1986 жыл?ы Желто?сан о?и?асы


Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасыСабақтың мақсаты: - Қазақстандағы 1986 жылы желтоқсан оқиғаларының себептері, салалары туралы түсінік беру;- Желтоқсан құрбандарының ерлігіне баға беру;- Отансүйгіштікке, тәуелсіздікті қастерлеуге, өз елінің белсенді азамы болуға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа сабақСабақтың әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап, хабарлама жасау.Сабақтың көрнекілігі: 1) Дәйек сөз: «Тәуелсіздік – ұлы ұғым. Оны қастерлеуге үйрету, дағдыландыру адам бойындағы басты қасиетке айналдыру – әрқайсысымыздың парызымыз».2) Буклет: «Тәуелсіз Қазақстан», «Қайсар рухты қазақ».3) Рефераттар: «ҚР Тәуелсіздігіне – «, жыл», «Желтоқсан құрбандары», «Желтоқсан жұлдыздары».:
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Сабақтың жүрісіІІІ. Жаңа сабақМұғалімнің кіріспе сөзі. Негізгі ой – түрткі.- М.С. Горбачев Кеңес қоғамы дамуының негізгі кезеңдеріне талдау жасады. Сталинизмнің жан түршігерлік қылмысты әрекеттері жайында ашық айтылды.- Алайда КОКП-ның басшылығы қайта құруды баянды ете алмады, демократиялық үрдістерді байыппен жүргізе алмады.- 1986ж. Желтоқсанына дейінгі бір жыл сегіз ай ішінде Республиканың қоғамдық-саяси даму бағыттарын тереңнен қозғаған реформалар бола қойған жоқ.- Мұндай жағдай КОКП ОК Қазақстандағы басшылықты ескі тәсілмен бір-ақ күнде ауыстыра салу әрекетіне дейін жалғасты.2. Оқушылардың тақырыптық, білімділік хабарламалары:1) «Желтоқсан оқиғаларының себептері» 2) «Желтоқсан оқиғаларының барысы»3) «Желтоқсаншыларды қудалау, жазалау».3. Түсіну кезеңі. Ассосация«Желтоқсан» ұғымының мазмұнын ашатын түйін сөздерді топтастыр.
4. Желтоқсан оқиғасының мазмұнын сатымен көрсет. Неден бастаймыз? І хатшы Д.А. Қонаевтың орнынан алынуы. Немен аяқтаймыз? Желтоқсаншыларды қудалау, жазалау. Ұлт нышанының  аяққа тапталуыСтуденттер талабыЖастар наразылығыХалыққа хабардың жетуіІ хатшының  алынуы.І топ. Д.А. Қонаевтың қызметіне баға берілді. Биыл 100 жыл.Қырық жылдан астам Қазақстан өкілетінің, Республика партия ұйымының басшылығында болған. Д. Қонаев КОКП ОК саяси бюро мүшелігіне дейін көтерілді. Кеңес одағының ішкі және сыртқы саясатына араласты. Биязы, барынша зиялы зиялы, партиялық директива аясының ауытқып шыға қоймаған, «Комумунистік идеяға шын берілген». Ол Брежневтің сенімді серіктерінің бірі болды. Д.А. Қонаев басқарған онжылдықтарда Қазақстан әлеуметтік-экономикалық салаларда айтарлықтай жетістіктерге жетті.- Табиғи байлықтарды кең ауқымда жүргізілді, ауыр өнеркәсіп белгілі деңгейде өсу үстінде болды, ұлт зиялы қауымы жаңа сапалық деңгейге көтерілді.Неге Д. Қонаевты қызметінен түсіру деп ойлайсыңдар.- Орталықтың айтқанынан шыға алмады.- Ескі саяси биліктің адамы болды.- Өз қызметінде жаңашылдыққа, демократиялық өзгерістерді енгізуге талпыныс жасалады. - - Желтоқсан оқиғаларын « Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Тек көпшіліктің табандылық пен талап етуіненн кейін қазақ ұлтшылдығы деген кінәлау қате деп мойындады.- Қазақ КСРО ЖК төралқасының Алматыдағы 1986жылы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы М. Шахановтың Швеция мен Англияның бірқатар университеттерінде оқыған дәрістерінен|: толық емес мәліметтер бойынша 1720 адам жарақат алды. Су шашқаннан, жер бауырлатып жатқызғаннан, қала сыртына апарып тасталғаннан ауырған адамдар есепке алынбады.- 11 м жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылды. 12 жоғары оқу орнынан ректорлары орнынан түсіріліп, 246 студент оқудан шығарылды, 99 адам соттады., 2 өлім жазасына кесілді деп хабарлады.І топ. Комиссия жұмысының кемшіліктері.1) Компартия тарапынан қысымшылық жасалды. 2) Қ.иРысқұлбековтың өлімін дәлелдеу қиын болды.3) Сот құжаттарына қол жеткізе алмады.4) Мәскеумен қарым-қатынасқа нұқсан келетін болды.5) Ұлт аралық қатынас шиеленісуі мүмкін еді.ІІ топ. Жетістіктері.Сабақты бекіту.«Ғылыми зерттеулерге жол ашық»І топ – Желтоқсан қозғалысының себептерін саралаңыз.(тірек-сызба арқылы)ІІ топ – Желтоқсан қозғалысының тарихи маңызын 1916ж. ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызымен салыстырВенн диаграммасы4. Желтоқсан оқиғасындағы шеру бейбіт түрде тарқады ма?«Иә» немесе «жоқ»5. «Менің уақытым туралы» атты кітаптың авторы Д.А.Қонаев«Иә» немесе «жоқ»Қорытынды.Желтоқсандықтардың құзырлығы:І топ. Негізгі қасиеттері ІІ топ. Сапа белгілеріОлар талантты жастар;Олар қазақ ұлтының мақтанышы;Намыс туын жоғары ұстады;Білім жолындағы студенттер;Талаптар мағыналы болды. Дүниетанымы кең;Адамгершілігі мол;Қарым-қатынас мәдениет жоғары;Ескіні құлатқысы келді;Өктем саясатқа қорықпай қарсы щықты.
Толықтыру тесті1.______________ таза басым бар,Жиырма _______ жасым бар,Бозторғайдай жаным ___________, Алам ________ алыңдар,_______ деген атым бар, _______ затым бар,“_______ тоқты құрбандық”, Атам _______ атыңдарҚайрат Рысқұлбеков2. “Өсер _____ қай кезде де ______ қалауы,Лаула, лаула _______ мұзға жаққан алауы.Өздеріңдей_________ бар елдің,Ешқашанда ________ тиісті емес ______”.Мұхтар ШахановБаламалы тестіСұрақтардың жауабын “иә” немесе “жоқ” сөздері арқылы белгілеу1. Желтоқсан қозғалысы Алматыдағы Брежнев алаңында болды ма?“иә” немесе “жоқ”2. Д.А.Қонаевқа “ұлтшылдық” деген айып тағылды ма?“иә” немесе “жоқ”3. КСРО халық депутаты М.Шахановты КОКП ОК-ның Ульяновска обкомының І хатшысы етіп тағайындады ма?“иә” немесе “жоқ”4. Желтоқсан оқиғасындағы шеру бейбіт түрде тарқады ма?“иә” немесе “жоқ”5. “Менің уақытым туралы” атты кітаптың авторы Д.А.Қонаев“иә” немесе “жоқ”
Мұғалімдерге оқушылардың өз ойларындағы сұрақтары:Сіздер 1986 жылы 16-шы Желтоқсанда қайда болдыңыздар? Сіздер қандай ойда болдыңыздар?«Мен – қазақпын, биікпін байтақ елмін,Қайта тудым, өмірге қайта келдім.Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,Айта бергім келеді, айта бергім» деп ақын Жұбан ағамыз жырлағандай сіздер де азат елдің білікті, білімді, жигерлі, зиялы азаматы болыңыздар деп ашық сабақты аяқтаймыз. Үйге тапсырма: - «Мен Қайраттай бола аламын ба?» эссе жазу.- «Желтоқсан құрбандары» тақырыбына тарихи эссе жазу.Бағалау.