По сауат ашу на тему З дыбысы ж?не ?ріпі


Білім беру саласы: Қатынас
Тобы: Мектепке даярлық
Бөлімі: Сауат ашу
Тақырыбы: З дыбысы мен әрпі.
Ақпараттық құзіреттілік: З дыбысы мен әрпі таңбасымен таныстыру.
Коммуникативтік құзіреттілік: Балалар сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. З дыбысы бар сөз, сөйлем құратып, сөздік қорын дамыту.
Проблема шешу құзіреттілік: Қолдарын әдемі жазуға үйрету жіне қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде қолданылатын демонстрациялық материалдар: Кеспе әріптер, касса, суреттер, текшелер.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің өтілу әдісі: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ- жауап, ойын.
Пән аралық байланыс: Тіл дамыту,
Әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс- әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері:
-Балалар, қане біз алақанымызбен бір-бірімізге жақсы, жылу лебіздерін білдіріп,амандасып алайықшы.
-Аспанымыз ашық болсын!
-Әркашан күн сөнбесін!
-Денсаулығымыз мықты болсын!
Іздену- ұйымдастырушы Өткен сабақ алған білімдерін пысықтайды.
Жұмбақ:
Ләззатта бар,
Жанатта жоқ.
Азатта бар,
Қанатта жоқ.
(З әрпі)
«Сөз ойла, көп ойла» дидактикалық ойыны.
Шарты: барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырып, доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады.
Зәуре сөзін шапалақ ұру арқылы буынға бөліңдер.
Тіл ұстарту жаттығуы:
Ыз-ыз-ыз
Анар- сүйкімді қыз.
Сергіту сәті:
Ұзын қанат инелік,
Инелікке тимелік,
Ұшақты біз жасадық
Инеліктен үйреніп.
Зу-зу, зу-зу, зу-зу.
Дәптерммен жұмыс.
Жүзік, зымыран, жұлдыз сөздеріне дыбыстық талдау жасап, ондағы з дыбысының орнын ажыратыңдар.
Жазу жұмысы:
Бәріміз бірге З дыбысын ауада жазып көрейік. Дәптердегі үлгі бойынша з дыбысының кіші және бас әріпін бастырып жазыңдар.
Дәптерде берілген сызба бойынша бірнеше сөйлем құраңдар.
Ребусты шеш.
Қазына- түрлі бағалы заттар, дүние-мүлік, байлық.
З әрпі
Жүзік, зымыран, қыз.
Зәу-ре- 2 буын.
Ыз-ыз-ыз
Анар- сүйкімді қыз.
Сергіту сәтін қимылмен орындайды.
Жүзік- ортасында, зымыран- басында, жұлдыз- аяғында.
Атам қарбыз өсірді. Қарбыз бақшада өседі.
Ребустың шешуі: Қазына.
Қорытындылау Тақтадағы әріптер тізбегі жазылған плакат ілулі тұр. Осы әріптерді ретімен қосып оқып, бірнеше сөз құраңдар.
қ-о-й-с-и-ы-р-з-а-у-з-а-б-ұ-з-а-у-қ-а-р-б-ы-з-т-е-р-е-з-е
Осы құраған сөздердің ішінен з дыбысы кездесетін сөздерді тауып, сол сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.
Жарайсыңдар, балалар!
Балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстыңдар?
З дыбысы қандай дыбыс екен?
З дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіріңдер. қой, сиыр, зауза, бұзау, қарбыз, терезе.
зауза, бұзау, қарбыз, терезе.
З дыбысы
Дауыссыз
Жүзік, зымыран, қыз.
Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі:З дыбысы және әрпін білді.
Баланың меңгеруі: З дыбысы кедергіге ұшырап еркін айтылмайтынын меңгерді.
Баланың жасай алуы: Қойылған сұрақтарға еркін жауап беріп, сурет бойынша әңгіме құрай алады.