О?УШЫЛАРДЫ? О?У ЖЕТІСТІКТЕРІН БА?АЛАУДЫ? ?АЗІРГІ ?ЛГІЛЕРІ МЕН ?ДІСТЕРІ Раманова Мульдер Джаксимуратовна.Б?л ма?алада мен о?ушылар жетістіктерін саба?та ба?алау ?дістері туралы жаздым.Ма?алада ?з саба?ымда ?оданыл?ан ?діс- т?сілдер к?рсетілген.


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ
ҚАЗІРГІ ҮЛГІЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Раманова Мульдер Джаксимуратовна
М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің математика және информатика пәндерінің мұғалімі, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Көктал ауылы

Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері атты үш айлық курс кезеңінде 7 модульді сабақта қалай пайдалану керек екендігі туралы үйреніп, мектепте өз сабақтарыма енгізуге тырыстым. Басты мақсатым оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың қазіргі үлгілері мен әдістерін тәжірибемде қолданып,оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру болатын.
Қазіргі уақытта халықаралық деңгейде бағалаудың жаңа түрлері анықталды. Негізінен бағалаудың екі түрі көрсетілген: оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау. Оқыту үшін бағалау ─ бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі [1]. Оқыту үшін бағалауда оқушылар өздерін-өздері, сыныптастар бір-бірін, критериялы бағалау арқылы жүргізіледі.Өзін-өзі бағалау нәтижесін мұғалім бақылау арқылы жиынтық баға ретінде оқу журналына баға қояды. 
Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. [2] Ал оқыту үшін бағалау оқушыларға қорытынды, немесе формативті бағалау нәтижесінде жиынтық бағаны қояды.Ал ішкі бағалау сараптық жұмыс, бақылау жұмысы, диктант, мазмұндама, өзіндік жұмыс, мәтінмен жұмыс.Сыртқы бағалау тест, анкета, олимпиада, ҰБТ, ғылыми жоба, т.б. Мұғалімнің бағалауы мадақтау, ынталандыру, фишкалар, жұлдызшалар, тілек, смайликтер [3].Мұғалімнің бағалауы мадақтау, ынталандыру оқушылардың көңіл күйін көтеріп, өздерінде сенімділікті тудырады. 
Бүгінгі таңда бағалау барысында критерийлік және өзін-өзі бағалау жүйесін қолдануды маңызды деп саналады. Формативті бағалау ата-аналар, мұғалім және оқушыларға ашық, түсінікті және нақты болады. Өзін-өзі бағалаумен қатар оқушылардың бірін-бірін бағалауды жүргізуге болады.Оқушы өзін-өзі бағалаған кезде өздері нәтижеге мүдделі болады.  Мұғалім оқушыға баға қойған кезде, ол бағаны не үшін қойғанын, жауабының қаншалықты дәрежеде болғандығын ашық айтып кету керек, себебі сабақтан кейін оқушыға қойылған бағаға күмән пайда болуы мүмкін.Бағаға талдау жасалғаннан кейін оқушы не үшін осы бағаны алғандығын түсінетін болады және әр түрлі көзқарастар пайда болмайды.
Бағдарламадағы жеті модульді оқып,үйреніп және осы модульдерді сабақтарыма барынша тиімді ықпалдастыруды мақсат еттім.Сонымен қатар осы жеті модуль ішінен «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін сабақтарымда тиімді пайдаланып,оның нәтижесін көргім келді. Дәстүрлі сабақ кезінде бағалау мен үшін қиналатын мәселелердің бірі болып табылатын.Бірақ, курстың бірінші бетпе-бет кезеңінде жан-жақты білім алудың арқасында бағалаудың әр түрлерімен таныстым және пайдаланудың тиімді жолдарын үйрендім.
Сол себептен оқушылар өз білімін өзі бағалауы маңызды деп ойлаймын. Кейін өзін қалай дамыту керек екенін, нені үйренгенін және нені үйрену керек екенін балалар өздері шешу тиіс.
Сабақтарымда бағалауға көп мән беретін болдым, себебі оқушыларды мұғалім емес өздері бағалайтын болады. Оқушыларды сабақ кезінде ешқандай даусыз, талассыз, сенімсіздік ұялатпай қандай бағалау тәсілдерін қолдансам екен деп ойланып неден бастарымды білмедім.Барлық сабақтарда оқытуды бағалау және оқуды бағалау керек. Ол үшін не істеуге болады? Алдымен мен сабаққа қысқа мерзімді жоспар құрауға тиіс болдым. Сол кезде менде «Бағалауды тақырыпқа қалай енгізуге болады?» – деген сұрақ туындады. Осы модуль бойынша тек үй тапсырмасы ғана емес, жаңа сабақта және оны бекіту кезінде немесе оқушының кез келген іс-әрекетін бағалап отыруымыз керек екендігін түсіндім. Әр сабақта бағалау арқылы оқушы өзін қалай дамыту керек, нені үйренгенін және нені үйрену керек екенін оқушылар өздері шешу керек. Сол себептен сабақтағы әдетте болатын іс-әрекеттерді, оқушылардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырмаларды орындап отырған балаларды бақылау және оқушылардың орындаған сынып немесе үй жұмыстарынан тексере отырып көптеген ақпараттар алуға болады.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың қазіргі үлгілері мен әдістерін өз сабақтарымда қолданып,нәтижесін көру үшін алгебра пәнінен 8-сыныпқа арналған орта мерзімді жоспарға сәйкес «Квадрат теңсіздіктер» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргіздім.Оқушылар бағалауды жақсы меңгеріп,сабақтарда дұрыс қолдану үшінмен жеке, жұптық,топтық жұмыстар жүргіздім.Әсіресе сабақтарымда өздерін және бірін-бірі бағалауына көп көңіл аудардым.Оқушы өз-өзін реттей отырып,өзінің білім деңгейін анықтай алады,өзінің білімін басқалармен салыстыра алады деген ойда болдым.
Формативті бағалауда мұғалім жалғыз бағалаушы тұлға болып қалмайды,оқушы өзін және сыныптастарын бағалайды. Сыныпта өзін-өзі бағалау кезінде оқушыда әр түрлі сұрақ туындайды. Мысалы, «Мен өзімнің ойымды толық жеткізе алдым ба?», «Жаңа тақырыпты мен жақсы меңгердім бе?», «Бүгінгі сабақта мен қаншалықты белсенділік таныттым?»,«Өзгелердің пікірін тыңдадым ба?», «Өзгелердің пікірімен санастым ба?» – міне осындай сұрақтарға жауап беру арқылы оқушы жауапкершілікті сезінеді, өз білімен жетілдіру қажеттігін түсінеді,талдау жасайды.Өзінің білімін басқалармен салыстыруда білім алу кезінде шешім шығаруды үйренеді, дағдыланады. Өз білімін жақсарту үшін бағалауды түсінеді. Сондықтан да оқушылардың іс-әрекетін,өзара әңгімелерін, пікірлерін, жауаптарын тыңдап бақылап отырдым.
Мен өткізген сабақтар топтамасында жалпы бағалаудың мына түрлерімен бағаладым: смайликтер, бағдаршам түстері, бас бармақ, «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Бағалау сэнвичі» кері әсер парағы, «найза»,«ББҮ» кестесі; критерийлер парағы, «Блоб ағашы»,«Блоб сыныбы».
Сабақ бастамас бұрын мен оқушыларға бүгінгі сабақта өздері бағаланатын бағалау түрлерімен таныстырып отырдым. Сонымен қатар мен сабақтарымда, топтардың бір-бірін бағалауын қолданып отырдым. Себебі бұл бағалау барысында,топ мүшелерінің әділдігіне көз жеткізгім келді. Ал егер топтық жұмыста,топ басшылары бағалайтын болса,онда мен оларға бағалау парағын таратып беріп отырдым.
Бірінші сабақта үй тапсырмасын орындау барысында бас бармақ арқылы бір топ екіншісін бағалады. Оқушылар тұжырымдамалық картамен топтық жұмыс барысында смайликтер арқылы бірін-бірі бағалады.Бұл алғашқы сабақтағы бағалау болғандықтан,оқушылар қателіктер жіберіп жатты. Мысалы, әділ бағаламау,топтың бағалаумен келіспеуі немесе келісе салуы,өздеріне сенімсіз болуы. Бұдан менің байқағаным,оқушылармен әлі де болса бағалау жұмыстарын жасата отырып,оқытуда бағалаудың басқа түрлерін түсіндіріп,тағы да жұмыс жасау керек екенін түсіндім. Содан кейін мен әр топқа найза қадағыш бердім,мұнда оқушылар найза түріндегі стикерге өз аты- жөндерін жазып, қадау керек болатын. Мұндағы мақсатым,оқушыларға өз-өздерін бағалату болды. Топтық жұмыс барысында олар өздерін қалай бағалайды екен деген ой туындады. Себебі, өзін бағалау топтық бағалауға қарағанда қиындау және жүйелі болып келеді. Оқушылар өздерін шынайы бағалауды үйренеді,біледі. Негізінен алғанда формативті бағалау оқушылардың сабаққа деген ынтасын,қызығушылығын арттырды деуге болады. Оқушылар жаңа сабақты қалай түсінгенін немесе түсінбегенін түрлі түсті жетондар арқылы арқылы бағалауды дұрыс деп таптым. Өзімнің екінші сабағымда, оқушылардың қызығушылығын тудыру барысында жетондар беріп отырдым. Барлық оқушыда үш түрлі түс бар болды,яғни оқушының түсінгенін,не түсінбегенін осы түстер арқылы көрсетуді сұрадым. Мен жасыл түстерді жақсы бағаға баладым,ал сары түсті кей жерді түсінбедім дегенге,ал қызыл түс мүлде түсінбедім дегенге баладым. Үшінші сабағымда оқушылар өздерін «Бағдаршам» арқылы бағалау кезі өте ерекше және қызықты болды. Себебі жасыл түспен өздерін бағалағандар,менің жолымда еш кедергі жоқ,яғни бәрін білемін,ал сары түспен бағаласа,әлі де болса даярлану керек,қызыл түске түскендер,мен тоқтап тұрмын,менде бір кедергі бар сияқты дегендей ұғымда болды. Сонымен сабақты бағдаршам арқылы бағалау кезінде, мен оқушының бойынан сенімділік қалыптастырдым. Одан әрі әр сабаққа белсенді,ықыласпен қатысады және сабақтың өте қызықты болып өтуіне атсалысады деп ойлаймын.
Бағалаудың бір түрі «Екі жұлдыз,бір тілек» және «Бағалау сэнвичі» секілді кері әсер парақтары. Мұнда оқушылар «Не білдім?», «Не үйрендім?», «Сабақ неліктен ұнады?» және «Келешекте сабақтың қандай болғанын қалайды?» деген өз ойлары жөнінді ұсыныстарын айтады, стикерге жазып іледі. Осы ұсыныстарды ойға ала отырып,келесі сабағымды әрі қарай түрлендіре отырып, оларды қызықтыратындай етіп өткізуге тырыстым. Оқушылар стикер парақшаларына өз ойларын, алған әсерлерін жазды.
Төртінші сабағымды өту барысында формативті бағалаудың «Басбармақ» әдісін қолдандым. «Жаңа сабақтан не білдің?», «Не үйрендің?» – деген сұрақтар қойып,саусақ белгілері арқылы «Мен түсіндім және басқаларға түсіндіре аламын» – десе (Бас бармақ жоғары қарай бағытталған), «Мен түсінбей тұрмын» – десе (бас бармақ жанына қарай бағытталған), «Ал мен мүлде түсінген жоқпын» (Бас бармақ төмен қарай бағытталған) бағалауды қолдандым. Сабақ барысында мен оқушыларды ынталандырып, мақтап мадақтап «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы құрыпсың»деген сөздерді көбірек айтып отырдым. Негізінен бағалау барысында оқушыны мақтап,көтермелеп отырудың маңызы аса зор деп ойлаймын.Себебі оқушы әрқашанда мақтағанды,мадақтап отырғанды жақсы көреді, сондай мақтауға лайық болуға тырысады. Сондықтан да үнемі баланы мақтап отыру керек. Одан соң жұмысының дұрыс жерлеріне тоқталып, дұрыс орындаған жерлерін атап көрсетіп, қателік кеткен тұстарын ұсыныс арқылы балаға жеткізіп отырсақ,онда балалардың сабаққа деген құлшыныстары арта түсетіндігі айқын.
Сонымен қатар төртінші сабақ кезінде сабақта бағалауды критерий құру арқылы қолдандым.Құрған критериімді плакатқа жазып тақтаға ілдім және оқушыларға түсіндірдім. Сабақтың әр кезеңі бойынша,сабақ соңында оқушылар өз білімдерін смайлик,бағдаршам түсі,жұлдызша,түрлі түсті стикерлер арқылы,плакатқа жабыстырып бағалау жүргізді. Бағалау критерий-дегеніміз ұсынылған талаптарға сәйкес,бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі,негіздемесі. Әр критерийдің дескрипторларыболады. Дескрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды [4].
Критерийлік бағалау – бұл оқушылардың айқын белгіленген білім жетістіктерін салыстыруға негізделген,білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгіленген өлшемдермен ұжымдық түрде жасалған,білімнің мақсаты мен мазмұнына,оқушылардың біліктілік жолының қалыптасуына ықпал етуші үрдіс.Критерийлік бағалау жүйесінің қызметі білім беру, бақылау, дамыту, тәрбиелеу, диагностикалау, үйлестіру болып табылады. Критерий арқылы бұл бағалаудың ерекшелігі, біріншіден оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын тудырады, екіншіден өз деңгейлерін анықтай алады, ал үшіншіден бағалауда әділдік жүреді.
Оқушылар үшін қызығушылық тудырған бағалаудың түрі «Блоб ағашы», «Блоб көпірі» және «Блоб сыныбы» секілді өзін-өзі бағалау парақшалары болды. Бұл парақшаларды мен әр сабақтың соңында пайдаланып отырдым. Өзін-өзі бағалауға арналған бұл бағалауды оқушылар ерекше бір сезіммен белгіледі десем де болады. Өйткені олар үшін бағалаудың бұл тәсілі жаңа тәсіл болып табылады. Бағалау парағын таратып берген кезде,мен оларға бұл бағалаудың ережесін түсіндіріп өттім,біраз мысалдар келтірдім. Олар бірден өздерін сабақта қалай жұмыс жасағандары туралы белгілей бастады. Бұл бағалау түрі балалардың алға ұмтылысын арттырады,сабаққа деген талпынысын тудырады.
Әр күнгі сабақта мұғалімнің жаңаша бағалау түрлерін қолдана білуі – сыныптағы оқушылардың танымдық,шығармашылық қабілетін, қарым-қатынысын, пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттырады деген шешімге келіп отырмын. Менің мектептегі іс-тәжірибие кезіндегі өткен сабақтарымда, формативті және жиынтық бағалаулар осылай көрініс тапты. Оқу процесін алға жылжыту, дамыту үшін мен бағалаудың әр түрлерін қолдану қажет деп ойлаймын. Сонда ғана біз оқыту және бағалауды бірін бірі толықтырып, оқу процесінде дұрыс қолданылып жатыр деп айта аламыз. Келешекте сабақтың сапасын жақсарту мақсатында бағалаудың формативті және сумативті түрлерін,сабақ беретін сыныптарда пайдалану керек екенін түсіндім. Ал сабақта бағалауды мен ғана емес, оқушылар өздері де білімдерін бағалап отырса,олардың білім алуға деген ықыласы,ынтасы,талпынысы және қызығушылығы одан сайын арта түсуіне көзім жетті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
[1], [2], [4] «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық». Үшінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. Астана. 2012 ж.
Глосарий. Әдістемелік құрал. 13; 32-беттер. Астана. 2012 ж.