5 сынып?а арнал?ан тест тапсырмалары


5 сыныпқа арналған тест тапсырмалары
1.Төмендегі синоним бола алатын сөздерді табыңыз.
А) Ақырын, жылдам, сынып
Б) Әдемі, дала, тез
С) Төмен, жақын, жылдам
Д) Жылдам, шапшаң, тез
Е) Ақырын, төмен, биік
2. Асты сызылған сөздің антонимін табыңыз. Жаңа жерге қоныстанған бай екі кедей жігітке құдық қаздырды.
А) Көне
Б) Ескі
С) Тозған
Д) Көмескеленген
Е) Мардымсыз
3. Сөйлемдерді мағынасына қарай толықтырып, сәйкестендіріңіздер.
1 – Мен ерте .................... барамын. а оқушы
2 - Сен ............ сыныпта оқисың. б мектепке
3 – Біздің сыныпта жиырма бес ............ бар. с тоғызда
4 – Бірінші сабақ ............... басталады. д інісің
5 – Ол ................... мектепке апарды. е алтыншы
А) 1- д, 2-е, 3-а, 4-б, 5-с
Б) 1-б, 2-с, 3-д, 4-а, 5-е
С) 1-б, 2-е, 3-а, 4-с, 5-д
Д)1-е, 2-а, 3-с, 4-е, 5-д
Е) 1-а, 2-б, 3-с, 4-д, 5-е
4. Дара сын есімді көрсетіңіз.
А) Екі бала далада ойнап жүр.
Б) Мамырдың жиырма бесі соңғы қоңырау.
С) Біздің сыныпта он үш ұл бала бар.
Д) Менің атам жетпіс бес жаста.
Е) Мен аялдамада қырық үшінші автобусты күтіп тұрмын.
5. Төмендегі сөздердің ішінен қатаң дауыссыздарды табыңыз. Дұрыс әріпті бояңыз.
1- Мейрам А
2- Жұлдыз Б
3- Шарайна С
4- Диірмен Д
5- Қарақат Е
6. Сы, сы, сы
Әжемнің ыдысы – бұл екі жолды өлеңде қай әріп қайталанып тұр.
А) «Ә» - жуан
Б) «Ы» - жуан
С) «І» - жіңішке
Д) «Е» - жіңішке
Е) «Ы» - жіңішке
7. Төменде берілген жұмбақтың жауабын табыңыз және асты сызылған есімдіктің түрін көрсетіңіз.
Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
А) Қалам, сұрау есімдігі
Б) Дәптер, жіктеу есімдігі
С) Сызғыш, сілтеу есімдігі
Д) Кітап, өздік есімдігі
Е) Күнделік, жалпылау есімдігі
8. Төменде көрсетілген мәтіннен сөйлеу мүшелерінің қайсысы қатысты көрініс болмағанын табыңыз.
Келе жатып айналаны шолып өттім. Құстардың бұлбұлдай сайрағаны қатты ұнады.Жаңбырдан кейінгі иіс қандай керемет. Досым екеуіміз құстарға арналған ұя жасадық.
А) мұрын
Б) көз
С) қол
Д) құлақ
Е) ауыз
9. Сөздердің аудармасын дұрыс табыңдар.
1 бауырмал а традиция
2 ақылшы б дружный
3 дәстүр с сердечный
4 тату д книга
5 кітап е наставник
А) 1-е, 2-с, 3-д, 4-б, 5-а
Б) 1-с, 2-е, 3-а, 4-б, 5-д
С) 1-б, 2-е, 3-д, 4-а, 5-с
Д) 1-а, 2-б, 3-с, 4-д, 5-е
Е) 1-д, 2-с, 3-а, 4-е, 5-б
10. Сөйлемдегі сөздердің дұрыс орнын табыңыз.
1- Өте 2- тұрады 3- менің 4- тату-тәті 5-отбасым
А) 2, 3, 1, 5, 4
Б) 1, 3, 4, 5 ,2
С) 3, 2, 1, 2, 5
Д) 5, 1, 3, 4, 2
Е) 3, 5, 1, 4, 2
11. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар.
А) 42
Б) 45
С) 40
Д) 38
Е) 43
12. Сызбаны толықтыр.
Буынның түрлері
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- ----------------------------------------------------------------------------------------------------
А) ашық, тұйық, қатаң
Б) тұйық, бұйрық, бітеу
С) қатаң, ұяң, үнді
Д) жуан, ұяң, бітеу
Е) ашық, тұйық, бітеу
13. Буынға дұрыс бөлінген сөздерді табыңыз.
А) ше – бер- хан – ада
Б) ше – бер – ха – на - да
С) шеб – ер – ха –на – да
Д) шеб – ер – хан – а – да
Е) ш – е – бер – хан – ада
14. Төмендегі төркөздерде үш түрлі сөз табынының мысалдары заңдылықпен жазылған.
Қалам Елу бес жылдам
Дәптер Жиырма екі көркемм
Сызғыш Сексен көкшіл
Қарындаш Он үш ?
Сұрақ белгісінің орнына қойылуы тиіс сөзді табыңыз.
А) Елу бес
Б) Қарындаш
С) Білімсіз
Д) Отыр
Е) Нешеу
15. Тәуелдік жалғауының II жағында тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Баламын
Б) Баласы
С) Баламыз
Д) Балаң
Д) Балалар
16. Оқушы деген сөзге көптік жалғауын жалғаңыз.
А) – дар
Б) – тар
С) – ны
Д) – лар
Е) – дан
17. Берілген есептің жауабын шешіп, қатаң дауыссызды табыңыз.
12 + 8 + 9 + 6 + 5= ?
А) отыз тоғыз
Б) жиырма бес
С) қырық
Д) тоқсан
Е) отыз бес
18. «Әдемі» , «сұлу» , «көркем» , «әсем» , «көрікті» деген сөздер қандай сөздер?
А) омоним
Б) көп мағыналы
С) антоним
Д) туынды
Е) синоним
19. Төмендегі сан есім мен зат есім тіркескен сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) Келе жатыр
Б) Қызыл көйлек
С) Ақырын жүр
Д) Үй жануарлары
Е) Жиырма бес оқушы
20. Төмендегі торкөздердің ішінен ұяң дауыссыздарды көрсетіңіз.
1 –ш –б
2 – а –у
3–с –з
4 –л – й
5 – ж – т
А) 5
Б) 3
С) 4
Д) 1
Е) 2

21. Төменде көрсетілген есімдіктің түрлері дұрыс белгіленген бе?
1- жіктік, сілтеу, сұрау, өздік, жалпылау
2- жалпылау, қатаң, өздік, ұяң, үнді
3- сұрау, жіктік, тәуелдік, септік, көптік
4- тәуелдік, септік, көптік, сұрау, жіктік
5- жіктік, сілтеу, жіктік, тәуелдік, қатаң
А) 2Б) 4
С) 5
Д) 3
Е) 1
22. Туынды сын есімді көрсетіңіз.
А) Бүркіт
Б) Тасбақа
С) Көрікті
Д) Көйлек
Е) Тоқсан
23. Жануарлардың мінезін табыңыз.
Қоян Түлкі Ит
А) Сақ, айлакер, төзімді
Б) Қорқақ, әнші,айлакер
С) Қырақты, сақ, ақылды
Д) Ақылды,айлакер, төзімді
Е) Қорқақ, айлакер, ақылды
24. Сан есімнің неше түрі бар.
А) 5
Б) 4
С) 6
Д) 2
Е) 7
25. Етістік дегеніміз не?
А) заттың қимылын білдіретін сөздер
Б) заттың атын білдіретін сөздер
С) заттың түсін, дәмін білдіретін сөздер
Д) заттың санын білдіретін сөздер
Е) есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер