Т?рбие са?аты ?неге отбасынан басталады 2 сынып
Ш ҚО Көкпекті ауданы Самар ауылы Ж. Болғанбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Дюсупова М. С.
Тәрбие сағаты: «Өнеге отбасынан басталады»
Мақсаты: отбасы және отбасы тәрбиесі, оның бала өміріндегі маңызы туралы түсінік беру, қоршаған ортадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетуге баулу
1 Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.Балалар 3 топқа суреттер арқылы бөлініп отырады.
Отбасы туралы видеоролик көрсету.
-Бұл көрініс не туралы?
«Отбасы» — деген сөзді қалай түсінесіздер?
- Кім өзінін отбасы туралы айтқысы келеді екен?
Сызба бойынша түсінік:
Табиғат
өлі тірі
адамдар өсімдіктер жануарлар
қоғам
отбасы тәрбие
ғибрат материалдық асырауҒибрат дегеніміз не?
Ғибрат — өнеге, тәлім — тәрбие беруге үйрету. Ата — баба салт дәстүрін үйрену. Ырым-тыйымдарды меңгеру.Біз тәлім — тәрбиені қайдан үйренеміз?
Отбасынан, мектептен.
Отбасы дегеніміз не?
Отбасы — әр адамның шағын отаны, қоғамның бір бөлшегі. Ата-аналар баласының күнделікті өмірі мен ісіне басшылық жасайды. Баланың жан-дүниесінің қалыптасуында маңызы зор рухани және еңбек дәстүрлері турасында тәрбиелейді.
Қазақ отбасы үш буыннан құралады:
ата-әже әке-шеше ОТБАСЫ
ұл-қызы
Өнегелі отбасы болу үшін әрбір мүшесі тазалықты бірінші орынға қою керек:
иман ішкі ТАЗАЛЫҚ
әдеп сыртқы
ІІ. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны.
Оқушыларды 3 топқа бөліп, мақал-мәтелден сайыс ұйымдастыру.І — топ. Әке туралы Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.
Ата — балаға сыншы.
Ата — бәйтерек, бала — жапырақ.Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі.
ІІ — топ. Бала туралыБалалы үй — базар, баласыз үй — қу мазар.
Балаң жақсы болса,
Жердің үсті жақсы.Балаң жаман болса,
Жердің асты жақсы.Қыз — қуыршақ,Бала — құлыншақ.Әдепті бала ата-анасын мақтатар,Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.ІІІ — топ. Ана туралыАнаның сүті — бал,
Баланың тілі — бал.
Күннің шуағы жылы,
Ананың құшағы жылы.
Шешесін көріп қызын ал.
Ана көрген тон пішер.
Уақыт бойынша есептеп, көп мақал айтқан топты мадақтау.
ІІІ. Ой шақыру.І-топ әке - қорғаның қамқорың ақылшың асқар тауың
ІІ-топ ана- жаңашырың мейірімді жан асыл адам ұстазың
ІІІ-топ туыстар - әпке,жезде, аға, апа жиен, бөле, ағашы
ІV. Қонақ түрлері.
Қ.Мырзалиев
Осындай жомарт қазақ топырағы
Ол қашан дастархансыз отырады?
Қонаққа барын беріп, нәрін беріп,
Қонақтан қалғанын жеп отырады.
Арнайы шақырумен келетін қонақты — арнайы қонақ дейміз.
Құдайы қонақ — жолаушылап кетіп бара жатып, жолдан кіретін қонақ.Қыдырма қонақ — ерігіп үй аралап жүретін қонақ.Қылқима — қай үйдің түтіні қою болса, сол үйге келетін қонақ.
«Менің отбасым». Әр топ отбасының сурет салады не моделін құрастырады.
VІ. Қорытынды.Сонымен балалар, отбасы деген не екен?
Қандай туыстар бар?
Отбасының негізгі мүшелерін ата?
Тазалықтың негізгі неше түрі бар? Оқушылармен сабақтың өту барысы туралы кері байланыс жасауӘдебиеттік оқу 2 сыныпҒылым таппай мақтанба А.ҚұнанбаевСабақтың мақсаты: өлеңді мәнерлеп және түсініп оқуға үйрету, өлеңнің негізгі идеясын түсіне білуге және Абай Құнанбаевтың өмірімен қысқаша таныстыру, адам бойында кездесетін 5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды ұғындыру, ақын шығармаларын оқып үйренуге баулу; сөздік қорларын байыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету; адамгершілікке, ғылым, білімге бейімдеу.Күтілетін нәтижелері: Оқушы: – өлеңді мәнерлеп, түсініп оқи алады;– Абай туралы алған білімдерін айта алады;– Өлеңді оқып, басқа шығармалармен салыстыра алады;– Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра алады;
Оқушылар «ғылым, білім, оқу» сөздері арқылы топқа бөлінеді, әр топ өз командирын сайлап алады. Сабақта жұмыс жасау ережелерін еске түсіріп, жұмысты бастаймыз.Қызығушылықты оятуОқушыларға сюжетті суреттер көрсету. Ассоциация жасау . Адам болам десеңіз не істеу керек? Постер құру.Оқушылар өз білімдерін ұсынады. Формативті бағалау. Қол соғу арқылы топтар бірін- бірі бағалайды. Мағынаны ажыратуИә, балалар, адам болу үшін өздерің жазғандай адамгершілігіміз мол, білімді болуымыз керек.Бүгінгі біздің тақырыбымыз үлкен тараудан басталмақ. Яғни, тарауымыз «Адам болам десеңіз», ал тақырыбымыз «Ғылым таппай мақтанба» Абайдың өлеңі. Балалар, Абай туралы не білесіңдер?Абай туралы қысқаша мәлімет беру. Бейнеролик көрсету.( Ибраһим 1845-1904 ж. әкесі- Құнанбай шешесі –Ұлжан, әжесі- Зере, 8 мыңға жуық өлең, 45 қарасөзі, көптеген аудармалары бар ) Өлеңді мәнерлеп оқып беріп, сұрақтарға жауап алу.Өлеңді оқып тұрып, оқушыларға жаңа сөздердің астын сызып отыру тапсырылады.Сөздік жұмыс.Ғылым – оқу, білімҒалым – оқымысты адам.
1 топ - Абай туралы мәліметтерді жинақтайды, 2 топ - еңбек туралы не айтылған, 3 топ – білім туралы не айтылған бұл шығармада.Бағалау жетондарын топ командирлері таратып отырады.
Сергіту сәті Ой-толғаныс Топтық тапсырма: Тірек сөздерді пайдаланып сызбаны толықтырІ топ: Бес асыл ісІІ топ: Бес дұшпанІІІ топ: Мақалды аяқтаМына қасиеттерді оқып, қажеттісін белгілеңдер. Қасиеттері: Еңбекқор Әдепсіз МейірімдіАқылсыз Надан Дарынды Залым Өз Отанын сүйетін патриотЕріншек Сауатты Білімді Оқушылар көпіршелерді пайдалану арқылы сызбаны толықтырып жазып шығады.Бес асыл іс Бес дұшпан Мақалды аяқтаеңбек өтірік жақсыдан үйрен,талап өсек жаманнан жиренқанағат мақтаншақрақым еріншектерең ой бекер мал шашпақ «Екі жұлдыз, бір тілек» Сендерден де жақсы қасиеттерді көремін деп ойлаймын.Кері байланыс алу «Менің көңіл күйім» Қол соғу арқылы топтар бірін бірі бағалайды.Үй тапсырмасы: Өлеңді жаттап келу.
Сабақтың тақырыбы : Алтай ақша сұрамайды.
Жалпы мақсаты : Мәтіннің мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру.
Күтілетін нәтижелер : - а) мәтіннің мазмұнын айта алады;
- в) күлдіргі хат немесе мысал жазады;
- с) өзін қоршаған ортадағы заттарды зерделеп, талдайды;
Керекті жабдықтар : оқулық , жұмыс дәптері, тақырыпқа сай суреттер,бейнеролик.
Сабақ барысы :
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй тапсырмасын тексеру
Топқа бөлу. «Сенімді дос»
Тренинг : «Мен қандаймын?» Балалар құралдарын шығарады..
Қуыр-қуыр қуырмаш
Ақырын ғана кітапты аш!
Сабағына дайын екен қай бала,
Үй жұмысын есіңе түсір қайтала
«Сорпа» мәтінінің мазмұнын айтады, «Неліктен?» өлеңін мәнерлеп оқиды.
1топ «Отбасы»
2топ «Әке»
3топ «Ана»
4 топ «Бала» Әр топ өзара топ басшысын сайлап алады.Бағалау парақтарын алады.
Тұсаукесер Қызығушылықты ояту.
Галереяны шарлау. Оқушылар сұрақтар қояды. Галереяны шарлай отырып, өтілген тақырыптар бойынша сұраққа жауап береді.
Негізгі бөлім
Ой қозғау.
-Ақша деген не?
Оқулықпен жұмыс.
Автор туралы мәлімет беру.
«Алтай ақша сұрамайды» мәтінін оқу.
Сұрақтарға жауап беру.
Дәптермен жұмыс.
«Ақшаға айтарым» тақырыбына күлдіргі мысал немесе хат жазу.
Сөздік жұмыс.
Топпен жұмыс.
Өз пікіріңді дәлелде, қорытынды жаса.
-Әкесі баласының ешкімнен, тіпті әжесінен де ақша сұрауына неліктен тыйым салды?
-Әңгімеден өзің үшін қандай пайдалы кеңес алдың?
-Алтайдың ақша сұрайтын әдеті өзіңде кезедесе ме?
Сергіту сәті.
«Көңіл күй»
Оқушылар көңіл-күйлерін смайликтер бойынша бағалау сұралады.
ББҮ кестесін толтыру.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Мәтінді оқу. 97-98 бет Әр топтағы оқушылар өз түсініктерін айтады.
Топтағы оқушылар өз беттерімен оқиды
Сұрақтарға жауап береді.
Әр топ бір-біріне сұрақтар әзірлеп қояды. (мәтін мазмұнына байланысты)
Әр оқушы өз бетімен хат немесе мысал жазады.
Абыржу-мазасыздану.
Сұрақтарға толық жауап береді.
Әр оқушы өз көңіл –күйін бағалап айтады.
Мәтін мен өлең туралы не білетіндерін, не білгендерін, нені үйренгендерін жазады.
Қай оқушы сабаққа қалай қатысқандарын бармақпен көрсету арқылы бағалайды.Сабақтан алған әсерлерінстикерге жазып, «Білім ағашына» іледі.
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Ана тілім –дана тілім, айбарлымСырың терең, тұнығындай қайнардыңАна тілім –қасиетім қастерлімБір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын –деп ақындар жырлағандай халқымыздың өшпес асылы, сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасыр тарихы бар, қасиетті тіл мен өнеріне арналған «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тақырыптық тәрбие сағатымызды бастаймыз.- Балалар, қандай мерекені атап өткелі жатырмыз.- Тілдер мерекесін- Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес«22 қыркүйек –Қазақстан халықтарының тілдер күні» ретінде аталып келеді.1. Менің тілім біреу –ақСөйлейтін де жазатынТауып қойған тілеуі –ақҚазақ деген өз атын2. Тілім барда мақтанамТілім менің аппақ әнБірлігімде бүгінгіАна тілім сақтаған3. Ана тілім ұранымАна тілім құралымАна тілім болмасаМықты болмас тұрағымМұғалім: «Тіл не үшін керек»? Осы тіл не үшін керек?Тіл бір –бірімізбен сөйлесу үшін қажет қой.Жарайды, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлемей ме?«Неге ана тілі деп бөледі?»Себебі, әр елдің өз Отаны, өз тілі бар емес пе.- Балалар, сендер бір –біріңмен сөйлескенде қай тілде сөйлесесіңдер?- Қазақ тілінде, ана тілінде сөйлесеміз.- Неге, біз өз тілімізді ана тілі дейміз?- Себебі, бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.- Дұрыс айтасыңдар. Ана тілі дегеніміз, ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал, ана деген –бәрінен де, қастерлі, аяулы да, асыл жан.4. Ана тілін біліп қойБостандығың теңдігінАна тілін біліп қойМақтанышым елдігің5. Келе жатқан мәңгіден дара салтымМақтанышым елдігім парасатымСенсіз тілім, теңі жоқ тіршілігімӨміріме өң беріп жарасатынмұғалім: Ана тілі туралы кім қандай мақал –мәтел біледі?1. Ана сүті бой өсіредіАна тілі ой өсіреді2. Піл көтермейдіТіл көтереді3. Ақыл көркі –тілТілдің көркі –сөз4. Өзге тілдің бәрін білӨз тіліңді құрметте5. Өнер алды –қызыл тілӘн: «Туған жер»6. Ана тілді білмесемШат –шадыман жүрмес емЖер бетінде сайраңдапҚазақ болып жүрмес ем7. Өсірген ой –білімдіСүйем туған тілімдіМақсат етем әр сөзінМәнін терең білудіМұғалім: Балалар, міне осы өлең –тақпақтарда айтылғандай, өз тілімізді, қадірлеп, оны сүйе білуіміз керек. Тіл бар жерде, ұлт та, ел де, жер де болмақ. Сондықтан әрқайсысымыз өз ұлтымыздың тілін қадірлей білейік.
Төрт түлік туралы жырлар. Қой
Сабақтың мақсаты: оқушыларды төрт түлік түрлерімен таныстыру, олардың төлдерін қалай шақырту керектігін, атасын, оларды бағатын адамдардың қалай аталатынын сәйкестендіру тестісі арқылы орындату, өленді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Білімділігі: мал дәрігері туралы әңгімелей отырып, мамандық туралы бағдар беру. Тәрбиелігі: ұлттық салт – дәстүрді, ұлттық тағам түрлерін, бұйымдарды білуге үйрету. Дамытушылығы: тіл байлығын арттыру, өз сөздерімен байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын сұрау: «Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» ертегісін мазмұндау.
Ертегіден алар қорытындымыз не? «Ұрлық түбі қорлық» дегенді қалай түсінесіңдер? Ұрлық істемей таза жолмен жүру үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
3. Жаңа сабақ.
Біздің ата-бабаларымыз да еңбекпен күнелткен. Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі – мал бағу екенін білесіңдер. Жазғы каникулда ауылға, ата-әжелеріңе барғанда көрген боларсыңдар.
- Төрт түлік малды кім атап береді? Малды не үшін өсіреді?
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
«Төрт түлік мал туралы жырлар. Қой»
Мұғалім: Төрт түлік туралы жырлар да ертегілер сияқты ауызша жеткен халық шығармаларының бірі.Сұрақтар: 1. Төрт түліктің төлдерін атаңдар. 2. Төрт түліктің пірлерін атаңдар. 3. Төрт түлік қалай дыбыстайды.
4. Ата-бабамыз неліктен осы кәсіпті таңдаған екен?
Дәптермен жұмыс.
Қойдың атаулары: қозы→ марқа→ тоқты→ тұсақ→ саулық.
Төрт түліктің адамға беретін тағамдарын жаз.
Қосымша деректер: Қой туралы әңгіме. «Әз жүру» – халық даналығы. Халық санатында наурыздың 20 – 22 – сі аралығында «әз жүру» деген ұғым бар. Ол әуеде болар – болмас діріл мен гүжілдің пайда болуы арқылы білінеді. Әздің жүруімен табиғатқа жан бітеді. Әздің жүрегінің тек өрісте жүрген қойлар ғана сезеді. Олар жайылып жүргенін қоя салып, көкке қарап жамырай маңырап қоя береді. Шопан оны көріп мәз болады. «Әз болмай. Мәз болмайды» деген мақал содан қалған.
Шығармашылық жұмыс. Өлең құрастыру.
Сабақты қорыту. Тыйым сөздерді білу қажет.
Мал сүйегін пешке салма.
Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.
Ақты төкпе Малды теппе
Малға теріс мінбе
Малдың басынан ұрма
Үйге тапсырма: «Қой» өлеңін жаттау.