Отбасы т?рбие бастауы ашы? т?рбие са?аты 7 класс
«Бекітемін»
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Т.Доржан
Күні: 06.02.2016 сыныбы: 7 ә
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Отбасы –тәрбие бастауы» Тәрбие сағатының мақсаты: Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі алатын орнын, жеке тұлғаның оқу - тәрбиеге жауапкершілігін арттыра отырып, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты арттыру.
Түрі: коучинг
Тәрбие сағатының көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ой толғау сұрақтары, бағалау парағы, кері байланыс, интерактивті тақта, стикер, смайлик т.бТәрбие сағатының барысы:
І. Топқа бөліну: «Әке», «Ана», «Бала», сөздері арқылы топқа бөлу.
ІІ. Миға шабуыл (сұрақ - жауап)
Оқушыларға:
1. Отбасы құрамына кімдер кіреді?
2. Отбасының әдет – ғұрпы туралы түсініктеме беур?
3. Ұл мен қыздар жасына қарай қалай аталады?
4. Отбасының негізгі міндетін атқаратын кімдер?
5. «Үлкенге құрмет» дегенді қалай түсінесіңдер?
6. Отбасының ұйытқысы кім?
7. Отбасының басшысы кім?
ІІ. Ассоцация құру: ( Әке, Ана, Бала )
IІІ. «Сөздерді алмастыр» ата – аналарға
VІ. Постармен жұмыс: Ата-ана мен баланың қарым-қатынас ережелерін құрастыру.
V. Ой толғаныс: тренингтен алған әсерлерімен бөлісу
Кіріспе: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! «Бала әр ата-ананың болашағы. Ол – оның өмірінің жалғасы» дегендей бүгінгі ашық тәрбие сағатымызыдың тақырыбы «Отбасы тәрбие бастауы»Бүгінгі сабағымыз ерекше сипатта өтпек. Сондықтан да, белсенді түрде қатысып отыруларыңызды сұраймыз. Барлығымыз бірге қол ұстасып, «Шаттық шеңберіне» шығайық.
І. Топқа бөліну: «Әке», «Ана», «Бала», «Отбасы» сөздері арқылы топқа бөлу. Орындарыңызға жайғасуға болады.
ІІ. Ассоцация құру: ( Әке, Ана, Бала )әр топ берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салады. IІІ. «Сөздерді алмастыр»Ата-аналардың баламен қарым - қатынасында баланың үмітіне балта шабатын, кінәлайтын сөздер беріледі. Осы сөздерді олардың өз күшіне сенім тудыратындай, жақсы қолдау көрсете алатындай сөздермен алмастыру керек. /әр топқа екі сөйлемнен беріледі/
1. Неге сен басқа балалардай емессің?
2. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір - кір.
3. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.
4. Жұмысыма барарда сенің мектебіңнің жиналысы да жағаласып қалды ғой.
5. Айтатының ылғи өтірік, сенің сөзіңе қалай сенемін.
6. Сені жиналыста жамандағанда жерге кіріп кете жаздаймын.
Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:.1. «Сенің де басқалардан өзгеше болуыңа құқың бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек.
3. «Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр» - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.
4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».
5. Балам бүгін жұмыстан сұрана алмаймын, бос уақытымда сынып жетекшіңе барып жолығамын7. Қателеспейтін адам болмайды, мен саған сенемін, сырлас болайық.
8. Сен туралы айтылған әрбір жақсы сөз маған күш, қуат береді.
Кез келген шешімді қабылдауға асығыстық жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайды қарамайтыңызды көретіндей, оны тыңдауға дайын екендігіңізді байқайтындай болсын.
Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Сөйтеді де баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, Ата-ана мектеппен байланыс жасамайды, қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Сондықтан да ата-аналар мектеппен байланысты болу керек.Мектепке жаны ашып, балаларының жағдайын біліп, іс-шараларға белсенді қатысатын ата-аналар да баршылық
Оқушыларға сұрақ: 3 топқа кеспе қағаз беріледі.
1. Отбасы бақыты деген ол?
2. Білім алуға сендерге жауапты кім деп ойлайсыңдар?
3. Бақыт дегеніміз не?
Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес. Бала жат қылықтарға бой алдыруы мүмкін.
ҮІ. Бейне ролик көрсетіледі. Оз ойларын айтады.
V. Постармен жұмыс: Ата-ана мен баланың қарым-қатынас ережелерін құрастыру.
ІV. Шығармашылық жұмыс. Құндылық құнын ұғындыру.
1. Отбасында ең сыйлы
2. Отбасында ең қымбатты
3. Отбасында ең ақылды
4. Отбасында ең сүйкімді
5. Отбасында ең құрметті
6. Отбасында ең құнды
7. Отбасында ең бағалы
8. Отбасында ең қажетті
VІI. Сүйіспеншілік сипаты. Отбасының бақыты үшін не керек? деген сұраққа байланысты ойларыңызды көк алмаға жазып, ал отбасы жағдайын бұзатын ойларыңызды сары алмаға жазып ілулі тұрған алма ағашына апарып жапсырыңыз.
Әрбір отбасы – өркен жайған ағаш діңгегі. Сары алма көп болса, отбасында қауіп – қатер, жайлай бастағаны. Ал көк алма көп болса сіздің отбасыңызда бақыттың орнағаны, сыйластық, бақыт, адалдық.
Үлкендер бата бергенде көктеп көгерер, ұрпақ жай деп жатады. Отбасы бақыты үшін мына өздеріңіз жазған жақсы ойлардың барлығы керек.
Біз сіздермен жанұядағы ата – ана мен оқушы арасындағы қарым қатынастың түрлі жақтарын, жан – жақты талқылауға тырыстық. Отбасы – ұшқан ұя., жылылықтың. Жылулықтың мекені. «Отбасы атауының» Мәніне терең үңілер болсақ оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы жаттығуын»
Тілек айта отырып, жүргізейік. Бір – бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерімізбен бөлісіп, ойларыңызбен бөлісіу.
Ш.Берсиев атындағы орта мектеп
АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: «Отбасы - тәрбие бастауы»
7 «ә» сынып
149288518097500
Сынып жетекші: Әжмұханбетова Айгүл Бақытсиыққызы
2015-2016 оқу жылы
1.Сені жиналыста жамандағанда жерге кіріп кете жаздаймын
____________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Айтатының ылғи өтірік, сенің сөзіңе қалай сенемін.
____________________________________________________________________________________________________________________
1. Неге сен басқа балалардай емессің?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір - кір.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
1.Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Жұмысыма барарда сенің мектебіңнің жиналысы да жағаласып қалды ғой.
____________________________________________________________________________________________________________________________________
1. Отбасы бақыты деген ол?
2. Білім алуға сендерге жауапты кім деп ойлайсыңдар?
3. Бақыт дегеніміз не?
1. Отбасында ең сыйлы
2. Отбасында ең қымбатты
3. Отбасында ең ақылды
4. Отбасында ең сүйкімді
5. Отбасында ең құрметті
6. Отбасында ең құнды
7. Отбасында ең бағалы
8. Отбасында ең қажетті
1. Отбасында ең сыйлы
2. Отбасында ең қымбатты
3. Отбасында ең ақылды
4. Отбасында ең сүйкімді
5. Отбасында ең құрметті
6. Отбасында ең құнды
7. Отбасында ең бағалы
8. Отбасында ең қажетті
1. Отбасында ең сыйлы
2. Отбасында ең қымбатты
3. Отбасында ең ақылды
4. Отбасында ең сүйкімді
5. Отбасында ең құрметті
6. Отбасында ең құнды
7. Отбасында ең бағалы
8. Отбасында ең қажетті
1 – жағдаят
«Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақыты келгенде алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»
2 – жағдаят
«Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Марат сабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті. Марат үйге келіп шағым айтты. Ата – анасы әй – шәйға қарамай, директорға кіріп айқай шығарды. Ата – ананың бұл әрекеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер едіңіз?»
3 – жағдаят
«Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?