Разработка : Кинетикалы? энергия (7-класс)


Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергияларыСабақтың тақырыбы: §53 Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергияларСабақтың мақсаты:
а) Білімділік мақсаты: Оқушыларға физикалық шама энергия туралы толық мағлұмат беру, оқыту.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой қорытуды пайдалана білуге үйрету. Энергияны талдау, түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.
б) Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың танымдық және практикалық іс - әрекетте дұрыс әдіс - тәсіл жасауға үйрету. Энергияның өмірдегі мәні мен қолданылуын есептеуге үйрету, энергияны үнемдей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ұжымдық жұмыс. Оқушылар өздерінің алған білімдерін практикада, есептер шығаруда қолдана білу.
Сабақтың әдісі: сыни тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны физика пәнінен оқытуда қолдану, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, тірек сызба, деңгейлік тапсырмалар Сабақтың барысы: Жоспар: сабақ жоспарын блок - схема түрінде құрдым.
Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергияларыI саты. «Білемін»
1. Ұйымдастыру бөлімі2. Үй тапсырмасын сұрау.
а) сұрақ - жауап жүргізуII саты.«Білгім келеді»
3. Жаңа сабаққа кіріспе.
ә) Жаңа сабаққа ой тастау.
4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.
б) Жаңа сабақты түсіндіруIII саты.«Білдік»
5. Жаңа сабақты қорытындылау.
г) Оқулықпен жұмыс, есептер шығару.
д) бекіту сұрақтары6. Үйге тапсырма7. Бағалау.
I саты. «Білемін»
1. Ұйымдастыру бөлімі а) Оқушыларды түгелдеп, журналға белгілеу; ә) Оқушы көңіл - күйін бағыттау, сабаққа деген ынтасын ояту; б) Сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру; Ұйымдастыру бөлімінде интерактивті тақтамен сабақ жоспарын түсіндіру.
2. Үй тапсырмасын сұрау а) Сұрақ жауап жүргізу 1. Қуат дегеніміз не? Жауабы: қуат – жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын физикалық шама.
2. Қуат бірлігі қалай аталады және қай ғалымның есіміне берілген? Жауабы: Бұл бірлікті бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ғалымы Уаттың құрметіне ваттт (Вт деп белгіленеді) деп атайды.
3. Жұмыстың формуласы, өлшем бірлігі. Жауабы: A= F*s Джоуль - Дж
4. Жұмыстың нақты екі белгісі қандай? Жауабы: оның біріншісі - денеге әрекет ететін күш, ал екіншісі - дененің сол күш әрекетінен орын ауыстыруы. Осы екі белгі қатар орындалғанда ғана жұмыс атқарылады.
5. Қысымның анықтамасы, формуласы. Жауабы: қысым - бетке перпендикуляр әсер ететін күштің осы беттің ауданына қатынасына тең шаманы айтады. P=F/S 6. Қуаттың үлестік және еселік бірліктері қандай? Жауабы: киловатт (кВт), мегаватт (МВт), милливатт (мВт), микроватт (мкВт). 7. Қуатты қалай есептеуге болады?
Жауабы: Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек: N= A/t 8. Жұмыстың джоульден басқа қандай үлестік және еселік бірліктерібар? Жауабы: килоджоуль (кДж), миллиджоуль (мВДж), микроджоуль (мкДж).
9. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал10. Паскаль заңы қалай тұжырымдалады?
11. Гидравликалық машиналар дегеніміз не?
12. Паскаль заңын қатты денелерде қолдануға болама?
13. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігіне не алынады?
14. Адамның қан айналым жүйесіндегі қысымды өлшейтін құрал?
15. Архимед күші дегеніміз не?
16. Денелердің жүзу шарттарын тұжырымдаңдар.
17. Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған құрал.
18. Үйкеліс күшінің түрлері қандай?
II саты. «Білгім келеді» 3. Жаңа сабаққа кіріспе. ә) Жаңа сабаққа ой тастау.
4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі§ 53. Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергияларыЗаводтар мен фабрикалардағы станоктар мен машиналар жұмыс істеу үшін, оларды электр двигатальдері қозғалысқа келтіруі керек, ал электр двигательдері электр энергиясын жұмсайды. Автомобильдер мен самолеттер, тепловоздар мен теплоходтар жанғыш отын энергиясының, гидротурбиналар биіктен құлап аққан судың энергиясын жұмсау арқылы жұмыс істейді. Біз өзіміз өмір сүріп, жұмыс істеу үшін өз энергиямыздың қорын тамақ арқылы ауық - ауық жаңар тып толықтырып отырамыз.
«Энергия» терминін 1807 жылы ағылшын ғалымы Юнг енгізген, грек тілінен аударғанда «қозғалыс» дегенді білдіреді. Энергия – ішкі, жылу, ядролық, механикалық болып бөлінеді. Біз бүгін сіздермен механикалық энергиямен танысамыз. «Энергия» деген сөз күнделікті тұрмыста да жиі қолданылады. Мысалы, көп жұмыс істей алатын адамдарды энергиясы, мол, қайратты адамдар деп атаймыз. Энергия дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап беру үшін мысалдар қарастырайық. Сығылған серіппе жазылғанда жұмыс істей алады, мысалы, жүкті көтер алады немесе арбаны итеріп қозғалтады. Жоғары көтеріліп қойылған қозғалмайтын жүк жұмыс істемейді, бірақ егер сол жүк төмен түссе, онда ол жұмыс істейді (мысалы, қазықты жерге қағып жібере алады). Әрбір қозғалыстағы дененің жұмыс істей алатын қабілеті бар. Мысалы, көлбеу жазықтықтан домалаған А болат шар В ағаш цилиндрге соғылып, оны біраз жерге жылжытады. Бұл жағдайда жұмыс істеледі. Егер бір дене немесе өзара әсерлесетін бірнеше дене жұмыс істей алатын болса, онда оларды, энергиясы бар деп айтылады. Энергия - бір дененің қандай жұмыс істей алатындығын көрсететін физикалық шама. Энергияны да жұмыс бірліктерімен, яғни джоульдармен өлшенеді.