Т?рбие са?аты Та?ырыбы: Т?рбие отбасынан басталады
Тәрбие отбасынан басталады
Тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәрбие отбасынан басталады»Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Ұрпақ тәрбиесінде ата - бабамыздың ұстаған жолын, баланың отбасындағы орнының жоғары бағалағандығын паш ету, бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүр, мақал – мәтелдер, нақыл сөздерді пайдалана отырып, оқушыларды үлкендерді сыйлауға, кішіге көмектесуге баулу. Өзара сыйластыққа, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.Көрнекіліктер: Сөзжұмбақ, суреттер, нақыл сөздер, жұмбақтар,мақал – мәтелдер, шарларСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, түгелдеу, топқа бөлу)ІІ. Негізгі бөлімМұғалім: Оқушылар, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбын анықтау үшін берілген сөзжұмбақты шешу керек (әр топ өзіне берілген сөзжұмбақты шешіп, тақтаға іледі).І – топ:1. Кітапты көп оқитын, немерелерін жақсы көретін, ақ сақалды кісіні кім дейміз? (ата)2. Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді. Циркке, саябаққа апарады, отбасын қорғаушы, сақтаушы, ол кім? (әке)3. Ер баладан кіші қызды кім дейміз? (қарындас)4..... – ананың бауыр еті (Бала)5. Әкеңнің әпке – қарындастарының балалары кім болады? (жиен)6. Ол өте мейірімді, ақ шашты, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды. Ол кім? (әже)ІІ топ:1. Әке – отбасының....... (қорғанышы)2. Інісі бардың -..... бар (тынысы)3....... үй базар, баласыз үй қу мазар. (Балалы)4.... сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды. (Ана)5..... бардың – жағасы бар (Ағасы)6. Үш жұрттың бірі (нағашы)7...... көңілі балада, баланың көңілі далада (Ананың)8. Баланың ісі -..... (шала)9. Ас атасы -.... (нан)ІІІ топ:1. Ұлы дана ақын (Абай)2. Ең ардақты жан (ана)3. Кіші қыз үлкен қызға кім болады? (сіңлі)4. Ырыс алды -.... (ынтымақ)5. Талды кесуге арналған құрал (ара)6. Ер, жігіт сөзіне синоним (ұл)7. Өзіңнен үлкен ер адамды кім дейміз? (аға)8. Емдейтін маман иесі (дәрігер)9.... – елдің көркі, гүл – жердің көркі (Қыз)Яғни, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Тәрбие отбасынан басталады» деп аталады. Сабақ барысында біз отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі туралы, имандылығы туралы сөз қозғаймыз.Қазақ халқының қалыптасқан салт - санасы, әдет дәстүрлері - ғасырлар идеологиясы. Олардың түсінік - нанымы әлемдік санамен ұласып, ғарыштармен ұштасып жатады. Әр халық ұрпақсыз болмайды. Әр адам жетпеген арманға, шығатын биікке тек қана ұрпағымен жетуді мақсат етіп, үміт артады.Осы қағиданы мықты ұстанған халық баланың болашағын тәрбиеден бастайды, сонан соң ғана ұлт тілін, тарихын, бабалар мұрасын, аналар тілегін орындау үшін білім мұхитына сапар шегеді. Халықтың кейінгі ұрпағына қалдырған тәрбие үлгілерін тек кешегі, күні өткен десек мықты қателесеміз. Тәрбие өнегелері - үзіліп қалмайтын үрдіс, ол ұрпақтан - ұрпаққа ауысып, жалғасып мәңгі жасайтын құбылыс. Қазақ тағылымының ұстанған негізгі бағыты - ата - бабалардың үлгі өнегесі, ақыл - кеңесі, дүниеге шынайы көзқарасы, бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздік - дербестікке ұмтылысы. Бұл алдан күткен арманы, ойға алған негізгі мақсаты.Қазақ өмірі - тәрбие оқулығы.Қазақ халқының үй - іші тәрбиесіне таңданған орыс жазушысы, этнограф В. И. Даль 1832 жылы күнделігіне, әділеттілік іздеп шаршаған, бірақ қайрат - жігерін жоғалтпаған, сұңғақ бойлы, әдемі қыз Мәуленді көріп: «Мидай дала, ешбір мектеп, кітап жоқ айнала қараңғылық, бірақ Мәулен өте ғажайып тәрбиеленген»- деп жазып қойған.М. О. Әуезов: «Бала ата - ананың тағылымымен» - өседі деген.Ұлы Абай: «Адам ата - анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы мен жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады» (19 - шы қара сөзінен)«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» ұлы ақын атамыз Абай айтқан екен. Адамзат – бүкіл адам баласы деген сөз. Адамды сүю адам танудан басталады. Адам тану – адамзат арасындағы қарым – қатынас мейірімнен басталады. Ал адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік қайырымдылық – ең әуелі әркімнің отбасынан басталады. Әр үйдің ішіндегі адамдар сол отбасының мүшелері болып саналады.Маған да, саған да,Жақын туыс – бес адам.Үш әріптен тұратын.Оңға оқы, солға оқы.Өзгермейді еш одан.Бәрі де өз жұратың,Айтады, қане, кім атын? /апа, ата, ана, іні, аға./- Отбасы деген не? (ойларын айтады)1) Сызбанұсқамен жұмыс. Отбасы мүшелерін атап берейік.Енді балалар отбасының мүшелеріне жеке – жеке тоқталып өтейік.Ата, әже, әке, ана, бала, аға, іні, қарындас, т б.Бала – адамның бауыр еті – дейді қазақ халқы.Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетін ұрпақ қалдыруды көздейді. Халқымыз балалы болу бақытын байлыққа, мансапқа ауыстыра алмаған.«Бала - өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі,»- деп ұрпақты болуға, оның тәрбиесіне қатты көңіл бөлген.Қуанып жан жүрегі қақ жарылды,Қасірет басындағы қалды арылып.Ұл – қыз көріп дүбірлі той жасайды,Атқан соң маңдайынан таң жарылып.- Балалар, біздің отбасымызда ең үлкен, ең ардақты, барлық тәттілерін сендерге арнап тығып қоятын кім?- Дұрыс, ол біздің ата - әжелеріміз. Кім өзінің ата - әжесіне арнап тақпақ айтып берем дейді.