Дауыссыз дыбыстар. ?ата? дауыссыз.(5сынып)
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №18орта мектеп мемлекеттік мекемесі.
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Қосанова Баян Бисенбаевна.
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар.Қатаң дауыссыз.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы мағұлмат бере отырып, тілідің қатысына қарай қатаң, ұяң,үнді дыбыстарды ажырата білуге үйрету.
Тапқырлыққа, білгірлікке,ізгілікке, бір-бірінен ажырата білуге тәрбиелеу.
Ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін,тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет.
Көрнекі құралдары: Тірек сызба, ойын тапсырмалар.
С А Б А Қ Т Ы Ң Ж Ү Р У Б А Р Ы С Ы .
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу,түгендеу, сабаққа қатысын қадағалау.
· Психологиялық тренинг. «Жүректен жүрекке.» Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айту.
· Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.
«Кім білгіш»
1. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
2. Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не? Оларды ата.
3.Еріндік,езулік дауысты дыбыстар дегеніміз не?
4.Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстарды ата.
Жаңа сабақ.
Мұғалімнің сөзі. «Әліппе» ханшайымы барлық әріптерге ән орындаудан жарыс жариялаған еді. Сонда осы жарысқа барлық дауысты әріптер жиналған болатын, себебіолардың дауыстары жақсы болатын және олар ән айта алатын.
Барлық әріптер көзге түскілері келді,жеңіске жетуді қалады. Олар өте-мөте тырысып бақты:өздерінің ең жақсы әндерін шырқады.
Бұл байқалған жәйт ханшайымның назарынан тыс қалмады. Жарысқа қатысушылардың
қайысын жеңімпаз деп жарияласам екен деп,ол түні бойы ойға батты. Себебі олардың бәрі
де жарасымды ән салды емес пе.Таң атқаннан кейін біздің билеушіміз өзінің дана шешімінжария етті- ол дауыстылардың сингармонизмі,яғни дауыстылардың сөз ішінде бірыңғай не
жуан не жіңішке болып, әуендесіп-үндесіп айтылуы туралы заң шығарды.
Дауысты дыбыстар жуан,жіңішке болып олар жеке жарасымды қала болып бөлінді.
Ал, дауыссыз дыбыстарды қуатты үш алқапқа жайғастырды.
Ал мұнда дауыссыз әріптер
Бір қатарға тұрыпты.
Дауыс пен шудан Олар құрылыпты.
Ұяң қала орналасқан,ал бұл қалашықта әрдайым ұяң: б,в,г,ғ,д,ж,з.
Қатаң қалада үйлер бос тұрмайды, олар әрқашан қатаң естілетін дауыссыздар:
П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч,һ.
Мұрын жолды үнді алқабы өзінің қонақжайлығымен атақты.Ол өзіне мейман келгенді әрқашан жақсы көреді, атап айтқанда-дауысты У әріпінің келуіне қуанады.
Үнді:р,л,й,м,н,ң.
Ханшайым барлық қаланы екпін теңізінің бойына орналастырыпты.
Ештеңені шатастырып алмас үшін-сіздерге біздің визит карточканы ұсынамын.
Естеріңе сақтаңдар.
Дауыстылар Дауыссыздар ь және ъ(жіңішкелер, (Үнді Ұяң Қатаң)жуандар) Дауыс+ Шу Шу Дауысы жоқтар.
Дауыс
· « Кім тапқыр?»
Жайғаным –түкті кілем,
Ілгенім-тықыр кілем. ( Жасыл шөп.)
Мұхиттардың ортасында Аппақ тау бар, түк өспейді.
Жер шарының картасында Оған еш шың теңеспейді. ( Оқжетпес.)
Туған жердің белбеуі Шұбатылып қалыпты.
Керемет-ау кернеуі,
Тасты тесіп, жарыпты. (Бұлақ)
Жұмбақтың шешуіне фонетикалық талдау жасау.
· Кітаппен жұмыс. 261-жаттығу. Мәтінді оқып,осындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату. Мәтіндегі дүниедегі, естілерден,көрген,жақсы сөздерін талдау.
· Сергіту сәті. «Кім шапшаң?» Карточкамен жұмыс.
«К» әрпінен басталатын сөздер.
1. Қыздың аты.
2 Батырдың аты.
3.Құс аты.
4. Жыл мезгілі.
5. Пайдалы кен.
«С» әрпінен басталатын сөздер.
1. Ақынның фамилясы.
2.Қаланың аты.
3.Үй жануары.
4.Оқу құралы.
5. Әріптен не құралады?
«Т» әрпінен басталатын сөздер.
1. Адам аты.
2.Құс аты.
3.Бас киім.
4.Сан аты.
5.Ағаш аты.
« Қ» әрпінен басталатын сөздер.
1. Ұлдың аты.
2. Қаланың аты.
3.Құс аты.
4.Төрт түлік аты.
5.Оқу құралы.
«Ш» әрпінен басталатын сөздер.
1. Әйгілі компазитор аты.
2. Киім аты.
3. Спорттық құрал.
4.Қала аты.
5. Іс тігетін адам.
· Жаңа сабақты бекіту.
· «Венн диаграммасы»
Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап, салдыр мен үннен пайда болуы.
Дыбыстау мүшелері арқылы жасалады.
Өкпенден шыққан ауаның еш кедерсіз үннен ғана жасалуы.
Дауысты дыбыс. Ортақ қасиеті. Дауыссыз дыбыс.
· Үйге тапсырма:
262-жаттығу. Сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазу.
Үлгі: п-б; пайдасыз, баласыз,балық.
Оқушыларды бағалау.
Ана тілі.
Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгінде
Менің ана тілімде Қазақ болып туғаннан соң, бөбегім,
Қазақ болып өлген жақсы түбінде.
Барлық тілді үйренерсің сен әлі,
Жігіт болып саналы.
Қайда жүрсең өз еліңді ұмытпа,
Өз еліңнің туын көтер жоғары.- деп Тұманбай Молдағалиев ақынымыз
айтқандай өз еліміздің туын жоғары көтеріп, ана тіліміздің мәртебесін көтере білейік.