Конспект на тему Саба?ты? та?ырыбы ? дыбысы ж?не ?ріпі


Сабақтың тақырыбы: Ң дыбысы және әрпі.
Оқу іс-әрекетіиің мақсаты: Құрамында Ң дыбыстары бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуге, Ң дыбысы жөнінде дұрыс ұғым алуға үйрету. Балалардың тілдерін дамыту, сөздерді дұрыс оқуға баулу. Табиғатты, жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу. Олар табиғаттың бір бөлігі екенін түсіндіру. Жазуға қолдарың жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: суреттер, кеспе әріптер мен буындар.
Кезеңдер Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық кезең
Ізденіс ұйымдастыру кезеңі
Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі 1.Шаттық шеңбері:
Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды
Неткен ашық күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы!
Балалар, бүгін маған пошташы сиқырлы қобдыша және хат берді. Қобдышаны ашайын десем, ол ашылған жоқ. Хатта не жазылғанын оқып көрейік.
«Сәлем, балалар! Сиқырлы қобдыша сіздерге. Қобдышада не бар екенін ашқанда білесіңдер.Бірақ ол ашылмайды. Оны ашу үшін менің тапсырмаларымды орындауларың керек.Тапсырмаларды жылдам, дұрыс орындау керек. Сонда қобдыша ашылады. Сендерге сәттілік тілеймін деп Білім ханшайымы.»
Ал, балалар, тапсырмаларды орындаймыз ба?
№1 тапсырма. Дыбыс дегеніміз не? Қандай дыбыстар бар? Әріп дегеніміз не?
№2 тапсырма. Венн диаграммасы бойынша дыбыстарды ажырат.
К Б П
Ғ С
М
Л Д
А О Е
Ы І Ө
Ұ Ү

№3 тапсырма. «Сөз айт» ойыны.
Тақтада ілінген әріптерді көрсету
№4 тапсырма. Жаңа тақырыпты хабарлау.
1. Суреттермен жұмыс
( жаңбыр, шаңғы, жаңғақ)
Тақтада ілінген буын, сөздерді оқу.
Сұрақ-жауап
Ң дыбысы қай дыбысқа ұқсайды?
Ң дыбысын жеке дыбыстату арқылы, айтылуына көңіл аударту.
Сергіту сәтін өткізу.
Тіл үстарту жаттығуы.
Ың -ың -ың
Қандай биік шың.
Дәптермен жүмыс.
Ң әрпін ауада жазып көрсету, балалардың өздеріне жаздыру
Сызба бойынша жаңбыр, шаңғы, жаңғақ сөздерімен сөйлемдер құрату.



Балалар, біз барлық тапсырмаларды орындадық.
Қорытындылау.
Бүгінгі танысқан дыбыс қандай дыбыс?
Ң дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?
Балалар, сиқырлы қобдышаны ашып көрейік.
Балаларды мадақтау, тәттілерді тарату.
-өлең жолдарына қимыл жасайды.
Ия, орындаймыз.
Балалардың жауаптары
Балалар дауысты және дауыссыз дыбыстарды атайды, айырмашылығын айтады.
Балалар сол әріптерге сөз айтады.
Жаңбыр, шаңғы, жаңғақ сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.
Балалар буын, сөздерді оқиды.
Балалардың жауаптары
Балалар қайталайды.
Дәптерге ң әрпін бастырып жазады.
Балалар сызба бойынша сөйлем құрастырады.
Балалардың жауаптары
Аружан қобдышаны ашады. Қобдышада тәттілер болады.

Екібастұз қаласы әкімдігінің «№18 жалпы орта білім беретін мектеп- мемлекеттік мекемесі


Тақырыбы:«Ң дыбысы және әрпі»


Сынып: Даярлық «А» тобы
Мұғалім:Г.М.Сатибалдиева
2014-2015 оқу жылы