Алтын бала МАД тобы
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Алтын бала.
Оқу іс-әрекетінің мақсаты:
Балаларды өзіне тапсырылған істі тиянақты орындауға, отбасында, достарының ортасында жауапкершілікті болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Сөздік жұмысы: алтын.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Ананың суреті, баланың ата мен әжеге көмектескен суреті.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шеңберге жиналады.
Өзім жақсы баламын,
Ана тілін аламын.
Мейлі қайда жұмсасын,
Бәріне де барамын.
- Аналарың сендерді нан әкелуге жұмсаса, барасыңдар ма?
- Аналарыңа үй жұмыстарына көмектесесіңдер ме?
Дәптермен жұмыс:
Педагог С. Тұрдалиевтың «Алтын бала» әңгімесін балаларға оқып таныстырады.
- Анасы Зәукенді қайда жұмсады?
- Зәукен кімді кездестірді?
- Атайдың қандай затын жөндеп берді?
- Анасы қайда келді?
- Әжей Зәукен туралы не айтты?
- Анасы неге қуанды?
- Баласы анасына нені берді?
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз,
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір,
Біз бақытты баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз,
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
(Қимылмен көрсетеді).
Дидактикалық ойын: «Сөйлемді жалғастыр».
Ойын шарты: Бастаушы берілген суреттерге қарап, сөйлемді бастайды, келесі бала аяқтайды.
- Мен анама ... (көмектесемін).
- Мен ініме ... (қамқор боламын).
Дәптермен жұмыс: Ребусты шеш. Балалар ребусты шешіп, жауабын айтады.
Қорытынды:
- Балалар, күнделікті біз ата-анамыздың тапсырмасын жауапкершілікпен, тиянақты орындап отыруымыз керек. Сонда ғана тәртіпті, алтын бала боламыз.