Мектептегі жо?ары сынып о?ушылары б?гінгі к?нгі отбасыны? отбабасы мен отаналары. Отбасы т?рбиесінде ой салу ?шін ата-ананы? отбасы т?рибиесіндегі салауаттылы?ын к?теру ?шін мектепте ?ткізілген «Отбасы ба?ыты ол…» деп аталатын д??гелек ?стелд
"Отбасы бақыты ол..." Дөңгелек үстел
Бүгінгі қоғамдағы бір келеңсіз жағдай ол жасөспірімдер қылмысының көбейуі. Оның себебі түп тамырын іздейтін болсақ, оны отбасы тәрбиесінің әлсіздігінен, ата-ананың балаға жүрек жылуының бере алмауынан көруге болады. Кәмілетке толмағандардың істері жөніндегі инспекцияда есепте тұратын 15 мыңға жуық жасөспірімдердің басым көпшілігінің ата-анасымен мейірімді байланыс болмаған, отбасы мүшесі ретінде сезіне алмаған деген ойдан көруге болады. (Заң журналы 2004, 4).
Мектептегі жоғары сынып оқушылары бүгінгі күнгі отбасының отбабасы мен отаналары. Отбасы тәрбиесінде ой салу үшін ата-ананың отбасы тәрибиесіндегі салауаттылығын көтеру үшін мектепте өткізілген «Отбасы бақыты ол...» деп аталатын дөңгелек үстелдің жоспарын ұсынып отырмын.
Ата-аналарға алдын ала шақыру билеттері жіберіледі.
Дөңгелек үстел 6-бөлімнен тұрады.
1. Ойға шабуыл.
2. Арақ атаңнан қалған ас емес
3. Бүгінгі менің өз ойым
4. Ата-анаға тест
5. Сүйіспеншілік сипаты
6. Қорытынды
Өсиет сөздер
1. «Баланың жақсысы- қызық, жаманы-күйік» (Абай)
2. Ата-бабасынын сыйламау – азғындықтың белгісі. (Пушкин)
3. Кімде –кім ата-анасы разы еткен болса, ол қандай жақсы.
4. Алла тағала оның өмірін ұзартады. (мың бір хадистен)
Салынған талдың суреті.
Жүргізуші: Қадірменді ата-ана
Баламның табанынына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін- деп әлпештеген перзентіңіз мейірімсіз, қатыгез, жаман бала болғанын кім тілейді дейсіз? Бірақ бүгінгі күні ата-анасын құрметтемейтін, перзеттік парызын орындамайтын өз бетімен жүретін балалар бар екені анық.
Осы мақсатта дөңгелек үстелге пікірлесуге шақырамын.
Осы тақырып төңірегіндегі топтастырып, әрі қарай жалғастыру.
1. Отбасы бақыты ол...
Бақыт дегеніміз...
Борыш дегеніміз...
Келешектегі отбасымның бақыты үшін мен...
Ата—ана, оқушы жауабынан соң қорытынды жасалық. Отбасы бақытын бұзатын қандай жағдайлар? –деген сұрақ тасталады. Оқушылар отбасының бұзылуы арақ ішуден деп айтады. Арақ ішу туралы екі жақтың жауаптары тыңдалады. Осы кезде арақ болып киінген бір бала ортаға жығады.
-Мен сендердің достарыңмын солай ма?
-Жоқ доста емессің, бауыр да емессің.
- Қалай, неге, өтірік айтасыңдар?
Менсіз той өткізесіңдерме? Жоқ!
-Менсіз туған күн өте ме?
-Жоқ! Үлкеніңде кішіңде бір кішкентай жаңалық болса ой жуайық дейсіңдер. Оны менімен жуасыңдар.
-Мен доспын. Бірақ әз әзіл доспын. Ойлан ата-ана, ойлан жасөспірім.
Барыңды жоқ қылам, отбасыңды ойран қылам. Күл талқан ететін доспын. Ойлан арақ атаңнан қалған ас емес.
Жүргізуші: Бүгін әр сыныптан ата-аналар жиналды. Ата-ана егер жан-жағыңызға зерделеп қарар болсаңыз отбасын құрған жастың шаңырақтың бір арақтың маскүнемдіктің әсерінен шайқатылып, құлап жатқаны жасырын емес. Ал біздің алдымыздағы осы отырған жастар ертеңгі отбасын құрара қыздар мен жігіттер. Бүгінгі күннің әрбір қылмысы осы ішімдіктің кесірінен болатыны дәлелденіп отыр.
Енді сіздерге
Ей ағалар, жас ұрпақты шылыммменен уладың.
Арақ ішіп, мас болып, бура болып туладың,
Енді келіп алқаштар деп кінә тағып, шуладың,
Мықты болсаң неге ертерек жаман атты қумадың?
Жыр жолдарымен салмақты өздеріңізге салып, арақпен күресу тек жастар емес, өздеріңізге де тікелей байланысты дегім келеді.
Жүргізуші 3-бөлім
Бүгінгі менің ойым деп аталады.
Оқушыларға парақтар таратылады.
1. –Ой, мама, қойыңызшы осы, сіз оны түсінбейсіз. (Осы сөзді есту ата-анаға ауыр емес пе?)
2. Отбасы бақыты кімнің қолында? (Анамның, әкемнің, балалардың)
3. Мұны дұрыс істеген жоқсың, ол үшін анаң ұрысып жатыр ұрысқаны үшін анаң кінәлі ме, ұрыс істемеген үшін сен кінәлісің бе?
Ата-аналарға берілген сұрақ;
-Балаңыздың ой қойшы мама деген сөздері сізге ауыр тие ме?
Бұл сөздерді жиі естуге тура келе ме?
Жүргізуші:
Сенің кез келген жақсы ісің үшін алғаш қуанатын да анаң, дұрыс ісің үшін ренжитін де анаң. Ана жүрегі енді ғана қауызынан ашылар гүл. Сенің бір ауыз сөзің ана жүрегін тырнап алуы мүмкін. Ана жүргеі ренішті де, қуанышты да, қайғыны да, аурудыда бәрін, бәрін көтереді. Бірақ әр бір тырнаудан кейін жара қалып кетеді, осыны ұмытпа.
Анасынын сыйлаған бала әкесінде сыйлайды.
4. Енді оқушыларға алфавит бойынша әріптерді қойғанда шығатын сөздердің бірнешеуі беріледі.
5. Ал ата-аналарға тест тапсырмалары беріледі.
Бал жинайды. Сол балдарына қарап бала тәрбиесіне бағыт-бағдар беріледі.
1 8 1 10 28 23 8 5 38 18 2 11 38 14
20 18 37 10 1 23 1 16 1 17 1
Сонда Ана жүрегі нәзік гүл, оны жаралама деген сөз шығады.
Ата-ана тақтадағы таблица ьойынша қанша бал жинағанын біледі.
Бағалау:
Егер сіз 45-50 ұпай жинасаңыз сіз бала тәрбиесін дұрыс жолға қойғаныңыз.
Егер одан төмен ұпай жинасаңыз, онда сізге көбірек ойлануыңызға тура келеді.
Реті А Б В
1 0 5 3
2 4 0 5
3 0 3 5
4 0 0 5
5 5 3 0
6 5 3 0
7 5 2 0
8 0 2 5
9 5 2 0
10 5 2 0
Жүргізуші: Келесі бөлім
Сүйіспеншілік сипаты.
«Отбасының бақыты үшін не керек?» деген сұраққа байланысты ойларыңызды көк жапыраққа жазып, ал отбасын бұзатын жағдайлар туралы ойыңызды сары жапыраққа жазып, ілулі тұрған тақтадағы ағашқа жапсырамыз. Әрбір отбасы – өркен жайған ағаш діңгегі. Сары жапырақтар көп болса, отбасына қауіп –қатер, жайлай бастағаны. Ол мына өздеріміз жазғандай арақ, айқай, келіспеушілік, әкенің балаға, баланың анасына көңіл бөлмеуі.
Ал, көк жапырақ көп болса онда сіздің отбасыңызда бақыттың орнағаны, сыйластық, адалдық, жүрек жылуы.
Үлкендер бата бергенде көктеп көгер, ұрпақ жай деп жатады.Бақыты үшін мына өздеріңіз жазған жақсы ойлардың барлығы керек.
Қорытынды;
Күнді қолмен бүркеуге болмайтындай барлық проблемалардан қашып құтылу мүмкін емес.
Балаларымызды тек қана компьютермен қымбат киім алып берумен ақшамен қамтамасыз етумен шектелмей, олардың өміріне белсене араласып, проблемаларды бірге шешетін кез келді. Қадірменді ата-ана, Макаренканың «Біздің-балаларымыз біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие – бұл қарттық, нашар тәрбие—бұл біздің болашақтағы сорымыз. Бұл біздің көз жасымыз, басқа адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз» - деп айтқандай, бақытты қарттық көргіміз келсе балаларды жақсылап тәрбиелейік.
Қадірменді оқушы, ата-анаңа ақыл қосар ақылшысы екеніңді, көмекші екеніңді, ертеңгі үміті екеніңді ұмытпа.
Әрбір отбасы үшін бақыт сол отбасын құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты.