БАЯНДАМА: «?АЗА?СТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫ? Т?УЕЛСІЗДІК ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ М?СЕЛЕЛЕРІ: ЖА?А Т?ЖЫРЫМДАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР»


БАЯНДАМА: «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ЖАҢА ТҰЖЫРЫМДАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР»
Экономика және ақпараттық технологиялар
колледжінің студенті Басықара Айсұлтан
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Маканова Динара Жұмабайқызы
«Қазақстанның Тәуелсіздігі бейбіт жолмен
келді. Бұл – азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған
азаматтардың қасиетті қанының өтеуі. Бұл – бүкіл
тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді
білмеген халықтың пейілінің қайтарымы»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақ тарихын зерделей отырып, ондағы шындықтар мен Тәуелсіздік жолындағы қазақ халқының сан қилы тағдырын, Тәуелсіздікке жету жолындағы жетістіктері айқындап көрсетіліді. Қазақстанның Мемлекеттік Тәуелсіздікке қол жеткізуі тарихымыздағы «Ақтаңдақтардан» арылуымызға және ұлттық рухани құндылықтардың қайта жаңғыруына жол айшты. Тәуелсіз Қазақ мемлекттілігі жағдайында, ұлттық санамызды жаңғыртып тарихи танымыздың көкжиегін кеңейту үшін бұл ғылыми жобада еліміздің болашағы жолында жасалынуы тиіс айқын игіліктер мен тарихи кекзеңдері, ата бабаларымыздың жүріп өткен жолдарын сараптап өркениетті еліміздің Тәуелсіздік тарихына баға берілді. Өткенді зерделеп болашаққа нық қадам басу арқылы еліміздің ертеңіне жаңа көзқараспен қарау, жаңаша бағалау тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Өмір диалектикасына жүгінсек, ғайыптан пайда болатын ештеңе жоқ: кешегі мен бүгінгі, бүгінгі мен ертеңгі - бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Тарихқа қиянат жүрмейді. Осыдан 550 жыл бұрын шаңырақ көтерген қазақ хандығының құрылғанынан бүгінгі күнге дейінгі аралықтағы тарихымыздың ақтаңдақ болып қалған жерлерін анықтап ақ-қарасын айыру, оны жас ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз! Шындап келгенде 1991 жылы Тәуелсіздікті жариялауымыздың түп-тамырында көптеген жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістер жатыр.
Қазақ халқы тарихтың ең ауыр өткелдерінен жүгі қанша ауса да аман өтті. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасымен Қазақ жерінде басталған дағдарыс бес жылдан кейін Кеңес Одағының ыдырауымен құлады. Желтоқсан ызғарында алаулаған жалын оты Желтоқсанда социалистік жүйенің күлін ғана қалдырды. Коммунистік идея тарих қойнауы сөресінен орын тапты. Алматы алаңында төгілген қазақ жастарының қаны зая кетпеді. Қасиетті қазақ жерінде де азаттықтың ақ таңы атты. Алаш зиялылары армандаған Тәуелсіз ел болдық. Ойдағымыз болды, ойлағанымыз келді. Ортамыз толды. Арманымыз орындалды. Тәуелсіздік алуымызда азаттық үшін күрескен әр буынның үлесі бар. Не дегенмен де аруақ ренжітпеген, азаттық үшін күресе білген елге ерте ме, кеш пе, бақыт құсы қонады екен. Бостандықтың буы қиындыққа қымсылтпай, кемшілікке алаңдатпай еңсені көтерді. Теңеуі жоқ қуанышымыз тауымыз шағылып, бетіміз қайтқан күндерді ұмыттырды. Алаш зиялылары, батырларымыз ұлтына, Отанына қалай қызмет жасау керектігін дәлелдеп берді. Ұлтын сүйді. Рухты шыңдады. Қазаққа көзсіз батырлық емес, ұлт болып бірігудің жолдарын ұсынды. Ел тарихы - әр адамның тағдыры, ұлттық рухтың бет пердесі. Осы уақытқа дейін қазақ тарихының запыранды жылдары жанды қинап келді. Шүкір қазір ол жылдар бірте - бірте тарихқа айналуда. Ал, тарихтың өз заңдылығы бар. Өсу, өну, өшу. Қоғам тарихтан дұрыс тағылым алса, даму үдерісі қарқынды болмақ. Ал керісінше, жайбарақаттық жасап, даму жүйесін бәсеңдетсе, өткен күндердің қасіретті қателіктерін қайталай береді. Тарихқа тағылым-болашаққа негіз. Еліміздің қалыптасу тарихын зерделеуді назардан тыс қалдырмауымыз қажет. Өйткені, өз ұлтының кешегі тарихын білмеген, болашағын ойламаған адамның қоғамнан дәрежелі орын алуы мүмкін емес! Кешегісін жоғалтқан, келешегіне несімен бармақ?! Өткенін мансұқ көрсе, өркені неден өспек?! Еліміздің болашағын бағамдау үшін төл тарихымыздың тағлымына жүгінуіміз керек. Жүздеген жыл бодандықта отырып, зердесінен айырылуға таяу қалған ел есін жиып, етегін жинағысы келсе, тарихтан басқа барар жері барма?! Сіз қалай ойлайсыз?
Біз қазақ деген, ежелден ұлы дала төсінде өскен ұлықты ұлтпыз, қонысы құтты халықтың ұрпағымыз! Қазіргі заманға, қоғамға – құлы, түрмесі болмаған, ұрысы мен қарысын сөзбен тәрбиелеп, рухани тазалықта, азаттықта өмір сүрген кездерімізді дәріптеуіміз керек. Қазақ хандығының тарихы - біздің Ұлы халық екендігіміздің айғағы. Әлем аренасында үсті бейіш, асты кеніш әлемнің тоғызыншы жер көлемін ұстап тұруымыз осы ата-бабаларымыздың күш-қуатының, рухының күшті болғандығының арқасында екендігін ұмытпайық! Қалай болғанда да біз, қамал бұзған батырлардың, топты жарған шешендердің, ел бастаған көсемдердің ұрпағымыз! Кезінде, социалистік идеология Кеңес Одағының дәуірінде қазақ халқының талғамын түбегейлі өзгертті. Ұлттың таным түсінігі сол кеңестік идеология шеңберінде шектелді. Көшпелі өмірден туған еркіндік қазақ үшін басқа елдердің құндылықтарын жылдам қабылдауға мүмкіндік берді. Кез келген қоғам өркениеттің белгілі бір формасын қабылдап жетістіктерге қол жеткізгенімен, өзінің құнды нәрселерін жоғалтатыны заңдылық. Кеңестер Одағының басқа ұлттарымен салыстырғанда қазақтар өздерінің салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын көбірек жоғалтты. Аумалы-төкпелі заманның көптігі қазақтың ұлттық санасын қилы - қилы кезеңдерден өткізді. Өзгеге кіріптарлық қазақ қауымын алтыбақан алауыз етіп, ауыл зардабын тарттырды. Осы жағдайдың барлығы қазақ тарихында ақтаңдақ болып қалды. Бірақ ұлттық рух әлсірегенмен тарихи сабақтастық үзілген жоқ. Әр ғасыр халыққа өмір ағысында сәтті кезең «Алыптар дәуірін» сыйға тартады. Біз де өз дәуіріміздің алыптары, алпауыттары болуымыз қажет. Қазақ тарихында XVIII ғасырда «жау жүрек» елім деп аттан түспенген батырларды сыйласа, XX ғасырдың басы зиялы қауым Алаш азаматтарын дүниеге әкелді. Рухани қажеттіліктің ұлттық болмысы тарих сахнасына итермелеуі де диалектикалық заңдылық. Бұл үдеріс халықтың бүгіні мен ертеңі сарапқа түскенде ар-намысты, білікті батыр жандарды жарыққа шығарды.
Тәуелсіздікті, бостандықты сақтау қашанда оңайға түспеген. Жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру, Қоқан, Хиуа хандықтарынан қорғану, Орыс отаршылығына қарсы күрес ұлттық ерекшеліктерді сараптап нығайтты. Отаршылдық күрестегі басты фактор ұлтшылдық. Ұлт болып қалыптасудың өзі тарихи дамудағы қажеттіліктің көрінісі. Осыған сай өмір сүру жүйесі, әдет - ғұрып, діл, мәдениет, дін, рух қалыптасады. «Ұлт» ұғымы, шындығында «мемлекет» деген ұғым баламасы. Қазақ отаршылдыққа түскенімен, қырылса да, ашықса да, ұлттық менталитетін, әдет - ғұрып, мәдениетін сақтап қала алды. Қазақтың қасиеті оның арлылығында. "Жаным- арымның садағасы"-деп арын, адамгершілік қасиетін бәрінен де жоғары ұстаған ұлт. Осы қасиеттің арқасында елдігін, бірлігін парасаттылықпен сақтай алды. Шалқайса тарихи шыңы бар, еңкейсе иен Елі бар қазақ арлылығының арқасында жерін де қорғай білді, ешқашан ұлын құл, қызын күңдікте ұстауға жол бермеді. Қазақ үшін, қандай жағдай болмасын Ұлт болып сақталып дамудың екі тірегі бар: оның бірі - жер, екіншісі - ана тілі. Жердің терең ұлттық мәні бар. Қазақ үшін жер қасиетті ұғым. Себебі, ол қазақтың ұлт болып сақталуы, тұтас қауымдастық болып қалыптасуының көзі. Тарих дегеніміз - өткеннің шындығы. Қазақ тарихы, Ұлт тарихы - халықтың өмір жолы, оның мұңы мен мақтанышы. Тәуелсіздігіміздің басы мың өліп, мың тірілген ата-бабалар арманында, бергісі Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Алаш зиялылылары, кешегі Қайрат, Ләззаттардың ерен еңбектерінің жемісі. Олардың ұлттық ұстанымдары, халықты әрқашан жігерлендіріп отырды. Сондықтан, бір нәрсені естен шығармауымыз керек. Қазақ ұлтының күші мен жігері ұлы мақсатқа бағытталғанда ғана идея болып қалыптасып, күшейіп жанданады. Ұлы мақсат- бұл ұлт болашағы. Әрқашан алдымызға ұлы мақсаттар қоя білейік. Ұлттық идеяны ешкім арнайы жасамайды. Ол стихиялы түрде жүздеген жылдарда біртіндеп қалыптасып, пісіп жетіледі. Оның негізгі ұлттық психологиялық және генеологиялық ерекшеліктерде жатыр. Қазіргі таңда біздер арзан ұранға ермей, ұшпа сезімге ерік бермей, не істесекте Елдің, халықтың, ұлт тағдырының қамы үшін бар күш-жігерімізді аямауымыз қажет. Ел қорғауда- қаймықпай жауға шапқан батыр бабаларымыздай, намысты, өр рухты Алаш арыстарындай болуымыз керек. Қазақтың намысы- ананың ақ сүті, аяулы алақаны, тәлім-тәрбиесі мен сезімінің құдыреттілігінде. Әлем тарихында, алпауыт ел деген атпен қалу үшін бізге ұлттық идея, ұлттық рух, мемлекеттік тіл, білімді азаматтар мен азаматшалар, саналы ұрпақ керек. Өткеннің асылдарын ұмытпай өркениетті нысана тұту - Қазақ халқының өмірлік ұстанымына айталуы керек. Ұлттық мүддемізді қорғауды мәдениет пен тілден бастауымыз керек. Мәдениет-мемлекеттің мәні, межелі мүмкіндігі. Ал, тіл- қазақ үшін жай өмірлік қажеттілік емес. Ол - өмір тынысы, әдет - ғұрып ерекшелігі. Ұлт болып қалыптасып, өсіп-өну, ұрпақпен рухани-сабақтастық байланысының негізі. Ана тілін білмеген адам - ұлттық мәдениетінен аулақ жан. Ұлттық тілі жоқ жерде, ұлт та жоқ. Ұлттық рух-ана тілінен бастау алатындығын ұмытпағанымыз жөн болар. Ұлттық психологиясы бұзылмаған елде ғана рухани байлықтар сақталады. Ұлтыңды, еліңді сүю ұлттық психология болмаған жерде өте күмәнді. Ананың әлдиімен, сүтімен бойыңа, санаңа кірмеген нәрсенің өміршең болуы екіталай. Ата-баба тарихы қандай жағдайда болмасын, келешек ұрпақ үшін аса тағылымды да қызықты дәуір болып қала береді. Өйткені ол барлық кейінгі жетістіктердің негізін жасайды! Адамзат тарихында не істелінсе де, Ұлттық мүдде үшін істеледі және істеліне береді деген ойдамын! Сонымен қатар Мемлекттік тілдің дәрежесі-ұлттық рухпен пара-пар. Қазақтың тілі дамымаса, болашақтың күні қараң, ұлттық сезімі солыңқы болмақ. Ал, ұлтшылдық болса мемлекеттің тірегі, мәдениеттің көзі. Ұлттық құндылықтар негізінде дамыған өркениет қана, өміршең болмақ. Тарихи сабақтастық, дәстүрлі ұлттық құндылықтар тәрбиеде орын алуы керек. Жас ұрпақ өз тарихының күнгейімен қоса көлеңкелі тұстары жөнінде шынайы ақпарат алып өспесе, ұлттық өнерден бейхабар болса, рухсызданып, жан-сарайы жараланып мәңгілік мүгедекке айналары сөзсіз деп білемін!
Қалай болғанда да Қазақ халқы тарихтың ең ауыр өткелдерінен жүгі қанша ауса да аман өтті.Қасиетті қазақ жерінде де азаттықтың ақ таңы атты. Алаш зиялылары армандаған Тәуелсіз ел болдық. Тәуелсіздік үшін төгілген қазақ жастарының қаны зая кетпеді. Ойдағымыз болды, ойлағанымыз келді. Ортамыз толды. Арманымыз орындалды. Не дегенмен де аруақ ренжітпеген, азаттық үшін күресе білген елге ерте ме, кеш пе, бақыт құсы қонады екен. Бостандықтың буы қиындыққа қымсылтпай, кемшілікке алаңдатпай еңсені көтерді. Теңеуі жоқ қуаныш - тауымыз шағылып, бетіміз қайтқан күндерді ұмыттырды. Қазақ жастарына насихат болсын ата-баба ерліктері. Намыстың атына мініп, рухтың туын көтеру, ата-баба тарихын, ұлттық мұратын дұрыс тани білетін адамдардың ғана қолынан келеді. Мінезді, намысшыл тектілер ғана болашақтың сара жолы үшін тәуекелге, құрбандықтарға бара алады. Тәуелсіздік жолы - ұзақ жол, талай ғасырлық ата-бабаларымыздың ерлік жолы. Қазақ - үшін тәуелсіздік пен бостандық өмір сабақтастығына айнала білді. Ұлттық рух көзін тарихтан іздеп, ежелгі заман жетістіктерімен сусындап, оны жаңа заман қажеттілігіне жарата білуіміз қажет.
Ұлттық мемлекет болмайынша , ұлттық құндылықтар сақталмайды. Ұлт ерекшелігі – өмір элексирі. Ұлылардың барлығы да ұлтын сүйген, нәр алып жетістіктерге жетті, жаңалықтар ашты.
Ұлт- Мемлекет- Тіл. Бұл ұғымдар бір-бірімен тығыз байланысты. Тамыры да мақсаты да бір қоғамдық құбылыс. Осы үш бәйтерек саланың бір-бірімен тығыздығы сондай олар тең дәрежеде байланысып, сабақтасып дамымаса қоғам өмірінде үлкен келеңсіздіктерге ұрынамыз. Мемлекет ұлттық болмайынша, сол мемлекет құрушы ұлттың діні жоғары деңгейде дамымайынша, қанша дамыдым дегенімен түпкі нәтиженің бұлдыр болары сөзсіз. Өйткені мемлекет құраушы ұлттың тілі қоғам тілі болмайынша ол сол мемлекетті мекендейтін басқа этнос өкілдерінің басын біріктіре алмайды. Бірігу- бейбіт заманда өмір сүрудің негізгі іргетасы. Бейбітшіліксіз қай қоғамда болмасын, диалектикалық даму процестері бұзылады. Яғни, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, бірігу, бейбіт өмір сүрудің басты құралы болып табылады. Ата- бабаларымыз армандаған мақсат- еліміздің Тәуелсіздігі еді, ол армандары орындалды. Қазақ халқының ұлттық санасы оянса деп шырылдап еді, оянды. Салт- дәстүріміз заманға сай жаңғырып жоғалмаса игі еді деп еді, қайта жаңғыруда. Халқымыз тамыры тереңге кеткен ата мұрасын ұмытпаса деп еді, қазағы ата мұрасымен қайта қауышты. Тарих тек әділетсіздіктен тұрмайды. Оның өз заңдылығы, өмір кілті, алмасуы болады екен. Барымызға ие болып, жоғалтқанымызды іздеп, қирағанымызды бүтіндеп, елімізді үлкен дәрежелерге жеткізіп, тәуелсіздік тұсында көш бастаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының арқасы деп білемін. Қазақы мәдениеттің дамуы ел тарихының маңызы! Мәдениетпен бірге ұлттық сана мен болмыс шыңдалып, ұлттық құндылықтарға некіз жасайды. Біз бүгін түрік мәдениеті емес, қазақ мәдениетінің мұрагерлеріміз! Біз қарашаңырақ иесіміз, көненің көзін сақтаушымыз.. Тарих- шындықта ғана тарих. Өткенді кемсіте де, былғанышқа батыра да алмайсың. Бүгінде Елбасымыздың салиқалы саясатының, саяси жүйесінің арқасында Еліміз әлемдік аренада елеулі орындарға ие болуда. Қазіргі таңда Қазақстанда нақтыланған ұлттық идеяны анықтауға мүмкіншіліктері жеткілікті. Ең бастысы жер тұтастығы, ұлт мұратының беріктігі. Бұл екі меже бізге ішкі және сыртқы іс-әрекеттерімізді батыл жүргізуге негіз бола алады. Ата-баба тарихи сабақтастығы мемлекет деңгейінде саяси дұрыс іс-әрекеттерімізді жүргізуге мүмкіндік жасайды. Тарихи сабақтастық болмаған жерде мемлекет мүддесінің орнын түрлі топтардың мүддесі иеленуі мүмкін.....
Жалпы қоғам дамуынан өзіне лайықты орын алуға ұмтылған халақ қана ұлт болып қалыптаса алады. Ал бұл үшін шекара мен ұлттық құндылықтар қажет. Елбасы жастарға үлкен сенім артады. «Болашақ жастардың қолында» деп елбасымыз айтқандай, бізге артылған сенім, ата-баба аманаты орындалуы тиіс. Біз жастар, қазақ халқы Ұлылардың ұрпағымыз, соған лайықпыз, әрдайым алда боламыз! Ұлы құндылықтарымызды қастерлеген ұтжанды ұрпақ болайық, жастар қауымы. Ұлтжанды болсаң ғана ұлылығың артады. Ұлтжандылық деген бұл ұлы сезім. Адамды ажарландырып, нұрландырып, жігерлендіріп жібереді. Қазіргі кезде халқымыздың саны аз.Сондықтан да біз ұлттың сапалы болуын ойлауымыз керек. Ол үшін нағыз білім болу керек, білімнің ұшан теңіз тереңіне бойлай білуіміз керек. Тарихтан Алаш азаматтары «Сегіз қырлы, бір сырлы» болғандығын білеміз, оның сыры- осы ұлтжандылық. Ұлттық намыс - ұлы құндылықтың қайнар көзі және шынайы Отаншылдықтың-соқыр махаббат немесе даңғаза ұрандау емес, елге деген ақ ниетпен адал әрекет. Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де батпаққа батырмай, құмға шашпай, өзге жұртқа қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жиған сөз байлығын, өнері мен жырын және ең басты құндылығымыз тұғырлы тәуелсіздігімізді бізге, тарту етті. Ең бастысы тәуелсіздіктің ақ таңы нұрын шашуда. Тас шайнап, құм жұтқан замандар артта қалды! Еліміздің игілігі үшін, қарыштап дамуы үшін көптеген игілікті істер жүргізіліп жатыр. Бүгінде Қазақстанның алдында орасан зор биіктер мен біршама міндеттер тұр. Солардың біріне тоқталсақ бес институционалдық реформаны дәйектілікпен жүргізу барысында өз мемлекетімізді нығайтудың басты құралы болып табылады. Еліміздің қарыштап дамуы үшін, Елбасымыздың сындарлы саясаты салихалы жұмыстар жүргізуде. Солардың бірі «Нұрлы жол болашаққа бастар жол», «Мәңгілік Ел», «100 нақты қадам», «Жасыл Ел» бағдарламалары болашақтың негізін құраудың басты негізі болып табылуда. Осының барлығы уақыттың сынынан абыроймен өтудің ілгері дами түсудің амалдары! Бүгінде мен Алаш идеясының басты нысандарын құрметтеймін және сол Алаш зиялыларының ұстанымдарын ұсынамын:
- Экономикада – жер мәселесі, жердің асты үстіндегі байлықтың иелігі, қазақ жерінде өндірілген бар зат қарапайым халықтыңкі;
- Руханиятта- қазақтың ана тілінің, дінінің, ділінің үстемдігі;
- Саясатта - замана жетістігін пайдаланып, салт – дәстүрді жоғалтпай, Жапония үлгісіндегі ұлттық демократиялық мемлекет құру.
Қорытындылай келе, Еліміздің өркениетті ел болып қалыптасуына Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, Мемлекеттік тілімізді дамыту, Салт –дәстүрімізді ұлықтап, Ұлылығымызды ұран ету, Парасатты шәкірт, білімді ұрпақ тәрбиелеу Еліміздің абыройын көтеруге септігін тигізеді. Қазақтың орны қайраңда, апан жағасында емес, шұрайлы, жазиралы кең далада, асқар тауда, асыл белде! Бұл заманда жылап мақсатқа жетемін деу-аш түйенің күйсеуі сынды дәрменсіздік. Сондықтан да еркін елдің ертеңі болу үшін елміздің көркеюіне, ұлтымыздың өркендеуіне, тіліміздің қарыштауына, дініміздің дамуына, салт-дәстүрімізідің дәріптелуіне, ұлттық сана- сезіміздің қалыптасуына аянбай еңбек етіп, тер төгуіміз қажет. Қашанда еліміздің патриот азаматы болып, көк туымызды әлем тұғырында желбіретіп, ел бірлігін бекем ұстап Қазақстанды әлемге танытайық! Біздің күшіміз бірлікте екенін ұмытпайық. Ел бірлігі-ең асыл қасиет. Сондықтан да, қасиетіміздің қадіріне жете білейік Отандастар!!!