Урок по казахскому языку Л дыбысы мен ?рпі (1 класс)


Л дыбысы мен әрпі
- Балалар қанекей бүгінгі оқу іс - әрекетімізді бастамас бұрын бір - бірімізге жылы лебізімізді білдіріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлайықшы.Бақыт деген осы шаттық шеңберіҚол ұстасып тұрайықшы, кел беріБақыт деген көрмей қалса сағынып,Мен іздейтін адал жүрек сендегі.Ойын: «Сөз ойла – тез ойла!»Сөзжұмбақ жасыру«Мә - мә» деген әні барСекірер ор, жары барСелтеңдейді құлағыСекіргіш бір жануарОл не екен балалар?«Лақ»сөзін айтып көрейікші. - Балалар «Лақ» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз?Л дыбысы неге ұқсайды- Балалар мынау «Л» дыбысының әріп таңбасы, мынау баспа түрі, ал мынау жазба түрі Л дыбысына дыбыстық артикуляция жасау. Кедергімен бе, әлде кедергісіз бе?- Өте жақсы, олай болса «Л»дыбыс қандай дыбыс екен?-«Л» дыбысы дауыссыз дыбыс болса онда оны қандай текшемен белгілейміз?«Менің орным қайда?»л - дыбысы сөздің басында ортасында аяғында да кездесетінін мысал келтіріп, қортынды жасату.– Мысалы: лақ сөзінде л дыбысы сөздің басында келеді ал, бал сөзінде сөздің аяғында, балапан сөзінде сөздің ортасында келеді.Оқулықпен жұмыс1. Тапсырма «Дыбыстық талдау»Тал, алға, лала2. Тапсырма.«Олар не істеді?» Сөйлем құрау.3. Тапсырма. Буындарды оқыСергіту сәті: Жалт - жұлт етіп лақ,Жағалайсың бұлақ,Секірем деп бірақ,Қала көрме құлап. (2рет)Тіл жаттықтыру жаттығуын жасату.Ра – ра – ра – келді ұшып ара,Ла – ла – ла – араның үсті ала.Жазба жұмысы. «Л»- дыбысын, кәне ауада жазып көрейік. Жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп, нүктелерді бастыртып жаздырту. Дәптердегі үлгіге қарап «л»- дыбысын баспа түрін жазады«Қай әріп жоғалып қалды?» "Дауысты - дауыссыз" дыбыстар ойыныБалалар, қолдарындағы көк, қызыл түсті дөңгелек - таяқшалармен дыбыстарды ажыратып береді.