Ана тілі 1 сынып Саба?ты? та?ырыбы: Дауыссыз дыбыстар.Мал атасы. Т?лді ?алай ша?ырады?
Анатілі 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар.Мал атасы. Төлді қалай шақырады?
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беру. Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынан таба білуге үйрету. Мал атасы туралы түсінік беру. Төлді қалай шақырады?өлеңін мәнерлеп оқытып,түсінік беру .
ә) Оқу жылдамдықтары арттыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.
б) Әдемі жазуға тәрбиелеу. Малды сүюге, күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекі - құралдар: мазмұнды сурет, тірек сызбалар, төрт түліктің пірлері, төрт түліктің суреттері.,дидактикалық тапсырмалар,жұмбақтар т.б. слайдтар
Пайдаланатын әдіс – тәсілдер: сұрақ-жауап, ассоциялық аймақ құру, кубизм әдісі, ой шақыру,СТО стратегиясы.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Бір,екі, үш
Сынып іші тып- тыныш
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
1-қатар жай отыр ,
2-қатар тез отыр.
3-қатар сенде отыр.
Сабақ бастар кез боп тұр.
2.Үй тапсырмасын сұрау » Қоян»мәтінін талдау.Басқа аңдар туралы сұрау.
«Қоян» сөзіне дыбыстық талдау жасау.(бір оқушы тақтаға шығады)
Қоян қандай аң?
Ол қайда тіршілік етеді?
Қоян жауларынан қалай қорғанады?
Қандай тағы да жабайы жануарларды білесіңдер?
Дәптермен жұмыс (күннің жады,класс жұмысы)
Таза жазу минуты
Тт Тт Тт
Сс Сс Сс
3. Мағынаны ажырату.
Ой шақыру. Асосациялық аймақ құру.
Дыбыстар
↓
Дауысты
Дауыссыз
(Слайдтан дауысты ,дауыссыз дыбыстарды көрсету)
4.Жаңа сабаққа дайындау.«Ой шақыру» стратегиясы
Төрт түлікке нелер жатады?
Төрт түлік
↓
Жылқы, түйе, сиыр, ешкі, қой.
Төрт түлікке байланысты жұмбақтар шешкізу.
Кішкенеғанабойы бар,
Айналдырыпкиген тоны бар
- Бұл не?
- Бұлқой.
- Қойдыңтөлі не?
- Қойдыңтөлі - қозы
Екіайнасы бар,
Екінайзасы бар
- Ол не?
- Олсиыр.
- Сиырдыңтөлі не?
- Сиырдыңтөлі - бұзау.
Қамысқұлақ, тостағантұяқ,
Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ.
- Бұл не?
- Бұлжылқы.
- Жылқыныңтөлі не?
- Жылқыныңтөлі - құлын.
Маң - маңбасқан, маңбасқан,
Шудаларыншаңбасқан.
- Бұл не?
- Бұлтүйе.
- Түйеніңтөлі не?
- Түйеніңтөлі - бота.
4. Мақсат қою кезеңі: Біздің бүгінгі тақырыбымыз дауыссыз дыбыстар. Яғни, бүгін біз дауыссыз дыбыстарды танып, дауыстылардан ажырата білуге және ерекшеліктерін білуге үйренеміз. «Төлді қалай шақырады?» өлеңімен таныс боламыз. Мал атасы туралы білеміз.(Слайдпен жұмыс)
Балалар, әр түліктің иесі,пірі,яғни атасы болады .
Мал аталарымен таныстырамын.
Қой атасы – Шопаната,
Жылқы атасы – Қамбарата,
Ешкіиесі – Сексеката,
Түйеатасы – Ойсылқара,
Иесі – Зеңгібаба.
5.Оқулықпен жұмыс. «Төлді қалай шақырады?» Әдеби мәтін тапсырмасын мәнерлеп оқып беру, түсіндіру. Әңгіме жүргізу. Өлеңді кезекпен оқушыларға оқыту.
17 - жаттығу.
Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката сөздерін жазғызып, дауыссыз дыбыстардың астын сызғызу.
Сергіту сәті.
Қошақаны қойдың
Қайда қалып қойдың
Бұлтиып тұр бүйірің
Қай өрістен тойдың.
Секең-секең ей лақ
Жүрмін саған кейіп –ақ
Тыным тапсаң болмай ма?
Секірмей –ақ кей уақ.
6. Ой толғаныс.
1)Кубизм әдісімен.
1. Қозыны қалай шақырады? 2. Лақты қалай шақырады? 3. Құлынды қалай шақырады? 4. Бұзауды қалай шақырады? 5. Ботаны қалай шақырады? 6. Төрт түліктің иелерін ата.
7. Ойын «Дауысынан таны»немесе «Ненің дауысы?»
8. Логикалық тапсырма
Бұлардың қайсысы артық? Қалған жануарларды бір сөзбен қалай атауға болады?
(Түйе, ешкі, сиыр, мысық, жылқы, ит, аю)
Не артық? Неліктен?
(Лақ, құлыншақ, қозы, бұзау, түлкішек)
9. Ой толғаныс «Бес жолды өлең»
Не? Қой
Қандай? момын,қоңыр
Не Істейді? маңырайды, қоздайды,қоректенеді.
Сөйлем Қой төрт түлікке жатады.
Мәндес сөз: түлік,жануар
10. Қорытынды: Балаларды мақтап,5 саусақ әдісімен сабақты қорытамын.
1.Бас бармақ- өз денсаулығың үшін не істедің?
2.Балан үйрек –көңіл күйім қандай?
3.Ортан терек-сабақта не үйрендік?
4.Шылдыр шүмек нені білдік?
5.Кішкентай бөбек не ұнады?
11.Үйге тапсырма
19 - жаттығу, дауыссыз дыбыстарды жаттау. «Мал атасы» жаттау, «Төлді қалай шақырады?» мәнерлеп оқу.
12.Бағалау. (сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап,смайликпен бағалау)