Программалау – алгоритмді формальды жазу т?сілі. 7 сынып


Күні:12.11.15Пәні
информатика Мұғалім аты-жөні
Джалмаганбетова Р Оқу-ісінің меңгерушісі
____________Сарғожаева А
Сабақ тақырыбыПрограммалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит. Программалау тілінің синтаксисі.
Жалпы мақсаттарПаскаль тілінің алфавитімен танысады. Программаның құрылымымен танысады. Ұшқырлыққа, ойын тез жинақтауға, топта жұмыс істеуге дағдыланады.
Түйінді идеяларПрограммалау, Паскаль программалау тілі, программалау тілінің әліпбиі, Паскаль тілінің элементтері.
Әдіс-тәсілдерТоппен, АКТ, ойлан жауап бер, кері байланыс.
НәтижеПаскаль программалау тілінің алфавиті, программалау тілінің синтаксисімен танысады.
Достарымен еркін қарым-қатынасқа түседіӨз ойын қорғай аладыСабақ барысыМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекетіСабақ кезеңдері1-кезең.
Қызығушылықты ояту:
1,2,3 сандар арқылы 3 топқа бөлу.
Топ ережесін еске түсіру. Сабақ барысынды бағынуға шақыру.
1- тапсырма.
Кубизм әдісі. Әр топқа кубикте шыққан түс бойынша конверттегі тапсырманы беру.
Алгоритм және оның қасиеттері туралы айтып бер.
Алгоритмді атқарушылар, жазу формалары және блок- схема.
Алгоритм типтері туралы айтып беріңдер және мысалдар келтіріңдер.
2. «Теңбіл доп» ойыны миға шабуыл әдісі. Мұғалім сұрақ қояды. Жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесе алады.
Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритмнің атқарушыларын ата.
Алгоритмді жазу формаларын ата.
Графикалық түрде жазу дегеніміз не?
Алгоритмнің қандай типтері бар.
Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?
Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
Циклдік алгоритм дегеніміз не? Сан бойынша топқа бөлінеді.
Ережені бір оқушы тақтадан оқиды, естеріне түсіредіКубикті лақтырады, қай түс келеді, сол түсті конверттегі тапсырманы орындайды. Топпен ақылдасып жауап береді.
Оқушылар сұраққа шапшаң жауап береді. Жауап беруге қиналса, басқа топ мүшелері көмектесе алады.
2-кезең. Мағынаны ажырату:
3. Жаңа сабақтың мақсаты.Оқушыларға «Балалар, алгоритмді компьютерде орындау үшін не істеу керек?» деген сұрақтар қояды.
4. Жаңа тақырып.Әр топқа оқып меңгеруге арналған материалдар үлестіріледі. Тақырыпты оқып, түсініп, топ ішінде пікір алмасу үшін бөлініп беріледі. Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, жаңа сабақты оқып, үйренуге өз мақсаттарын қояды.
Әркім жекелей тақырыпты меңгеріп, бірлесіп шешім қабылдайды. Топ ішінде пікір алмасады.
3-кезең. Ой- толғаныс:
5. Сұрақты қағып ал. Әр топқа 1 сұрақ құрап, стикерге жазу тапсырмасы беріледі. Бірігіп сұрақ құрап, басқа топтағы бір оқушының арқасына жапсырады, сол оқушы сұраққа жауап береді.
Келесі оқуға арналған тапсырмалар. Тақырыпты дәптерге конспектілеп келу, оқу, мазмұндау. Үйден 2 сұрақтан құрап келу. БағалауБақылайды, бағалайды.
Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасын ортақ баға қояды. Формативті бағалау