Т?усіздікті? 25 жылды?ына орай ?йымдастырыл?ан


«М.ТынышПаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі» ЖШС
224409092075
«БЕКІТЕМІН»
Тәрбие ісі бойынша
директор орынбасары
___________________ Р. Т. Кезбаева
«_____ » _________________2016 ж.
Тәусіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған
«Ұшқыр ойлы студент» атты
интеллектуалдық ойыны
Өткізген: информатика пәнінің
оқытушысы Алиева Г. Г.

Ақтау – 2016
Өткізілетін орны: Ақтау көлік колледжі, 107 аудитория
Қатысушылар: ОДД -9/16-01, ОДД -9/15-01, СЖД -9/16 -01 топтары
Уақыты: 11.00, 23.11.2016 ж.
Мақсаты:
Білімділік:Тәуелсіздіктің 25 жылдығын студенттерге сіңіру. Студенттерді ойын элементтері арқылы пәнге деген танымдық қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру, білімдерін тиімді пайдалануға баулу. Информатика пәнінен алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету, ойын элементтерін сабақта тиімді қолдана білуге дағдыландыру, ой-өрістерін дамыту.
Дамытушылық: Логикалық тапсырмалар арқылы студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асыралады: қызығуын арттыру (біліктілігін кеңейту, өзіне талап қоя білуі). Шығармашылық тапсырмалар орындау барысында бала шығармашылық ойлауға бейімделіп қуанышқа бөленеді. Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту, шығармашылық ізденісін дамыту. 
Тәрбиелік:  Жастарды өз бетімен өзін-өзі тәрбиелеуге, сыйластыққа баулу. Топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке,іскерлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Microsoft Power Point бағдарламасында дайындалған ойын жоспары - көрме, бағалау бетшелері, ұрандар, макеттер, эмблема, барабан, музыка.
Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, информатика пәні, орыс тілі, математика
Әділ - қазылар құрамы:
1. Ақтау көлік колледжінік тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Кезбаева Роза Тәжіғұловна;
2.Ақтау көлік колледжінік оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Жамурова Алтыншаш Нуридиновна;
3. «Құрылыс және тасымалдауды ұйымдастыру» бөлімшесінің меңгерушісі Гульджикова Айнұр Жарылгасовна;
4. Облыстық жастар ресурсы орталығының басшысы Әнесов Ерғали Мергенұлы;
5. Жастар орталығының маманы _________________________________________________
Ойын жоспары:
тур Таныстыру (топ өздерінің эмблемасын, топтың ұранын таныстырады);
2 тур «Ойлы болсаң, озып көр!» (команда мүшелеріне Информатика пәні бойынша 7 жұмбақ жасырылады);
Музыкалық пауза
тур Капитандар сайысы «Кім мықты?» (Команда капитаны 1 минутта 20 сұраққа жауап беруі тиіс);
тур Топтық сайыс – «Тарихымызды білесің бе?» (Тәуелсіз Қазақстан тақырыбында командаларға 13 логикалы сұрақ ойнатылады);
тур «Таланттылар талабы» макеттер сайысы.
Музыкалық пауза
Ойынның өту барысы:
Жүргізуші Гүлзипа:
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып,
Бір-бірімен жатқан тулап, арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын
Құштарлықтың толғағы мен көктемі! - деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Бүгін алғырлар мен білімділер күш сынасуға келіп отыр.
Құрметті оқытушылар мен студенттер! «Ұшқыр ойлы студент» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер!
Компьютер - сенің көмекшің!
Қаламың әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың,
Үйрену керек бәрін де
Ақпараттық заманнның! - дей отырып, Сіздерді ойын шартымен таныстырайын.
Ойын шарттары:
1 тур Таныстыру деп аталады. Бұл турда командалар өзедірің эмблемасын, топтың ұранын таныстырады және әр команда 5 баллдық жүйемен бағаланады.
2 тур «Ойлы болсаң, озып көр!» деп аталады. Әр командаға Информатика пәні бойынша 7 жұмбақ қойылады. Жұмбақтың жауабын үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айту керек. Әрбір дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады. Ең жоғарғы балл 3 балл. Бұрыс немесе жауап берілмесе балл берілмейді. Егер бұл команда жауап бере алмаған жағдайда қарсы командалар жауап беріп балл жинауына болады. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
тур Капитандар сайысы «Кім мықты?» деп аталады.Команда капитаны 15 сұрақтың нешеуіне жауап бере алатындығы есептеледі. Ойлануға 10 секунд беріледі. Әрбір дұрыс сұрақ 1 баллмен бағаланады. Жауап жоқ немесе бұрыс болса, ол сұраққа балл берілмейді.
4 тур Топтық сайыс – «Тарихымызды білесің бе?» деп аталады. Ойынның шарты:Барабанның үстінде Тәуелсіз Қазақстан тарихы бойынша13 сұрақ бар. Барабанды айналдырасыз, барабанның тілі қай сұрақта тоқтаса, сол сұраққа жауап бересіз.Сөйтіп кезекпен кезек әр топ төрт сұраққа жауап береді. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Сұраққа жауап берілмеген жағдайда қарсы команда жауап беріп балл жинауына болады. 13-сурақ қара жәшік ішіне жасырылған нәрсені табу болып табылады.
5 тур «Таланттылар талабы» деп аталады – бұл турда макеттер сайысы өтеді. Командаларүй жұмысына берілген «Тәуелсіздікке 25 жыл» немесе «Информатика» тақырыбындағы макеттерін ұсынады. Әрбір макет 5 баллдық жүйемен бағаланады.
Сіздерге осы ойында әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық
Әділқазы мүшелері:
1. Ақтау көлік колледжінік тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Кезбаева Роза Тәжіғұловна;
2. Ақтау көлік колледжінік оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Жамурова Алтыншаш Нурадиновна;
3. «Құрылыс және тасымалдауды ұйымдастыру» бөлімшесінің меңгерушісі Гульджикова Айнұр Жарылғапқызы;
4. Облыстық жастар ресурсы орталығының директоры Әнесов Ерғали Мергенұлы;
5. Жастар орталығының маманы _________________________________________________
Әр бөлімнен кейін әділ - қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының  қорытындысын айтып отырады.
Жүргізуші Анар:
«Құрметті ұстаздар мен студенттер! «Ұшқыр ойлы студент!» атты сайысты  бастауға рұқсат етіңіздер!
Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш- өнер, Білімменен алысуға
Бар өнерді салайық, ортамызға
Ал қанеки, кім шығады сайысуға?
1 - тур Таныстыру деп аталады. Бұл турда командалар өзедіріңэмблемасын, ұранын таныстырады және әр команда 5 баллдық жүйемен бағаланады.Әділқазылар, әр команданы бағалай отырыңыздар.
Жүргізуші Гүлзипа:
2 тур «Ойлы болсаң, озып көр!» деп аталады. Әр командаға Информатика пәні бойынша 7 жұмбаққойылады. Жұмбақтың жауабын үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айту керек. Әрбір дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады. Ең жоғарғы балл 3 балл. Бұрыс немесе жауап берілмесе балл берілмейді. Егер бұл команда жауап бере алмаған жағдайда қарсы командалар жауап беріп балл жинауына болады. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
1 «MS Windows» ОЖ командасына сұрақтар:
1. Аса қажет өмірге халық үшін Пайдаланамын күн сайын жарық үшін (Ток - Ток - Energy)
2. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы (тышқан - мышка - mouse)3. Осынау күнде компьютер менің тұрағым,
Үйімді мен «жаудан» қорғап тұрамын (антивирус – антивирус – antivirus)4. Өзім шап – шақ денесі бар бір затпын,
Сан жетпейді есебіне мен арқылы алып жүрер құжаттың (флеш карта – флеш карта – flash card)5. Компьютердің миымын Ақпаратты өңдеймін (процессор -процессор - processor)
6. Сыртқы қоршаған ортадан қабылданатын мәліметтер? (Ақпарат - Информация –Information)
7. Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл – файл - file)
2 «Linux» ОЖ командасына сұрақтар:
1. Ол – оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады (Өшіргіш – Ластик — Elastic)
2. Ұзынтұра Жалқаубек, Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан, Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі - пробел - blank)
3. Бұтақ орнында мың бір инесі, Компьютер жаны мекені (тікенекгүл - кактус - cactus)
4. Батырмасын басасың, Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - mause)
5. Тетігін бассаң алаңсыз, Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)
6. Жақтаулар арқылы шектеледі, Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді (терезе – окно - windows)
7. Есту арқылы қабылданатын ақпарат түрі? (Дыбыс – Звук - sound)
3 «Android» ОЖ командасына сұрақтар:
Барлық сурет, мәтіндіКомпьютерге енгізгенКерек емес жерін деКомпьютерден өшірген   (мәтіналғы – сканер – scanner)
Бір бассаң әріптерді бас әріппен жазамынТағы бассаң кіші әріппен жазамын (Caps Lock батырмасы\пернеcі\ клавиша – клавиша – Key of Caps Lock)
Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер – курсор – mouse pointer)
Мұрын арқылы ақпараттың қай түрі қабылданады? (Иіс – запах - smell)
Ақпаратты қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады. (Принтер – Принтер — Printer)
Еселедесеңеселеймін Қи десең қиып аламын Қой десең қоямын (алмасу буфері – буфер обмена - clipboard )Қанша тетік тізілген Саусағыңды сезінген Барлық сенің ойыңды Компьютерге енгізген (пернетақта – клавиатура –  keyboard)
Жүргізуші: Әділқазылар, «Ойлы болсаң, озып көр!» турындағы әр команданың бағасын берсеңіздер.
Жүргізуші Анар:
Мықты болсаң - алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе,
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт –деп келесі турды бастайық.
3 - тур Капитандар сайысы «Кім мықты?» деп аталады.Команда капитаны қойылған 15 сұрақтың нешеуіне жауап бере алатындығы есептеледі. Әрбір сұраққа ойлануға 10 секунд беріледі. Әрбір дұрыс сұрақ 1 баллмен бағаланады. Жауап жоқ немесе бұрыс болса, ол сұраққа балл берілмейді.
1 «MS Windows» ОЖ командасы капитанына сұрақтар:
Тінтуірдің (тышқан) неше батырмасы болады? (2- ден жоғары )
Интернетке қосылуға арналған құрылғы (Модем)
Word Pad бағдарламасында келесі жолға өту үшін қай пернені басу керек? (Enter)
Дыбыс шығару құрылғысы қалай аталады? (Колонка)
Республикамыздың басты қаласы? (Астана)
Астана нешінші жылы Астана депаталынды? (1998 ж)
Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын? (Абай)
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім? (Н. Ә. Назарбаев)
Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
Қандай мемлекеттік рәміздер бар? (Әнұран, ту, Елтаңба)
Графикалық, сигнал, мәтіндік, дыбыстық... бұл ненің түрлері? (Ақпарат)
Қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман? (Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы )
Компьютердің жұмыс істеуі үшін кемінде 3 құрылғы болса болғаны, олар қалай аталады? (Монитор, Пернетақта, Жүйелік блок)
What is the capital of USA? (Washington)
Шығару құрылғыларын атаңыз? (принтер - монитор)
2 «Linux» ОЖ командасы капитанына сұрақтар:
Компьютердің негізгі құрылғыларын ата? (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан)
Тышқанның түрлері қандай? (оптикалық, лазерлі, сымсыз)
Алғашқы есептеу құрылғысы? (саусақтар)
16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік күні)
ҚР конституциясы қашан, қай жылы қабылданды? (30 тамыз, 1995 ж)
Әнұран авторлары? (Ж. Нажмединов, Н. Назарбаев, Ш. Қалдаяқов)
Қазақ алфавитінде қанша әріп бар? (42)
Қазақ әліпбиінің атасы? (А. Байтұрсынов)
Қазақта жаңа жылды қай айда тойлайды? (Наурыз)
Жеңіс күні мерекесі қай күн? (9 мамыр)
Зиянкес программа (вирус)
Файлдар жиыны (бума, папка)
Стандартты программалар дегеніміз не? (қарапайым программалар)
What color іs the flag of KZ ? (Blue)
Қазақстанда неше облыс бар? (14)
Жүргізуші Анар: Енді сайысымызды әрі қарай жалғастырамыз.3 «Android» ОЖ командасы капитанына сұрақтар:
Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы (компьютер)
Бір байтта қанша бит бар? (8 бит)
Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)
«Microsoft»  компаниясының президенті (Билл Гейтс)
Сыртқы қоршағн ортадан алынатын мәліметтер? (Ақпарат)
Мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелейтін құрылғы қалай аталады? (Монитор)
Мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін әзірлейтін құрылғы? (Сканер)
Әріптік және сандық ақпаратты енгізу құрылғысы? (Пернетакта)
What is the English for «Тәуелсіз»? (independence)
Іле Алатауының етегінде орналасқан қала? (Алматы)
Периферия сөзінің мағынасы? (Қосымша, қосалқы)
How many states of USA? (50)
Қазақтың тұңғыш саяхатшысы ? (Ш. Уәлиханов)
Адам мен компьютер арасындағы байланыс қалай аталады? (Интерфейс)
Paint программасы қандай редактор? (Графикалық)
Жүргізуші Анар: Әділқазылар 3 – тур бойынша командалардың ұпай сандарын айтып өтсеңіздер.
Жүргізуші Гүлзипа: 4 тур Топтық сайыс – «Тарихымызды білесің бе?» деп аталады. Ойынның шарты: Барабанның үстінде Тәуелсіз Қазақстан тарихы бойынша 13 сұрақ бар. Барабанды команда капитаны айналдырады, барабанның тілі қай сұрақта тоқтаса, команда сол сұраққа жауап береді. Сөйтіп кезекпен кезек әр топ 4 сұраққа жауап береді. Әр сұраққа ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Сұраққа жауап берілмеген жағдайда қарсы команда жауап беріп, балл жинауына болады. Нөмірі 13 – сұрақ тап келетін болса, топқа жұмбақ жасырылатын болады. Ол жұмбақтың жауабы қара жәшік ішіне жасырылған сол нәрсені табу керек.
«Тарихымызды білесің бе?» турының сұрақтары
Ел Перзиденті Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ (Ғасыр адамы)
Нұрлан Тәуелсіздіктің құрдасы. Оның жасына Ата заңымыздың қабылданған жылын қосып, шыққан саннан ЭКПО - ның өту жылын алып тастаса, қандай сан шығады?
( 25 + 1995=2020 2020 – 2017=3)
348х2+947 = ? қандай дата? ( 1991 Тәуелсіздік алған жыл)
«Тәуелсіздік монументінің» ұшар басындағы бейнелер? (алтын адам және жолбарыс)
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін түсірілген, қазақ тарихынан мағлұмат беретін фильм? ( Көшпенділер)
Биыл желтоқсан оқиғасына ... жыл, Тәуелсіздікке ... жыл. Екі датаны қосып, Ақтабан шұбырындының датасынан алып таста. Қандай сан шығады? ( 30+25= 55, 1723 – 55= 1668)
Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім? Жәңгір Бөкейханұлы
Елбасымыздың құрдастарының жасы нешеде? (1940 жылы туылған, 76 жаста)
«Миллион» ұғымын алғаш қазақ жеріне таратқан ғалым? (Әл – Фараби)
Қазақтар қандай дала өсімдігінің иісін отанымыздың символы санаған? Жусан
Тарихи тапсырманы есепте:
«Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы» мен Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқыныңда» атты кітабы жарық көрген жылын қосып, арифметикалық ортасын тап.
Жауабы: (….ж. + ….ж.)/2= …. ж.1998+2010/2=2004 жыл
2016 - (3990-4)/2 жасы шығатын Туәелсіздік символы, тауар мен өнімнің баламасы
Қазақтың тұңғыш кәсіби инженері. IV төтенше мұсылмандық съезде Қоқан автономиясының Уақытша үкіметінің премьер - министрі болып сайланған. 1919 жылы Кеңес өкіметі жағына өтті.
( Мұхамеджан Тынышпаев).
Жүргізуші: Әділқазылар, 4 турдың бағасын берсеңіздер.
Жүргізуші Анар: 5 тур «Таланттылар талабы» деп аталады – бұл турда макеттер сайысы өтеді. Командалар үй жұмысына берілген «Тәуелсіздікке 25 жыл» немесе «Информатика» тақырыбындағы макеттерін ұсынады. Әрбір макет 5 баллдық жүйемен бағаланады.
Жүргізуші Анар: Әділқазылар, әр командаға бағасын берсеңіздер.
Жүргізуші Гүлзипа:
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену  жалықпау.
Шеберлік пен білімді,
Сарапқа сап көріңіз.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіз.
Әділ қазылар бағасын бергенше музыкалық сәлемдеме.
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Жүргізуші Гүлзипа: Әділқазы мүшелері, қорытынды баллдарды айтып, қай команданың жеңіске жеткенін айтып өтсеңіздер. Сайысымыздың аяқталуына да бірнеше секундтар қалды. Ендеше сөз кезегі әділқазыларда (Әділқазылар баға беріп, сыйлықтарын тапсырады). Осымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұшқыр ойлы студент!» атты интеллектуалды сайсымызды жабық деп жарялаймыз. Қатысқандарыңыз үшін көп – көп рахмет!
Екі команданың баллдары теңдей шықса, командаларға қойылатын қосымша сұрақтар:
«Мақал – сөз мәйегі»  бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрысын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 5 ұпай беріледі.
1.     Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2.     Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
3.     Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
4.     Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
5.     Веб - дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)
6.     Білмесең, «анықтама» - дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
7.     Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)
8.     Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
9.     Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
10.  Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
Бағалау парақшасы
Жюри мүшесі __________________________________________________________________________________________
Топ 1 турдағы
балл саны
«Таныстыру» турдағы
балл саны
«Ойлы болсаң
озып көр!» турдағы
балл саны
Топ басшылар жарысы
«Кім мықты» турдағы
балл саны
Топтық сайыс 5турдағы
балл саны
«Таланттылар талабы» Барлығы
1 курс
ОДД -9/16-01 -
«MS Windows» ОЖ
2 курс
ОДД -9/15-01 -
«Linux» ОЖ
3 курс
СЖД -9/16-01
«Android» ОЖ
Ұрандар (Плакатта):
Тәуелсіздікке 25 жыл!
Команда аттары А4 түрлі - түсті қағазда
«Linux» ОЖ
«MS Windows» ОЖ
«Android» ОЖ
Эмблемалар:

Топтын ураны:  «Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»