?аза?стан тарихы Жаппай саяси ?у?ын-с?ргін ж?не оны? зардаптары (9 сынып)
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Қазақстан тарихы Сынып: 9
Мерзімі:
Тақырыбы: §22-23. Жаппай саяси қуғын-сүргін және оның зардаптары.
Мақсаты: XXғасырда біздің қазақтай көп қырылып,жаппай қуғындалып, көпатылғанхалықжербетіндекемде-кем. Оныңащыақиқатекендігініздеубарысындакөзжеткізу.Алғанбілімдітерендету, дамыту, мұғалімніңкөмегінсізоқыпүйрену.Еліміздіңталайқырылып, талайқиыншылықтыбасынанөткеріпжеткенінтүсіндіру.
Күтілетін нәтиже: Терминдермен жұмыс жасап, анықтамасын бере алады, жылдарды ажыратып, нақты болған оқиға уақытын біледі, саяси қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдерін көрсете алады, ұлы адамдардың өмірбаянынан мағлұмат келтіре отырып, оларға баға бере алады, саяси қуғын –сүргіннің сипатын, барысын, нәтижесін түсіндіре алады, жазалау лагерлері туралы мағлұматтармен жұмыс жасап, сұрақтарға жауап береді
Бағалау критерийлері: Теорияны түсіну, негізгі идеяны білу, рефлексия жасау
Әдіс-тәсілдер: Диалогтық оқыту, СТО стратегиялары, ауызша баяндау, сұрақ- жауап, «Бинго» ойыны
Сабақтың барысы:
Кезеңі Уақыты Мұғалімнің
іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Кіріспе
2 минут
Сәлемдесу
Түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару Оқушылар оқу құралдарын дайындайды
Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін ауызша мадақтау АКТ
стикерлер
2 минут Оқушыларды топқа бөлу
Қазақ зиялыларының есімімен Оқушы қызығушылық танытып, белсенділігі артады Мадақтау Тақырыпқа байланысты суреттер
Таныстырылым
6 минут Үй тапсырмасын сұрау
І топ: Созақ көтерілісі
ІІ топ: Жетісу көтерілісі
ІІІ топ: Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда көтерілісі Оқушылар тыңдай біледі, тақырыпты әңгімелейді Мадақтау арқылы ынталандыру АКТ
Буклет
Негізгі бөлім
16 минут
4 минут Джигсо әдісі
І топ: 1930 ж.ж. жаппай саяси қуғын-сүргін. 150-151 бет.
ІІ топ: Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары. 151-152 бет.
ІІІ топ. Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып қайта құрылуы 152-153 бет
Тақырып бойынша әр топ қысқаша көрініс көрсетеді
Сәйкестендіру тесті
1936-1938ж.ж. 25833 адам партиядан шығарылды
3 млн 777 мың адам Ату жазасына кесілген
2 млн 369 мың адам 25 жылға түрмелерге қамалған
180 015 адам Жер аударылды
1937ж. 26 наурыз Қазақ КСР-нің құрылуы
1940ж. 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеді
Оқушы орындау керек
Мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушылар шығармашылық қабілеттерін көрсетеді
Жылдамдық танытады Белсенді топты мадақтау Қазақстанның саяси картасы
А4 форматтағы қағаздар
5 минут «Бинго» тапсырмалары
Репрессия Тоталитарлы жүйе АЛЖИР
Карлаг
Бинго Степлаг
Авторитаризм
Ассимиляция Конституция
Конституция – мемлекеттің құрылысын, оның билік етуші органдарының құрылымы мен ұйымдастыру қағидасын, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін, сайлау жүйесін анықтайтын негізгі заң.
Авторитаризм – қоғамның барлық жақтарын өзіне бағындырған, демократиялық қағидаларды жоятын, жеке адамның шексіз билігі орнаған саяси билік жүйесі.
Репрессия – мемлекет огандары қолданатын азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіру, жазалау.
Ассимиляция – саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен басым халықтың құрамына біртіндеп сіңісіп кетуі.
Тоталитарлық жүйе–қоғам өмірінің барлық саласы мемлекеттің бақылауында болып, адам бостандықтары мен конституциялық құқықтары жойылған билік жүйесі.
АЛЖИР – Сталиндік тоталитарлық жүйе кезінде «халық жаулары» саналып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлері мен қарапайым адамдардың әйелдері мен қыздары жазықсыз жазасын өтеген Ақмола облысындағы лагерь.
Карлаг – Қарағанды лагері.
Степлаг – Жезқазған маңында (Кеңгір) болған лагерь атауы. Қазақстанның саяси картасымен жұмыс
Дәптермен жұмыс, кестені толтырады
Оқушылар тыңдайды, жауап береді
«Бинго» жариялайды Бағалау парағы 9 сыныптың Қазақстан тарихы оқулығы
Қазақстан Республикасының саяси картасы
Интерактивті тақта
Қорытынды
10 минут Жиынтық бағалау
Рефлексия жасау
Үйге тапсырма Топ басшысы бағалайды
Рефлексия
Бағалау
Критерилер арқылы
Интерактвті тақта
1873-1938 жылдары өмір сүрді.2. «Алаш» партиясы басшыларының бірі.
3.Ақын, түркітанушы ғалым, педагог-ағартушы.
4. Публицист, лингвист, қазақ әдебиетінің негізін салушы.
5. «Қазақ» газетінің редакторы.6.Торғай орыс-қазақ училищесінде ұстаздық етті.
7.Орынбор мұғалімдер семинариясында оқыды. 8. «Ана тілі бойынша оқу құралын» жазды.
9.1929 жылы ешбір негізсіз тұтқындалып, түрмеде отырды, соңынан Архангельскіге жер аударды.
1.1894-1938 жылдары өмір сүрген.2.Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын үздік бітірген.
3.1918-1919ж.ж. «Бірлік туы» және «Ақ жол» газетінің редакторы болған.
4.Түркістандағы аштыққа ұшыраушыларға көмек комиссиясының ұйымдастырушысы.
5.1924-1925ж.ж. Қазақ өлкелік комитетінің хатшысы.
6.Түркістан уездік атқару комитетінің мүшесі.8.«Шолпан» журналының негізін салушы.
7.Сырдария революциялық комитетінің төрағасы
1.1883-1939ж.ж. өмір сүрген.2.дәрігер, ғалым, публицист.
3.1917-1919ж.ж «Алаш» партиясының мүшесі.4.1930ж. Воронеж қаласына жер аударылған.
5. «Шернияз шешен», «Қазақ халық әдебиеті» атты тарихи еңбектері жарық көрген.
6.«Жануарлар», «Адамның тән тірлігі», «Оқушылардың саулығын сақтау» еңбектердің авторы
7.1926-1930ж.ж Қазақ мемлкеттік университетінің проректоры, доценті болған.
8.Санкт-Петербург Императорлық әскери академиясыналтын медальмен 1909ж. бітірген.
9.Баспа және ғылыми мекемелер жөніндегі мемлкеттік комитет төрағасы қызметін атқарған.
.