О?у орыс тілдерінде ж?ретін мектептердегі ?аза? тілі м??алімдері ?шін. Ба?ылау диктанттары 5-9 сыныптары


Оқу орыс тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі мұғалімдері үшін
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН
МЕКТЕПТЕРДІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ
АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Бақылау диктанттары 5-11
Қостанай қаласы . 2014 ж.
Түсінік хат
Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 5-11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.
Жинақтағы мәтіндер оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, бағдарлама бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарға сай құрастырылған. Әр диктанттан кейін деңгей бойынша грамматикалық тапсырмалар берілген. Мұндай тапсырмалардың берілу мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілден алған теориялық білім дәрежелерін айқындауға, тілдік ерекшеліктерді еркінірек меңгеруге, нығайтуға және жетілдіруге, коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білуге жетелеу. Сонымен қатар жинақ оқушылардың қазақ тілі грамматикасынан өткен материалдарды қайталап, олардан алған білімдерін нақтылап, сауаттылықтарын арттыру мақсатын да көздейді.

Диктантты бағалау нормалары:
«5» деген баға: Ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;
«4» деген баға: Емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;
«3» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле,5 тыныс белгілерінен қатесі болса;
«2» деген баға: Емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 6-дан 10-ға дейін.
Грамматикалық тапсырмаларды бағалау нормалары:
«5» деген баға: Деңгейлік тапсырмаларды толық, ешбір қатесі орындаса;
«4» деген баға: ІІІ, ІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;
«3» деген баға: ІІІ деңгейлік тапсырмасын қатесіз орындаса;
«2» деген баға: Деңгейлік тапсырмаларды орындамаса.
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған алғашқы бақылау үзігі
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан 4 – сыныпта алған білімдерін тексеру.
Күз.
Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Қазір күз мезгілі. Күн салқындады. Суық жел соқты. Ағаштардың жапырақтары сарғайып,жерге түсті. Бақтарда түрлі жемістер мен көкөністер пісті. Біз бақшадан асқабақ, қызанақ, алма, алмұрт жинадық. Әпкем қырыққабат тұздады. Шешем алма мен алмұрттан тосап қайнатты. Біз күз мезгілін ерекше жақсы көреміз.
(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы, Ж.С Қалиева, 46сөз)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
І нұсқа ІІ нұсқа
ІІІ деңгей
1. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар.
Қазан Жеміс
2. Төмендегі сөздерге зат есімнің көптік жалғауын жалғаңыздар.
Сынып, адам, әже, ата Мұғалім, аға, кісі,мектеп
3.Берілген сөздерді тәуелдеңіздер.
Алма Алмұрт
ІІ деңгей
1.Берілген сөздерге антонимдік қатар табыңыздар.
Жылы,күн, жақсы, суық
2. Берілген сөздерді септеңіздер.
Қыркүйек жапырақ
І деңгей
Күз мезгілі туралы диалог құрастырыңыздар. (3-4 сұрақ)
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант
Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім - білік дағдыларын тексеру.
Диктант
Менің бөлмем.
Менің атым – Дамир. Менің пәтерім үш бөлмелі. Менің өз бөлмем бар. Бөлмем өте жарық, кең, әрі жылы. Бөлменің терезесі аулаға шығады. Бөлмемде жаңа диван, төбе жиһаз, үстел, ыңғайлы орындық бар. Үстелдің үстінде компьютер орнатылған. Терезенің жақтауында әдемі гүл өсіп тұр. Қабырғада менің суреттерім ілулі тұр.
Мен бөлмемді өзім жинаймын. Маған бөлмем өте ұнайды.
(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы, Ж.С Қалиева, 53сөз)
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты:Тоқсан бойы лексика және грамматика тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.
I Лексикалық тапсырмалар
1.Тақырып бойынша мақал-мәтелдер жазыңыз.
I нұсқа : « Отбасы»
IІ нұсқа: «Дос, достық»
2. Берілген тақырып бойынша 3-4 сөйлем құрастырыңыз
I нұсқа: «Менің мекен-жайым»
IІ нұсқа: « Менің бөлмем»
3.Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
I нұсқа : Светлая комната, мой адрес;
IІ нұсқа : Мой друг, широкая улица;
4.Сөздердің антонимін тауып жазыңыз.
I нұсқа : қара, тар;
IІ нұсқа : Кіші, аласа;
5.Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
I нұсқа : Сен қай қалада тұрасың? Сенің қалаң қандай?
IІ нұсқа : Сен қай көшеде тұрасың? Көшең қандай?
IІ Грамматикалық тапсырмалар
1.Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.
I нұсқа : әпкем
IІ нұсқа : досым
2.Берілген сөзді жекеше түрінде жіктеңіз.
I нұсқа : ата
IІ нұсқа : әже
3.Берілген сөздерді барыс,табыс, көмектес септіктеріне қойыңыз.
I нұсқа : көше, аға;
IІ нұсқа : қала, сіңлі;
4.Берілген сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырыңыз.
I нұсқа : бес, тоғыз;
IІ нұсқа : алты, жеті;
5.Берілген етістікті нақ осы шақта жіктеңіз.
I нұсқа : жазу
IІ нұсқа : келу.
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың ІІ тоқсан бойы алған білімдерін тексеру.
Диктант
Ас атасы – нан.
Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар. Астың, дәмнің үлкені – нан. Ол бидай ұнынан жасалады. Нан қасиетті тағам. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, қуат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар.
(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы, Ж.С Қалиева, 53сөз)
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық мазмұндама.
Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп, түсінгенін өз сөзімен жазып беру дағдыларын тексеру.
Менің Отаным - Қазақстан.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі - Қазақстан халқының асыл қазынасы. Қазақ тілінде өте көп газеттер, журналдар шығарылады.. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы. Астана әсем қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қала жылдан-жылға көркейіп келеді. Тамаша салынған ғимараттарға еріксіз көз саласың. Астанада саябақтар,мектептер, мөлтік аудандар көп. Саябақтар өте әдемі. Мұнда әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады.
(Орыс сыныптарына арналған 7 сынып оқулығы Т. Артыкова,
Г.Ермекбаева. Атамұра 2012 оқу жылы, 67 сөз)
Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған аралық бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан І жартыжылдықта алған білімдерін тексеру.
Қыс.
Күн суық. Жерде қар қалың. Түн ұзақ, күн қысқа. Қыста мен таңертен сағат жетіде тұрамын. Беті-қолымды жуамын, сүртінемін, шашымды тараймын, тамақ ішемін. Содан соң басыма бөрік, қолыма қолғап, аяғыма етік киіп, мектепке барамын. Мектептен шыққан соң, мектептің мұз айдынына барамыз. Мұз айдыны мектептен алыс емес.
(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы, Ж.С Қалиева, 51сөз)
Грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей.
Берілген сөздерді септеңіз.
І нұсқа ІІ нұсқа
Тамақ мектеп
Берілген зат есімді жекеше түрінде тәуелдеңдер. І нұсқа :етік
Берілген зат есімді көпше түрінде тәуелдеңдер. ІІ нұсқа: мектеп
Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңдар
ІІ деңгей
І нұсқа Берілген сөздердің синонимін тауып жазыңдар: сағат,тамақ
ІІ нұсқа Берілген сөздердің антонимдерін тауып хазыңдар:жуық, алыс
І нұсқа Берілген етістікті нақ осы шаққа қойып жіктеңіздер: ішу
ІІ нұсқа Берілген етістікті келер шаққа қойып жіктеңіздер: бару
І деңгей
І нұсқа
«Қысқы демалыс» тақырыбына диалог құрыңыз.
ІІ нұсқа
« Жаңа жыл мерекесі» тақырыбына диалог құрыңыз.
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау
Мақсаты:Тоқсан бойы лексика және грамматика тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.
I Лексикалық тапсырмалар
1. Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
I-нұсқа: сильная страна, богатый край
II-нұсқа: независимое государство, красивые места
2. Берілген сөздерге синоним қатарын тауып жазыңыз.
I-нұсқа: өлке - көп-
II- нұсқа: орман- сұлу-
3. Тақырып бойынша 3-4 мақал-мәтелдер жазыңыз.
I-нұсқа : Отан
II-нұсқа : Ас, тағам;
4. Берілген тақырып бойынша 3-4 сөйлем құраңыз.
I-нұсқа : Баянауыл туралы.
II-нұсқа : Ертіс өзені туралы.
5.Тақырып бойынша 4-5 сұрақ-жауап құрастырыңыз.
I-нұсқа «Ұлттық тағамдар»
II-нұсқа «Қазақстан Республикасы»
II Грамматикалық тапсырмалар:
Берілген сөздерге көптік жалғауларын жалғаңыз:
I-нұсқа: рәміз, қала
II-нұсқа: мереке, тау
Берілген сөздерді септеңіз.
I нұсқа ас, ел
II нұсқа ту, сүт
3. Берілген зат есімдерден сын есім жасаңыз:
I нұсқа : ұлт. қыс
II- нұсқа : ақыл, күз
4. Берілген сөздерді тәуелдеңіз:
I-нұсқа : жер
II- нұсқа : қала
5.Берілген етістікті келер шақта жіктеңіз:
I нұсқа : тұру
ІI нұсқа : ішу
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылықтарын, ая бойынша алған білімдерін тексеру.
Диктант
Жаңа жыл
Жаңа жылды қыс ортасында, қатты аязды кезде тойлайды. Бұл кезде үйлер, ағаштар, жер ақ қар жамылады. Ауа райы аязды болса, қар жауса, адамдар қуанады. Көшелерге, алаңдарға, үйлерге, дүкендерге, спорт кешендеріне шыршалар орнатады. Оларға түрлі түсті ойыншықтар іледі. Жаңа жылды балалар асыға күтеді. Оларға сыйлықтар береді. Бұл күнді адамдар өз отбасында немесе достарымен, туыстарымен бірге мерекелейді.
(Диктанттар жинағы, 5-9, Ж.С.Қалиева,53 с.)
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық тақырыптық тест
Мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.
1.Ойлауды қажет ететін ойын түрін атаңыз.
А) футбол
В) баскетбол
С) тоғызқұмалақ
D) волейбол
Е) теннис
2. Мен шахмат үйірмесіне қатыса... – керекті жалғауды жалғаңыз.
А) -бын В) -мен С) -сіз D) -мын Е) –мыз
3. Асық қолданатын спорт түрі
А) баскетбол
В) ханталапай
С) футбол
Д)шахмат
Е) тоғызқұмалақ
4. «Біз мектепте спорт үйірмесіне қатысамыз» - деген сөйлемдегі есімдік түрін анықтаңыз
А) сілтеу
В) өздік
С) сұрау
Д) жіктеу
Е) белгісіздік
5. Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз
А) лото
В) дойбы
С) баскетбол
Д) тоғызқұмалақ
Е) шахмат
6. Заттың қимылын білдіретін сөз табын табыңыз
А) зат есім
В)сын есім
С)есімдік
Д)етістік
Е) сан есім
7. Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз
А) то- ғыз- құм-ал-ақ
В) то-ғыз-құ-ма-лақ
С)тоғ-ыз-құма-лақ
Д) то-ғыз-құма-лақ
Е)тоғыз-құ-малақ
8.«Мектеп» деген сөз қай тілден шыққанын табыңыз.
А) Араб
В) Парсы
С) Қазақ
D) Қырғыз
Е)Өзбек
9. Мақалды аяқтаңыз. «Мектеп - кеме, білім - .....»
А) мектеп
В) ұстаз
С) қазына
D) теңіз
Е) кітап
10.Көп нүктенің орнына керекті етістікті жазыңыз.
Мен кітапханаға жиі ......
А) барамын
В) барасың
С) барады
D) барды
Е) барамыз
11.Сын есімнің жұрнақтарын табыңыз.
А) - дай,- дей
В) - ып, - іп
С) - ған, - ген
D) -ыл, - іл
Е) -ар – ер
12. Сан есім түрін анықтаңыз: Атадан алтау, Анадан төртеу
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
А) Жинақтық
В) Реттік
С) Топтау
D) Болжалдық
Е) Есептік
13.Оқу құралдарын табыңыз.
А) өшіргіш, карта,сабақ
В) ұстаз,қалам, сызғыш
С)оқушы,компас,портфель.
D) желім,қалам,сызғыш.
Е) күнделік,тақ,бор.
14.Мектеп спортзалында балалар.....
А) кітап оқиды
В) футбол ойнайды
С) шахмат ойнайды
D) сурет салады
Е) би билейд
15. «Әдемі», «сұлу», «көркем», «көрікті» деген сөздер қандай сөздер
А) синоним
В) антоним
С) омоним
D) көп мағыналы
Е) сөз құрамы
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау
Мақсаты:Тоқсан бойы лексика және грамматика тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.
I Лексикалық тапсырмалар
1. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
I-нұсқа : мороз, кататься на санках;
II-нұсқа : лыжи, спускаться с горы;
2.Берілген тақырып бойынша 3-4 сөз тіркестерін құрастырыңыз.
I-нұсқа «Қыс»
II-нұсқа « Спорт»
3. Берілген сөздерге антоним қатарын тауып жазыңыз
I-нұсқа : жылы - киіну -
II-нұсқа : қысқы - тұру –
Тақырып бойынша 3-4 мақал-мәтелдер жазыңыз.
I-нұсқа : « Денсаулық»
II-нұсқа : «Оқу, білім»
5. Берілген тақырып бойынша диалог құрастырып жазыңыз.
I-нұсқа : « Жаңа жыл»
II- нұсқа : «Менің мектебім»
II. Грамматикалық тапсырмалар
Берілген берілген зат есімдерді Ілік септігіне қойып жазыңыз
I-нұсқа: мектеп, қыс,үйірме;
II-нұсқа: спорт, аяз, өзен;
Берілген етістікті өткен шаққа қойып жіктеңіз.
I нұсқа : сырғанау
II нұсқа : қатысу
3. Берілген сөйлемнен септеулік шылауларды тауып септігін анықтаңыз.
I нұсқа : Біз қазақ тілі сабағында қыс туралы шығарма жаздық.
II- нұсқа : Мен күнде мектепке дейін жаяу барамын.
4- Берілген есімдіктердің түрлерін ажыратып сөйлем құрастырыңыз.
I-нұсқа : өзің, мен;
II- нұсқа : ол, өзіміз;
Берілген зат есімдерді тәуелдеңіз.
I нұсқа : сабақ
II нұсқа : мектеп
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІV тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың өткен тақрыптар бойынша алған білімдерін тексеру.

Жазғы саяхат
Жазда мен ағаммен бірге Астанаға бардым. Астананы мен бірінші рет көрдім.
Астана – үлкен қала. Жазғы Астана өте әдемі екен. Көшелерде неше түрлі гүлдер өсіп тұр. Ағаштары көп, биік. Астана Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Қала жылдан-жылға көркейіп келеді. Тамаша салынған ғимараттарға еріксіз көз саласың. Маған Астана өте ұнады.Мен жазғы демалысымды өте көңілді өткіздім.
(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Диктанттар жинағы, Ж.С Қалиева, 54сөз)
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты:Тоқсан бойы лексика және грамматика тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.
I Лексикалық тапсырмалар
1. Тақырып боынша 3-4 сөз тіркесін құрастырыңыз.
I нұсқа «Жаз»
II нұсқа « Ана тілі »
2. Берілген сөздерге антоним қатарын тауып жазыңыз.
I нұсқа : ыстық - кетті –
II нұсқа : кір - жапты –
3. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырыңыз.
I-нұсқа : Кетті, атам, әжем, мен, ауылға.
II- нұсқа : Көп, ауылда, жұмыс, жазда.
4. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
I нұсқа : Ыбырай Алтынсарин кім?
Ол кімдерге арнап шығармалар жазған?
II нұсқа : Ыбырай Алтынсарин қашан туды?
Ыбырай Алтынсаринның шығармаларын атап беріңіз.
5. Тақырып бойынша 3-4 сұрақ құрастырыңыз.
I-нұсқа : «Жазғы ауа райы»
II-нұсқа : « Жазғы демалыс»
II Грамматикалық тапсырмалар:
Берілген тұйық етістіктерді септеңіз.
I-нұсқа: ойнау
II-нұсқа: жүгіру
Төмендегі сөздерді құрамына қарай талдаңыз.
I-нұсқа: гүлдерге, жұмысшылармен
IІ-нұсқа: жидектерді, оқушылардың
Берілген сын есімдерді қүшейтпелі формасына қойып жазыңыз.
I нұсқа : көрікті - ұзын -
II нұсқа : әдемі - биік –
Берілген етістікті нақ осы шақтың жекеше түрінде жіктеңіз.
I нұсқа: секіру
IІ нұсқа: демалу
Сұраулық шылауларды пайдалана отырып, берілген тақырыптар бойынша 3-4 сұрақ құраңыз.
I нұсқа: «Қазақ тілі» IІ нұсқа: «Жазғы демалыс
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған ІV тоқсандық тақырыптық тест
Мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.
1. Жазда күндер қандай болатынын табыңыз.
А) қысқа
В) кең
С) ұзақ
D) қараңғы
Е)жарық
2. Мына сөйлемнен сын есімді табыңыз.
Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі керемет қадір-қасиетін, пайда-маңызын жақсы білген.
А) өсімдіктер
В) жақсы
С) керемет
D) адам
Е)білген
3. Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазыңыз.
Қайрат жазғы демалыста ауылға .....
А)барамыз
В) бардым
С) барасың
D) барасыз
Е) барады
4. «Көңілді» сөзі қай сөз табына жатады.
А) зат есім
В) сан есім
С) сын есім
D) етістік
Е) үстеу
5. «Ер – елдің көркі, орман ,тоғай - ... көркі»
А) таудың
В) жердің
С) көлдің
D) ауылдың
Е) көшенің
6. Жаз айларын атаңыз.
А) мамыр,маусым, шілде
В) мамыр, шілде, тамыз
С) сәуір, мамыр, тамыз
D) наурыз, сәуір, мамыр
Е) маусым, шілде, тамыз
7. «Летом» - сөзінің аудармасын табыңыз.
А) жазғы
В) жазда
С) жаздың
D) жазға
8.Дұрыс жазылған сөйлемді анықтаңыз.
А) бүгін болады қазақ тілі сабағы.
В) болады бүгін тілі сабағы қазақ.
С) бүгін қазақ тілі сабағы болады.
D) қазақ тілі болады бүгін сабағы.
Е) тілі сабағы болады қазақ.
9. Қазақтың ана тілі.
А) қазақ тілі
В) қырғыз тілі
С) қытай тілі
D) ұйғыр тілі
Е) орыс
10. Сабақта сендер не істейтіндеріңді анықтаңыз.
А) тамақ ішеміз
В) би билейміз
С) кітап жазамыз
D) кітап оқимыз
Е) доп ойнаймыз
11. Сөйлемді жалғастырыңыз.
Мен қазақ тілін ..... .
А) барамын
В) үйренемін
С) оянамын
D) келемін
Е) жазамын
12. Сөйлемді дұрыс аударыңыздар.
Оқушы тақтаға сөйлем жазды.
А) ученик вытер доску
В) ученик у доски читает стихотворение
С) ученик на доске пишет мелом
D) ученик на доске написал предложение.
Е) ученик написал предложение в тетради.
13. Көп нүктенің орнына демеулік шылауын жазыңыз. Бұл кітап ... А)ме В)ма С)ба D)бе Е)па
14. Септеулік шылауларын көрсетіңіз.
А) түгіл, тұрсын
В) ма, ме
С) немесе, әлде
D) менен, бенен
Е) дейін, шейін
15. Тиісті сөзді табыңыз. ..... тас жарады, тас жармаса бас жарады.
А) көз
В) тіс
С) тіл
D) құлақ
Е) сөз
Тестің кілттері
ІІІ ІV
1 С С
2 Д С
3 В Е
4 Д Е
5 Д В
6 Д Е
7 В В
8 А С
9 Д А
10 А Д
11 А В
12 С В
13 Д Е
14 В Е
15 А С
Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған жылдық бақылау
Мақсаты: Оқу жылы бойы өткен тақырыптар бойынша білім деңгейін тексеру.
Қазақ тілі сабағында
Біз биыл бесінші сыныпта оқып жүрміз. Оқу жылы мамыр айында бітеді. Біздің мектептің оқушылары орыс тілінен басқа үш тіл – қазақ, неміс, ағылшын тілдерін оқиды.
Қазақ тілі сабақтары өте қызықты өтеді. Мұғалім әрқайсымызға талап қоя біледі. Сабақта қазақ тілінде ғана сөйлейміз. Тақырыпқа орай көптеген жұмыс түрін орындаймыз. Қазақ тілі сабағы өте қызықты өтеді.
(Диктанттар жинағы, 4-11, Ж.С.Қалиева,52 с. )
Грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей
1.Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыз.
І.нұсқа сыныпта, айында, оқушылары, мектептің
ІІ.нұсқа сабақтары, тілдерінде, тақырыпқа, сабақта
2.Берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.
І нұсқа: орай
ІІ нұсқа:биыл
3.Берілген сөздерді Ілік. Жатыс. Шығыс септіктеріне қойып жазыңыз.
ІІ деңгей
1. Берілген етістікті осы шаққа қойып жіктеңіз.
І нұсқа: Оқу
ІІ нұсқа: сөйлеу
І деңгей
І нұсқа: Оқу,білім туралы 3-4 мақал - мәтел жазыңыз.
ІІ нұсқа: Отан, туған жер туралы 3-4 мақал - мәтел жазыңыз.
6-сынып
Қазақ тілі пәнінен 6-сыныпқа арналған алғашқы бақылау үзігі
Мақсаты: Өткен оқу жылында қазақ тілі пәнінен 5- сыныпта меңгерген білімдерін тексеру.
Отбасы - сыйластық ортасы.
Отбасы - сыйластық орнаған орта. Отбасының әрбір мүшесі өзара сыйластықты сақтауға тиіс. Сонда бірлік, татулық берік болады. Әке отбасындағы барлық қамқорлықты атқарса, ана отбасына нәр беруші адам. Сондықтан бала өмір бойы ата-анасының еңбегін, жақсылығын сыйлауы тиіс.
Жалпы отбасында үлкендерді сыйлауға көп мән беріледі. Кішіпейілдік, көркем мінез, сыйластық отбасында қалыптасады. Ата-анасын сыйлап өскен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді.
(55сөз)
( Орыс сыныптарына арналған диктанттар жинағы С. Қалиева Қарағанды 2007оқу жылы,)

Грамматикалық тапсырмалар
ІІІ деңгей
І нұсқа ІІ нұсқа
1) Берілген сөздерді септеңдер.
Мінез. Еңбек
2)Мәтін ішіндегі синоним сөздерді теріп жаз
3)Отбасы мүшелерін атап жаз
ІІ деңгей
1)Берілген сөздерге синонимдік қатар жасап, сөйлем құраңдар.
Көркем. Халық.
2)Берілген сөздерді сөз құрамына талда
сыйлау,қамқорлық,кішіпейлдік,отбасылық
І деңгей
Отбасы туралы 5,6 мақал – мәтел жаз.
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылықтарын тексеру , білім, білік дағдыларын бақылау.
Ана-ардақты ат
Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл .Біз анамызды мәңгі қастерлейік! Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.
(57 сөз)
( Орыс сыныптарына арналған диктанттар жинағы С. Қалиева Қарағанды 2007оқу жылы,)

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау

Мақсаты:Оқушылардың І тоқсанда алған білімдерін тексеру
І нұсқа
Лексикалық тапсырмалар:
1. «Отбасы» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Сенің отбасың қандай?
В)Отбасыңда неше адам бар?
С)Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер бар?
Д)Сен қандай отбасы мүшелерінің атауларын білесің?
2. «Азық-түлік дүкенінде» тақырыбына сатушы мен сатып алушының арасындағы диалогты жазыңыздар.(5-6 сөйлем)
3.Ана туралы мақал-мәтелдерді жазыңздар.(4)
4. «Дос» тақырыбына байланысты берілген сөздермен 5 cөз тіркесті құрастырыңыздар.
Ізетті, әдепті, адал, мейірімді, жаман, момын, сабыр.
5.Берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп, жазыңыздар
1)Жаман достан-таяғым артық.
II Грамматикалық тапсырмалар
1.Берілген сөздерді қатыстық және сапалық сын есімдерге ажыратып жазыңыздар.
Сабырлы, момын, ашулы, ақылды, ашық, қатты, күшті, жақсы, жаман,қалалық, ізетті, әдемі.
2.Нағашы- тәуелдеңіздер.
3.Ақша – септеңіздер.
4.Берілген сөздер ішінен мекен үстеулерді теріп жазыңыздар
Өте,тез,жылдам,ақырын,төмен,жоғары,артында,сыртында,кеш.
5.Буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді жазыңыздар.
II нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар:
1. «Менің достарым» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Сенің досың бар ма?
В)Сенің досың неше жаста ?
С)Досыңның мінезі қандай?
Д)Сенің ойынша дос қандай болу керек?
2. «Аяқ киім дүкенінде» тақырыбына сатушы мен сатып алушының арасындағы диалогты жазыңыздар.(5-6 сөйлем)
3.Ана туралы мақал-мәтелдерді жазыңыздар.(4)
4. «Қазақстан валютасы» тақырыбына байланысты берілген сөздермен 5 cөз тіркесті құрастырыңыздар.
Теңге, сауда, сатушы, дүкен, нарық, валюта, сауда орталықтар.
5.Берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп жазыңыздар
1)Ана- ардақты ат.
II.Грамматикалық тапсырмалар.
1. Қатыстық және сапалық сын есімдерге мысал келтіріп жазыңыздар.
2.Туыс- тәуелдеңіздер.
3.Дүкен – септеңіздер.
4.Берілген мекен үстеулерді пайдаланып, 3 cөйлем құрастырып жазыңыздар.
төмен, жоғары, артында, сыртында
5.Буын үндестігіне бағынбайтын сөздерді жазыңыздар
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша алған білімдерін анықтап, сөздік қорларын, сауаттылығын тексеру.
Қазақстан Астанасы.
Қазақстан елінің астанасы —бұрынғы Ақмола қаласы. Бұрынғы Ақмола қаласы 1953 жылдан бастап, Қазақстан жерінде тыңның көтерілуіне байланысты «Целиноград» деп аталған еді. 1995 жылдан бастап, «Ақмола» атын қайтып алды. 1998 жылдың жазынан бастап Қазақстан Президентінің жарлығымен «Астана» деген атқа ие болды. Жаңа Астанада көптеген ғимараттар салынып жатыр. Көрнекі көшелердің біріне Төле, Әйтеке, Қазбек билердің ескерткіштері орнатылды. Бұл қала нағыз ғылымның, мәдениеттің қаласы болады.
(62 сөз)
(А.Ш. Бектурова. Ш.К. Бектуров)
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған аралық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәнінен жартыжылдықта алған білімдерінің деңгейін тексеру,біліктілік,білімділік дағдылардың қалыптасуын және мемлекеттік стандартқа сай болуын тексеру.
Диктант.
Астана- болашағы үлкен қала.
Астана-болашағы үлкен қала. Ол- әлемдегі көрікті қалалардың бірі. Астана қаласы Есіл өзенінің екі жағында орналасқан. Өзеннің бір жағалауында - бұрынғы қала. Ол да жедел жаңарып жатыр. Екінші жағалауында- жаңа қала. Жаңа қаланың жалпы көрінісі Қазақстанның тарихын, мәдениетін, халықтық салт- дәстүрді білдір еді. Біздің еліміз үшін ең қымбат құндылық – Қазақстан халықтарының ынтымағын, түсіністігін бейнелеуге арналған құрылыстар.Астана қаласы- жаңа Қазақстанның белгісі.
(60сөз)
(Орыс сыныптарына арналған 6сынып оқулығы Т. Артыкова, Г. Ермекбаева. Атамұра 2012 оқу жылы)
Грамматикалық тапсырмалар
ІІІ деңгей
І нұсқа ІІ нұсқа
1)Бастауыш пен баяндауыштың арасына тиісті тыныс белгісін қойыңыздар.
Мектеп кеме, білім теңіз. Қазақстанның астанасы Астана қаласы
2) Ол да жедел жаңарып жатыр.
Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыздар
3)Мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңыздар
ІІ деңгей
1) Берілген сөздер мен сөз тіркестеріндегі ықпал түрлерін анықтаңыздар.
Көп бала, тасжол, сөзсіз. Досжан, көк аспан, айтып бер.
2)өте,көп сөздерімен күшейткіш шырайындағы сын есімдерді келтіріп жазыңыздар
І деңгей
Берілген тақырыптар бойынша ой толғау жазыңыздар. «Астана- арман қала» немесе «Астана- бас қала»
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық мазмұндама
Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп, түсінгенін өз сөзімен жазып беру дағдыларын тексеру.
Астана
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы-Астана.Ол Есіл өзенің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.
Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді.Есіл өзенің бойында Елбасы Резиденциясы,Парламент үйі,Жастар сарайыкөп қабатты үйлер бой көтерді.Парламент үйінің алдында Төле би,Қазыбек би,Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.Қаланың ортасында 5 жұлдызды «Алатау» қонақ үйі салынды. Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.Астана-болашағы үлкен қала.
(67 сөз)
(Орыс сыныптарына арналған 6 сынып оқулығы Т. Артыкова, Г. Ермекбаева. Атамұра 2012 оқу жылы)

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың ІІ тоқсанда алған білімдерін тексеру
I нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар.
1. «Астананың көрікті жерлері» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Қазақстанның бас қаласы қай қала ?
В)Астананың қандай көрікті жерлерін білесің?
С) «Бәйтерек» монументі қай жылы салынды?
Д) «Думан» ойын-cауық орталығында нелерді тамашалауға болады?
2.Cөйлемдегі сөздердің дұрыс орнын табыңыздар.
сыйлады, ноутбук, маған, жаңа, туған күніме, әкем
3.Досына қонаққа шақыру жаз жазыңыздар.
4. «Туған күн мерекесі» тақырыбына шағын әңгіме жазыңыздар
5.Астана-арман қала..... берілген ойды жалғастырып жазыңыздар
II.Грамматикалық тапсырмалар.
1.Сын есім . (анықтамасын жазыңыздар)
2.Берілген сын есімдерден салыстырмалы шырайдағы сөздерді теріп жазып, жұрнақтарын белгілеңіз:
Өте жақсы,жаңа,мұздай,сұлу,гүлдей,топ-толық,өте суық,қаттырақ
3.Сөздердегі ілгерінді және тоғыспалы ықпалды ажыратып белгілеңіз
Қайыңдар,жүрегім,көшелер,ағаштың,құлағым..
4.Біріккен сөздерді тап,сөз құрамына талдаңыздар
Кемпірқосақ,ғимарат,күнбағыс,тұрғын,Екібастұз
5.Берілген сөйлемдерде керекті тыныс белгілерін қойып жазыңыздар
Туған күн көңілді мереке
Жанат жақсы дос
II нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар.
1. «Туған мерекесі» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Сенің туған күнің қашан ?
В)Туған күн мерекесі қалай өтеді?
С)Туған күнге қонақтар не әкеледі?
Д)Қонақты қалай күту керек ?
2.Cөйлемдегі сөздердің дұрыс орнын табыңыздар
сыйладым,гүл шоғын,анама,әдемі,туған күніне,мен.
3.Досына туған күніне құттықтау жазыңыздар
4. «Астана» тақырыбына шағын әңгіме жазыңыздар
5.Астана-бас қала..... ойды жалғастырып жазыңыздар
II.Грамматикалық тапсырмалар.
1.Сын есім . (анықтамасын жазыңыздар)
2.Берілген сын есімдерден салыстырмалы шырайдағы сөздерді тауып жазып, жұрнақтарын белгілеңіздер:
Тым үлкен,жақсы,таудай,әдемі,арыстандай,топ-толық,өте суық,қаттырақ
3.Сөздердегі ілгерінді және тоғыспалы ықпалды ажыратып белгілеңіздер.
Қайыңдар,жүрегім,көшелер,ағаштың,құлағым..
4.Біріккен сөздерді тап,сөз құрамына талдаңыздар
Тасбақа,қала,тұрғындар,жолбарыс,итмұрын
5.Берілген сөйлемдерде керекті тыныс белгілерін қойып жазыңыздар.
Астана бас қала
Қанат тіс дәрігері
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылықтарын тексеру
Көлік түрлері
Көлік атауы-кіслердің,тауардың,хабардың,мәліметтің және басқа нәрселердің бір жерден екінші жерге жеткізулуімен тікелей байланысты.
Айналыдағы өзіміз көріп жүрген барлық нәрсені ,тауарды,жиһазды,азық-түлікті,тұрмыстық бұйымдарды тасымалдау кезінде ,қандай да көлік түрі пайдаланады.Бір жерден екінші жерге жету үшін де әртүрлі көлікті пайдаланамыз.
Көлік түрінің негізгі төрт категориясы бар.Олар-қара жолмен,темір жол-мен,су жолымен, және әуе жолымен жүретін көліктер.
(68 сөз)

Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық тақырыптық тест
Мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.
1. Әуе көлік түрін көрсетіңіз.
А) пойыз;
В) тікұшақ;
С) автобус;
Д) трамвай;
Е) такси.

2. Көлік түріне жатпайтынды белгілеңіз.
А) велосипед
В) әткеншек
С) есек
Д) мәшина
Е) түйе
.
4. «Жаяу» деген сөзбен тіркесе алатын сөзді белгілеңіз.
А) автобус;
В) сыпырғыш;
С) жүргінші;
Д) бағдаршам;
Е) мәшина
5. Жолаушы автобуста не төлейді?
А) салық;
В) жолақы;
С) еңбекақы;
Д) кітап;
Е) сурет

6. Мөлшер үстеуді табыңыз.
А) ертең;
В) біршама;
С) біріңғай;
Д) кеше;
Е) бүгін
7. Қоғамдық көлікті анықтаңыз.
А) такси;
В) тікұшақ;
С) трамвай;
Д) жылқы;
Е) велосипед.

8. Сөйлемді толықтырыңыз. Жүргінші жол жүру ...... білу керек.
А) жолын;
В) тәртібімен;
С) ережесін;
Д) оқу;
Е) есте сақтау.
9. Жұмбақты шешіңіз.
Табанында жолы бар,
Төбесінде қолы бар. 
А) ұшақ
В) трамвай
С) кран
Д) кеме
Е) қайық
10. Қоғамдық көліктерді күтетін жер қалай аталатынын анықта.
А) бағдаршам;
В) жолаушы;
С) аялдама;
Д) жолдама;
Е) сапар
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың ІІІ тоқсанда алған білімдерін тексеру
I нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар.
1. «Көлік» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Сен қандай көлік түрлерін білесің?
В)Темір жол көлігіне нелерді жатқызамыз?
С)Қоғамдық көлік түрлерін атап жазыңыздар .
Д)Суда жүретін көлік түрлерін атап жазыңыздар.
2. «Мұғалім ол біздің» тақырыбына шағын әңгіме жазыңыздар
3.Алдар Көсеге аңыздың кейіпкері ретінде сипаттама жазығыздар.
4. «Қазақ тілі кабинеті» тақырыбына байланысты 10 сөз тіркесті құрастырып жазыңыздар
5.Берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп жазыңыздар
1)Жер- алтын қазына
II.Грамматикалық тапсырмалар.
1.Етістік дегеніміз не?
2.Берілген етістіктер қай шақта тұрғандығын анықтаңыздар:
Келдім,айтады,күлді,оқып тұр,жазамын,көрдім,тыңдайды,қайталап отыр.
3.Берілген сөйлемдерден етістіктерді тауып,қай райда тұрғандығын анықтаңыздар.
Мен дәрігер болғым келеді.
Қазақ тілі сабағы қызықты өтті.
Айнұр,тақтаға шық!
4.Берілген сөздер ішінен мекен үстеулерді тауып,жазыңыздар
Өте,тез,жылдам,ақырын,төмен,жоғары,артында,сыртында,кеш.
5.Етістіктерді салт,сабақтыға ажыратып жазыңыздар
Сүтті іш,мұғалім айтты,хатты жаз,кітапты оқы,бала күлді
II нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар.
1. «Туған жердің табиғаты» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Қазақстанның өзен,көлдерің білесің бе?
В)Қазақстанның табиғаты қандай?
С)Қазақстанның Швейцариясы не?
Д)Павлодар өңірінде қандай көрікті жер,көл атауларын білесің?
2. «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбына шағын әңгіме жаз
3. Көлік түрлері туралы жазыңыздар.
4. «Мектеп асханасы» тақырыбына байланысты 10 сөз тіркесті құрастырып жазыңыздар
5.Берілген мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп жазыңыздар
1)Жер-қазына
II.Грамматикалық тапсырмалар.
1.Етістік дегеніміз не?
2.Берілген етістіктер қай шақта тұрғандығын анықтаңыздар:
Әкелдім,жазып отыр,жүр,күліп жүр,жаттады,қайталаймын.
3.Берілген сөйлемдерден етістіктерді тап, қай райда тұрғандығын анықтаңыздар.
Жанат балмұздақ жегісі келеді.
Мұғалім сабақты түсіндірді..
Қайрат ,кітаптарды жина.
4.Берілген сөздер ішінен мекен үстеулерді жазыңыздар
Өте,тез,жылдам,ақырын,төмен,жоғары,артында,сыртында,кеш.
5.Етістіктерді салт,сабақтыға бөліп жазыңыздар
Сүтті іш,мұғалім айтты,хатты жаз,кітапты оқы,бала күлді
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІV тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша алған білімі мен сауаттылығын тексеру.
Ойыншық тарихынан
Ойыншық тарихи кезеңдерден ойынмен байланысты. Ол сәбидің қарапайым жүзін, ақылын және танымдық қасиеттерін білдіретін. да наным сенімдері болған.
Ежелден пайда болған және белгілі ойыншықтың түрі бұл – қуыршақ. Ең көне мысырлық қуыршаққа 4 мың жылдай. Қуыршақтардың бастары ағаш және жіптен істелінген моншақтардан жасалған жасанды шаштармен безендірілді.
Адам қуыршақта өзін көретін болғандықтан, қуыршаққа маңызды орын бөлінді.
Қуыршақ көпке дейін бет - әлпетсіз болды, өйткені адамдар кісіге ұқсатуға қорықты.Уақыт өте қуыршаққа көз, ауыз, мұрын салып тіге бастады.
(64 сөз)
(Интернет желісінен)
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған ІV тоқсандық тақырыптық тест
Мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.
1. Отан сөзінің синонимін табыңыз.
А) қала;
В) Атамекен;
С) жер;
Д) су;
Е) ауыл.

2. Толықтырыңыз. Қазақстан жері бай. Егісте .... , .... өседі.
А) алмұрт, өрік;
В) жүгері, алхоры;
С) бидай, жүгері;
Д) банан, апельсин;
Е) лимон, таңқурай.
3. Салт етістікті табыңыз.
А) сұра;
В) бар;
С) жаз;
Д) тұр;
Е) жүр.

4. Сөйлемді толықтырыңыз. Әр азамат табиғатты ...... білу керек.
А) қорғау;
В) қорғай;
С) күтетін;
Д) құрметтейтін;
Е) жаса.
5. Қазақстанда не жоқ екенін көрсетіңіз.
А) тау;
В) қорық;
С) мұхит;
Д) өзен;
Е) көл.
6.Толықтырыңыз. Туған жердің .... көрікті, .... де сүйікті.
А) ағашы, халқы;
В) отаны, туған елі;
С) жері, елі;
Д) жер, бал;
Е) ауасы, көлемі.
7. Павлодар қаласында қандай өзен ағатынын белгілеңіз.
А) Іле;
В) Есі;
С) Ертіс;
Д) Арал;
Е) Балқаш
8. Дұрыс тыныс белгіні қойыңыз. Біздің еліміздің табиғаты қандай тамаша
А) сызықша;
В) леп белгісі;
С) сұрақ белгісі;
Д) көп нүкте;
Е) үтір
9.Толықтырыңыз. Қазақстан жер көлемі бойынша
әлемде .... орында тұр.
А) сегізінші;
В) бірінші;
С) тоғызыншы;
Д) екінші;
Е) бесінші.
10. Баянауыл өңірінде қандай көл бар?
А) Торайғыр;
В) Кенжекөл;
С) Алакөл;
Д) Ертіс;
Е) Есіл.
Тесттің кілттері
ІІІ ІV
1 С С
2 Д С
3 В Е
4 Д Е
5 Д В
6 Д Е
7 В В
8 А С
9 Д А
10 А Д
11 А В
12 С В
13 Д Е
14 В Е
15 А С
№ 1 2
1. В В
2. В С
3. С С
4. В В
5. В С
6. В С
7. С С
8. С С
9. С С
10. С А
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған жылдық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәнінен жыл бойы алған білімдерінің деңгейін тексеру,біліктілік,білімділік дағдылардың қалыптасуын және мемлекеттік стандартқа сай болуын тексеру.

Диктант
Шахмат үйірмесі
Ағам жасынан шахмат ойынына құмар болып өсті. Мектебіміздегі шахмат үйірмесіне қатысып, жарыстарда көзге түсе бастады. Ол күн сайын үш- төрт сағат уақытын шахмат ойнауға арнайды. Оның арманы- болашақта шахмат ойынының шебері болу.
Шахмат адамның ой-өрісін дамытады, сондай-ақ шыдамдылық, ұстамдылық қасиеттерді талап етеді. Ағам өзінің уақытын босқа өткізбей, өзінің сүйікті ісіне арнады. Ол әрбір жеңісін мақтан тұтады және болашақта шахмат шебері болатынына сенімді.
(63 сөз)
(Орыс сыныптарына арналған 7 сынып оқулығы Т. Артыкова, Г. Ермекбаева. Атамұра 2012 оқу жылы) Грамматикалық тапсырмалар
ІІІ деңгей
І нұсқа ІІ нұсқа
1)Берілген зат есімдерден қатыстық сын есімдер жасап, сөйлем құрастырыңыздар.
Ақыл, қасиет Ой, ұстам
2) Ағам жасынан шахмат ойынына құмар болып өсті.
Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыздар.
3)Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыздар
ұстамдылық,қасиеттерді,шыдамдылық,болашақта
ІІ деңгей
1) Мезгіл, күшейткіш, мекен үстеулердің түрлерін ажыратып, сөз тіркесін құраңыздар.
Жоғары, кеше, өте аса, биыл, алдында
2) Шахмат адамның ой-өрісін дамытады, сондай-ақ шыдамдылық, ұстамдылық қасиеттерді талап етеді.
Берілген сөйлемді сөз табына талдаңыздар
І деңгей. Берілген тақырып бойынша шағын әңгіме жазыңыздар. «Мектеп үйірмелері»
Қазақ тілі пәні бойынша 6-сыныпқа арналған IV тоқсандық бақылау
Мақсаты: бағдарлама бойынша стандарт талаптарының орындалу деңгейін анықтау.
I нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар.
1. «Мектептегі үйірмелер» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Сенің мектебінде қандай үйірмелер бар ?
В)Оқушылар би үйірмесінде неге үйренеді?
С)Сен бос уақытыңда немен шұғылданасың?
Д)Футбол үйірмесінің жетекшісі кім?
2. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз:
Дене шынықтыру ,жүгіреміз, ойнаймыз, және, біз ,сабағында.
Қазақ тілі ,жазамыз, жаттығу ,біз ,сабағында.
Кітап ,кітапханадан ,оқушылар ,алады.
3. «Мектеп» тақырыбына байланысты 5 cөз тіркесті құрастырыңыз.
4. «Менің сүйікті кітабым» атты шағын әңгіме жазыңыздар
5.Мұғалім –мектеп жүрегі,себебі .......берілген сөйлемді жалғастырып жазыңыздар
II.Грамматикалық тапсырмалар.
1. Қатыстық және сапалық сын есімдерге мысал келтіріп жазыңыздар(10 сөз)
2.Берілген күшейткіш үстеулермен сөйлем құрастырыңыздар.
Өте,тым
3. Берілген сөйлем ішінен жайылма сөйлемдерді тауып жазыңыздар:
Оқушылар сабақта мұғалімді мұқият тыңдады.
Мен би үйірмесіне барамын.
Мұғалім айтты.
Айжан қызықты кітап оқыды.
4.Көсемшенің жұрнақтарын табыңыздар:
Туыппын,келген,айттыпсыз,күлді,айтып тұр,сөйлеген.
5.Берілген етістікті ауыспалы келер шаққа қойып жіктеңіздер:
Хат жазу
II нұсқа
I.Лексикалық тапсырмалар.
1. «Мен мектептемін» тақырыбына берілген сұрақтарға жауап беріңіздер:
А)Сенің мектебің қандай?
В)Қазақ тілі кабинетінде не бар?
С)Сенің сынып жетекшісің кім,ол қай пәннен береді?
Д)Мектепте не бар?
2. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыздар:
Орыс тілі ,тыңдаймыз, мұғалімді, , біз ,сабағында.
Қазақ тілі ,орындаймыз, жаттығу ,шығарма,біз ,сабағында,жазамыз,және.
Асханада ,дәмді ,аспазшы , дайындайды,тамақ.
3. «Мектеп үйірмелері» тақырыбына байланысты 5 cөз тіркесті құрастырыңыздар.
4. «Менің сүйікті ойыншығым» атты шағын әңгіме жазыңыздар
5.Шынықсаң –шымыр боласың,себебі .......берілген сөйлемді жалғастырып жазыңыздар
II.Грамматикалық тапсырмалар.
1. Қатыстық және сапалық сын есімдерге мысал келтіріп жазыңыздар(10 сөз)
2.Берілген көсемшелермен сөйлем құрастырыңыздар.
Айтқан,берген
3. Берілген сөйлем ішінен жайлаң сөйлемдерді тауып жазыңыздар:
Асханада үстелдер,орындықтар,ыдыс бар..
Мен тамақтандым.
Мұғалім айтты.
Айжан қызықты кітап оқыды.
4.Күшейткіш үстеулерді тап,олармен сөз тіркестерді құрастырыңыздар:
Ақырын,жоғары, өте,ең,жақсы,қатты,жаңа,тез,тым.
5.Берілген етістікті ауыспалы келер шаққа қойып жіктеңіздер:
Сабаққа бару

7-сынып
Қазақ тілі пәні бойынша 7- сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы
Мақсаты: 6-сыныпта өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін нақтылап тексеріп, қорытындылау және сауатты жазуға баулу.
Дене шынықтырудың пайдасы.
Дене шынықтырумен шұғылдану-әр оқушының міндеті. Ол үшін түрлі жаттығулармен айналысу керек. Спорттық әртүрлі үйірмелерге қатысқаны дұрыс. Спорттың түрі көп: жеңіл атлетика, футбол, волейбол, бокс, үстел теннисі. Бұл үйірмелер ептілікке, жылдамдылыққа үйретеді. Дене шынықтыру мәдениетін дамытуға көмектеседі.
Тез қимылға, шапшаң қозғалысқа үйрететін шығыс спортының түрлері бар. Ол өзін-өзі қорғауға үйретеді. Бала кезінен спортпен айналысу арқылы республикамызды әлемге танытып, даңқын шығарған спортшылар аз емес. (63 сөз)
(Диктанттар жинағы. Құрастырған: Ж.Н. Нығмет.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2012.-69 бет).
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей
Берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.
Үйірме
Асты сызылған сөзді септеңіз.
Дене шынықтыру мәдениетін дамытуға көмектеседі.
Асты сызылған сөзді сөз құрамына талдаңыз
Спорттық әртүрлі үйірмелерге қатысқаны дұрыс.
ІІ деңгей
Асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңыз.
Бұл үйірмелер ептілікке, жылдамдыққа үйретеді.
Берілген етістікті үш шақта жіктеңіз
шұғылдану
І деңгей
1. Үйірмелер туралы шағын әңгіме жазыңыз.
І нұсқа. «Спорт үйірмелері».
ІІ нұсқа. «Мектептегі үйірмелер».
Қазақ тілі пәні бойынша 7- сыныпқа арналған І тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша алған білімі мен сауаттылығын тексеру.
Сыйлық сыйлау.
Бүгінгі таңда кітап сыйлау кең тараған. Кітапты өте мұқият таңдау керек. Ол сыйлық алушы адамның талғамына сай болуы керек. Алтын ереже-кітапқа ешқашан жазу жазуға болмайды, оған тек қана автор құқылы. Кез-келген басқа жазу кітапты бұзады, егерде жылы лебіздеріңізді қалдырғыңыз келсе, құттықтау қағазын қыстыруға болады.
Әрбір сыйлық-сыйлық сыйлаушының жан-дүниесінің айнасы. Сыйлық сыйлау ол міндет емес, көңілдің, жылы қатынастың белгісі. Сыйлықты алдын-ала ойластырып алғаны жөн болар. Сыйлық сыйлау-ол өнер, оны кез-келген өнер сияқты үйренуге болады. (80 сөз)
(Малая энциклопедия этикета. – М.: «РИПОЛ КЛАССИК», 2000. – 640 б.
http://etiket.net.ru/Сыйлықтар.)
Қазақ тілі пәні бойынша 7- сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты: тоқсан бойы лексика-грамматикалық тақырыптарды қаншалықты игергенін анықтау, сауаттылығын тексеру.
І Лексикалық тапсырмалар:
Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңдар
Наследие-
Почитаемый-
Неоценимое-
Статус-
Гордость-
Берілген сөздермен сөз тіркестерін жасаңдар
І нұсқа: ана тілі, қазақша, парыз, құттықтаймын
ІІ нұсқа: қазақ тілі, білу, сыйлық, құрмет
Шашыранды сөздерден дұрыс сөйлем құраңдар
І нұсқа: демалысым, өтті, менің, жазғы, өте, көңілді
ІІ нұсқа: демалыста, отбасымызбен, бардық, шетелге, бірге
Сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер
Мемлекеттік тіл қаша мемлекеттік мәртебе алды?
«тіл туралы» Заң қашан қабылданды?
Сенің ана тілің қай тіл?
Сен қазақ тілін жақсы білесің бе?
Қазақ тілін үйрену үшін не істеу керек?
5.»Сыйлық» деген тақырыпқа 3 сөйлем жазыңдар
ІІ Грамматикалық тапсырмалар
Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар
І нұсқа: үйрену
ІІ нұсқа:түсіну
Берілген сөзге морфологиялық талдау жасаңдар
І нұсқа: қазақ тілі
ІІ нұсқа: мемлекеттік
Берілген сөздерді септеңдер
І нұсқа: менің ана тілім. ІІ нұсқа: менің туған күнім
Берілген етістікті өткен шақта жіктеңдер
І нұсқа: жауап беру. ІІ нұсқа: орындау
Сөйлемді аяқтап, бірінші компонентін талдаңдар
І нұсқа: қоңырау соғылды, ........ ІІ нұсқа: суық күз келді, ......
Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған мазмұндама
Мақсаты: ая бойынша өтілген материалдарды қаншалықты игергенін анықтау, есте сақтау қабілеттерін тексеру.
Бауырсақ
Бауырсақ –шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға бауырсақ салады. Бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. Оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады. Ашытпай пісірген бауырсақ көпке шыдайды, ал ашытып пісірілген бауырсақ кеуіп қалса, жеуге жайсыз болады. Ашымаған қамырдан бауырсақ пісіру үшін ұнға май, жұмыртқа, сүт, тұз салып илейді. Қамырды жазып, төрт бұрыштап немесе жіңішкелеу кеседі. Кесіп дайындаған бауырсақтың бетін кеуіп кетпеу үшін жауып қойған жөн. Қазанға май салып әбден қыздырып алған соң, бауырсақ майдың мөлшеріне қарай салынады. Бауырсақты үздіксіз араластырып тұрса, бір келкі болып піседі. От қатты жанса, бауырсақтың іші шикі болады немесе тым қызарып кетеді. Қызыл-күрең болып піскен бауырсақ сәнді де, дәмді де болады.
Интернет желісінен. Қазақтың ұлттық тағамдары.

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша алған білімдерін анықтап, сөздік қорларын, сауаттылығын тексеру.
Қымыз
Қымыз—қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Қазақтың ұғымында ең дәмді қымыз ысталған ыдыста сақталады. Қымызды ағаш күбіге немесе торсыққа ыстайды. Ысталған қымыз тәтті болу үшін қымызға жылқының қазысын немесе жалын салып қойып, көп піседі. Алғашқы қымызды ауылдың қарияларын шақырып таттыру рәсімін орындаған. Ол ырымдар бие сүтінің мол болуын тілеуге, бата беруге арналған. (63 сөз)

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған аралық бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін нақыштап қорытындылау және сауатты жазуға баулу.
Бөрік.
Қазақтың ұлттық бас киімдері өте көп. Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі. Бөрік қыстық бөрік, жаздық бөрік болып екіге бөлінеді. Бөрікті қыздар да, ер адамдар да киеді. Аңның терісімен немесе қымбат матамен тысталады. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды. Қыздар киетін бөріктің төбесі төрт сайлы болып келеді және үкі тағылады. Асыл тастармен көмкеріліп, күміс теңгелерден салпыншақ тағылады. Қазақта әшекейлі, үкілі бөрікті сал-серілер де киген. (69 сөз)
(Интернет желісінен. Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки. ұлттық бас киімдері)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей.
1.Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзді тәуелдеңдер.
І нұсқа. Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі.
ІІ нұсқа. Күміс теңгелерден салпыншақ тағылады.
2. Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзді құрамына қарай талдаңдар.
І нұсқа. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бөрік, кәмшәт бөрік, түлкі бөрік деп атайды.
ІІ нұсқа. Қазақтың ұлттық бас киімдері өте көп.
3. Мәтіннен 3 етістіктерді теріп жазып, тұйық етістік формасына қойыңдар.
ІІ деңгей
1. Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзге морфологиялық талдау жасаңдар
І нұсқа: Аңның терісімен немесе қымбат матамен тысталады.
ІІ нұсқа: Асыл тастармен көмкеріліп, күміс теңгелерден салпыншақ тағылады.
2.Берілген етістікті рай түрлеріне қойып жіктеңдер.
І нұсқа: киеді (шартты рай )
ІІ нұсқа: киеді (қалау рай)
І деңгей
Ұсынылған тақырыптар бойынша шағын әңгіме жазыңыз.
І нұсқа. Тымақ
ІІ нұсқа. Шапан
Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша, тоқсан бойы алған білімдерін, сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
Лексикалық тапсырмалар:
«Ұлттық тағамдар» тақырыбына байланысты 5-сөз жазыңдар.
Берілген шашыраңқы сөздерден сөйлем құрастырыңдар.
Міндетті, соғым, түрде, қуырылады, мол, кейін, қуырдақ, сойылғаннан.
Берілген сөздердің аудармасын жазыңдар.
Осенний забой скота, мясо по-казахски, жареное мясное блюдо, храниться, забой скота на зиму.
Сұрақтарға төменде берілген керекті сөздерді пайдалана отырып, жауап беріңдер.
Жолға шыққанда киетін киім .........болуға тиіс.
Қазіргі кезде жастардың киімі......... .
Мектептерде барлық оқушылар киіп жүруге міндетті ............. болады.
Керекті сөздер: қарапайым, мектеп формасы, сәнді.
5.«Киім кию туралы» деген тақырыпқа әңгіме жазыңдар.
Грамматикалық тапсырмалар:
Берілген сөйлемге тиісті септеулік шылауды қойыңдар. Ол достарымен ...... шай ішті.
Сөйлемді түсініп оқып, қарамен жазылған сөздің синонимін табыңдар.
Қазақ отбасылары өздерінің сыйлы адамдарына, туыстарына шұжықты сыбаға ретінде сақтайды.
Төменде берілген тұйық етістіктерді рай түрлеріне қойып жазыңдар.
І нұсқа. Ескеру, сақтау.
ІІ нұсқа. Сатып алу, санау.
Сөйлемдегі қарамен жазылған сөзге морфологиялық талдау жасаңдар.
І нұсқа. Үйге киетін киім қолайлы, әдемі, таза болса, жарасымды болар еді.
ІІ нұсқа. Киімдер ыңғайлы және орынды қолданылатын болуы керек.
Берілген сөйлемдегі етістіктің райын анықтаңдар.
І нұсқа. Аяқ киімнің лас болуы иесін жақсы жағынан сипаттамайды.
ІІ нұсқа. Жастарға арналған киімге ерекше назар аударылсын.
Қазақ тілі пәні бойынша 7-сынпқа арналған ІІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін нақыштап қорытындылау және сауатты жазуға баулу.
Ермегім-кітап оқу.
Бізге орыс әдебиетінен бір жас мұғалім сабақ берді. Бір күні ол сабақ үстінде маған Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкен оқиғаларын» дауыстап оқытты. Өзге балалар ұйып тыңдап отырды. Сабақта біз оны оқып үлгермедік. Кейін мен оны бір жолдасымнан алып, қызыға оқып шықтым. Содан бастап менің ермегім тек қана кітап оқу болды.
Кітап-ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алу керек. (76 сөз).
(Диктанттар жинағы. Құрастырған: Ж.Н. Нығмет.-Алматы: «Арыс» баспасы, 2012.-56 бет)
Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған тақырыптық тест
Мақсаты: оқушылардың ая бойынша алған білімдерін анықтап, олшылықтарын бақылау, қорытындылау.
1. Адам өмірінің ұзаруына, салауатты өмір сүруіне таптырмас құралды анықтаңдар.
А) сұлулық
В) шыдамдылық
С) спорт
Д) жаттығу
Е) саяхат
2. Бір ..., алты ..., жеті ... сөздеріне жалғанатын жұрнақтарды анықтаңдар.
А) -інші, -ыншы, -ншы
В) -ыншы, -ншы, -інші
С) -ншы, -інші, -ыншы
Д) -ншы, -нші, -ыншы
Е) -інші, -ншы, -нші
3. С.Қонақпаев кім болғанын анықтаңдар.
А) боқсшы
В) күресші
С) желаяқ
Д) футболшы
Е) шахматшы
4. Ортақ етістің жұрнағын табыңдар.
А) -дыр, -дір
В) -ын, -ін
С) -ыл, -іл
Д) -ыс, -іс
Е) -а, -е
5. Футбол ойынның Отанын табыңдар.
А) Сидней
В) Англия
С) Рессей
Д) Қазақстан
Е) Үндістан
6. Тейквондо күшті керек емес жерде пайдалануға тыйым салады. Берілген сөйлемде етістікті тіркесті анықтаңдар.
А) тыйым салады
В) керек емес
С) күшті пайдалануға
Д) күшті емес
Е) жерде пайдалану
7. Қысқы спорт түрін анықтаңдар.
А) ауыр атлетика
В) футбол
С) күрес
Д) шаңғы тебу
Е) шахмат
8. «Шахмат» сөзіндегі «шах» сөзінің мағынасын табыңдар
А)уәзір
В) хан
С) әскер
Д) ат
Е) жауынгер
9. Футбол командасында неше ойыншы болады?
А) 10
В) 11
С) 12
Д) 9
Е) 13
10. Реттік сан есімнің жұрнағын табыңдар.
А) –ау, -еу
В) –ыс,-іс
С) –ншы, -нші
Д) –дай, -дей
Е) –нан, нен
11. Азияда қысқы спорттық ойындардың қанша түрі қамтылды.
А) 8
В) 9
С) 10
Д) 11
Е) 12
12. Заттын санын, ретін білдіретін сөз табын анықтаңдар.
А) сан есім
В) сын есім
С) зат есім
Д) есімдік
Е) етістік
13. Ұлттық спорт түріне жатпайтынын табыңдар.
А) көкпар В) шаңғы тебу С) теңге алу Д) аударыспақ Е) асық
14. Сөйлемді аяқтаңдар. 2011 жылдың 30 қаңтар мен 6 ақпан күндері ...
А) алау эстафетасы ұйымдастырылды
В) Отанымызды танытты
С) Азиада ойындары өткізілді
Д) Алматыда жасалды
Е) кәсіби әртістер қатысты
15. Футбол сөзі қай тілден енгенін табыңдар.
А) орыс В) ағылшын С) неміс Д) француз Е) қытай
Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша, тоқсан бойы алған білімдерін, сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
Лексикалық тапсырмалар:
«Ұлттық аспаптар» тақырыбына байланысты 5-сөз жазыңдар.
Музыкаға қатысты кірме сөздерді жазыңдар.
Берілген сөздердің аудармасын жазыңдар.
Критик, свирель, особенность, исполнять, наследие.
І нұсқа: Ұлттық аспаптың түрінен үрмелі аспапты жазыңдар.
ІІ нұсқа: Жеті ішекті шертпелі музыка аспабын жазыңдар
5.«Қазақ сазгерлері» деген тақырыпқа әңгіме жазыңдар.
Грамматикалық тапсырмалар:
Сұрақтарға жауап беріңдер
І нұсқа: Өздік етістің жұрнақтары қандай? Мысал келтіріңдер
ІІ нұсқа: буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды жазыңдар. Мысал келтіріңдер.
Қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талдаңдар
І нұсқа: Қазақ әндерінің қай түрін алсақ та, өнегелі өсиет арқылы мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, ақылдылыққа насихаттайды.
ІІ нұсқа: Қазақ әндерінің қай түрін алсақ та, өнегелі өсиет арқылы мейірбандыққа, татулық пен бірлікке, адамгершілікке, ақылдылыққа насихаттайды.
Сөйлемдегі жалқы есімді септеңдер.
І нұсқа: Құрманғазы Сағырбаев-қазақтың күйші композиторы.
іІ нұсқа: Дина Нүрпейісова-домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі.
Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
І нұсқа. Қазақстанда алғашқы музыкалық мектептер 1934 жылы Алматы қаласында ашылды.
ІІ нұсқа. Халық әндері адамды адамгершілікке тәрбиелейді.
Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІV тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін нақыштап қорытындылау және сауатты жазуға баулу.
Интернет туралы ұғым
Интернет-жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған. Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдерді біріктіреді. Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі. (65 сөз)(Интернет жүйесі. Интернет туралы ұғым. Әбдібай Құрмантаев.  kaz.osh-18.kz )

Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған тақырыптық тест
Мақсаты: оқушылардың ая бойынша алған білімдерін анықтап, олшылықтарын бақылау, қорытындылау.
1. Дүние жүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы қалай аталады
А) компьютер
В) модем
С) интернет
Д) электронды пошта
Е) сайт
2.Күрделі сан есімді табыңыз.
А)Мыңдап
В) елулерде
С) жүз
Д) екеу
Е) екі бүтін оннан үш
3. Интернет қайда пайда болды?
А) Еуропада
В) Ресейде
С) Францияда
Д) Қазақстанда
Е) АҚШ-та
4. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
А) беске
В) алтыға
С) үшке
Д) екіге
Е) жетіге
5. Интернет арқылы не істеуге болмайды.
А) соңғы жаналықтарды оқу
В) ауа райы туралы мәлімет алу
С) тауарға тапсырыс беру
Д) ұшақ билетіне тапсырыс беру
Е) тамақ жіберу
6.Қате жазылған шылауды табыңдар.
А) Сіз оқисыз ба?
В) Келеді ау деймін
С) Ақ пен қара
Д) Сен ше?
Е) Олар
7. Интернет желісіне қосылу үшін не қажет?
А) сайт
В) модем
С) телефон
Д) үстел
Е) жұмыс
8. Асан әке ..... әңгіме оқыды.
А) сияқты
В) және
С) туралы
Д)әрі
Е) сияқты
9. Электронды поштаның қызметін анықтаңдар.
А) Веб-тораптар жиынтығы
В) сілтемелер жасайды
С) керекті мәлімет іздейді
Д) түрлі хаттарды жөнелтеді
Е) файлдарды өшіреді
10.Берілген сөйлемдегі етіс түрін табыңдар.Бапкерлер ақылдасты.
А) Өздік етіс
В) өзгелік етіс
С) ырықсыз етіс
Д) ортақ етіс
Е) ашық рай
11. Бізге интернет не үшін керек емес?
А) құжаттарды қабылдау үшін
В) тауарды сатып алу үшін
С) ұйықтау үшін
Д) ауа райын білу үшін
Е) видео материалдарды жіберу үшін
12.Берілген қатардан буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңдар.
А) күйші
В) өлең
С) сазгер
Д) ән
Е) әнші
13. Компьютерде отырғанда неше минут сайын көзге жаттығулар жасау керек?
А) 5-10
В) 10-15
С) 20-25
Д) 30-40
Е) 1 сағат
14.Берілген сөйлемді толықтырыңдар. Ән..........
А) тартылады В) қол соғады С) ойнаймыз Д) айтамыз Е) оқимыз
15.Орыс тілі арқылы енген кірме сөзді табыңдар.
А) ән В) күй С) музыка Д) өлең Е) тақпақ
Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған жылдық бақылау жұмысы.
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін, жыл бойы өтілген материалдарды меңгерудегі жетістік, олқылықтарын айқындау. Тапсырмалар арқылы қазақ тілінен алған білімдерін тексеру. Сауатты жазуға баулу.
Интернеттiң негiзгi қосымшалары.
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Талғамы мен көңiл-күйiне қарай одан қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.
E-mail-электрондық пошта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы пошта бағдарламалары көмегімен жүзеге асырылады. Оның көмегімен санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін пернетақтада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық мекен жайына жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, сыныптастарыңызбен, көршілеріңізбен араласуға болады. (63 сөз).
(Интернет жүйесі. Интернет туралы ұғым. Әбдібай Құрмантаев.  kaz.osh-18.kz )
Тапсырмалар:
А.
1. Берілген сөйлемнен тұйық етістігін тауып, етістіктің үш шағына қойыңдар.
І нұсқа. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі.
ІІ нұсқа. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, сыныптастарыңызбен, көршілеріңізбен араласуға болады.
Үлгі:
Нақ осы шақ Келер шақ Жедел өткен шақ
2.Мәтіннен күрделі сөздерді теріп, қай түріне жататынын жазыңдар.
3. Берілген сөзге тәуелді септеу жасаңдар.
І нұсқа: көмегі
ІІ нұсқа: поштам
В.
1. Асты сызылған күрделі сөзге морфологиялық талдау жасаңдар.
І нұсқа. Талғамы мен көңiл-күйiне қарай одан қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.
ІІ нұсқа. Ол үшін пернетақтада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық мекен жайына жіберсеңіз болғаны.
2.Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
І нұсқа: Ол арнайы пошта бағдарламалары көмегімен жүзеге асырылады.
ІІ нұсқа: Оның көмегімен санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз.
С. Берілген тақырып бойынша диалог құрастырыңдар.
І нұсқа. «Интернет құрылысы». ІІ нұсқа. «Электронды пошта»
Қазақ тілі пәні бойынша 7-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау жұмысы.
Мақсаты: : Оқушылардың ая бойынша, тоқсан бойы алған білімдерін, сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
І Лексикалық тапсырмалар.
1 .Интернет қызмет түрлерін жазыңыздар.
2.Интернет құрамына кіретін элементтерді атаңыздар.
3.Берілген тақырыпқа диалог құрастырыңыз. «Электронды пошта»
4.Сайттың түрлерін жазыңдар.
Сайт түрлері
5.Сіз қандай сайтты пайдаланасыз?
ІІ Грамматикалық тапсырмалар.
1.Синтаксистік талдау жасаңыздар.
І нұсқа Интернет осыдан 25 жыл бұрын АҚШ-та пайда болды.
ІІ нұсқа Ол әскери зерттеулерді қамтамасыз ету үшін құрылған.
2.Етістікті ауыспалы осы шаққа қойыңыздар.
І нұсқа пайда болу, құрылу,бағалау.
ІІ нұсқа іздеу, қосу, кіру.
3.Сөйлемде берілген сан есімдерді реттік, болжалды, топтау түріне айналдырыңыз.
І нұсқа Компьютерде отырған әр 20-25 минут сайын көзге жаттығулар
жасау керек.
ІІ нұсқа Көз бен компьютердің арақашықтығы 60-70 см болу керек.
4.Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар.
І нұсқа құжат ІІ нұсқа жіберді
5.Берілген тұйық етістікті септеп, тәуелдеңіздер.
І нұсқа құрылу ІІ нұсқа жіберу
8-сынып
Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың өткен жыл бойы алған білімдерін жинақтап, сауаттылықтарын тексеру,білім деңгейін анықтау.
Диктант.
Менің туған жерім – Қазақстан. Қазақстан жері кең-байтақ. Ол жерінің үлкендігі жөнінде дүние жүзінде тоғызыншы орында тұр. Біздің еліміз Ресей, Қытай, Қырғыстан, Түркіменстан және Өзбекістан елдерімен шектеседі.
Қазақ жерінде өзендер мен ормандар, таулар мен жазық дала, көлдер мен шөлдер бар. Республикамыз түрлі өсімдіктер мен жан-жануарларға да өте бай. Пайдалы кең қазбаларының бәрін табуға болады.
Қазақстанның ауа райы құрғақ. Таулы аймақтарда ылғал молдау.
(63 сөз) А.Ш. Бектурова. Ш.К. Бектуров)
Тапсырмалар:
ІІІ деңгей.
1. Мәтіннің тақырыбын ашатын 3 сұрақ қойыңыз.
2. І-нұсқа: Мәтіннен сапалық сын есімдерді теріп жазыңыз.
ІІ-нұсқа: Мәтіннен қатыстық сын есімдерді теріп жазыңыз.
3. Берілген сөздерді септеңіз
І нұсқа: өзен
ІІ нұсқа: орман
ІІ деңгей.
Морфологиялық талдау жасаңыз.
І-нұсқа- пайдалы
ІІ-нұсқа- кең-байтақ.
Мәтіндегі етістіктерді рай категориясына (2 жақ, өткен шақ) қойып жазыңыз.
І нұсқа – қалау райға айналдыру;
ІІ нұсқа – шартты райға айналдыру.
І деңгей.
Әңгіме құрастыру. Өз туған қалаң туралы не білесің? (қаланың тарихы, табиғаты, өнеркәсібі және т.б.)
Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың тоқсан бойы алған білімдерін жинақтап, сауаттылықтарын тексеру, білім деңгейін анықтау.
Ауылда.
Өткен демалыс күні ауылдағы нағашы апамның үйінде болдым. Сөйтіп апам мен атама көмектестім. Ауылдағы өмір өте қызық. Ерте әтештің шақырған дауысымен ояндым. Апам бие сауып жатыр екен. Атам малдарды жайлауға шығарып жатыр екен. Мен сиырларды өріске қосып келдім. Сосын атам екеуіміз қозы– лақтарды қораға шығарып, құстарға жем салдық. Осы кезде апам бізді дастарханға шақырды. Барлығымыз жазғы ас үйде отырып таңғы асымызды іштік. Апам бәрімізге үлкен кесемен ыстық сүт құйып берді. Сосын біз атам екеуіміз шөп шаптық. Кешке достарыммен алтыбықан тептік. Осылайша, бір күннің қалай өткенін білмей қалдым.
(87 сөз) Диктанттар жинағы. 1998 жыл.

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
І Лексикалық тапсырмалар:
Қазақ отбасындағы туыстық атауларға сипаттама беріңдер.
Мақал-мәтелдерді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңдар.
а) Арыңды жасыңнан сақта.
б) Ең алдымен ойлаң,онан кейін істе.
в) Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.
3. Үйде ас әзірлеуге анаңа көмектесесің бе? Қандай ас дайындай аласың?
4. Жазғы демалыста ата-әжелеріне барасыңдар ма? Оларға кандай көмек бересіңдер? Бұл тақырып бойынша бірнеше сөз тіркесін жазыңдар.
5. Өз отбасыларың туралы шағын әңгіме құраңдар.
ІІ Грамматикалық тапсырмалар
1.Салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін анықтаңдар.
Жұмыс аяқталған соң, біз қайтуға кірістік.
Ол тілалғыш бала, өйткені ол ата-анасына көмектеседі.
Мен кітапты көп оқып, бұл кітаптардағы әңгімелерді әжеме айтып бердім.
Олар дайындалды, қонақтары келмеді.
2. Кілемдерді, жинауға – сөз құрамына қарай талдаңдар.
3. Берілген сөйлемдерде есімшені табыңдар.
Мен жазғы демалысымда ата-әжеме баратын болдым.
Ауылда өткізген күндерім тамаша болды.
4. Сөйлемдегі сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажыратыңдар.
Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.
Адам бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады.
Етіс туралы түсінік беріңдер. Етіс түрлерінің жасалу жолдарын түсіндіріндер.

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың тоқсан бойы алған білімдерін, сауаттылықтарын тексеру.
Тамақ түрлері.
Адам баласы тамақ ішпей тұра алмайды. Деніңіз сау болу үшін, жақсы тамақ ішу керек. «Ас – адамның арқауы» деп бекер айтпады. Тамақ арқылы адам ағзалары белок, май, көмірсу, минералдық заттар, түрлі витаминдер қамтамасыз етіледі.
Біздің қандай тамақ түрін жейтініміз тұрған жерімізге байланысты. Қытайдың оңтүстігінде күріш, ал солтүстігінде кеспені көбірек жейді. Жапон елінде адамдар балық, Орталық Еуропада ет тағамдарын молырақ пайдаланады.
Қазіргі кезде азық-түлікті жер шарының бір түкпірінен екінші түкпіріне тасымалдауға болады. Сондықтан тамақтың қай түрін жегің келсе,
мүмкіндігін бар.
(76 сөз) (А.Ш. Бектурова. Ш.К. Бектуров)
Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған мазмұндама
ІІ тоқсан
Мақсаты: Қазақстан қалалары тақырыбы бойынша оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сауаттылығын тексеру, жазылым дағдыларын жетілдіру, тілдерін дамыту, оқушылардың туған жерін, елін қадірлеуге, сүйе білуге тәрбиелеу.

Түркістан қаласы
Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихы- мен тығыз байланысты. Орта ғасырларда Қазақ хандығының ордасы болады. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған.
Қазір Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йасауи атымен әлемге әйгілі болды.
Бүгінгі Түркістан – үлкен, әсем қала. Мұндағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде мыңдаған қазақстандық жастар білім алады. Түркістан қаласының келешегі зор.
(83 сөз) (Газет материалдарынан)
Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған аралық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін жинақтап, сауаттылығын тексеру, білімдерін анықтау.
Астана – бас қала
1998 жылдың 6  мамырда Ақмола қаласын Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды.
Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа сұлулығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.
Қазір Астана – Егеменді Қазақстан Республикасының астанасы болып саналады.. Ол - өте көркем қала.
(83 сөз) Диктанттар жинағы.1998 ж.

Тапсырмалар.
ІІІ деңгей.
1. Мәтіннің тақырыбын ашатын 3 сұрақ қойыңыз.
2. І-нұсқа: Мәтіннен тәуелденген сөздерді теріп жазыңыз (жағын анықтаңыз)
ІІ-нұсқа: Мәтіннен септелген сөздерді теріп шығыңыз. (септік түрін жазыңыз)
Сөз құрамына талдаңдар.
І-нұсқа. Егеменді, Қазақстан, Республикасының.
ІІ-нұсқа. Қаласын, Елбасының, жарлығымен.
ІІ деңгей.
1. Мәтіннен күрделі сөздерді теріп шық және жасалуын анықтаңыз. (орташа 4-5 сөз)
2. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз және құрмалас сөйлемге айналдырып жазыңыз
1998 жылдың 6  мамырда Ақмола қаласын Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды.
І деңгей.
1. Отан туралы мақал-мәтелдерді жатқа жазып, біреуінің мағынасын түсіндір.
8- сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау жұмысы.
Мақсаты: Оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
І Лексикалық тапсырмалар:
1.Тамақтанудың қандай ережелерін сақтау керек? Оларды атап шық ( 6 ереже)
2. Мектеп асханасы қалай безендірілгені туралы 3 сөйлем құрастыр.
3. Солтүстік Қазақстан өнеркәсібі туралы тірек сызба жасаңдар.
4. Қазақ елінің бас қалаларын атап шығыңдар. (орта ғасырдан бастап)
5. Тұрғылықты қалаларын туралы диалог құраңдар.
ІІ Грамматикалық тапсырмалар
1 Біріккен сөздерден тұратын қала атауларын жазып, құрамына қарай талдаңдар.
2. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауларын қойып, синтаксистік талдау жасаңдар: 1929 жылы Қазақстан..... астанасы Қызылорда..... Алматы... көшті.
3. Сөздерді септеңдер: Тағам, сәбіз.
4. Сөйлемдерге екі тәсілмен сұрақ қойыңдар.
Қазақстанда көрікті қалалары көп.
Біздің өлкеміздіз табиғаты тамаша.
5. Жақшаны ашып, сөйлемдерді дұрыс құраңдар.
Тамақта адам денесіне қажетті әр түрлі (витамины) болады.
Алматы қаласында (микрорайоны) баршалық.
Бәйтерек ашылып келе жатқан (тюльпан) сияқты.
Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша, тоқсан бойы алған білімдерін, сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
Есентай Ерботин
Есентай Ерботин 1940 жылы 13 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Мәшһүр Жүсіп ауылында колхозшы шаруаның отбасында дүниеге келген. 1959 жылы онжылдық мектеп бітіріп, әскери қатарға шақырылған. Есентай Ерботин Қарағандыдағы педагогикалық институтың филология факультетін 1967 жылы бітіріп, біраз уақыт ауылда мұғалім болады.
Әдебиет мұғалімі Е.Ерботин енді өзін журналистика саласында байқап көргісі келеді де облыстық «Қызыл ту» газетінде және кейіннен Павлодар облысындағы Қазақ радиосының тілшісі болып жұмыс істейді.
Есентай Ерботин көптеген кітаптардың авторы, ақынның «Серік пен Берік», «Менің досым», «Далаға саяхат» сияқты шығармалары оқырмандарға таныс. Еңбектерінің бірі – «Балалар бала болғанда» атты жинағы
(85 сөз) (Интернет желісінен)
Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған тақырыптық тест.
ІІІ тоқсан
Мақсаты: Оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
1.Ілияс Жансүгіров қай жерде дүниеге келді?
А)Маңғыстау облысы
Б)Алматы облысы
С)Қарағанды облысы
Д)Талдықорған облысы
Е)Қызылорда облысы
2,Өтебай Тұрманжанов өлеңдері қай басылымға шыға бастады?
А) «Қазақ» газетіне
В) «Серке»газетіне
С) «Дала уәлияты»газетіне
Д) «Ақ жол»газетіне
Е) «Комсомол»газетіне
3.Мұқан Иманжанов кім?
А)ақын
В)жазушы
С)сатирик
Д)драматург
Е)режиссер
4.Мұзафар Әлімбаевтың алғашқы кітабы қалай аталады?
А) «Жарық жұлдыз»
В) «Маржан сөз»
С) «Қарағанды жырлары»
Д) «Көңіл күнделігі»
Е) «Үндемейтін ұл»
5.Балаларға танымал «Менің атым-Қожа»повесінің авторы кім?
А)Ілияс Жансүгіров
В)Өтебай Тұрманжанов
С)Мұзафар Әлімбаев
Д)Бердібек Соқпақпаев
Е)Мұқан Иманжанов
6.1927 жылы башқұрт елінде өмірге келген жазушыны табыңдар.
А)Ілияс Жансүгіров
В)Машқар Гумеро
С)Мұзафар Әлімбаев
Д)Бердібек Соқпақпаев
Е)Қадыр Мырзалиев
7.Машқар Гумеровтың Домбай атты кейіпкері қай шығармасында сомдалған?
А) «Ұя»
В) «Ерегес»
С) «Аңсау»
Д) «Құпия дәптер»
Е)Қасиетті тақия»
8.Мұқан Иманжановтың балаларға арнап жазған шығармалары қай уақыттан бастау алды?
А)оқып жүрген кезінде
В)қызмет жасай бастағанда
С)Ұлы Отан соғысы кезінде
Д)Алматыда оқып жүргенде
Е)мектеп бітірген соң
9.Машқар Гумеровтың Домбай атты кейіпкері қандай пәндерден қиналатынын табыңдар.
А)тарих,әдебиет
В)табиғаттану,тарих
С)ана тілі,математика
Д)математика,тарих
Е)табиғаттану,математика
10 «Баламен сырласу» өлеңінің авторын табыңдар.
А)Қадыр Мырзалиев
В)Қастек Баянбаев
С)Ескен Елубаев
Д)Сұлтан Қалиев
Е)НұрдәулетАқышев
9. Машқар Гумеровтың Домбай атты кейіпкері қандай пәндерден қиналатындарын табыңдар.
А)тарих,әдебиет
В)табиғаттану,тарих
С)ана тілі,математика
Д)математика,тарих
Е)табиғаттану,математика
10. «Баламен сырлану»өлеңінің авторын табыңдар.
А)Қадыр Мырзалиев
В)Қастек Баянбаев
С)Ескен Елубаев
Д)Сұлтан Қалиев
Е)Нұрдәулет Ақышев
11. Қай сөйлемнің құрамында жалқы есімдер қатысқан?
А) Ертең мен емтихан тапсырамын.
В) Кеше неге келмедің?
С) Сіздің атыңыз кім?
Д) Алақай, апам келе жатыр!
Е) Әлия Семей қаласындағы Абай мұражайына барды.
12 Етістігі жедел өткен шақ тұлғасында тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ертеде бір қария болыпты.
В) Екінші сабақтан кейін үзіліс болады.
С) Баянауылға дейін автобуспен келдім.
Д) Менің досым Алматыда тұрады.
Е) Кеше ерте тұрыппын.
13 Етістігі қалау райда тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Мен келесі аптада Көкшетауға барамын.
В) Студенттер университетке бара жатыр.
С) Ертең маған келіп кетерсің.
Д) Кеше қызықты кітап оқыдым.
Е) Ұлттық мұражайға барғым келеді.
14 Тұйық етістіктің жұрнағын табыңдар.
А) –ып
В) –у
С) –а
Д) –ар
Е) –ма
15 Шартты райдың жұрнағын анықта.
А) –са, -се
В) –да, - де
С) –та, -те
Д) –ла, ле
Е) –қа, - ке
16 Асты сызылған сөз қай шақта тұрғанын анықта. Түнде жаңбыр жауады.
А) нақ осы шақ
В) өткен шақ
С) келер шақ
Д) ауыспалы өткен шақ
Е) ауыспалы осы шақ
17 Болымсыз етістікті тап.
А) Ол демалды.
В) Айтқанын ұмытпа.
С) Қайдан табылған екен?
Д) Терезесін ашты.
Е) Қуыршақпен ойнады.
18 Жалқы есімді табыңыз.
А) Бұлақ В) Темір С) Өзен Д) Алматы Е) Қамшы
19 Жалқы есім бар сөйлемді табыңыз.
А) Келген адамдар сәлем бере бастады.
В) Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.
С) Адам ұлы адамша өмір сүрсін.
Д) Үстінде кестелген ақ көйлек.
Е) Кісі өлген қаралы ауыл.
20 Мына сөздерден жалпы есімді табыңыз.
А) Бөрібасар В) Жетіқарақшы С) Зәуреш Д) Тау Е) Көкшетау.

Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
І.Лексикалық тапсырмалар
1 Мына сөздермен сөйлем құрастырыңдар:
Жазушы, өлеңдер, әйгілі
2 Сөздердің сәйкестігін табыңдар:
тілші размышления
оқырман читатель
толғаулар корреспондент, журналист
Кеңес Одағының батыры Союз писателей
меншікті тілші вдохновение
шабыт награжден 
марапатталған собственный корреспондент
Жазушылар одағы Герой Советского Союза
3 Қандай қазақ балалар журналдарын білесіңдер?
4 Ілияс Жансүгіров туралы не білесіңдер?
5 Қазақстанның көрікті жерлерін атап шығындар.
ІІ Грамматикалық тапсырмалар:
1. Берілген сөздердің антонимін жазыңдар: жиі, бітірді, тұңғыш.
2. Берілген сөздердің синонимін табыңдар: әлем, дүниеге келу.
3. Берілген сөзге морфологиялық талдау жасаңдар: аударған
4. Мына сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар:
Әлімбаев Мұзафар 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды аулында дүниеге келген.
5. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.
байлық, табиғаттың, денсаулыққа, сақтаймыз.
Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған ІV тоқсандық диктант
Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша, тоқсан бойы алған білімдерін, сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
Досымның күн тәртібі
Менің досым – Әсет. Ол сегізінші сыныпта оқиды. Ол - өте ұйымшыл бала. Оның жұмыс күні сағат жетіден басталып, кешкі онға дейін созылады. Таңертеңнен түске дейін сабақтар өтеді. Сонда сабақтарға белсенді қатысып жақсы баға алуға тырысады.
Ең жақсы көретін уақыты – сабақтан кейінгі уақыт. Әсет сурет салуды жақсы көреді, сондықтан «Суретшілер» тобының мүшесі. Біз мейрам күндері, сыныптастарымыздың туған күні қарсаңында қабырға газетін шығарамыз. Біздің суретіміз құрбы-құрдастарымыздың көңілінен шығады. Осы уақыт аралығында ол тоқтамай жұмыс жасай береді. Ол сыныптастарына әрдайым көмектесіп жүреді.
Мен өз досымды мақтан етемін.
(84 сөз) (Интернет желісінен)
Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған жылдық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан тоқсанда алған білімдерін тексеру.

Алтын ұям - мектебім
Қыркүйек айы жақын қалды. Мектептегі жөндеу жұмыстары аяқталып, оқушыларды таза сыныптар, сырланған есік, терезе, парта, тақта күтіп тұрғандай. Жаз бойы дем алып тыныққан оқушылар көтеріңкі көңілмен мектептеріне сағынышпен оралды. Мен өзімнің Павлодар қаласының № 34 мектебімді өте жақсы көремін. Ол төрт қабатты. Біздің мектеп өте биік, әдемі. Мектептің сыныптары кең, жарық, таза. Мектепте компьютер сыныптары бар. Мектепте өте білімді мұғалімдер сабақ береді. Мектептің үлкен спортзалы бар. Ол еш уақытта бос тұрмайды.
Біздің мектепте әр түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Олар: экологиялық, қуыршақ, елтану, қолөнер, дене шынықтыру үйірмелері.
(84 сөз) (Интернет желісінен)
ІІІ деңгей.
1. Мәтінді негізге ала отырып, 3 сұрақ құрастырыңыз.
2. Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
І – нұсқа. Мектеп, сынып
ІІ – нұсқа. Оқушы, мұғалім
3.Мәтіннен есімдіктерді теріп, түрлерін ажыратыңыз.
ІІ деңгей.
1. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.
І нұсқа. Біздің мектепте әр түрлі үйірмелер жұмыс істейді
ІІ нұсқа. Мен өзімнің Павлодар қаласының № 34 мектебімді өте жақсы көремін.2. Мәтіндегі жай сөйлемдермен 1 құрмалас сөйлем құрастырыңдар.
І деңгей.
«Менің демалыс күнім» деген тақырыпқа әңгіме жазыңдар
Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған тақырыптық тест.
ІV тоқсан
Мақсаты: Оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
Электронды пошта қай жылдан бастап қолданылып келеді?
А)1965
В)1966
С)1967
Д)1968
Е)1969
2. Берілген сөйлемнен сын-қимыл үстеуді табыңдар. Біз электронды поштаға лезде үйрендік.
А)пошта
В)лезде
С)үйрендік
Д)электронды
Е)біз
3. Электронды поштаның тасымалдайтын ақпарат түрлеріне қайсысы жатпайды?
А)ақпарат
В)бағдарлама
С)хат
Д)табиғат байлықтары
Е)чат
4. Электронды поштаны қолдану арқылы сандық формат.. ауысатындардың барлығын жіберуге болады. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауын жалғаңдар.
А)-ға
В)-ге
С)-қа
Д)-ке
Е)-да
5. Е-маіл сыпайлық ережелері жеке хаттардың барлығына .......
ішінде жауап қайтарылуын талап етеді. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.
А)бір тәулік
В)екі тәулік
С)бір жарым тәулік
Д)өзіңе байланысты
Е)ұш тәулік
6. Электронды пошта ...... келетін хаттар тармағын шертіңіз.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңдар.
А)терезеге
В)терезелер
С)терезесіндегі
Д)терезе
Е)терезенің
7.Мақалды аяқтаңдар.
Отансыз адам-
А) Әке балаға сыншы
В)Балалы үй-базар
С)Шешеге қарап қыз өсер
Д)Не қылсаң,сол келер
Е)Ормансыз бұлбұл
8.Керекті әріпті қойып белгілеңіз.
Бізді... кітапханашы...ыз – өте мейірімді адам.
А) ң, м
В)қ,т
С)к,т
Д)с,с
Е) н,т
9 Бастауыштың сұрақтарын анықтаңыз.
А)Кім?Не?
В)Қайда?Қалай?
С)Кімге?Неге?
Д)Кімнің?Ненің?
Е)Не істейді? Қайтті?
10. Берілген сөздерге тиісті сөз тудырушы жұрнақтарды белгілеңіз
Бас,көз.
А)-ты,-лы
В)-та,-де
С)-тік,-ге
Д)-лық,-тік
Е)-ны,-те
11. Берілген сөз тіркестеріндегі етістіктің түрін көрсетіңіз.
Сумен ойнама,отпен ойнама.
А)болымды
В)болымсыз
С)тұйық
Д)салт
Е)сабақты
12. Себеп үстеулі сөз тіркесін табыңыз.
А)нағыз жігіт
В)әдейі келді
С)біле тұра айтты
Д)бірталай жүрді
Е)текке айтты
13.Сөз тіркестерінен салыстырмалы шырайды табыңыз
А)жасыл жайлау
В)көк аспан
С)ақ боз ат
Д)ақшыл боз айғыр
Е)катты нан
14. «Қоян жүрек» тұрақты сөз тіркесінің баламасын көрсетіңіз.
А)адал
В)таза
С)момын
Д)арам,қу
Е)қорқақ
15. «Қатты» сөзінің антонимін көрсетіңіз.
А)жасырын
В)жұмсақ
С)белгісіз
Д)жабық
Е)жұмбақ
16. «Ойыншықтар» сөзіндегі үнді дауыссыз дыбыс саны қанша?
А)5
В)6
С)3
Д)2
Е)4
17. Толықтауышты белгілеңіз.
Кеше Шоқан ағасымен көп сөйлесті.
А)кеше
В)көп
С)Шоқан
Д)ағасымен
Е)сөйлесті
18 Туынды зат есімді анықтаңыз
А)күз
В)күткен
С)мектеп
Д)күтім
Е)көбелек
19. Көп нүктенің орнына тиісті септеулікті қойыңыз.
Мен кітапханаға ..... Маратпен бірге бардым.
А)үшін
В)сияқты
С)арқылы
Д)дейін
Е)туралы
20. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді анықтаңыз.
А)мектеп,қабырға В)кеспе,сүзбе С)дос,жолдас Д)бала,оқушы Е)бауыр,бүйір
Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
І. Лексикалық тапсырмалар
1 Мына сөздермен сөйлем құрастырыңдар:
Электронды пошта, Е-mаіl
2 Сөздердің сәйкестігін табыңдар:
Элетронды пошта связь
Хат сеть
Желі электронная почта
Байланыс письмо
3 «Интернет желісі не үшін қажет?» деген сұраққа өз ойларыңды жазыңдар.
4 Өз күн тәртібін жоспарлаңдар.
5 Мақал-мәтелдерді аяқтаңдар.
Жақсы сөз - ... .
Өнер алды - ... .
Басқа пәле - ... .
Тіл - .. .
Ең тәтті де - ... .
Ең ащы да - ... .
Керекті сөздер: тіл, тиексіз, тілден, қызыл тіл, жарым ырыс.
ІІ. Грамматикалық тапсырмалар
1. Берілген сөздерге антоним жазыңдар: жылдам, тұңғыш.
2. Берілген сөздердің синонимін табыңдар: Пайдалану, уақыт
3. Берілген сөзге морфологиялық талдау жасаңдар: жеткізілді
4. Мына сөйлемдермен 1 сабақтас құрмалас сөйлем жасаңдар.
Электронды поштаның пайда болуын 1965 жылы жатқызуа болады. Осы жылы Массачусетк – технологиялық институтының қызметкерлері Ноэль Моррис және То Ван Влек операциялық жүйесіне арналған MAIL бағдарламасын жазды.
5. Берілген сөйлемдерден модаль сөздерді табыңдар.
1. Рас, Ділдәні Абай сүйіп қатқан жоқ. 2. Мүмкін, олар үйде жоқ. 3. – Иә, мен де солай ойлаймын. 4. Бүгін бізге оқулықтар мен дәптерлер керек. 5. Маған жасыл түсті алма сияқты бір жемісті көрсетті.
9-сынып
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған алғашқы бақылау жұмысы.
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және сауатты жазуларын қадағалау.
Ана тілін білмеген – ақылы жоқ желікбас
Адамзат жаралғалы бері, ана тілі адамгершілік айнасы болып келеді. Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі. Өз халқына қызмет ету үшін, алдымен ана тілін жетік білу қажет. «Ана тілін білмеген- ақылы жоқ желікбас. Ана тілін сүймеген – халқын сүйіп жарытпас», - деген қанатты сөз бар. Бұл сөзді қырғыз ақыны Сарноғаев айтқан. Өз халқын сүйе білген адам өзге елді де сүйе біледі.
«Ақын болу – міндет емес, азамат болу - парызың», - дейді. Азаматтық дегеніміз – ана тілін ардақтау. Біздің халқымыз тілге кедей емес. Халқымыздың тілдік қоры өте бай. Тіліміздің байлығын ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тіл байлығы - рухани байлық.
(Қазақ тілі мен әдебиет журналы 5/2005, 92 сөз)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей.
1. Мәтіннен тәуелдік және септеулік жалғаулы сөздерді теріп жазып, оның жағы мен септігін анықтаңыздар.
2. Берілген сөздердің синонимдік қатарын жазыңыздар.
І нұсқа- азамат, ел, қажет. ІІ нұсқа-халық, ана тілі, алдымен.
3. Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! – өлеңінің авторы кім?
ІІ деңгей.
Берілген сөздерді құрамына қарай талдаңыздар
І нұсқа- адамгершілік, жаралғалы. ІІ нұсқа- азаматтық, халқымыздың.
Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
І нұсқа - Ана тілі - әр халықтың өзінің төл белгісі.
ІІ нұсқа - Өз халқын сүйе білген адам өзге елді де сүйе біледі.
І деңгей.
Ана тілі тақырыбына 4-5 мақал – мәтел жазыңыздар.
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант
Мақсаты: Мемлекеттік білім стандартының орындалу барысын тексеру
Үлкенді сыйлау
Үлкенді сыйлау - қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау, ең алдымен, әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйлай алмайды. Ата-ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді, тәрбиелеп өсіреді, білім береді. Есейген бала ата-анаға қамқоршы болуға жараса – жігіт болғаны. Ата мен ананың қартайғанда бойынан күші қайтады. Бірақ олардың ақылы, көпті көрген тәжірибесі отбасына үлкен көмегін тигізеді. Ол үшін ата-анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отыру керек. Ата-ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. Ата-ананың тәжірибесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы.
(9с. Қазақ тілі оқулығы.95 сөз)
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған І тоқсандық
бақылау жұмысы
Мақсаты: Оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
Лексикалық тапсырмалар:
1. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Сен үшін ата-анаңның орны қандай?
2) Неге бақыт тек қиындық арқылы келеді?
3) Достық не үшін керек?
2. «Отбасы» тақырыбына 8 мақал-мәтел жазыңыздар.
3. «Қазақ салт-дәстүрі» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
4. «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің» деген халық мақалын қалай түсінесіңдер, өз ойларыңды жазыңыздар.
5. «Дастарқанды қадірлей білейік!» тақырыбына шағын шығарма жазу.
Грамматикалық тапсырмалар:
1. Сызбаны толтырыңыздар.
Дыбыс үндестігі


2. Неге? сұрағына жауап беретін сөйлемдер құраңыздар.

........
........
Ата-анам ........үйретеді
........
........
3. Мына кестені толтырып жазыңыздар
Ілгерінді ықпал Кейінді ықпал Тоғыспалы ықпал
4. Сөйлемді мағынасына қарай толықтырыңыздар.
Мен __________ айтқанын тыңдаймын. жақсыдан үйрен
Отбасында __________ бірінші орында тұруы керек. сөздің
Сәлем - ____________ анасы. сыйластық
Әкем маған ылғи ________ дейді. анамның
5. Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, сөйлем құраңыздар.
Ашуға бой алдырды, салқын қарай бастады, түн ұйқысын төрт бөлді.
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және сауатты жазуларын қадағалау.
Қазақтың тұңғыш суретшісі
Әбілхан Қастеев қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі, кескіндемешісі, қоғам қайраткері, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушысы. Ол 1904 жылы Талдықорған облысында туған. 1929 жылы Алматыға келіп, Хлудовтың студиясына қатысады, бейнелеу өнерінің негізін үйренеді. Әбілханның суретшілік мұрасы өте бай. Оның мыңнан астам туындылары бар. Қастеевтің суреттері табиғат, ескі және жаңа тұрмыс, халықтың өмірі, дәстүрі туралы.
Әбілханның Абайдың, Жамбылдың, Шоқанның кескіндерін жасады. Дарынды суретшінің қазақ халқының тұрмысын бейнелеген туындылары «Колхоз тойы»,, «Жайлаудағы радио», «Соңғы хабарлар», «Сүт фермасы». Көптеген суреттерінің бас кейіпкерлері – еңбек адамдары.
Әбілхан Қастеев 1973 жылы қайтыс болды. Алматыда оның атында көркемсурет училищесі және мемлекеттік көркем галереясы бар.
(Парасат журналы, 19-бет, 2012 жыл №9,96 сөз)

Вова максат артур руся
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық мазмұндама
Мақсаты: Білімдерін тексеріп, сөйлеу тілі мен жазбаша тілін, есте сақтау, түсіну қабілеттерін дамыту, сауаттылығын тексеру.
Потанин атындағы мұражай
Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі 1942 жылы құрылды. 1958 жылы оған Орта Азияны зерттеуші, саяхатшы Г. Н. Потаниннің аты берілді. Өлкенің тарихы мен мәдениетін ашатын экзпозициялар 8 залда орналасқан.
Музей ашық аспан астында жұмыс істейді. Музейдің негізгі экспозициясы Ленин көшесінде орналасқан архитектура ескерткіші ғимаратында орналасқан. 1890 жылы салынған. Онда бірінші гильдия көпесі А.Деровтың сауда үйі болған. Әкімшілік, ішкі бөлімдер ғимараттың екінші қабатында - бұрынғы пошта-телеграф конторасында орналасқан. Негізгі қор Ленин көшесі 129 үйдегі архитектура ескерткіші болып саналатын ғимаратта.
Музей қорының коллекциясы жыл сайын толықтырылуда, олардың ғылыми өңдеуі дамуда. Музейдің негізгі қорында жетпіс мың экспонаттар саналады.
(Ғаламтор желісі. Ертіс өңірінің әдеби картасы. 94 сөз.)
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық
бақылау жұмысы
Мақсаты: оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
Лексикалық тапсырмалар:
Берілген адамдардың есімдері немен әйгілі болғанын жазыңыздар.
Ә.Қастеев, Айша Ғалымбаева, Әубәкір Ысмайылов, Зоя Соболева, Қанафия Тельжанов.
2. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Қазақ бейнелеу өнері деген қандай өнер түрі?
2) Қазақ бейнелеу өнерінің бастауында кім тұрды?
3) Ә.Қастеевтің қандай туындыларын білесің?
4) Павлодар қаласының қандай атақты суретшілерін білесің?
3. «Сүйікті суретші» атты тақырыпқа диалог құрастырыңыздар.
4. «Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы» тақырыбына сұхбат құрастырыңыздар.
5. Жылда қалада болатын суретшілер көрмесінде Айша Ғалымбаеваның туындылары бар екен .... (әңгімені аяқтаңыздар).
Грамматикалық тапсырмалар:
1. Берілген мақал-мәтел сөздерін сөз құрамына талдап, мағынасын түсіндіріңіздер.
1) Ұл баланың үйкүшік болғаны жараспайды,
Қыз баланың қыдырмашы болғаны жараспайды.
2) Қыздың аңқауынан сақта,
Ұлдың жалқауынан сақта.
2. Берілген есім сөздерге жұрнақ жалғап, етістікке айналдырып жазыңыздар.
Үлгі: әшекейле, алаңдау, ...
Әшекей, алаң, ашу, әзіл, әңгіме, аяқ, сыр.
3. Мақал-мәтелдеден шартты райлы етістіктерді табыңыздар.
1. Атадан жақсы ұл туса,
Жеткізеді мұратқа.
Атадан жаман ұл туса,
Қалдырады ұятқа.
2. Еңбек етсең, еленерсің,
Еңбегіңе кенелерсің.
3. Не ексең, соны орарсың.
4. Төменде берілген тұйық етістіктерді шартты, ашық райларға қойып, жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Үлгі: ұйықтау –ұйықта +са (шартты рай)
Ұйықтау, ескеру, кию, санау, тігілу, жүру, қарау, сатып алу.
5. Төмендегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
Орталық мұражайдың жаңа ғимараты бір мың тоғыз жүз сексен бесінші жылы салынды. Менің қазақ суретшілері мен мүсіншілерінің шығармаларымен танысқым келеді.
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған аралық бақылау жұмысы
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және сауатты жазуларын қадағалау, грамматикадан алған білімдерін жүйелеу
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы
Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер мұражайы 1992 жылғы 22 наурызда салтанатты түрде ашылды.
Мұражай экспозициясы 7 залда орналасқан: халық ауыз әдебиеті залы, көне түркі жазбалар ескерткіші залы, Бұқар жырау залы, ХХ ғасыр басындағы әдебиет, әдебиеттер достастығы залы, қазіргі заман әдебиеті залы, өнер залы.
Қазіргі кезде мұражайда 47 мыңнан астам экспонат бар. Жыл сайын мұражайды 32 мың келуші тамашаласа, 110 астам бұқаралық іс-шара, 260 тақырыптық дәріс, 320 мұражайға шолу дәрісі мен 100 көрме өткізіледі. Мектеп оқушылары мен студенттерге Павлодар өңірінің ақын-жазушылары шығармашылығына арналған мектеп бағдарламасымен сәйкестендірілген 50 астам тақырыптық дәрістер жүргізіледі.
(Интернет желісі. 96 сөз)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей.
Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазып, түрлерін анықтаңыздар
Берілген сөздерді тәуелдеп барып септеңіздер
І нұсқа- мұражай ІІ нұсқа-дәрістер
Берілген сөздерді қалау райда тәуелдеңіздер.
І нұсқа – ашу ІІ нұсқа – өткізу
ІІ деңгей.
Берілген сөйлемдегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыздар
І нұсқа- Қазіргі кезде мұражайда 47 мыңнан астам экспонат бар
ІІ нұсқа- Мұражай экспозициясы 7 залда орналасқан.
Берліген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.
І нұсқа- Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер
мұражайы 1992 жылы ашылды.
ІІ нұсқа- Жыл сайын мұражайды 32 мың келуші тамашаласа, 320
мұражайға шолу дәрісі мен 100 көрме өткізіледі
І деңгей.
Мәтінге сүйене отырып диалог құрастырыңыздар.
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық диктант
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және сауатты жазуларын қадағалау
Абай мұражайы
Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайы–ақынның туғанына 95 жыл толуы қарсаңында 1940 жылғы 1-сәуірдегі қаулысы бойынша ұйымдастырылды. 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Абай мұражайы мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы болып қайта құрылды.
Мұражай экспозициясы келесі залдардан тұрады: «Абай және оның дәуірі», «Абай шығармашылығы», «Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары», «Абай аудармалары мен музыкалық мұрасы», «Шығыс поэмалары», «Ескендір поэмасы», «Күмбезді зал», «Жыл мезгілдері», «Жаз өлеңіне арналған панорамалық заң», «Тақырыптық көрмелер залы», «Ақындық айналасы», «Абай халық жүрегінде», «Сыйлықтар залы».
Абай қорық-мұражайы қорында 20 мыңнан астам жәдігері, 12 950 кітабы бар ғылыми кітапхана және көшірме жасайтын ғылыми-техникалық бөлім бар.
(Ғаламтор желісі.108 сөз)
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық
бақылау жұмысы
Мақсаты: оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
Лексикалық тапсырмалар.
1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
Мұражайдың рөлі қандай?
Сендер тұратын қалада, ауылда қандай мұражайлар бар?
Қандай мемориалдық мұражайларды білесіңдер?
2. ҚР мұражайларын атаңыздар.
3. «Өнер» сөзін қатыстырып мақал-мәтелдер құрастырыңыздар.
4. «Мен Бұқар жырау мұражйындамын» тақырыбына диалог құрастырыңыздар.
5. «Қазақстан» телеарнасы арқылы көрсетілетін бір бағдарлама жайында баяндаңыздар.
Грамматикалық тапсырмалар.
1. Бастауыш сыныптарда оқып үйренген пәндеріңнен білетін атау мәніндегі сөздерді сала-салаға топтап жазып шығыңыздар. Олардың ішінде қайсысы жаңа сөз болса, сол сөздің астын сызыңыздар.
Үлгі: еңбек құралдары: қағаз, қалам, қарындаш, желім, ермексаз, қайшы, түйме, т.б.
2. Қос сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыздар.
Үлгі: Балалар қатар-қатар тұрды.
Қатар-қатар, жөн-жөніне, бет-бетімен, ауызба-ауыз, түп-түгел, қайта-қайта, күннен-күнге, екеу-екеуден, жап-жасыл, жарқ-жұрқ.
3.Төмендегі сөздерді кестеге топтастырыңыздар.
Қос сөздер Біріккен сөздер Кіріккен сөздер Тіркескен сөздер
Тау-тау, қара торы, жүзбе-жүз, Ақтөбе,ата-ана, Екібастұз, түйеқұс, Павлодар қаласы, жолбарыс, бала-шаға, саңырауқұлақ, кемпірқосақ, биыл, қызыл алма, сорт алаңы, жан-жануар, сөз таптары, үш жүз, бүгін, тарс-тұрс.
4. Сөздерден өздік етіс жасаңдар да, оларды қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырыңыздар.
Үлгі: сүрт-ін
Сүрт, жасыр, сайла, сал, жу, көр, мақта, тазала, гүлде, жасыр, сұра.
5. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қатыстырып, диалог құрастырыңыздар.
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІІІ тоқсан
тақырыптық тест

Мақсаты: оқушылардың ая бойынша алған білімдерін анықтап, олшылықтарын бақылау, қорытындылау
1. Мұражай қай тілден аударғанда «мұз сарайы» дегенді білдіреді?
А) латын тілінен
Б) грек тілінен
В) парсы тілінен
Д) орыс тілінен
Е) ағылшын тілінен
2. Мұражайлардың қалыптасуына нелер негіз болды?
А) мәдени құндылықтар
Б) қазыналық қор
В) көне замандағы коллекциялар
Д) бағалы бұйымдар
Е) археологиялық қазбалар
3. Ә.Қастеев атындағы республикалық ...
А) археология мұражайы
Б) кітап мұражайы
В) асыл металдар мұражайы
Д) өнер мұражайы
Е) көркемсурет мұражайы
4. Қос сөздер қандай тыныс белгі арқылы жазылады?
А) дефис
Б) нүктелі үтір
В) қос нүкте
Д) қиғаш сызықша
Е) нүктелі үтір
5. «Абай жайлауда» портреті әп-әдемі салынған. Сөйлемдегі қос сөз қалай жасалған?
А) бір сөздің қайталануы
Б) екі түрлі сөздің қайталануы
В) күшейткіш буындардың қосарлануы
Д) мағынасыз екі сөздің қайталануы
Е) мағыналары жақын сөздердің қайталануы
6. Мұражай ісіндегі ерекше бағыт –инфрақұрылымдар. Сөйлемдегі неологизмді табыңдар.
А) мұражай
Б) ісі
В) бағыт
Д) инфрақұрылым
Е) ерекше
7. М.О.Әуезов атындағы мұражай қай жылы құрылды?
А) 1920 жылы
Б) 1985 жылы
В) 1963 жылы
Д) 1951 жылы
Е) 1960 жылы
8. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы қай қалада?
А) Алматы
Б) Ақтөбе
В) Астана
Д) Қарағанды
Е) Павлодар
9. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығы қайда орналасқан?
А) Астанада
Б) Ақтөбеде
В) Алматыда
Д) Шымкентте
Е) Павлодарда
10. Қазақстан Республикасының Президентінің сыйлықтар топтамасы неден құралған?
А) жеке заттардан
Б) отбасылық жәдігерлерден
В) ата-баба мұраларынан
Д) мемлекет басшылары мен арнайы делегация басшылары ұсынған заттардан
Е) дұрыс жауабы жоқ
11. Қазақстанның тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңдерін қамтиды. Қарамен жазылған сөз қай септікте тұрғанын анықтаңдар.
А) барыс
Б) ілік
В) табыс
Д) шығыс
Е) көмектес
12. Алтын бұйымдардың жасалу мәнері ерте дәуірдегі бабаларымыздың эстетикалық талғамын көресетеді. Асты сызылған сөздің құрамын көрсетіңдер.
А) түбір+көптік жалғау+барыс септік жалғауы
Б) түбір+көптік жалғау+ілік септік жалғауы
В) түбір+тәуелдік жалғау+табыс септік жалғауы
Д) түбір+жіктік жалғау+көмектес септік жалғауы
Е) түбір+көптік жалғау+шығыс септік жалғауы
13. Ақпарат, информация латын тілінен аударғанда не мағына береді?
А) түсіндіру, баяндау
Б) жариялау, тексеру
В) қорытындылау, көрсету
Д) алмастыру, тыңдау
Е) түсіндіру, қорытындылау
14. Етістің неше түрі бар?
А) 5
Б) 3
В) 4
Д) 2
Е) 6
15. Өздік етістің жұрнағын белгілеңдер.
А) –ын, -ін, -н
Б) –ыс, -іс, -с
В) –ған, -ген
Д) –ыл, -іл, -л
Е) –ып, -іп, -п
16) «Құрметті ұстаздар, мерекелеріңізбен» сөйлеміне қандай тыныс белгісін қоямыз?
А) леп белгісі
Б) сұрақ белгісі
В) көп нүкте
Д) нүкте
Е) сызықша
17) Демократиялық қоғам үшін...көп жұмыс істеуі тиіс. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңдар.
А) халық
Б) нарықтық базар
В) бұқаралық ақпарат құралдары
Д) журналистика
Е) дұрыс жауап жоқ
18. «Журналистер қауымының кәсібилігін, тәуелсіздігі мен кәсібилік эстетикасын барынша дамыту қажет» деген кімнің пікірі?
А) А.Байтұрсынов
Б) Д.Әбілов
В) А.Попов
Д) Н.Назарбаев
Е) О.Сулейменов
19. Бүкіл дүниежүзілік теледидар күні қашан белгіленді?
А) 1996 жылы 17 желтоқсан
Б) 1997 жылы 7 мамыр
В) 1995 жылы 25 тамыз
Д) 1992 жылы 1 қыркүйек
Е) 1998 жылы 17 қараша
20. «Ағайындылар» фильмінің режиссері кім?
А) А.Сатаев
Б) Ш.Айманов В) А.Әшімов Д) Қ. Тастанбеков Е) Ш.Айтматов
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІҮ тоқсандық диктант
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және сауатты жазуларын қадағалау.
Теледидар.
Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радиосигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар, түрлі-түсті, ақ ала, кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады. Теледидардың негізгі ерекшелігі - бейне мен сүйемелдеуші дыбыс радиосигналдарын біруақытта күшейту және түрлендіру. Теледидар- ақпараттық, қоғамдық-саяси, көркем және музыкалық хабарлар, жедел ақпарат, бұқаралық ақпарат құралы болып табылады. 20 ғасырдың соңында теледидардың ертеден қолданылып келген кинескопты түрінің орнына, сұйық кристалды, плазмалы түрлері пайда болды. Сұйық кристалды теледидарлар кескін айқындылығының, сапасының жоғарылығы бойынша қолданыстағы теледидардың ең озық түрі болып саналады.
(Парасат журналы, 10-бет, №1, 2013 жыл, 87 сөз)
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған жылдық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан жыл бойы алған білімдерін тексеру.
Үміт
Осы оқу жылы мен үшін бір белес асар жылым. Өйткені мен училищені бітіріп, бір басқыш аттаймын. Ілгері қарай оқуға мүмкіндік бола ма, жоқ па? Ол жағы әзір жұмбақ. Ал, мына училищені жақсы бітірсем, ілгері ұмтылуға жол ашық тәрізденеді. Бірақ, ілгері тарта берердей мүмкіндік алдымда аз елестейді. Өйткені, ауылда әкенің бар тапқан, таянғанын беріп, тілеп отырған ақ тілеуі бар. Осы жылға маған рұқсат бергенде, "Шырағым, жолыңды бөгемейін. Бірақ, біздің тілегімізді де ұмытпа" деген. Ол әшейін айтыла салған сөз емес, атаның, ананың ақ пейілінен, мейірбан жүрегінен айтылған сөз. Оны елемей кетер ойдан да аулақпын.
(К.Өмірбаева.Диктанттар жинағы.2008ж. 92 сөз)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар :
ІІІ деңгей.
Мына сөздерден жұрнақтар арқылы сын есім жасап, сөз тіркестерін құрастырыңыздар.
І нұсқа. Адам, өнер, қабілет. ІІ нұсқа. Білім, бала, қанат.
Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар
І нұсқа- әзір. ІІ нұсқа-тілеуі.
Мәтінде кездесетін шылау сөздерді тауып жазып, оның түрін анықтаңыздар.
ІІ деңгей.
Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыздар.
І нұсқа- Өйткені мен училищені бітіріп, бір басқыш аттаймын.
ІІ нұсқа- Оны елемей кетер ойдан да аулақпын
Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.
І – нұсқа. . Өйткені мен училищені бітіріп, бір басқыш аттаймын.
ІІ - нұсқа. Ал, мына училищені жақсы бітірсем, ілгері ұмтылуға жол ашық тәрізденеді.
І деңгей.
«Болашақ мамандығым» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыздар.
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІҮ тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты: оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
Лексикалық тапсырмалар:
1. Аударма сөздіктің түрлерін атап, маңызы жайында әңгімеле.
2. Қазақстан мен шет ел білім беру жүйесінің айырмашылығы неде?
3. Оқу-білім тақырыбына 5 мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіріңдер.
4. «Үш тұғырлы тіл» тақырыбына диалог құрастыр.
5. «Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» үзіндісі кімнің өлең жолы екенін атап, шағын шығарма жаз.
Грамматикалық тапсырмалар:
1. Жұмбақтарды көшіріп жазып, зат есімнің астын сызыңыздар.
1) Асапанда бір ана бар,
Маңы толған балалар. (Ай мен жұлдыз)
2) Ұшып жүрген гүл көрдім,
Қонғанда ұстап үлгердім. (Көбелек)
3) Басып озып құсты,
Қанатын қақпай ұшты. (Ұшақ)
2. Төменде берілген зат есімдерді септе.
Қала, мереке, қалам, мектеп
3.Төмендегі туынды зат есімдердің қандай жолмен жасалып тұрғанын, мағыналарын түсіндіріңіздер. Оларды қатыстырып сөйлем құраңыздар.
Үлгі: Арман жаз бойы егін суарып, астық бастырды.
Егін, көрме, айтыс, мақтаныш, сезім, тұсау, салмақтылық, көрші.
4.Етістіктердің негізгі түбірін жазып көрсетіңіздер.
Үлгі: негізгі түбір: туынды етістік: жұрнақ:
Аял аялда -да
Аз азай -ай
Аялда, азай, жасар, соққыла, ашыл, шуылда, тыныштал, отырғыз, жатпа, кеткен, білдір, көргіз, жүгірт.
5. Зат есімдерге морфологиялық талдау жасаңыздар.
Салт атқа шана жектіріп,
Сапарға шықсаң сана ауған жаққа бет бұрып,
Сар дала жатса ақ қарға жонын бөктіріп,
Сабаса келіп үскірік-тікен бетке ұрып.
(М.Мақатаев)
Үлгі: атқа –з.е.
ат –түб.сөз, з.е.
-қа –барыс септігінің жалғауы
Қазақ тілі пәні бойынша 9-сыныпқа арналған ІҮ тоқсандық тақырыптық тест
Мақсаты: оқушылардың ая бойынша алған білімдерін анықтап, олшылықтарын бақылау, қорытындылау
1. Қазіргі кезеңде мектеп деңгейінде білім беру неше сатыдан тұрады?
А) 3
Б) 6
В) 5
Д) 7
Е) 8
2. Дипломнан кейінгі білімге жататындар:
А) академия, жетілдіру курстары
Б) училище, институт
В) магистратура, докторантура
Д) күндізгі немесе кешкі мектептер
Е) дұрыс жауап жоқ
3. Түсіндірме сөздік немен таныстырады?
А) сөз тіркестерімен
Б) дұрыс жазылуымен
В) негіз сөздермен
Д) сөз байлығымен
Е) дұрыс айтылуымен
4. «Күздің бірінші күні» ертегі-повесінің авторы кім?
А) Б.Әбілов
Б) Ы.Алтынсарин
В) А.Құнанбаев
Д) Е.Елубаев
Е) Б.Соқпақбаев
5. Шәкірттер білімін тексеру тәсілдерінің бірі не?
А) сынақ
Б) тәртіп
В) емтихан
Д) оқу орнына қабылдау
Е) сауалнама
6. Жалқы есімді белгілеңіз.
А) Тау
В) Кітап
В) «Абай жолы» романы
Д) Қала
Е) Қағаз
7. Мына сызба бойынша жасалған сөзді табыңдар: зат есім+жұрнақ =сын есім
А) айтыс
Б) сабырлы
В) ақылдырақ
Д) мақтаншақ
Е) кітапхана
8. Наданмен дос болғанша,
.... .... .... ... ... ... ... ... . Мақал-мәтелдің жалғасын табыңдар.
А) Кітаппен дос бол.
Б) Жауыңмен қас бол.
В) Адаммен дос бол.
Д) Ақылдымен дос бол.
Е) Көпті көргенмен дос бол.
9. «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңінің авторы кім?
А) Ы.Алтынсарин
Б) А.Құнанбаев
В) М.Әлімбаев
Д) Қ.Мырзалиев
Е) Б.Соқпақбаев
10. Мақсатты келер шақтың жұрнағын көрсетіңдер.
А) –сын, -сін
Б) –са, -се
В) –мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек
Д) –ыл, -іл, -л
Е) –ын, -ін, -н
11. А.Байтұрсыновтың айтуы бойынша білімді болуға не керек?
А) ақша
Б) ақыл
В) оқу
Д) мектеп
Е) денсаулық
12. Болашақта мен мектебімнің атын шығармақпын. Сөйлемдегі етістік қай шақта тұр?
А) мақсатты келер шақ
Б) өткен шақ
В) ауыспалы осы шақ
Д) жедел өткен шақ
Е) дұрыс жауап жоқ
13. Өз білмегеніңді кісіден сұра, ... . Мақалдың жалғасын табыңдар.
А) кісі болмаса сұрама
Б) кісі болмаса, кішіден сұра
В) үлкен болмаса, кішіден сұра
Д) кітаптан оқып ал
Е) кіші болмаса, үлкеннен сұра
14. Білім беру деңгейлерінің бірін көрсетіңдер.
А) отбасы тәрбиесі
Б) негізгі орта білім беру
В) мектептегі үйірмелер
Д) күндізгі, сырттай бөлім
Е) іс-шаралар
15. Оқу, үйренумен санаға қонатын ақиқат жайлы түсінікті не деп атаймыз?
А) ақыл
Б) сана
В) білім
Д) ұғымдар жиынтығы
Е) ой
16. Мен бос уақытымда мектептегі спорт үйірмесіне қатыс+^+□. Сөйлемдегі шартты белгілерге келетін дұрыс қосымшаны белгілеңдер.
А) –пақ+пын
Б) –пақ+пыз
В) –пақ+сың
Д) –пақ+сыз
Е) –пақ+тар
17. Дерексіз зат есімі бар сөйлемді белгілеңдер.
А) Емтиханнан бес алдым.
Б) Қызықты кітап екен.
В) Емтиханда қорқыныш болған жоқ.
Д) Менің сабырлы болуым керек.
Е) Мен кітап сатып алдым.
18. Адам көркі киім емес – ... .
А) білім
Б) ақша
В) шаш
Д) сөз
Е) машина
19. Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтарды көрсетіңіз.
А) –шақ, -шек
Б) –лы, -лі, -ты, -ті
В) –дай, -дей
Д) –рақ, -рек, -ырақ- ірек
Е) –дар, -дер, -тар, -тер
20. Мақсатты келер шақ дегеніміз не?
А) Іс-қимылдың болу мақсатын білдіретін етістіктің шағы
Б) Негізгі сөздермен тіркесіп, олардың кеңістікке, уақытқа қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер
В) Заттың сынын білдіретін шақ
Д) Заттың санын білдіретін шақ
Е) Заттың көлемін білдіретін шақ
Тест кілті
ІІІ тоқсан ІҮ тоқсан
1 Б А
2 А В
3 Е Д
4 А А
5 В В
6 Д В
7 В Б
8 В А
9 А А
10 Д В
11 Б В
12 Б А
13 А Б
14 В Б
15 А В
16 А А
17 В В
18 Д А
19 А Б
20 А А
10-сынып
Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған алғашқы бақылау
Мақсаты: Мемлекеттік стандарттың орындалуын қадағалау; оқушылардың сауатты жазу дағдылары мен грамматика бойынша қалыптасқан білім, білік дағдыларының деңгейін анықтау.
«Адай» күйі.
Қазақтың әрбір күйінің өзіндік тарихы бар. Дина Нұрпейісова мен Оқап Қабиғожиннің айтуларынша, бұл күйдің тарихы мынадай оқиғамен байланысты. Құрманғазы ел аралап жүріп, Адай руының бір үйіне түседі. Күйшінің көзіне кереге басында ілулі тұрған домбыраға түседі. Ол домбыраны алып, бұрауын өзгертіп қояды. Біраз уақыттан соң он алты-он жеті жас шамасындағы қыз бала келіп, отырғандарға қарамай, төрдегі домбырасына жармасады. Бұрауының өзгертіп қалғанын бірден сезген қыз: «Бүлдірген екенсің ғой», дегендей, Құрманғазыға қарады да, домбырасын ұсына қояды. Құрманғазы бір-екі тартқаннан кейін, үйдегілер бұл өңірде Ақмаңдайдан өткен күйші жоқ еді, бұл кім болды екен дегендей, таңдана қарайды.
Сұрастыра келе домбырашының қызылқұрт Құрманғазы екенін біліп, сый-құрмет жасайды. Сол Ақмаңдай қызбен күн тартысу үстінде осы «Адай» күйі шығыпты. (Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Ж.С. Қалиева, 114 сөз)
ІІІ деңгей.
Берілген сөйлемдердегі асты сызылған сөздер құрамына қарай талдаңыздар
І нұсқа: Адай руының бір үйіне түседі.
ІІ нұсқа: Құрманғазыға қарады да, домбырасын ұсына қояды.
Септік жалғаулары бар сөздерді теріп, септігін анықтаңыздар.
І нұсқа, ІІ нұсқа
Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыздар.
І нұсқа: Түседі ІІ нұсқа: Сый-құрмет
ІІ деңгей.
Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
І нұсқа: Құрманғазы ел аралап жүріп, Адай руының бір үйіне түседі.
ІІ нұсқа: Ол домбыраны алып, бұрауын өзгертіп қояды.
Сөз тіркестерден сабақтас құрмалас сөйлем жазыңыздар.
Бұл өңірде, ел аралап жүріп, кереге басында.
І деңгей.
«Әйгілі күйшілер» тақырыбына эссе жазыңдар
Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант

Мақсаты: оқушылардың стандарттың талап-міндеттері бойнша білім-білік деңгейін қанша мөлшерде игергенін анықтау.

Отбасы – тәрбие бастауы.
Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік. Осы бір қанатты сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші! Себебі, бұл шынайы өмірден алынған. Әрбір ата-ана баласының өмірге деген көзқарасы дұрыс қалыптасқан тәрбиелі, заман талабына сай азамат болып өскенін қалайды. Ата-ана бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайтыны сөзсіз. Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған, жақсы, жаман бала болса солардан, - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-ана өз баласының тәрбиесі үшін, ел, халық алдында жауапкер. Бала аяғын тәй – тәйлап басқаннан бастап- ақ, ата – анасымен, отбасындағы басқа жандармен қарым – қатынаста болып, тәрбие арқылы ересектердің бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді үйренеді. Сондықтан отбасында күнделікті болып жатқан оқиғалар: ата-ананың бір-бірімен қарым-қатынасы, баламен сөйлесу, үй шаруасының атқарылуы, ересектердің еңбекке көзқарасы, уақытты өткізуі, қонақ қабылдауды- бәрі балаларға тікелей әсер етеді.
(Интернет желісінен)
( 109сөз)
Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық мазмұндама
Мақсаты: Ая бойынша білімдерін тексеріп,сөйлеу тілі мен жазбаша тілін, есте сақтау, түсіну қабілеттерін дамыту.
Әлкей Марғұлан
Әлкей Хаканұлы Марғұлан – белгілі қазақ ғалымы. Марғұлан Ленинградта оқып жүрген кезінде Қазақ Ғылым Академиясының Қазақстан мен Алтайдың өндіргіш күштерін, халқын зерттеуге арналған экспедицияға қатысты. Адайлар мен Наймандардың әдет – ғұрпын, тұрмыс – салты мен өнерін зерттеді.
1945 жылы «Хандар тарихының тарихи – әлеуметтік мәні» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.Бұл көне қыпшақ зерттеудегі құнды еңбек.Марғұлан 1943 жылдан Оңтүстік Қазақстандағы көне қалалар Отырар, Сауран, Сығанақ орындарында қазба жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан» деген еңбек жазды.
Марғұлан тарих, археология, әдебиет, өнер тарихынан 300-ден астам ғылыми – зерттеу жұмысының, 100 – ден астам энциклопедиядық мақалалардың авторы.
Әлкей Марғұлан Шоқан Уәлиханов жазып алған «Манас» жырының бөлігін қазақ тілінде жариялады. Сонымен қатар 1971 жылы «Шоқан мен Манас» атты монографиялық еңбегін жазды.
Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау
Мақсаты: Тоқсан бойы лексика-грамматикалық тақырыптарды қаншалықты игергенін анықтау, сауаттылығын тексеру.
Лексикалық тапсырмалар.
1.Берілген сөздерді септеңіздер:
Ғалым, зерттеу
2. Көп нүкте орнына қажетті тәуелдік жалғауын қойыңыздар
Сіздердің анықтамалар..., істің жағдай..., менің шешім...,
ЭЕМ мүмкіндіктер..., ақпараттар жиын...
3. Берілген зат есімдерден қатыстық сын есім жасаңыздар.
Белгі, ақыл, әлем, мемлекет
4. Мына сөздердің синонимін жазыңыздар:
еңбек - ...., бітіру -...., айналысу -... (жұмыс,аяқтау, шұғылдану)
5.Төмендегі сызба бойынша салалас құрмалас сөйлемдер жазыңдар.
1.________,сондықтан________.
2.____ біресе_______,біресе_______.
6.Берілген сөз тіркестерімен сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар
Еңбек жолы, институт бітіру
Грамматикалық тапсырмалар.
1. Қазақстан қандай елдермен шектеседі?( солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай халық Республикасымен,оңтүстікте-Қырғызстан,Өзбекстан, Түркіменстанмен шектеседі)
2. ҚР-ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 жыл, 16 желтоқсан)
3.Қазақ халқының атақты ғалымдарын атаңыздар.
4.Қаныш Сәтбаевтың қанша ғылыми еңбегі бар? (640-тан астам)
5.Көп нүктенің орнына тиісті баяндауыштарды қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.
1. Қаныш Имантайұлы ірі мемлекет және қоғам қайраткері … . 2. Оның ерекше қасиеті – студенттік шағынан … өмірінің соңғы күндеріне дейін – қарапайымдылық, кішіпейілділік, адамдарға сергек … , қолынан келмеген көмегін … .
Керекті сөздер: аямау еді, қарау, бастап, болды.
6.«Қазақ халқының ғалымдары» деген тақырыпқа диалог құраңыздар.
Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған аралық бақылау
Мақсаты: 1,2-тоқсан бойынша өтілген лексика-грамматикалық тақырыптарды оқушылардың қандай деңгейде игергенін тексеру.
Қаныш Сәтбаев.
Академик Қаныш Имантайұлының өмірі, қызметі, ғылыми еңбектері туралы біраз кітаптар бар. Бес томдық таңдамалы еңбектері 1967-1970 жылдары жарық көрді. «Өнегелі өмір» сериясында Мәскеуде «Сәтбаев» ғұмырнамасы орысша, кейін қазақша шықты. Ғылыми еңбектерінің көпшілігі минералдық ресурстарды зерттеуге арналған.
Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын. Түрлі қиыншылықтарға ешқашан мұңаюды білмейтін. Үнемі жылы жүзді, жан дүниесі кең, дарынды. Ірі ғалым соғыстың ауыртпалығына дұшар болып, Қазақстанға келген көптеген мамандар мен ғалымдарға рухани және материалдық көмек көрсеткен.
Қ.И.Сәтбаев құрметіне Жоңғар Алатауы жотасындағы мұздық пен шың аталған. «Сәтбаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолус гүлі, кіші планеталардың бірі, Жезқазған облысында қала аталған. (96 сөз)
(Диктанттар жинағы 10-11 сынып. Қостанай 2004 8-бет.)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей
Сызбаға сәйкес сөз тіркесін теріп жазыңыздар.
І нұсқа. Зат есім+етістік ІІ нұсқа. Сын есім+зат есім
2.Берілген сөздердің синонимін, омонимін жазыңыздар.
І нұсқа: Белгілі, еңбек, жүз, аты. ІІ нұсқа: Көмек, бас, кітап, жаз.
3. Мына сөздерден жұрнақтар арқылы сын есім жасап, олармен сөйлем құраңыздар.
І нұсқа.Ұлт, өнеге ІІ нұсқа. білім, атақ
ІІ деңгей
1. Белгіленген сөзге морфологиялық талдау жасаңыздар.
I нұсқа – Түрлі қиыншылықтарға ешқашан мұңаюды білмейтін.
II нұсқа -Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын.
2.Берілген құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар:
I нұсқа- Сәтбаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын. II нұсқа- Ірі ғалым соғыстың ауыртпалығына дұшар болып, Қазақстанға келген көптеген мамандар мен ғалымдарға рухани және материалдық көмек көрсеткен.
І деңгей
1. «Қазақстанның белгілі ғалымдары»деген тақырыбына эссе жазыңыздар.
Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың бағдарлама бойынша алған білімдерін нақыштап қорытындылау және сауатты жазуға баулу.
Лексикалық тапсырмалар:
Берілген адамдардың есімдері немен әйгілі болғанын көрсетіңіздер.
Билл Гейтс, Ахмет Байтұрсынов, Абай Құнанбайұлы
Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
А) Интертеттің туған жылын қай жыл деп саналады? (1990 жылы 1 тамызда КУРЧАТОВ технология институтында)
Ә) Интернетке қандай адамдар кіре алады?
Б) Сенің кім болғың келеді?
Мамандыққа байланысты білетін мақал-мәтелдер, қанатты сөздерді жазыңыздар.
Құрмалас сөйлем дегеніміз - ... .
«Технология жаңалықтары» тақырыбына диалог құраңыздар.
«Ер дәулеті – еңбекте» деген тақырыпқа шағын шығарма жазыңыздар.
Грамматикалық тапсырмалар:
Райлар
Сызбаны толтырыңыздар.

Берілген сөздердің орысша баламасын екінші бағанадан тауып, бағдар сызықпен көрсетіңіздер.
Мамандық интернет
Болғым келеді век техники
Техника ғасыры хочу быть
Сапалы, жылдам специальные программы
Арнаулы бағдарламалар качественно, быстро
Ғаламтор профессия
Берілген сөйлемдерден бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді көшіріп, сол сөздерге сұрақ қойыңыздар.
Ол 1921-1932 жылдары Алматыдағы Н.Г.Хлудов студиясында, 1934- 1937 жылдары Мәскеудегі көркемөнер студиясында оқыған.
Мен өзім мал дәрігері болғым келеді.
Менің әкем – ұшқыш, шешем дүкенде сатушы.
Морфологиялық талдау жасаңыздар.
Көздің (ауруы), жүйкеге (қатысты), компьютермен (ойнау).
Кейінгі ықпал - ережесін жазып, мысал келтіріңіздер.
Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.
Менің инженер болғым келеді, зауыт, фабриканы, шахтаны жақсы көремін
Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІV тоқсандық
тақырыптық тест
Мақсаты: Оқушылардың ая бойынша алған білімдерін анықтап, олшылықтарын бақылау, қорытындылау.
1.Жазушы еңбегі қандай болатынын белгілеңіз.
А) қиын, жауапты
В) жеңіл, қиын
С) көңілді, жауапсыз
D) ардақты, жеңіл
Е) көңілді, мазасыз
2. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерін анықтаңыз.
А) Т.Бегелдінов
В) Л.Беда
С) Т.Әубәкіров
D) Т.Мұсабаев
Е) И.Панфилов
3. Т.Әубәкіров токарь боп істеген зауытты көрсетіңіз.
А) Павлодардағы трактор зауыты
В) Өскемендегі мырыш зауыты
С) Қарағандыдағы кірпіш зауыты
D) Теміртаудағы металлургия зауыты
Е) Ақсу темірқорыту зауыты
4. Қазақ ғарышкерінің ғарышқа ұшқан жылын белгілеңіз.
А) 1990
В) 1992
С) 1994
D) 1991
Е) 1993
5. Мұғалім, дәрігер, экономист-бухгалтер маманы болу үшін қай оқу орынды бітіру керек екенін көрсетіңіз.
А) колледжді
В) университетті
С) гимназияны
D) лицейді
Е) академияны
6. Қазақстанның халық суретшісін табыңыз.
А) Мұзафар Әлімбаев
В) Әбілхан Қастеев
С) Тоқтар Әубәкіров
D) Нұрғиса Тілендиев
Е) Мұхтар Әуезов
7. М.Г. Хлудов сурет студиясы орналасқан қаланы анықтаңыз.
А) Астана
В) Теміртау
С) Өскемен
D) Атырау
Е) Алматы
8. Сөзі Н.Әлімқұловтікі, әні Ә.Бейсеуовтің әнін көрсетіңіз.
А) «Әлия» әні
В) «Армандастар» әні
С) «Құстар қайтып барады» әні
D) «Балдаурен» әні
Е) «Көршінің қызы» әні
9. Тек тілегін, талабын, арманын ғана білдіретін етістіктің түрін анықтаңыз.
А) Ашық рай.
В) Шартты рай.
С) Көсемше.
D) Бұйрық рай.
Е) Қалау рай.
10. Сан есім мен зат есімнен бірігіп жасалған ұлттық ойынның атауын белгілеңіз.
А) Тоғызқұмалақ
В) Жетісу
С) Көкпар
D) Қазақша күрес
Е) Көкшетау
11. Қосарлы айқындауышты табыңыз.
А) Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой.
В) Мүмкін, сен ертең келерсің.
С) Шынында, осы мәселе не болды?
D) Әрине, міндетті түрде келемін.
Е) Рас, инженер-техниктің жұмысы ауыр.
12. Ресми іс қағаздары стилі дегенді табыңыз.
А) жеке адамның, ұжымның, фирамның, мекеменің атқаратын қызметіне байланысты пайда болған жазбаша, ауызша қарым-қатынас құралы.
В) көркем шығармада қолданылатын сөздер.
С) жергілікті диалектілер
D) термин сөздер
Е) әдеби сөздер.
13. «Кепілхат, сенімхат» стильдің қай түріне жататынын көрсетіңіз.
А) публицистикалық стиль
В) ғылыми стиль
С) көркем әдебиет стилі
D) ауызекі сөйлеу стилі
Е) ресми іс қағаздар стилі
14. «Келгем, келгім кеп, келгесін» сөздері қай стильде жазылғанын анықтаңыз.
А) әдеби стиль
В) көркем әдебиет стилі
С) ғылыми стиль
D) ауызекі сөйлеу стилі
Е) ресми іс қағаздары стилі
15. Бірге жазылатын сөздерді табыңыз.
А) күні бойы, әдемі қыз, ақ қайың
В) жылы су, жарқын болашақ, ала қайың
С) талды аймақ, сабақ кестесі, үй жиһазы
D) сынып бұрышы, кәсіп орын, қисық таяқ
Е) ақ қайың, ақ сарбас, тоқым қағар
16. Қосарланған сан есімдерді анықтаңыз.
А) Министрлік тапсырмасы бойынша биыл 2 миллиард теңге қаржы игерілді.
B) Ірілі-ұсақты он-он бес тоқты отарда жайылып жүр.
C) Бұл – соңғы бес жылдағы алғашқы тұсаукесер.
D) Жиналған қарбыз әрқайсымызға үш-үштен бөлінді.
E) Мұражайда 150-ден астам экспонат қоры бар.
17. Қос сөз бола алатын сөздерді табыңыз.
А) қарақат, сексен, бәйшешек, биыл
В) ата, ана, қадыр, қасиет, ине, жiп
С) Ұлпан, ешқашан, таңертең, бүгiн
D) Қыстыгүнi, түрегел, әпер, бiлезiк
Е) Көкпар, қолөнер, сайыс, жарқанат
18. Қайталама қос сөзді табыңыз.
A) Жып-жылы, әке-шеше.B) Өз-өзінен, жүзбе-жүз.C) Үгіт-насихат, жап-жаңа.D) Бақытты-бақытсыз, некен-саяқ.E) Мәдени-ағарту, ат-мат.
19. Әлі тәуелсіздік алмаған есім сөздерді белгілеңіз.
А) Көмекші есімдер
В) Дара зат есімдер
С) Жалқы есімдер
D) Негізгі зат есімдер
Е) Деректі зат есімдер
20. Тек тілегін, талабын, арманын ғана білдіретін етістіктің түрін анықтаңыз.
А) Ашық рай.
В) Шартты рай.
С) Көсемше.
D) Бұйрық рай.
Е) Қалау рай.
21. Туынды зат есімі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.
В) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
С) Татулық – табылмас бақыт.
D) Ынтымақ түбі береке.
E) Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі.
22. Нақыл сөзді жалғасын анықтаңдар: Ұстаздан ... озар.
А) ана
В) кітап
С) білім
Д) мектеп
Е) шәкірт
23. Туынды зат есімі бар сөйлемді табыңыз.
А) Мен интернетті көп қолдандым.
В) Осы аптада тағы да ақпараттар жинадым.
С) Оқулықсыз келген оқушылар да болды.
D) Құжаттарды дұрыс толтыру керек.
E) Мектепте достарыммен кездестім.
24. . «Біл, өнер, сурет» сөздерімен туынды түбір жасауға болатын жұрнақтарды табыңыз.
А) –ша, -ым, -гіш
В) -ім, -лі, -ші
С) –ып, -іп, -шы
Д) –лы, -лі, -ғыш
Е) -ғыш, -гіш, -ш
25. Қос сөз бола алатын сөздерді табыңыз.
А) ұстаз шәкірт, бала шаға
В) өнер білім, лала гүл
С) ата ана, әке шеше
Д) ата мекен, киіз үй
Е) ойын күлкі, жақсы көңіл
Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, тыңдай білу және сауатты жазуларын қадағалау.
Грамматикалық тапсырмалар:
Сұраққа жауап беріңіздер.
«Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен ғылыми еңбектері кіммен жазылған? (А.Байтұрсынов)
Стильдің түрлерін жазыңыздар, стильге байланысты мысалдар келтіріңіздер.
Мақалды толықтырыңыздар.
Оқу – ... мен құдық қазғандай.
... түбі – тоқу.
Ш.Уәлиханов, Ж.Күднрин, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Тынышбаев туралы білетіндеріңді жазыңыздар.
«Мамандық» тақырыбына диалог құраңыздар.
«Алаш ғылымдары» тақырыбы бойынша эссе жазыңыздар.
Лексикалық тапсырмалар:
Берілген сөздердің жазылу түрін анықтаңыздар.
Әке/ шеше, аға /іні, туған/ туыс.
Жылы/жылы, сөйлей/сөйлей, досы/туысы.
Ап/анық, жап/жасыл, әке/аға.
Сөйлемді дұрыс құраңыздар.
(Кейіннен Ұлтай Ділдәбекова адал еңбегінен зор абыройға ие болды.)
Берілген сөздерді құрамына қарай талдаңыздар.
Өнертапқыштық, зерттеулер, күншығыс, есепшотына.
Морфологиялық талдау жасаңыздар.
Кіші (баласы), әкесіне (көмектесу).
Мына сөздерден туынды зат есім жасаңыздар.
Оқу –
Мұра –
Сөз –
Еңбек –
Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.
Олардың кейбіреуі – тілші, суретші, балташы, енді біреулері – сәулетші, жүргізуші, жазушылар.
Қазақ тілі пәні бойынша 10-сыныпқа арналған жылдық бақылау
Мақсаты: Мемлекеттік стандарттың орындалуын қадағалау; оқушылардың сауатты жазу дағдылары мен грамматика бойынша қалыптасқан білім, білік дағдыларының деңгейін анықтау.
Мамандық
Мамандық таңдау – әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді өз қабілетіне де қарай таңдап алады. Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу.
Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды.Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ізденеді. Көп оқиды. Түрлі мамандықта еңбек етіп жүрген адамдардың өмірімен танысады.
Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, журналист болу үшін оқу керек. Бақташы, сауыншы, егінші, шопан болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы болу үшін өндірісте істеу керек.
Бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол бала шақтан басталады. (Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал, Ж.С. Қалиева, 135 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
ІІІ деңгей.
Берілген сөйлемдердегі асты сызылған сөздер құрамына қарай талдаңыздар
І нұсқа: Бірінде, он шақты бала жидек теруге келдік.
ІІ нұсқа: Керексіз жерде-ақ сақылдап күліп, қарға адым жерде айғайлап сөйлестік.
Сөздерді септеңіздер.
І нұсқа: Өмір
ІІ нұсқа: журналист
Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыздар.
І нұсқа: Жұмысшы
ІІ нұсқа: Мамандық
ІІ деңгей.
Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
І нұсқа: Қамшыдан қайқалақтаған Әбзидің арық қабырғасы ыржың-ыржың етіп, екі қолымен арқасын уқалай "ағатайлаған" дауысы тым ащы шықты.
ІІ нұсқа: Кіруін ұрланып кірсек те, көңілді көкке көтеріп, қылп еткен сыбдырға жаңғырығып тұрған нуға кіргесін, айғайламасқа дәтіміз шыдасын ба!
Сөз тіркестерден салалас құрмалас сөйлем жазыңыздар.
Болашақ маманым, жақсы оқу, университетке түсу.
І деңгей.
«Менің болашақ мамандығым» тақырыбына эссе жазыңыздар.
11-сынып
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған алғашқы бақылау үзігі
Мақсаты: 10-сыныпта өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.
Банк қызметі туралы не білеміз?
Банктік жүйе өндірістік құрылымға енеді. Өндіріс керек болса, банк те керек. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен жеке адамдарға қарызға береді.
Жалпы банктік жүйелер әртүрлі деңгейлі болады. Біріншісі – мемлекеттік, екіншісі – коммерциялық банктер. Коммерциялық банктер, негізінен, халыққа қызмет етеді.
Банк – қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын, сөйтіп, ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме. Банктер несие саясатын жүзеге асырады. Олар несие-есептік қызмет атқарады.
Дүниежүзіндегі ең бай мекемелер, әрине, банктер. Мемлекеттің өзі де қарызды банктен алатын кездері де болады. Еліміздің байлығы, беделі қазір осы экономистерге, банкирлерге тікелей байланысты. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.
Көптеген банктер шетел валюталарымен жұмыс істеуге лицензия алады.
(106 сөз)
(С.Дюсебаев. Қазақ тілі. Сборник диктантов. Алматы: «Мектеп», 2011.)
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей. 1. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
І нұсқа. Өндіріс керек болса, банк те керек.
ІІ нұсқа. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.
2. Сөздерді құрамына қарай талдаңыздар.
І нұсқа өндірістік, кәсіпорын, әртүрлі
ІІ нұсқа деңгейлі, несие-есептік, валюталарымен
3. Берілген сөзді септеңдер
І нұсқа – банк жүйесі ІІ нұсқа – қарыз алушы
ІІ деңгей. 1. Асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыздар.
І нұсқа. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен жеке адамдарға қарызға береді.
ІІ нұсқа. Мемлекеттің өзі де қарызды банктен алатын кездері де болады.
Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыздар. І нұсқа – 1-ші абзац ІІ нұсқа – 2-ші абзац
І деңгей. Берілген тақырып бойынша диалог құрастырыңыздар. І нұсқа «Менің болашақ мамандығым» ІІ нұсқа «Сүйікті іс»

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған І тоқсандық диктант
Мақсаты: Мәтінді орфографиялық, пунктуациялық нормаларға дұрыс жаза алуын бағалау.
Зырян
Зырян – Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Ол 1941 жылы кенді Алтайдың орта бөлігіндегі табиғаты көркем жерде құрылған. Қала іргесінің қалануы 1791 жылы жұмысшы Г.Г.Зыряновтың осы өңірден полиметалл кенін ашу тарихымен тығыз байланысты. Ұлы Отан соғысы жылдары Зырян майдан үшін өте қажет болған қорғасын, мысты көптеп жіберді. Қазіргі Зырян – республикамыздағы түсті металлургия орталықтарының бірі. Зырян полиметалл кені, Зырян қорғасын комбинаты осында. Зырян ауданы Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, 1977 жылы құрылған.
Аудан жері кенді Алтай мен Оңтүстік Алтайдың аралығындағы тауаралық аңғарлар мен аласа тауларды қамтиды. Оңтүстік, оңтүстік-батысында Бұқтырма бөгенімен шектелген. Жер қойнауынан қорғасын, мыс, мырыш, алтын, күміс, т.б. табылды. Климаты тым континентік, қысы ұзақ, аязды, жазы жылы.
(105 сөз)
(Матаева Ж.А. Диктанттар жинағы (Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 5-11 сыныптарына арналған қазақ тілінен жергілікті жер материалдары) - Өскемен қ.: ШҚО БАИ баспасы, 2008, 15 бет.)
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау
Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.
Лексикалық тапсырмалар:
1. Сапарға шығу, жол туралы мақал-мәтел, тыйым сөздерді жазыңыздар.
2. Ұшақ ішіндегі қауіпсіз ережелерін жазыңыздар.
3. Сарыарқа жеріне қандай облыстар кіреді?
4. «Менің туған өлкем» тақырыбына диалог құрастырыңыздар.
5. Берілген тақырып бойынша монолог құрастырыңыздар.
«Саяхатқа шығайық»
Грамматикалық тапсырмалар:
1. Берілген күрделі сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
Әуежай, екі-екіден, ТМД, Сарыарқа, теміржол бекеті.
2. Мына сөздерді етістердің түрлеріне қарай ажыратыңыздар.
Жуын, жинас, ашылды, қалдыр, сөйлет.
3. Қасақана, бүгін, жылдам сөздерімен сөйлемдер құрастырып, сөйлем мүшелеріне талдау жасаңыздар.
4. «Өлке» сөзін тәуелдеп барып септеңіздер.
5. Берілген етістіктерді жіктеңіздер. Етіс түрін анықтаңыздар.
Жиналу, киіндіру.
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық мазмұндама
Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын дұрыс түсініп, түсінгенін өз сөзімен жазып беру дағдыларын тексеру, мазмұндаманы орфографиялық, пунктуациялық нормаларға жаза алуын бағалау.
Құмырсқа
Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара, қоңызбен дос болыпты. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүлден гүлге ұшып-қонып жүрген араға жолығып: - Досым, маған көмектесіп жіберші, - деп өтініпті. - Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой! – деп көнбепті ара. Енді құмырсқа қоңыздан көмек сұрапты: - Сен үшін өз жұмысымды тастай алмаймын! – деп, қоңыз да кете барады. Екі досынан көмек болмаған құмырсқа ренжіп келе жатса, алдынан өзінің ұялас достары кездесіпті. Олар мұның түрін көріп: Не істеп жүрсің? – деп сұрапты. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «Жаңа достың қадірі ескі достай бола алмас» деген сөз содан қалыпты.
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІІ тоқсандық бақылау
Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.
Лексикалық тапсырмалар:
1. Берілген сөйлем сыңарларын пайдаланып, диалог құрастырыңыздар. Демократиялық мемлекет, адамның өмірі мен құқықтары, мемлекеттік билік, Президент, Үкімет, Парламент, Атқарушы билік болып саналады. Екі палата, Мәжіліс, Сенат, мемлекет атынан.
2. Байқоңыр ғарыш айлағы қайда орналасқан?
3. Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер кім?
4. Қазақстан ғарыш саласы қалай дамыған?
5. «Егер мен депутат болсам...» шағын әңгіме жазыңыздар.
Грамматикалық тапсырмалар:
1. Жалпы және жалқы есімдерге мысал жазыңыздар.
2. Берілген зат есімдерден өзара тәуелдік формалы сөз тіркестерін жасаңыздар. Енбек, нәтиже; ғалымдар, зерттеу; оқушы, сұрақ; дос, көмек; әке, кітап.
3. Төменде берілген зат есімдерді септеңіздер. Ғарыш кемесі, электронды дауыс.
4. Сөздерді өз орнына қойып, сөйлем құраңыздар. Заң, парламент, билік, шығарушы, саналады, болып. Қазақстан, басқарылатын, мемлекет, жүйемен, президенттік. Билік, республикамызда, біртұтас, мемлекеттік. Сенат, емес, төменгі, палата.
5. Төмендегі сөйлемдердің бастауышын қаратпа сөзге айналдырып, қайта құраңыздар.
Балалар ғарышкерлермен кездесуге мұқият дайындалды. Оқушылар үнемі спортпен шұғылданады. Нұрлан ертең маған қызық кітап әкеледі. Жастар құштарлықпен білім алып жатыр.
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған аралық бақылау үзігі
Мақсаты: І жартыжылда өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.
Қостанай
Қостанай – ежелден қалыптасқан жер атауы. Ғасырлар бойы қалыптасқан ана тіліміздегі мән-мағынасы сақталған төл атау. Торғайдың шығыс бөлігінде орналасқан Ұлытаудың басында Асан атаның бәйбішесі Тана әже жерленген. Оның басындағы ескерткішті халық Ақмешіт деп атайды. Автор Қостанай қаласының атауын да осы Тана әженің құрметіне қойылған және Танай деген есімге ие болған егіз қыздың есімінен іздейді. Ал Асанның осы Тана әжедей туған батыр ұлы Абат туралы аңызға айналды. Жыланды, Қызбел таулары осы күні Қостанай облысына қарасты Науырзым ауданының аумағында орналасқан.
Қостанай қаласының бұрыңғы орнын, Тобол жағасын, қыпшақ рулары қоныс қылған. Олай болса, қала аты да қыпшақтың егіз қызының атымен аталған (98 сөз)
(Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. Ж.С.Қалиева «Учебная книга»: Қарағанды, 2005)
Тапсырмалар
ІІІ деңгей. 1. Берілген етістіктерді өздік, өзгелік, ортақ етіс формаларында жазыңыздар.
І нұсқа – оқу, орындау, шығару ІІ нұсқа – тапсыру, ойлау, көру
2. Мәтін бойынша 3 сұрақ жазыңыздар.
3. Төмендегі етістіктерден келер шақ түрін жасаңыздар.
І нұсқа – есепте, талда, жүр ІІ нұсқа – айт, тапсыр, сөйлес
ІІ деңгей. 1. Белгіленген сөзге лексикалық талдау жасаңыздар.
І нұсқа. Автор Қостанай қаласының атауын да осы Тана әженің құрметіне қойылған және Танай деген есімге ие болған егіз қыздың есімінен іздейді.
ІІ нұсқа Жыланды, Қызбел таулары осы күні Қостанай облысына қарасты Науырзым ауданының аумағында орналасқан.
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
І нұсқа. Жыланды, Қызбел таулары осы күні Қостанай облысына қарасты Науырзым ауданының аумағында орналасқан.
ІІ нұсқа. Қостанай қаласының бұрынғы орнын, Тобол жағасын, қыпшақ рулары қоныс қылған
І деңгей. «Туған жердің керемет қалалары» тақырыбына эссе жазыңыздар.
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІІІ тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты: Өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.
Лексикалық тапсырмалар:
1. Берілген сөйлемдерге сұрақтар қойыңыздар.
Ғаламтор – бүкіләлемдік байланыс желісі. WEB-сайт – ғаламтордағы ақпараттар жинағы. WEB-сайттан керек ақпарларды алуға болады. Ұялы телефон – радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал. Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. Қазіргі кезде оның бірнеше түрін ажыратуға болады.
2. Киімге қатысты мақал-мәтелдер жазыңыздар.
3. «Ұлттық киім» тақырыбына диалог құрастырыңыздар.
4. Компьютер, қалта телефоны туралы сұрақтар құрастырыңыздар.
5. Компьютердің пайдасы, зияны туралы жазыңыздар.
Грамматикалық тапсырмалар:
1. Берілген сөздерден туынды сын есімдер жасаңыздар.
Ақыл, күз, өнер, кеш, біл, тәртіп, қыс, атақ, тарих, аш
2. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.
Мен ұялы телефонды сабақ уақытында сөндіріп қоямын, себебі кездейсоқ қоңырау түсуі мүмкін.
3. Қатыстық, сапалық сын есім қалай жасалады? Мысал келтіріңіздер.
4. Берілген сөйлемдердің түрін анықтаңыздар.
Шәкенді мен құшақтап сүйіп жатырмын, өйткені ол – менен жеті жас кіші және жақсы көретін інім. Қазан астындағы от кейде жалтылдайды, кейде қызып жанып, лапылдайды.
5. Сөйлемдерді салалас құрмалас етіп аяқтаңыздар.
Марат әнді жақсы айтады, ... . Бүгін демалыс, сондықтан ... .
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІV тоқсандық тақырыптық тест
Мақсаты: Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.
1. Термин сөздердi табыңыздар.
А) сөз, буынВ) пай-пай, қапС) ұрпақ, мұғалiмД) бүгiн, кешеЕ) ғанибет, пәтер
2. Белгілі бір ғылым саласында ғана қолданылатын сөздер – ...А) диалект сөздер
В) термин сөздер
С) кәсіби сөздерД) тарихи сөздер
Е) ғылыми сөздер
3. Қысқарған сөзді табыңыздар.А) кг, ТМД
В) Қызылорда, Ақтөбе
С) сөйтіп, ештеңе
Д) әркім, әлдекім
Е) өнерпаз, суреткер
4. Газет-журналдар тілі қай стильге жататынын анықтаңыздар.
А) публицистикалық стиль В) ғылыми стиль С) ресми стиль Д) әдеби стиль Е) ауызекі сөйлеу стилі
5. «Жаңа сөз» деген мағынаны беретін терминді табыңыздар.А) архаизм
В) историзм
С) идиома
Д) метонимия
Е) неологизм

6. Қысқарған сөздерді табыңыздар. А) тасбақа, өндіріс В) ата-ана, есепші С) ҚР, ТМД, журфак Д) кеше келді, күндіз Е) баспахана, азды-көпті
7. Стилистика қай тілдің сөзі екенін анықтаңыздар.
А) араб В) латын С) орыс Д) грек Е) француз
8. Публицистикалық стильдің жазбаша түрін көрсетіңіздер.A) ЛирикаB) ПовестьC) ПьесаД) МақалаE) Поэма
9. Неологизмді көрсетіңіздер.А) жалпыВ) жалынС) ғарышкерД) оймақ Е) кебеже
10. Термин сөздерді табыңыздар.А) жаздыр, келтір, оқыт
В) пай-пай, туу, қап
С) сөз, сөз тіркесі, буын
Д) кеше, бүгін, алда
Е) болашақ, ұрпақ

11. Жаңа сөздер немесе неологизмдердің анықтамасын табыңыздар.
А) тілдегі тұтас сөздердің жиынтығы
В) қолданыстан шығып қалған сөздер
С) белгілі бір кәсіпке байланысты сөздер
Д) тілдегі жаңа ұғымды білдіретін сөздер
Е) ауыспалы мағынаны білдіретін сөздер
12. Ғылым мен техниканың әрбір саласына байланысты қолданылатын арнаулы сөзді табыңыздар.А) саяхат В) табиғат С) термин Д) сахна Е) диалог
13. Біріккен сөз қатысқан қатарды табыңыздар.
A) Аяғымен кезек тебу.B) Беті ашық шелек.C) Еламан түршігіп кетті.Д) Қуаныш ұзағынан болсын.E) Төргі бөлмеде.
14. Архаизм сөздердің анықтамасын белгілеңіздер. A) Белгілі кәсіппен шұғылданатын адамдар арасында айтылатын сөздер. B) Ғылым, техника саласындағы арнаулы ұғымдарды білдіретін сөздер. C) Белгілі бір аймақ тұрғындарының сөздері. Д) Басқа тілден енген сөздер. E) Қолданыстан шығып қалған сөздер.
15. Бірігу арқылы жасалған зат есімді көрсетіңіздер.
А) белбеу
В) ауыл-аймақ
С) Ертіс өзені
Д) қағаз
Е) ата-ана

16. Интернационалдық терминді табыңыздар.
А) өмір, өзен В) заман, дәуір С) телефон, атом Д) жүрек, тыныс Е) қойылым, роль

17. Қос сөзді көрсетіңіздер.
А) бел буу
B) бейне жазба
С) бәйге ат
Д) бәле құмар
E) бәле жала
18. Бірігу тәсілімен жасалған күрделі зат есімді табыңыздар.
А) Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
B) Ешкімге сездірмеймін деген едім.
С) Таңертең басталған іс-шара ұзаққа созылды.
Д) Бұл отырған жұрт тегіннен-тегін жиналған жоқ.
E) Бірталай жер жүріп барып, артына жалт бұрылды.
19. Қазақ тілінде стильдің қанша түрі бар екенін табыңыздар.
А) 4
В) 5
С) 6 Д) 3 Е) 2
20. «Кепілхат, сенімхат» стильдің қай түріне жататынын көрсетіңіздер.
А) публицистикалық стиль В) ғылыми стиль С) ресми іс қағаздар стилі Д) көркем әдебиет стилі Е) ауызекі сөйлеу стилі

21. Қосымшалы қос сөзді көрсетіңіздер.
A) балалы-шағалы B) үп-үлкен C) қып-қызыл Д) төбе-төбе
E) алыс-жақын
22. Біріккен сөздердің қалай жазылатынын белгілеңіздер.
A) дефис арқылы
B) бірге C) бөлек Д) сызықша арқылы
E) үтір арқылы

23. Қос сөз бола алатын сөздерді табыңыздар.
А) ұстаз шәкірт, бала шаға
В) өнер білім, лала гүл
С) ата ана, әке шеше
Д) ата мекен, киіз үй
Е) ойын күлкі, жақсы көңіл
24. Ресми іс қағаздары стилі дегенді табыңыздар.
А) жеке адамның, ұжымның, фирманың, мекеменің атқаратын қызметіне байланысты пайда болған жазбаша, ауызша қарым-қатынас құралы
В) көркем шығармада қолданылатын сөздер
С) жергілікті диалектілер
Д) термин сөздер
Е) әдеби сөздер
25. Қос сөз бола алатын сөздерді табыңыздар.
А) қарақат, сексен, бәйшешек, биыл
В) ата, ана, қадір, қасиет, ине, жiп
С) Ұлпан, ешқашан, таңертең, бүгiн
Д) қыстыгүнi, түрегел, әпер, бiлезiк
Е) көкпар, қолөнер, сайыс, жарқанат
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған ІV тоқсандық бақылау жұмысы
Мақсаты: ІV тоқсанда өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.
Лексикалық тапсырмалар:
1. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер. «Болашақ» халықаралық стипендиясына қандай талапкерлер қатыса алады? Жастарды шетелге оқуға жіберудегі мемлекеттің мақсаты не? Шетелде оқу қалай жүзеге асады? Білім деңгейі не арқылы анықталады?
2. Республикамыздағы ең ірі жоғары оқу орны қалай аталады?
3. Сөздерді өз орнына қойып, сөйлем құраңыздар. Журналистика, әлем, қоғам, ерекше, айнасы ол. Керек, ақжарқын, табандылық, тілші, үшін, болу, мақсаттылық, әрі, білу, болу, тіл, табыса, керек.
4. Ғылым, білім туралы 3-5 мақал-мәтел жазыңыздар.
5. Досыңмен жоғары оқу орнын таңдау туралы диалог құрастырыңыздар.
Грамматикалық тапсырмалар:
1. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыздар.
1. туған, Әбу Насыр әл-Фараби, қаласында, Отырар. 2. қалдырды, ол, жазып, іргелі, еңбектер. 3. шебер, әл-Фараби, музыкалық, аспаптарда, орындаушы, болды.
2. Термин сөздер дегеніміз не? Мысал келтіріңіздер.
3. «Ойлау», «Зерттеу» етістігін 4 райға қойып жіктеңіздер.
4. Сөздерді орнына қойып, сөйлемді дұрыс құрастырыңыздар.
Әлемдік, әрқашанда, хабардар, ақпараттан. Көтеру, жүйесінің, қабілеттерін, білім, беру. Бағалайды, білім, университеттің, беру, жүйесін, жоғары. Сұраным, университет, мол, түлектеріне.
5. Қысқарған сөздерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңыздар.
Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған жылдық бақылау үзігі
Мақсаты: Жыл бойы өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.
Компьютерде ақпараттар қалай сақталады?
Компьютерге еңгізілетін ақпараттарды сақтайтын элемент – жады. Жад процессорға орнатылады. Біз еңгізген барлық мәліметтерді сақтайтындықтан, ол жады деп аталған. Оның еске сақтау қабілеті адам қабілетіне ұқсас. Алайда олардың айырмашылығы үлкен. Адам жадында қайбір нәрселер ұмытылуы немесе шатасуы мүмкін болса, компьютер жадында барлық нәрсе сол қалпында және тұрақты сақталады.
Жады компьютер ішінде болады. Ол жедел жады және тұрақты жадыдан құрылады. Жады компьютердің қатты табақ жадында болады. Оның сыйымдылығы үлкен болғанмен, ақпараттарға толып қалуы мүмкін. Бұлай болмас үшін бір тәсіл бар. Ақпараттар компьютердің жадында орын алмас үшін, оларды дискетке жазып сақтау керек. Ал өзімізге керек болғанда, дискетті ендіріп, компьютерге ашып оқу бұйрығын береміз.
Компьютер жадында нұқсан келтіретін жағдайларды естен шығармау керек.Кейбір шағын көлемді бөгде бағдарламалар өздігінен компьютер жадына қосымша жазылып еніп кетеді. Оны ақпараттық вирус деп атайды. Керексіз ондай вирустар компьютер жадының қызметін бұзуға соқтырады.
(115сөз) (А.Мамырова. Дидактические материалы. Алматы, «Мектеп»: 2011.
Лексика-грамматикалық тапсырмалар:
ІІІ деңгей 1. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыздар.
І нұсқа Ақпараттарды, жадында, береміз
ІІ нұсқа Сақталады, мәліметтерді, шығармау
2. Фразеологиялық тіркестердің мағыналарын анықтаңыздар.
І нұсқа Жүрегінің түгі бар - Төбе шашы тік тұрды -
ІІ нұсқа Таяқ тастам жер - Қой аузынан шөп алмас –
3. Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыздар.
І нұсқа – 1-ші абзац ІІ нұсқа – 2-ші абзац
ІІ деңгей. 1. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.
І нұсқа Біз еңгізген барлық мәліметтерді сақтайтындықтан, ол жады деп аталған.
ІІ нұсқа Ақпараттар компьютердің жадында орын алмас үшін, оларды дискетке жазып сақтау керек.
2. Сөздердің синонимдерін жазыңыздар
І нұсқа – адам, ақпарат ІІ нұсқа – барлық, жедел
І деңгей. Тақырыпқа байланысты да, әрі, де, сондықтан, немесе, алайда жалғаулықтарымен 4-5 сөйлем құрастырыңыздар.