М??гілік ел ?лтты? идеясы негізінде ?аза?стан тарихын тарихты? жа?а тол?ынында ?арастыра отырып о?ытуды? негізгі м?селелері. / Баяндама /


Иманова Ләйлә Тлебалдықызы
«Өкпеті» орта мектебі кмм
Мәңгілік ел ұлттық идеясы негізінде қазақстан тарихын тарихтың жаңа толқынында қарастыра отырып оқытудың негізгі мәселелері.
/ Баяндама /
Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында  еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік  болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың перзенті» деп нық басып айтты.
Құрметті әріптестер, мәңгілік ел – бірлігі берік ел дегенді білдіреді. Ал, осы бірлікке шақыру сонау  ІХ ғасырда өмір сүрген ұлы ойшыл  — Шығыстың Аристотелі атанған  —  Әл Фарабидің еңбектерінен бастау алады.
Жоғарыда атап, өткендей, Елбасының биылғы халыққа Жолдауында жарияланған,  жүрегімізге ерекше жылулық ұялатқан  «Ұлт идеясы – мәңгілік ел» деген  пайымдауды  «Мәңгілік ел ұлттық идеясы негізінде қазақстан тарихын тарихтың жаңа толқынында қарастыра отырып оқытудың негізгі мәселелері» тақырыбында өзекті мәселе қылып алдарыңызға тартып отырмын.
2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті»,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады
Мәңгілік Ел идеясы —қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады. Еуроцентристік көзқарас бойынша түркі тілдес халықтардың ынтымақтастығына деген сын айтушылар көп. Түркі интеграциясын Т. Рысқұлов пен М.К. Ататүрік бастаса, кейін нақты практикалық шараларды қолға алған ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шешуші саясаты өз жемісін берді.
Көне түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясы үш негізден тұрады: оның біріншісі — көне түркі жазба ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы, екіншісі — Әл-Фарабидің «Қайырымды қалада» философиялық шығармасында, әсіресе, бұл идеяның теориялық-методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі — Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты Білік» дастаны. Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйытқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айырылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі.Осының бәрі кейінгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгілік Ел» ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр. Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгілік Ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгілік Ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім — Әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды
ХХІ ғасырда ұлттық мәдениет пен өркениетті байланыстыра отырып жеке тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыру – қазіргі таңдағы өзекті мәселе. Бүгінгі таңда оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беруде халықтық дәстүрге негізделген батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрін насихаттай отырып, жан- жақты тәрбие жүйесін құру және тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән беріліп отыр.
«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыратын және оны одан әрі дамытатын бүгінгі жастар екені белгілі. Жастар осы ұлттық идеяны жүзеге асыру үшін өз Отанын сүйетін ұлтжанды, патриот болулары керек. Патриотизм біздің қазақстандық жастар үшін этностарды бөлшектейтін, жіктейтін, бір-біріне қарсы қоятын күш емес, керісінше, біріктіретін күш ретінде мойындалуы тиіс және олардың ментальдық болмысында қағида ретінде қалыптасуы қажет. Қысқасы, бүгінгі қазақстандық жастарды осы аталған позитивті бағытта тәрбиелеудің маңызы зор. Демек, «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру үшін креативті, шығармашылық сипатта ойлайтын «мәдениетті тұлғаны» қалыптастыру.
Сондай мақсатта оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыруда жергілікті жер материалдарының соның ішінде өлкені танып білудің өлкетанудың рөлі ерекше екені даусыз.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2006 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы жарияланды. Осыған байланысты оқушылар туған жердің тарихи мәдени ескерткіштерін әлеуметке насихаттау мақсатында ғылыми жұмыстар жазды.Бұл да өскелең ұрпақтың ғылымға деген және туған елге деген құрметі мен патриоттық сезімнен туындаған игі іс.
Маған бүгін керек емес ертегі,
Ертегіні балам өзі шертеді.
Тарих керек – іргетасы қазақтың,
Іргетассыз қаланбайды ертеңі - деп Қадыр Мырза Әлі атамыз айтқандай
тарихты білу – өзіңнің отбасыңның, әулетіңнің, туып өскен өлкеңнің тарихын білуден басталады . Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден бір саласы жас ұрпақты тарихтай отаншылдыққа , ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды». Өйткені ол бүкіл адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған тәжірибесін баяндайды.

Ғұлама ғалым, біртуар геолог Қ.И.Сәтбаев өзінің жүрекжарды жан тебірентерлік сөздерінің бірінде былай дейді: «Туған жердің тағдыры толғантпаған , ол туралы жаны тебіреніп ойланбаған жігітті қайтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес». Бұдан «жер– анаға» деген перзенттік құрметті көруге болады .
Келешек ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, өз халқының тұрмыс- тіршілігіне, тарихына көңіл аударудан басталады. Ендеше өз өлкеміздің , туған жеріміздің тарихын жас ұрпақтарға ұғындыру, ұстаздың шәкірт алдындағы басты парызының бірі.
Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды «Өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана- сезімі анағұрлым арта түсері анық. Себебі «өзгені тану үшін,алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Отан тарихын өлке тарихы арқылы оқыту маңызды болар еді. Ауылымыз тарихы ежелден келе жатқан тарихқа бай өлкенің бірі. Біз шәкірттерімізге тарихи білім беруде өз ауылымыздан ,өз өлкемізді зерттеуден бастадық.
Таңдау сабақтың мақсаты:-Өлкетану материалын оқыту арқылы оқушылардың бойына елдің тарихын оқып меңгерген тарихи сананы қалыптастыру;
-Туып өскен жерінің әр тасына деген сүйіспеншілігін, қоршаған ортаға деген көзқарастарын өзгерту;
-өлке тарихы туралы материалдарды жинақтап, зерттеп ,шығармашылықпен қолдана білу іскерліктерін дамыту,
Өлкетану курсын оқытудың міндеттері:
-Оқушының тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру
-Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру;
-Өлкенің тарихи ескерткіштерін қорғауға, шығармашылықпен жұмыс істеу жолдарын қамтамасыз ету;
-оқушылардың шығармашылықпен айналысуға, өз беттерінше білім алу дағдыларын қалыптастыру үшін ізденістік, зерттеушілік іс- әрекеттерге баулу.
Елбасымыздың Қазақстан-2050 Стратегиясында «біз өзіміздің ұлттық мәдениеті мен дәстүрімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып , қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болсада жинастыруымыз керек» деген ұсынысын басшылыққа ала отырып жүзеге асыру.
Өлкетану курстарында жергілікті жер материалдарын пайдалану кезінде күтілетін нәтиже:
-Оқушы бойында оқулықтан тыс материалдармен шығармашылық жұмыс істеу қажеттілігі пайда болады.
-Оқушылардың туған өлкеге қадір құрметін оятып,сол арқылы туып өскен өлкеге сүйіспеншілігі оянады
-Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.
-Оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, оларды күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды.
«Өлкетану өзінің туған жерінді аялауды, сүюді ғана үйретіп қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке деген қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді»,- деп академик Лихачев Д.С. айтқан екен.
Тарихи даму, кез келген халық өзінің ұлттық мәдениетін дамытуда өзінің өткен тарихи кезеңдеріне, олардың ішінде жетістіктеріне ұлттық ерекшеліктеріне, қоршаған ортасы мен уақыттың бар жақсы үлгілеріндамытуға тырысады. Сондықтан әр тарихи мұрағат бұл белгілі бір тарихи оқиғаның куәгері, халық қолөнерінің жемісі.
Әр сабақта жергілікті жердің компоненттері жәйлі мағлұмат пайдалануда,бұл пәнді оқу дегенің –елі мен жерін танудың, оны қорғаудың, болашақ ұрпаққа сақтаудың басы екендігін, ол дегенің әр азаматтың борышы екендігін ұғындыруда белгілі жазушы Оралхан Бөкейханов «тарихтың әр тарауында бір-бір ата тарихы бар» деп үлкен ой айтқан болатын. Біз жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиетті ата бабаларымыздың бізге қалдырған мұраларымен таныстыру, оның тарихын оқыту арқылы сіңіруіміз керек. Өлкемізде кездесетін әр тарихи құндылықтар мәселен Қабанбай мен Боранбай батырлардың ізі қалған жерлер арқылы оқушыларды елге,туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Мектепте өлкетану туралы білім алу, мынадай маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі.
-Әр оқушы өзі туған жеріндегі мәдени құндылықтардың жоғалып кетпеуіне жағдай жасайды
-Туған өлке тарихына деген қызығушылықтарын арттырады
-Ел тарихының бастауы жергілікті жер тарихынан құралатынын ұғынады.
Мұғалім –туған өлкені танудағы ғылымға жол ашушы, соған бағыттап бейімдеуші .Оқушы –ізденуші, кейінгі іні-қарындастарына тарихтың жаңа қырын ашушы.
Оқушыларды ынталандыру, тарихи білімдердің құндылықтарын түсіндіру, ал оларды меңгеру үшін қосымша материалдардың маңызы зор. Осы қосымша материалдардың негізгі көзі –жергілікті жер материалдары.
Үш төбе өңірінің ата тарихы әріден басталады, бұл қасиетті мекен. Құрсағынан небір тарихи тұлғалармен талантты ұл – қыз өрбіткен бұл мекеннің тарихы мол.
   Қазіргі кезде өлке тарихы ауыл ақсақалдарының ауызша айтуымен ғана танымал тарихы бар. Бірен – саранды ауыл азаматтарының жазбаларында ғана кездеседі.
Туған өлкенің тарихымен танысу, зерттеу үшін үйірме жұмыстары мен факультатив сабақтарын өткізудің маңызы зор . Мен өзім өткізетін «Өлке тарихы» таңдау сабағының жоспарына мысалға жергілікті жердің тарихи атауларына (Қабанбай шаты, Доланқара,Майлышат,Бабалар зираты,Қойтас үңгірі тб ), осы жерден шықққан тұлғалар (Ережеп Итбаев, Жәкулә Күшікұлы, т.б) , жергілікті жер –су аттарының тарихы туралы тақырыптар енгіздім.
    Сонымен қатар өз топырағымыздан нәр алған тарихи жәдігерлерді олардың ел арасына тараған деректерді жинақтауға арналған.Атқарылатын жұмыс түрлері
Ауыл маңындағы тарихи атауы бар жер су аттары туралы материал жинақтау
тарихи өлкетану қоғамын құру
ауыл маңындағы жерлерге саяхаттар ұйымдастыру
мектептегі мұражай материалдарын толықтыру
өлкетану тақырыбында конференция, пікірталас ұйымдастыру
ауылымыздың тарихы туралы жазбаларды жинақтап, ғылыми жоба қорғау,шағын кітапша шығару.
  Кәсіптік білім беру саласында жаппай интеграциялану үрдістену белең алуда. Сонымен қатар рухани бағыттағы саналы ізденістер – сапалы өзгерістер әкелуде. Талғам түрленген сайын таным түзеліп келеді. Олай дейтініміз бүгінгінің табалдырығын аттағанша ертеңгінің есігі ашылуда... Ал өткенді жандырып, өшкенді жаңғырту әрбір саналы азаматтың абыройлы борышы.
   Сондықтан да ата – бабаларымыз табыс етіп қалдырған киелі жерімізбен сәулет салттарымызды жас ұрпақ бойына сіңіру елдігіміз деп білемін.
   Үш төбе өңірінің ата тарихы әріден басталады, бұл қасиетті мекен. Құрсағынан небір тарихи тұлғалармен талантты ұл – қыз өрбіткен бұл мекеннің тарихы мол.
   Қазіргі кезде өлке тарихы ауыл ақсақалдарының ауызша айтуымен ғана танымал тарихы бар. Бірен – саранды ауыл азаматтарының жазбаларында ғана кездеседі.
    2014-2015 оқу жылында аудандық «Зерде» жас зерттеушілер сайысында өлкетану бағыты бойынша Жанарбекова Асылжан осы ауыл тарихындағы қазақ –жоңғар соғысындағы атауларға қатысты жоба қорғап бірінші орын иеленді.
Бұл зерттеу жұмыс «Туған өлке – тұнған тарих» деп аталды. Зерттеу жұмысымыз өз ауылымыздың табиғаты мен тарихи жер атаулары, елдің шежіресі жайлы болды.
Биылғы оқу жылында Астана қаласындағы «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығында өткізілетін ІІІ республикалық «Жас ғалым» атты оқушылар сайысына жұмыс жіберіліп «Ғылымға деген құштарлығы үшін» номинациясының жүлделі І орынды иеленді.
Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз!

Пайдаланған әдебиетттер тізімі:
1. Тағлым. Егізбаев Қарпық. (52- 68 б)
2. Найман тоқабай шежіресі. Алматы 2005 ж (59-69б)
3.Қазақстан тарихынан әңгімелер оқулық . Атамұра 2010ж. (114-117б)
4.Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары. Оқу құралы. – Астана. – 2001. (120б)
5.Алтынбаев К. Жұмағанов Е. Ақсуат /Тарихи – деректі басылым / Алматы: Ер – Дәулет, - 1998 ж. (100б)
6.Қазақстан тарихы әдістемелік журнал . 10. 2013ж (61-65 б)
7. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. — Алматы, «Жібек жолы» баспа үйі, 2010. — 232 бет.
8. Президент Жолдауы 2014 ж