Іі ДЫБЫСЫ Ж?НЕ ?РПІ (МАД тобы)
№258 негізгі мектебінің МАД тобының
жетекшісі Айнур Сарсенбаева Бтимбаевна
Оқу-қызметінің тақырыбы: І дыбысы және әрпі
Оқу-қызметінің мақсаты: і дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; сөзге дыбыстық талдау жасату; оқуға, жазуға жаттықтыру. Балалардың сөздік қорын, тілін дамыту. Өз ана тілін, елін жерін сүюге тәрбиелеу. Жазу дағдысына қолын жаттықтыру.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесут.
Оқу-қызметінің көрнекілігі: і дыбысының баспа түрі, суреттер, кеспе әріптер, буындар, ілгіштттің, түлкінің, ішіктің суреттттері.
Оқу-қызметінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
2. Өтілген дыбыстарды кеспе әліппеден тапқызу.
3. Қала, жан, ана, ата, т.б. сөздерді кеспе әріптермен жазғызып, буынға бөлгізу.
ІІ. Негізгі бөлім.
Кеспе әріптен і әрпін көрсете отырып, өлең шумағын оқу.
Жалғыз таяқ боп тұр,
Төбесінде доп тұр.
Бұл не?
«Бұл – і дыбысы», -деп, әріп таңбаларын көрсету.
Айтылу артикуляциясына назар аудару.
-І дыбысы жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма?
-Дұрыс. Айтылуына қарай қандай дыбыс дейміз?
-І жіңішке айтылады. Дауысты дыбыстар жуан, жіңішке болып екіге бөлінеді. Мысалы: ы-і, ұ-ү, а-ә, о-ө.
Сергіту сәті.
Жел соқты гу-гу,
Жаңбыр жауды тырс-тырс.
Жаңбыр басталды.
Күн ашылды. (Қимылмен көрсету).
Сурет бойынша жұмыс жүргізу. Тақтаға кітап, ілгіш, ішік, түлкі суреттері ілінеді. Сөйлем құрастыру. Сөздерге дыбыстық талдау жасату. Хормен оқу.
Тіл ұстарту жаттығуы.
Іс-іс-іс
Піс, қазаным, піс.
Дәптермен жұмыс.
Ішік, көгершін, ешкі сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы і дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне і дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатыды. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.
Жазу жұмысы. І әрпінің баспа түрін ауада және дәптерге жазу.
«Әріп тастамақ» дидактикалық ойыны. Шарты: 7-8 балаға бір-бірден әріптер жазылған бірнеше қағаз таратылады. Бала өз қолындағы әріпке мысал келтіреді.
ІІІ. Оқу-қызметін қорытындылау: І дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру.