 адамЖелтоқсан оқиғасына байланысты ІІМ жүйесінен қанша адам жұмыстан, ЖОО-нан неше ректор орынынан түсірілді? 1200, 12 ректор
Желтоқсан оқиғасына қатысқан қанша адам сотталды? 99 адамКОКП ОК саяси бюросының мүшесі Соломенцевтің нұсқауынша Желтоқсан оқиғасына қандай сипаттама берілді? «Маскүнемдер мен нашақорлардың бұзақылық, ұлтшылдық арандату әрекеттері»
Колбиннің шын мәнінде атқарған миссиясы? Генерал-губернатор
КСРО-да қайта құру мен қоғамды демократияландыру үрдісіндегі қадам жасалынды? 1987 ж.
40 жылдан астам Қазақстан өкіметінің,республика партия ұйымының басшылығында болған? Д.А.Қонаев
КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдеу бағыты қабылданды? 1986 жылының ақпанында
1986 жылдың 16 желтоқсан күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы Республика партия ұйымының басшысы етіп сайланды? Г.КолбиндіҚазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комитетінің төрағасы? М.ШахановЖелтоқсан құрбандарының ерлігін насихаттайтын қандай өлеңдер білесің? «Желтоқсан желі»
Қорытынды:
«Желтоқсан оқиғасы – республикамыздағы ғана емес, Кеңестер Одағындағы іргелі өзгерістердің бастауы болған тарихи түйін»
Үйге тапсырма:
«Желтоқсан жаңғырығы» эссе жазуБағалау