Нн дыбысы ж?не ?рпі (МАД тобы)


Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Байқожа елді мекені
№258 негізгі мектебінің
МАД тобының мұғалімі
Айнур Сарсенбаева Битимбаевна

Пән: Сауат ашу
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Н дыбысы және әрпі.
Мақсаты: Н дыбысын сөз құрамына бөліп алу, н дыбысын дұрыс дыбыстау, н әрпін үлгі бойынша жазуға үйрету. Балалардың ұшқыр ойлау қабілетін дамыту.
Жазуға қолдарын жаттықтыру. Балаларды мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Әдісі-тәсілдері: сұрақ-жауап, бекіту, жұмбақ, тыйым сөздер.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: сурет, кеспе әріптер, қима буындар.
Оқу іс-әрекетінің сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
- Балалар, бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге Алдаркөсе мен Тазша бала қонаққа келіп отыр. Алдаркөсе сендерге бірнеше тапсырма ала келіпті.
І тапсырма. Бұл ненің суреті? Жауабы: (аттың суреті).
Бұл сөз буынға бөліне ме? Баланың жауабы: бір буынды сөз.
ІІ тапсырма. Апа сөзін буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.
ІІІ тапсырма. Ата сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Алдардың келесі тапсырмасын орындайтындарын хабарлаймын. Бір бала атайдың қоржынынан хатқалтаны алып ашады. Ішінен тек нанның ғана суреті шығады. Нан сөзін бірнеше рет хормен және бі-екі балаға қайталатқызып айтқызамын.
Нан сөзіне дыбыстық талдау жасату. Н дыбысының дауыссыз дыбыс екенін түіндіру.
Нанның қаиетті ас екені айтылып, обал, ауап деген сөздерге түсінік беріледі. Төмендегі тыйым сөздермен таныстыру;
Нанды бір қолмен үзбе!
Нан уағын тастама!
2. Жұмбақ.
Өзі үлкен жануар,
Үстінде бір тауы бар. (Нар)
Кірш-кірш етеді,
Ішіне кіріп кетеді. (Ине)
Н дыбысы қай жерде тұр?
Н дыбысына дыбыстық талдау жасап, оның дауыссыз екенін анықтау. Қима әріптерден нан, нар, т.б. сөздерді құрастыру.
3.«Нан құдіреті» ертегісін үнтаспадан тыңдату.
4.Сергіту сәтін өткізу.
Нан қоқымын баспаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Тіл ұстарту жаттығуы. На-на-на, ең бақытты ана.
5.Дәптермен жұмыс жүргізу.
Сандық, нар,күн суреттері бойынша дыбыстық талдау жасалады. Осы сөздердегі н дыбысының орны түсіндіріледі.
Н әрпі мен а әрпін біріктіріп буын, сөз құрастыру, оқыту. Құрастырған сөздерді хормен қайталату. Мысалы: на, ана, нан.
А-на, нан сөздерін салыстыра оқыту арқылы буынға бөлгізу, нан сөзінің бір буыннын тұратындығын түсіндіру.
Н дыбысың кіші және бас әріптер таңбасы дәптердегі үзік сызықтарды қосу арқылы жазу жұмысы орындатылады.
Балапан, қоян, арыстан сөздеріне дыбыстық талдау жасатылып, ондағы н дыбысының орны ажыратқызылады.
6.Жұмбақ.
Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас. (Нан)
ІІІ. Қорытындылау:
- Қандай дыбыспен таныстық?
- Н дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?