Т?уелсіздікті? 25 жылды?ына орай ?йымдастырыл?ан д??гелек ?стел


«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Ақсай қаласының №8 «Өркен» бөбекжайы»

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған
дөңгелек үстел
Тақырыбы: "Тәуелсіздік - таң нұры"
/ ата-аналар /

Өткізген психолог: Купешева Г.С.
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: "Тәуелсіздік таң нұры"
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жеткен кезеңдерін көрсету, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту.
Түрі: Дөңгелек үстел
Көрнекіліктер: Қазақстан елінің, Астана қаласының суреттері, Желтоқсан құрбандарының фото-суреттері, слайд.
Қайырлы күн құрметті ата-аналар!
Биыл Тәуелсіздікке ие болғанымызға - 25 жыл толып отыр! Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Сіздерге берекелі ғұмыр, бейбіт аспан, мықты денсаулық тілеймін. Барша бастама талпыныстарыңыз жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін!
Осы мерекеге орай біз сіздерді «Тәуелсіздік таң нұры» тақырыбында дөңгелек үстелге жинап отырмыз. Осы кеште біз сіздермен 25 жылда жеткен дәрежелерімізді бөліскіміз келеді.
Қазақ халқының Тәуелсіздікке жету жолы аса ауыр да, ұзақ болды. Біздің ата-бабаларымыз қазақ халқын жаулардан қорғап, ұрпақтарын аман-есен өз мекендеріне қоныстату үшін, мыңдаған ғасырлар керек болды. Қазір ол кездегі тарихтың бәрін көтере берсек , оған әлемдегі уақыт жетпейді. Менің сізбен бөлісейін дегенім жиырмасыншы ғасырдың соңындағы Қазақстанның Тәуелсіздігі үшін күрескен азаматтардың батырлықтарын біліп, түсініп өсіп келе жатқан ұрпақтарымызға жеткізу.
1991 жылғы 16 желтоқсан бұл күн біздің халқымыздың тарихында есте қаларлық, кейінгі ұрпаққа мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн. Бұл күн біздің тәуелсіздігімізді дүние мойындаған күн.
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.
Кеудемдегі қоламта-қоздатқаным.
Тұншықса да түрмеде тозапты әнім
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,
Жалтақтап кете барған боздақтарым.
Иә, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16 –шы желтоқсаны еді. Таңертеңгілік сағат 10-да бар жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Ділмұхаммед Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Колбин тағайындалған.
Иә, тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбандары болған қазақ қыздары мен жігіттері Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сәбитова, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхамедиевалар біздің арамыздан кете барды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Бұл қазақ халқы үшін үлкен оқиға , әлем картасынан өз орнын тапты. Бүгінде ел экономикасында, әлеуметтік, мәдениет саласында үлкен жетістіктерге жеттік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың білгір саясатының арқасында жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт те, еркін жағдайда өмір сүріп жатырмыз.
Ата-аналар өз ойларымен бөлісу.
Викториналық ойын
Бұл ойында Сіздердің қаншалықты өз елдеріңізді жақсы білетіндеріңіз байқалады. Сұрақтар Қазақстанға және Тәуелсіздікке байланысты болады.
Қазақстанның ең басты рәміздері, қысқаша айтып кетіңіз?
Қазақстанда қанша облыс бар атап беріңіз? /14 облыс/
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қашан қабылданды. / 1991ж.16 желтоқсан/
Киіз үй туралы не білесіз, оның бөліктерін атаңыз? /шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш\
Салтымызда қой малының сүйек бөліктері кімге беріледі? \Бас, жамбас, артқы аяқ жіліктері сыйлы ер адамдарға; Жақ,жаурын, алдыңғы аяқ жіліктері сыйлы әйел адамдарға; төс күйеу балаға, мойын омыртқа үй иесіне;
Қазақ халқының ертеден ұмытылмас мың бұралған биі, ортаға билеп берсеңіз? /қамажай/
Желтоқсан құрбандары кімдер?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп қай жылы сайлады? /1991 ж. 1 желтоқсан/
Төл теңгеміз қашан дүниеге келді? /1993 жылы 12 қарашада/
Ата Заң қашан қабылданды? /1995 жылы 30 тамызда/
Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Астанаға қай жылы көшірілді? /1998 жылы/
Қазақ халқында кемпір мен шалда, одан қалса балада мың бұралып сүйіп билейді, ол қай би?ортаға билеп берсеңіз? /Жорға/
Отан туралы мақал-мәтелдер айтып беріңіз?
Мүшел жастарды атаңыз?
1 мүшел-13 жас /ер жете бастау/,
2 мүшел-25 жас/жігіттік жас/,
3 мүшел -37 жас/ақыл тоқтау/,
4 мүшел-49 жас /орта жас/,
5 мүшел- 61 жас /орта жас/,
6 мүшел-73 жас /қарттық/,
7 мүшел- 85 жас /кәрілік/,
8 мүшел- 97 жас /қалжырау/,
9 мүшел- 109 жас /шөпшек сүю/
10 мүшел- 121 жас /немене сүю/
Наурыз көже туралы не білесіз?/бидай, тары, күріш, ет, тұз, сүт, су,сүр ет/
Қазақстанның көрікті жерлері? \Ақсу Жабағылы, Сайрам Ұғам мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, Көкшетау Бурабай демалыс аймағы, Қорғалжын, Көлсай, Қапшағай өңірі, Баянаул, Алакөл, Балқаш, Үлкен Алматы көлі\
Қазақтың қандай салт дәстүрлерін білесіз?
Жеті қазынаны атаңыз? \жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қанды ауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездік\
Ер жігіттің жүйрік аты қанаты. Қыран бүркіт қуаты. Құмай тазысы абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы қақарлы оты. Қақпаны серті, ауы әдіс айласы, кездігі сұсы. Халақ жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан.
Қандай туыстық атауларды білесіз? \Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежат, жекжат, жүрағат\
Қазақтың ер жүрек батыр қыздары кімдер? /Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова/
Қазақ батырлары ? \Қанжығалы Бөгенбай, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр, Райымбек батыр, Қарасай батыр\
Қазақтың ұлттық ойындары?
Ер қаруы - бес қару қандай? \садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар\
Үш жүздің билерін атаңыз?
Ұлы жүз \Төле би\
Орта жз \ Қазыбек би\
Кіші жүз \Әйтеке би\
Қазақстан Республикасы әлем бойынша территориясы жағынан нешнші орында тұр? \9 орында\ Ресей, Канада, Қытай, Америка, Бразилия, Австралия, Индия, Аргентина, Қазахстан.\
БҚО әкімі? \Алтай Кульгинов Сидирович\
Бөрлі ауданы әкімі? \Халелов Альдияр Сансызбаевич\
Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінесіз?
Әнге кезек берейік
1. Желтоқсан желі ызғарлы
2. Атамекен
3. Қара бауыр қасқалдақ
Мақал-мәтелді жалғастырыңыз...
Отан-от басынан басталады.
Отан - оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық.
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
Отан үшін отқа түс күймейсің,
Арың үшін алыссаң өлмейсің.
Отаның тыныш сен тыныш.
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Туған жердің жусаны жұпар.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Әркімнің өз жері жұмақ.
Туған жер алтын бесік.
Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық.
Бүлінген елден,
Бүлдіргі алма.
Ынтымақсыз елді -Ұрысы билейді,
Ынтымақты елді -Дұрысы билейді.
Іргесі берік елді
Жау ала алмас.
Ауызы бір елді,
Дау ала алмас.
Кімнің жерін жерлесең,
Соның жырын жырларсың.
Туған жердің ауасы да шипа.
Отан - қуат,
Отбасы -шуақ.
Жері байдың елі бай.
Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіңе өзің жеткенің.
Сағынған елін аңсайды,
Сарыала қаз көлін аңсайды.
Ел ағасымен жарасады,
Киім жағасымен жарасады.
Отанды сүю - отбасынан басталады.
Туған жердің жуасы да тәтті.
Жері байдың-елі бай.
Ой-толғаныс
Қазақстанға, Тәуелсіздікке, Желтоқсан оқиғасына қатысты сөздерді тауып жазу.
Тұғырлы Жерім
рӘмізЕлім
ТәУелсіз еЛтаңба
Ербол ПрезиденТ
МәртебеЛі Отан
СәбираҚаһарман
Іргесі биік ҚазақСтан
Зайырлы Астана
Дербес ӘнұранН
ЕгемендІ
Кемел
ҚайратЕлім
бАтыр оралЛ
ЛязЗат дәсТүр
АтамекенАсанова
ҚабанбайҢ
СалтанаттыБурабай
ТеңгеАлматы
қазынА
Наурыз көже
Туған Жеріміздің, Тәуелсіз еліміз Қазақстанның, ажарлы елтаңбамыз бен желбіреген көгілдір туымыздың бейнесін қалай елестететіндеріңізді ақ қағаз бетіне түрлі-түсті қағаздарды қиып жапсыру арқылы және түрлі-түсті қарындаштармен, акварельді бояулардың көмегімен түсірсеңіздер.
Қазақтың ұлттық ойыны: "Арқан тартыс"
Тәуелсіздік шежіре ағашына Тәуелсіз елімізге деген өздеріңіздің жүрекжарды тілектеріңізді жазып, дауыстап оқып, ілу. \Тәуелсіз үшін тәніңді де, қаныңды да, жаныңды да аяма! Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді , асқақ бола түссін. Еліміздің белгісі-көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!\
Рефлекция /ойды қорытындылау/
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным, Көк туымды қалайша құлатармын. Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар, Бәріміз баласындай бір атаның. Елімізде бақ-береке, ырыс болсын, Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын. Халқымның ахуалы дұрыс болсын. Еліміз әрқашанда тыныш болсын!
– деп «Тәуелсіздік таң нұры» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелімізді жабық деп жариялаймыз !
Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!