Сауат ашу п?нінен 1 сынып?а арнал?ан саба? жоспары Отбасы. Отбасы м?шелері


Сабақтың тақырыбы: Отбасы. (Сөз).Сабақтың мақсаты:Дамытушылық: Оқушылармен отбасы жөнінде әңгімелесу, олардың отбасындағы баланың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту;Тәрбиелік: Оқушыларды өзара сыйластыққа тәрбиелеу.Сабақ түрі: аралас сабақӘдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілікКөрнекілігі: суреттер, отбасының суреті.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың сабаққа зейіндерін аударамын.Сабаққа қажетті оқу - құралдарын дайындатамын.Баланың партада дұрыс отыруын қадағалаймын.ІІ. Өткенді қайталау:Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған ұғымдарын, түсініктерін пысықтау. Астана қаласы туралы әңгімелету. Қазақстанның қалалары туралы сұраймын.Сергіту сәтіКөжегім тұршы,Бетіңді жушы.Айнаға қарашы,Шашыңды тарашы,Киіміңді киші,Мектепке қарай жүрші.Орныңа отыршы,Сабағыңды оқышы.ІІІ. Жаңа сабақ:Кіріспе әңгіме.Оқулықтың 8 - бетіндегі суреттерді тірек ете отырып, оқушыларды әңгімеге тарту. Оқушылардың ынтасын арттырып, қызығушылығын ояту үшін мынандай өлең жолдарын оқып беремін.Анаң - үнің жүрегіңӘкең - өмір тірегіңСен - бақытты ұлансыңБәрі саған қуансын.Әжең - асыл ардағыңАтаң - дана қорғаныңСен - бақытты ұлансыңБәрі саған қуансын.Оқулықпен жұмыс:Оқулықтағы суреттер бойынша оқушыларға сөйлемдер құратамын. Әнұранды жатқа айтқызамын.Дәптермен жұмыс:Оқушыларға дәптердің партада қалай орналасатыны туралы айтып, түсіндіру. Жәй қарындашты және қаламды қалай пайдаланып, қалай ұстау керектігін айту.Дәптерде берілген суреттерді боятамын.Дәптердің 4 - бетіндегі тапсырмаларды орындау. Жазу жұмысы кезінде оқушылардың саусақтарын шынықтыру.«Менің туыстарым» ойынын ойнатамынОлардың қызметі, тұратын жері туралы әңгімелетемін.ІҮ. Сабақты қорыту:Оқушылардың орындаған жұмыстарының дұрыстылығы мен ұқыптылығына қарай сәйкес белгілерді боятамын.Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қоямын.Бүгінгі сабақтан қандай білім алдың?Нені үйрендік?Ү. Үйге тапсырма: Суреттермен жұмыс жасау.ҮІ. Бағалау - мадақтау: