Программалау – алгоритмді формальды жазу т?сілі. Алфавит.(7 класс)


№36 мектеп-гимназиясының
информатика пәнінің мұғалімі Анесқызы Айдана
Сабақтың тақырыбы Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі. Алфавит.
Жалпы мақсаты Программаның құрылымымен танысып, арифметикалық өрнектерді программалау тілінде жазып үйрету;
Turbo Pascal программасының мүмкіндіктерін, тілдің алфавитін;
Turbo Pascal ортасында жұмыс істеу тәсілдерін.
Күтілетін нәтиже Программаның құрылымымен танысады;
Программалау тілінде жазып үйренеді;
Топта бағалай алатын болады
Негізгі идеялар
Паскаль тіліндегі программа жеке- жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзеру арнайы мәтіндік редакторлар көмегімен атқарылады. Бір қатарға бірнеше команда немесе оператор орналаса алады, олар бір- бірімен (;) нүктелі үтір арқылы ажыратылып жазылады.
Паскаль тілінде программа 3 бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.
1. тақырып program программа аты жазылады;
2. сипаттау бөлімі Var типтері көрсетілген айнымалылар;
begin
3. операторлар бөлімі Операторлар;
end.
Программалау тілінің алфавиті – ол белгілі бір символдар жиынтығы. Осы символдардың көмегімен
Идентификатор;
Өрнектер;
Операторлар
жазылады.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады. Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.
Арифметикалық амал белгілері:
(+) – қосу; (-) – азайту;
(*) – көбейту; (/) – бөлу.
Операторлар:
BEGIN, WRITE, READ, END және т.б.
Тапсырмалар Топтық жұмыс
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (Мұғалім және оқушы немен айналысады)
Ұйымдастыру
1.1. сәлемдесу
1.2. сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1.3. түгелдеу
1.4. топқа бөлу (1, 2 сандары арқылы 2 топқа бөлінеді)
Үй тапсырмасын сұрау
Операциялық жүйе дегеніміз не?
Операциялық жүйелердің түрлерін ата.
ОЖ қандай талаптарға бөлінеді?
Талқылау үшін сұрақтар беріледі
1. Turbo Pascal программасы туралы не білеміз?
2. Turbo Pascal программасының құрылымы неше бөліктен тұрады?
Топтық жұмыс
1-тапсырма Кестені толтыр
Іс-әрекет Бұйрық
Жаңа файл құру File ⟹ New
Файлды сақтау File ⟹ Save
Сақталған файлды сақтау File ⟹ Open
Жаңа атаумен сақтау File ⟹ Save as
2-тапсырма бос орынды толтыр
Программалау тілдерінің әрқайсысының өзінің компиляторы болады.
Программалау тілінің алфавиті – ол белгілі бір символдар жиынтығы.
Компиляция – бұл программаны программалау тілінен екілік кодқа ауыстыру үдерісі.
3-тапсырма сәйкестендіру
Copy буферге үзіндіні көшіру
Cut буферге үзіндіні қиып алу
Paste буферден үзіндіні кірістіру
Clear буферді тазалау
Select All терезедегі мәтінді түгелдей ерекшелеу
Unselect ерекшелеуді болдырмау
V. Үй тапсырмасы: §8 оқу, бақылау сұрақтары мен тапсырмалар, «Өзіңді тексер» тест тапсырмасы
VI. Бағалау
 Оқушының аты-жөні 1-тапсырма
Жоғарғы  ұпай -5 2-тапсырма
Жоғарғы  ұпай -8 3-тапсырма
Жоғарғы  ұпай -5 Қоcымша  жауаптарға
қатысу-6 ұпай қорытынды
7-30 ұпай:  « 5 »                24-26 ұпай :  « 4 »
18-23ұпай :  «  3 »                 0-17 ұпай :  « 2 »