Урок на тему 1986 жыл?ы Желто?сан о?и?асы
Открытый урок по истории \"1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары \"
27. 08. 2015.
Сабақтың тақырыбы: ІХ тарау. §44. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
Сабақтың мақсаттары:
а) Білімділік: Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларын баяндай отырып, оның себептерін, басталуы мен сипатын, барысы мен тарихи маңызын түсіндіру.
ә) Дамытушылық: Оқушы бойында өзіндік қорытынды жасау дағдыларын дамыту, танымдық тапсырмалар беру арқылы білімдерін жетілдіру.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, ерлік істерді қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: семинар
Сабақтың әдістері: әңгімелеу, жинақтау, құжатты фильмдерді көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: презентация, видио роликтер, кеспе қағаздары
Пәнаралық байланыс: әдебиет, құқық, география.
І. Ұйымдастыру бөлімі
Орналасу формасын ыңғайлау
Оқу құралын тексеріп, түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру
ҮІІІ тарау. Тоқырау жылдарындағы Қазақстан
А) Тест. ( Оқушылардан тест тапсырмасы алынады )
Ә) Тарихи сынақхат
Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең............... мерзімді қамтыды.
1970 ж................ тұжырымдамасын қабылдады.
Қазақстан... партиясы.................. толық бағынышты болды.Әлеуметтік жергілікті халықтың үлесі басым болған екі - ақ облыс -..................... болды.
Өндірістік мәні бар салаларда қол жеткен табыстар болса да, ғылым саласында................ қатты бұрмаланды.Б) Өткен таруға қорытынды:(оқушылар төмендегідей қорытындыға келуі тиіс.)
1980 жылдардың ортасына таман КСРО
*Социалистік елдердің арасындағы беделі әлсіреген,
*Экономикалық даму қарқыны бәсең,
*Тұрғындарының әлеуметтік қамсыздандырылуы орташа,
*Ұлттық мәселе шиеленіскен, орыстандыру саясаты белең алған,
*Коммунистік партияның өктемдігі орнаған, әміршіл-әкімшіл басқару үстемдік еткен қоғам еді.
Видио ролик көрсету, арқылы жаңа сабаққа көшу
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақтың жоспары:
1. Бетбұрыс алдындағы қалыптасқан жағдай.
2. Желтоқсан оқиғасының себебі, сипаты.
3. Жаппай жазалау.
4. Желтоқсан оқиғаларының тарихи маңызы.
1985 жылы КОКП басшылығына М.Горбачев бастаған жаңаша ойлап,жаңаша әрекет ететін топ келді.1985 жылы Наурыз пленумы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бағытын қабылдады:
экономикадағы тежеуші факторларды жою,
ғылыми-техникалық прогресті жеделдету,
адамдардың тұрмыс деңгейін көтеру,
саяси салада демократиялық ұстанымдарды енгізусайлау заңын өзгерту,халықтың саяси белсенділігін арттыру мәселелері алға қойылды
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК пленумы болды. Жиналысты Мәскеуден келген Г.Разумовский жүргізді. Пленум Д.Қонаевты орнынан алып Г.Колбинді Қазақстан компартиясы ОК бірінші хатшысы етіп сайлады.Пленумның Республиканың бірінші басшысын ауыстыру туралы шешімі Желтоқсан оқиғаларының басталуына түрткі болды.
Д.А.Қонаев (1912-1993)
1960-1962, 1964-1986 жылдары Қазақсиан компартиясы ОК бірінші хатшысы, 3 мәрте Социалистік Еңбек Ері.Ол ел басқарған жылдарда Қазақстан әлеуметтік-экономикалық салаларда айтарлықтай жетістіктерге жетті:табиғи байлықтарды игеру артты, ауыр өнеркәсіп деңгейі өсті,зиялы қауым жаңа сапалық деңгейге көтерілді.
Г.В.Колбин (1927-1998)
Партия қайраткері.Ресейдің әр жерінде түрлі қызмет атқарған,1975-1983 жылдары Грузия компартиясы ОК екінші хатшысы, 1983-1986 жылдары Ульяновск облысының партия ұйымының басшысы. 1986-1989 жылдары Қазақстан компартиясы ОК бірінші хатшысы.
17 желтоқан күні таңертеңнен бастап студенттер мен жұмысшы жастар Орталықтың кадр саясатын жүргізудегі өктемдігіне наразылықтарын білдіріп Брежнев алаңына жинала бастады.
Қойған негізгі талаптары:
республиканың егемендігін сыйлау,
ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуын қамтамасыз ету,
жергілікті халық арасынан шыққан саяси қайраткерлерге кедергі жасамау,
әр ұлтқа өз көсемі болсын.т.б.
Оқиғаның бұлай сипат алуы билік өкілдерін шошындырды. Елге тарамай тұрғанда митингіні таратуға тырысты. Әуелі елге танымал адамдарды жіберіп "ақыл" айтқызғаннан нәтиже шықпаған соң коммунистік басшылық үйреншікті әдісіне көшті. Алаңға Алматы гарнизонының, Ішкі істер министрлігіне қарасты Фрунзе, Ташкент, Челябнск, Уфа, Тибилиси, Свердловск қалаларының әскери бөлімдерінің әскерлерін, шекара училищесінің курсанттарын алдырып, шерушілерді қуып таратуға кірісті.
Шерушілерді қуып таратудың "Бұрқасын-86" деп аталатын арнайы жоспары жасақталған. Негізгі шабуыл 18 желтоқсан күні сағат 20 30-да басталған. Бейбіт шеруді басып-жаншуға кінәлі адамдарды ақтау үшін бұл оқиғаларды "маскүнемдер мен нашақарлардың бұзақылық, ұлтшылдық арандату әрекеттері" деп түсіндірді.
Жаппай жазалау ( сандық дерек )
8500 адам ұсталып жазаланды 1720 адам жарақаттанды 1200 адам жұмыстан қуылды 99 адам сотталды,
Желтоқсан оқиғасына қатысқан
246 студент оқудан шығарылды 2 адам өлім жазасына кесілді 12 ЖОО ректоры орнынан түсірілді,
Желтоқсан оқиғаларының құрбандары:
Қайрат Рысқұлбеков (1966-1988)
Алматы сәулет-құрылыс институтының 1-курс студенті. Өлім жазасына кесілді.
Ләззат Асанова (1970-1986)
Алматы музыка училищесінің 1-курс студенті Сәбира Мұхамеджанова (1970-1986)
Өскемен педагогика училищесінің 1-курс студенті
Ербол Сыпатаев (1964-1986)
Алматы энергетика институтының 2-курс студенті.
Видио ролик. (Сабақта М.Шахановтың «Желтоқсан желі» әнімен қосталған Желтоқсан оқиғаларын баяндайтын бейнероликті суреттер интерактивті тақтадан көрсетілді)
М.Шаханов. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы.
Желтоқсан оқиғаларының тарихи маңызы
1.Қазақ топырағында ұлттық санасын намысы жетелеген қайсар буынның келгенін әйгіледі.
2. Кеңес елі әкімшілігінің саяси мәдениетінің төмендігін айқындады.
3.Кеңес Одағына еніп келе жатқан демократия үшін күрестің басы болды.
4. Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы оқиға болды.
5. Қазақстанның жас демократиясы тәжірибе жинақтады, тарихи сабақ алды.
ІV. Бекіту.
А) Бекіту сұрақтары: 1. Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының себептері қандай?
2.Желтоқсан оқиғаларының басталуына түрткі болған оқиға.
3.Желтоқсан оқиғаларының сипаты қандай?
4.Желтоқсан оқиғаларының тарихи маңызы неде?
Ә) Венн диаграммасы Дәптермен жұмыс
Ү. Үйге тапсырма:
1.Тақырыпты оқып келу.
2.Кесте толтыру. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
Себеп, салдары Өткен күндері Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға қолданған жазалау шаралары
3. «Мен елімнің болашағымын!» эссе жазу.
VІ. Бағалау. Оқушылардың білімін бағалау.