4-сынып о?ушыларына арнал?ан математика п?нінен тест ж?мыстары


Математика пәнінен 4-сыныпқа тест I-нұсқа
1. Ересек адамның жүрегі 1 минутта 5 л қан айналдырса, 1 сағатта неше литр қан айналдырады. 1 тәулікте ше?
А) 200л, 4800л В) 300л,7200л С)400л, 9600л Д) 500л,12000л
2. 7 рет жуған соң сабынның ұзындығы ,ені және биіктігі екі есе кішірейді. Сабынның қалған бөлігімен неше рет кір жууға болады?
А) 5рет В) 1 рет С) 2рет Д) 3 рет
3. 9222:174+25 (675-в)-2301:177 мұндағы в=249
А)10600 В) 50650 С)10690 Д)10960
4. Тік төртбұрыштың қабырғалары 16 см және 5 см-ге тең болса, ауданының екіден бір бөлігі нешеге тең?
А) 20см2 В) 40см2 С) 21см2 Д)80см2
5. Бала үй тапсырмасын 1 сағ 20 минутта орындады. Барлық уақыттың ¼ бөлігінде ол тақпақ жаттады. Ол тақпақты неше минутта жаттады?
А)20 минутта В) 30минутта С)50 минутта Д)40 минутта
6. (744698-21707)3-297863 өрнегінің мәнін тап
А) 240997 В) 2168973 С)722991 Д)1871110
7. Тіктөртбұрыш пішінді бақшаның ауданы 1 га 35 ар, ал оның ені 90 м. Бақшаның ұзындығын тап.
А) 150м В)143 м С) 500м Д)1430м
8. Өлшемі 4 м, 28 м, 12 м тік бұрышты параллелепипед пішінді бассейндегі судың көлемін тап.
А)1200м3 В)1244 м3 С)1344м3 Д) 1354м3
9. 1 қараторғай балапаны 3 айда 8 мың жәндік жейді. Ұяда 5 балапан болса, неше жәндік жейді? 5 ұядағы балапандар неше жәндік жейді?
А) 40000, 200000 В)10000, 370000 С)2000, 200000 Д)200, 30000
10. Теңдеуді шеш: 630: х =1370-1300
А)309 В) 60 С) 9 Д)390
11. Бөшкеге суды толтырғанда 3170 кг болды, ал суға жартылай толтырса 1870 кг болады. Сонда бөшкенің өз салмағы қанша?
А) 1300 В) 730 С) 2600 Д) 570
12. Ауылдан бір мезгілде қалаға қарай автобус пен жеңіл машина жолға шықты. 3 сағаттан кейін олардың арақашықтығы 75 км болды. Жеңіл машинаның жылдамдығы 85 км/сағ болса,автобус қандай жылдамдықпен жүрген?
А) 75 км/сағ В) 110 км/сағ С) 60 км/сағ Д) 70 км/сағ
13. 1 тоқылдақ күніне 900 жәндік жесе, 1 айда неше жәндік жейді?
А) 3000 В) 270 С)30000 Д)27000
14. Өрнектің мәнін тап: 22987-30872:44+(932748-19809)
А) 22483 В) 912939 С)504 Д)935422
15. Жер телімінің ауданы 156м2, ені 12 м. Оның периметрін тап.
А) 70м В)50м С)60м Д)80м
16. Екі ұшақ бірдей жылдамдықпен ұшты. Ұшақтардың бірі әуеде 6сағат, екіншісі 9 сағат болды және біріншісінен 2400 км артық ұшты. Ұшақтар бірінен-бірі қарама-қарсы екі бағытқа ұшқан болса, қазір олардың арақашықтығы қандай?
А)120км В)12000км С) 210км Д)21000км
17. Тік бұрышты параллелепипед тәріздес су қоймасының ұзындығы 38 м, ені 15 м, ал көлемі 1710м3. Су қоймасының тереңдігін тап.
А)570м В) 30м С)5м Д)3м
18. Саят кітаптың 24 бетін оқығанда, Торғын кітап оқуды жаңа бастады. Торғын бір күнде 18 бет оқи алады, ал Саят 12 бет оқи алады. Неше күннен кейін қуып жетеді?
А) 4 В) 6 С) 8 Д) 5
19. Теңдеуді шеш: 14400: (270-х)+520=680
А) 180 В)160 С)90 Д)1800
20. А пунктінен В пунктіне қарай 23 км/сағ жылдамдықпен велосипедші шықты. Онымен бір мезгілде В пунктіне қарай 19 км/сағ жылдамдықпен екінші велосипедші шықты. Біріншісі В пунктіне келгенде, екіншісіне әлі де жүруге тиісті 24 км жол қалды. Екі пункттің арасы қандай?
А)124 км В) 114км С) 252км Д)138км
21. Сүтке толған бидонның массасы 32 кг, сүтсіз салмағы 2кг . Сүтке жартылай толған бидонның салмағы қандай?
А) 15 кг В) 17кг С) 34 кг Д) 64кг
22. Оқушы бір сан жасырды. Ол саннан 27 азайтса, содан кейін айырманы 2-ге көбейтті, сонда 144-ке тең сан шықты. Оқушы қандай сан жасырды?
А)104 В) 72 С) 99 Д)135
23. Ұзындығы 8м, ені одан 2 есе қысқа, ал биіктігі енінің ½ бөлігін құрайтын бөлменің көлемін есепте:
А) 32м3 В) 64м3 С)60м3 Д)16м3
24. Әрбір келесі цифры алдыңғысынан 2 есе артық болатын үш таңбалы бірнеше сан жаз. Осындай неше сан жазып көрсетуге болады?
А) 2 В) 3 С) 4 Д) шексіз
25. Санның сегізден бір бөлігі 420 және 500 сандарының қосындысына тең. Бұл сан неше?
А) 7360 В) 115 С)3860 Д) 920
26. Есепте: 3ай12тәул + 5ай15тәул - 4ай23тәул
А) 5ай4тәул В) 4ай 4тәул С) 3ай 5тәул Д) 3ай 4 тәул
27. Егер бөлгіш 7 болса, онда мүмкін болатын қалдықтар саны:
А) 6 В) 8 С) 5 Д) 7
28. Бірлігінің цифры ондығының цифрына тең болатын барлығы неше төрт таңбалы сан бар?
А)9000 В) 1000 С) 900 Д) 10000
29. 2, 0, 1 және 4 цифрларының көмегімен, бір цифр екі рет қайталанбайтындай етіп екі екі таңбалы сан құралған. Көбейтіндісінің мәні ең үлкен болатын, екі санның қосындысын табыңыз.
А) 34 В) 61 С) 52 Д) 16
30. Егер айырма азайғыштан 111-ге кем болса, онда азайтқыш неге тең?
А) 111 В) 1111 С) 11 Д) 11111

Математика пәнінен 4-сыныпқа тест II-нұсқа
1. Тоғыз адам тоғыз минутта тоғыз балмұздақ жеді. Он адам он минутта неше балмұздақ жеуі мүмкін?
А) 8 В) 9 С)3 Д) 2
2. Балалар өзеннен балық аулап келді. Олардың әрқайсысы бірдей ,барлығы 121 балық ұстады. Балық аулауға неше бала барды?
А) 8 В) 9 С) 10 Д)11
3. Өрнектің мәнін тап: 11461: ( 979-а)-( 3843+759):177 мұндағы а=822
А)587 В) 47 С)9 Д)822
4. Тіктөртбұрыш тәріздес учаскенің ені 150м, периметрі 900 м. Учаскенің ұзындығы мен ауданын тап.
А)300м,45000м2 В)600м, 5000м2 С)200м,450м2 Д)300м,600м2
5. Биыл 1т күзем жүн қырқылды. Оның бестен бір бөлігі текемет басуға, 225 килограмы көрпе тігуге жұмсалды. Қанша жүн қалды?
А)770кг В) 570кг С)424кг Д)575кг
6. Амалдарды орындап, мәнін тап: 841218: (186002-185948)
А) 23553 В)2804 С)25236 Д)2523
7. Бақшаның ұзындығы 60м, ал ені одан 24м қысқа. Бақшаның ¼ бөлігі алма ағаштары, қалғаны шие ағаштары. Алма ағаштары шие ағаштарына қарағанда қанша квадрат жерді кем алып тұр?
А)2160м2 В)540м2 С)720м2 Д)1080м2
8. Арман бір сан ойлап,оны 20-ға кемітті, нәтижесіне 21-ді қосқанда 112 шықты. Арман қандай сан ойлады?
А)100 В) 101 С)111 Д)114
9. Екі қаладан қарама-қарсы екі машина шықты. Бірі 90 км/сағ, екіншісі одан 10 км/сағ артық жылдамдықпен жүрді. 3 сағаттан соң олардың арақашықтығы 40 км болды. Екі қала ара қашықтығы қанша километр?
А)570км В)510км С)610км Д)370км
10. Жеңіл көлік әуелі 160 км, сосын осы қашықтықтың жартысын жүрген. Осыдан кейін барлық жүрілген жолдан 2 есе кем жүретін жол қалды. Көліктің орташа жылдамдығы 60 км/сағ болса, барлық жолды қанша сағатта жүріп өткен?
А)8сағат В)5 сағат С)4 сағат Д)6 сағат
11. Бір өсімдіктің 400 дәні 5 г тартса, екінші өсімдіктің 40 дәні сонша тартады. Осы өсімдіктердің әрқайсысының 100 грамында неше дәннен болады?
А)2000, 200 В)8000,800 С) 40000,4000 Д) 1600,160
12. Таңертең сағат 9- да А станциясынан жолаушылар пойызы шықты, артынан сағат 11-де сол станциядан жүрдек пойызы шықты. Егер жолаушы пойызының жылдамдығы 54км/сағ, ал жүрдек пойызының жылдамдығы 72 км/сағ болса, онда А станциясынан қандай қашықтықта жолаушы пойызы жүрдек пойызын өткізіп жіберуі мүмкін?
А)432км В) 108км С)324км Д)216км
13. Теңдеуді шешіп, жауабын анықта: (980:в)18-84=276
А)48 В)49 С)40 Д)45
14. Бір түлкі ауылға кіріп, әтеш ұрлап қашыпты. Қуғыншыдан қатты қорыққан түлкі сағатына 18км жолды жүгіріпті. Ал ит түлкінің соңына 2 сағаттан кейін түседі. Ит 24 км/сағ жылдамдықпен қуса, неше сағатта қуып жетеді?
А) 2 сағат В) 5 сағат С) 4 сағат Д) 3сағат
15. Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш-үштен, ұлдарына екі-екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу?
А) 2ұл, 2қыз В) 3ұл, 1қыз С) 1ұл, 3қыз Д) 1ұл, 2қыз
16. Жер телімінің ауданы 1800м2 ,ені 15 м. Оның периметрін тап.
А)120м В) 170м С)270м Д)350м
17. Бал салынған қалбырдың салмағы 500грамм. Жермай құйылған дәл сондай қалбырдың салмағы 350 грамм. Жермай балдан екі есе жеңіл, сонда қалбырдың салмағы қанша?
А) 150гр В) 200гр С) 300гр Д)100гр
18. Периметрі 20см болатын тіктөртбұрыштың ені 2см. Тіктөртбұрыштың ауданын тап.
А) 10см2 В) 40см2 С) 18см2 Д)16см2
19. Малшы үш түрлі мал бағып жүр: қой, сиыр және жылқы. Барлық малдардың саны 3936. Осы санның 123 бөлігі сиырлар, ал жылқылар 54 есе көп. Малшының алдында неше қой бар?
А) 2176 қой В) 1728 қой С) 6642 қой Д) 1782 қой
20. Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығы 8м, ені 3м, ал биіктігі енінен 2 есе ұзын. Оның көлемін тап.
А)120м3 В) 144м3 С) 24м3 Д)48м3
21. Теңдеуді шеш: 570 : ( 35х-16)+70=100
А) 170 В) 35 С) 1225 Д) 1
22. Бала үй тапсырмасын 1 сағ 20 минутта орындады. Барлық уақыттың ¼ бөлігінде ол тақпақ жаттады. Ол тақпақты неше минутта жаттады?
А) 20 минутта В) 30 минутта С) 40 минутта Д) 50 минутта
23. 7 рет жуған соң сабынның ұзындығы ,ені және биіктігі екі есе кішірейді. Сабынның қалған бөлігімен неше рет кір жууға болады?
А) 2 рет В) 3 рет С) 1рет Д) түк қалмайды
24. Қорада жайылып жүрген қаздар мен ешкілердің бастары 8-ге, аяқтарының саны 26-ға тең. Қорада қанша қаз және қанша ешкі жүр?
А) 3қаз, 5ешкі В) 5қаз, 3ешкі С) 2қаз, 6ешкі Д) 4қаз, 4 ешкі
25. Сүтке толған бидонның массасы 32 кг, сүтсіз салмағы 2кг. Сүтке жартылай толған бидонның салмағы қандай?
А) 17 кг В)15кг С) 16кг Д) 64кг
26.Бірлігінің цифры ондығының цифрынан артық неше екі таңбалы сан бар?
А) 90 В) 45 С) 36 Д) 54
27. Бір сыныптың барлық оқушылары „Шексіз математика“ математикалық
ойынына қатысты. Бірінші айналымда 18 оқушы, ал екінші айналымда 17 оқушы
қатысты. Егер де екі айналымға да қатысқан оқушылар саны 8 болса, онда бұл
сыныптағы жалпы оқушылар саны нешеу?
А) 35 В) 27 С) 26 Д) 36
28. Есепте: 43т 6ц : 4 +14т 5ц 22кг :53
А) 1т3ц64кг в) 10т1ц95кг С)3ц 83кг Д) 38ц 3кг
29. 4 разрядтың 6 бірлігінен,5 разрядтың 7 бірлігінен және 2 разрядтың 9 бірлігінен тұратын сан
А) 970400 В) 67090 С) 45009 Д) 76090
30. Новак, Борис, Роджер және Рафаелада әрқайсысында кәмпиттер бар. Новак пен Бориста бірге 5 кәмпит, Борис пен Роджерда бірге 6 кәмпит,ал Роджер мен Рафаелада бірге 5 кәмпит бар. Олай болса, Рафаела мен Новакта бірге неше кәмпит бар?
А) 4 В) 6 С) 10 Д) 16
Математика
Жауаптары:
1-нұсқа
1 в
2 в
3 с
4 в
5 а
6 д
7 а
8 с
9 а
10 с
11 д
12 с
13 д
14 д
15 в
16 в
17 д
18 а
19 а
20 д
21 в
22 с
23 в
24 а
25 а
26 в
27 д
28 с
29 в
30 а
Жауаптары:
2-нұсқа
1 в
2 д
3 в
4 а
5 д
6 в
7 д
8 с
9 с
10 д
11 в
12 а
13 в
14 д
15 а
16 с
17 в
18 д
19 а
20 в
21 д
22 а
23 с
24 а
25 а
26 с
27 в
28 с
29 д
30 а